Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 17:06, реферат
Ішімдікке дағдылану – алкоголизм деп аталатын психологиялық сырқаттың алғышарттарының бірі. Бұл дерт біздің ұлтымызға жат еді. Осы күндері өкінішке орай жиі кездестіріп қалып жатамыз. Жуырда Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының мамандары журналистер алдында ресми мәлімдеме жасады. Келтірілген деректер жаға ұстатады. Алькогольді ішімдік ішуден біздің еліміз алдыда келеді! Еліміз сыраны тұтыну көрсеткіші бойынша әлемде 8-ші, ал Азияда тіпті алғашқы орынға шығыпты.
Айтпақшы, айықтырғыштың өзінің «көгілдірлері» бар. Олар жайында сақшылардың білетіні, білмейтіні маған белгісіз. Алайда «көгілдірлердің» бұл мекемеге әдейі түсетінін сезіп қалдым. Келіп алып еркектерге тегін «қызмет» көрсетуге ұсыныс жасайды. Мастарды ұрып-соққанда да мекеме қызметкерлері өзіндік айла-тәсілдерін қолданып жатады. Яғни олар көгерген дақ түсіруден сақтанып, табаннан не алақаннан сабайды. Десем де, айта кетейін, олардың тыныш жатқандармен шаруасы жоқ. Негізінен айғайлап, былапыт сөздер жаудырып, бұзақылық жасағандарды ғана «тәрбиелейді». Тағы бір байқағаным, бұрынғыдай емес, жатын орындары таза, көрпе-жастықтары жеткілікті» деп ол жігіт сөз болып отырған мекеменің ішкі өмірімен таныстырғандай болды. Ал айықтырғыштағылар не дейді?
– Бізде мас адамның спирттік ішімдікті қаншалықты мөлшерде ішкендігін анықтайтын «Алкотест» деген аппарат бар. Егерде ішімдікті белгілі мөлшерден артық ішсе, олардың уланып қалмасы үшін біз «Жедел жәрдем» шақыртып, ауруханаға жібереміз. Осы тұста біз №1 айықтырғыш бастығының орынбасары К.Есімовке «Алкотестен» міндетті түрде өткізесіздер ме, әлде...» деп жоғарыда сөз болған адамның ренжулі әңгімесін айтып бердік. «Адам тәлтіректеп, сөйлей алмай тұрса, оған аппарат қолданудың керегі не? Онсыз да көрініп тұрады ғой бәрі. Егер біреулер «мен аз ғана іштім. Қамауға құқыларың жоқ» деп дау шығарып жатса, онда әңгіме басқа. Мәселені «Алкотестің» көмегімен шешеміз», – деп түсіндірді К.Есімов.
Ол сондай-ақ айықтырғышқа түскен адамның ақшасын не бағалы заттарын алып қою мүмкін еместігін айтты. Бұл ретте ол жуырда ғана біреудің қалтасында 8000 АҚШ доллары жатқандығын және оны ертесіне түп-түгел қайтарып бергендігін айтып жатыр. Тіпті ол алғысын жаудырып кеткенге ұқсайды.
Алматы қаласында негізі екі айықтырғыш бар. Оларды әсіресе «жынды суды» тәуір көретіндер жақсы біледі. Әрқайсысына тәулігіне орта есеппен 15-20 адам түседі. Кім болса да, айықтырғыштар әсіресе мереке күндері лық толады деп ойлайды. Ал К.Есімовтің айтуынан ұққанымыз, олай емес екен. «Қайта мереке күндері, төтенше жағдай болмаса, көбіне-көп туысқандарын шақыртып, алып кетулерін сұраймыз немесе үйіне шығарып салуға тырысамыз. Біз де адамбыз ғой... Мереке күні көңіл көтерсе, несі айып?» деді ол сөзінің арасында.
Айықтырғыш нағыз «қызықтың»
ортасы екендігі айтпаса да белгілі.
«Небір «әншілер» келіп түседі. Беріліп
тыңдауымызды талап ететіндерін
қайтерсіз олардың... Түнеу бір
күні Мұқағалидың өлеңдерін жатқа
білетін біреу түсті. «Ойланғым
да, ойлағым да келмейді, Не десе де
өзі білсін ел мейлі...» деп сайрай
жөнелгені бар» дейді К.Есімов. Енді
біреулер тіпті қонып шығуға рұқсат
сұрап, жалынатын көрінеді. Ең өкініштісі,
маскүнемдік жылдан-жылға
Сөз соңында айтарымыз, осыдан
2 жылдай бұрын, айықтырғыш тәртібі
бойынша, келіп түскендер дәрігерлік
қызмет үшін 450 теңге төлеуге тиіс
болатын. Қазір тек учаскелік
инспектордың хаттама толтыруымен
1 айлық есептік көрсеткіш
Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық проблемалар
Маскүнемдік, темекі шегушілік
және нашақорлық қазіргі заманның әлеуметтік,
экономикалық, психология-педагогикалық,
медицина-биологиялық
Ішімдіктерді, нашаны қолдану және темекі шегуге құштарлық - әсіресе бала жасында қауіпті, ол баланың өзін-өзі билеу психикасы мен мінез-құлқын реттеу өзегінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Темекі, анаша, ішімдікке
әуестік – тек қолданушының ғана
денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай,
қоршаған ортадағы адамдардың да өміріне
зиянын тигізеді. Темекі шегушілер
өз жақындарының денсаулығын ойламайды,
былайша айтқанда оларды да өзімен
бірге «темекі шегулеріне»
Темекінің түтіні арқылы асқынатын
аурулардан жыл сайын әлемде 1,5 миллионға
жуық адам өледі екен. Шылым шегу
адам иммунитетін төмендетеді, еңбекке
жарамсыздыққа ерте ұшырауға әкеліп
соқтырады. Темекінің жануынан туған
көміртек тотығы адам ағзасына тамырдағы
қан арқылы тарап, ағзаны оттегімен
қамтамасыз етуші эритроциттердің
өміршеңдігін төмендетеді, сол арқылы
қанайналым жүйесі бұзылып, көптеген аурулар
туады: қан ұйығы пайда болып,
аяқ-қолдағы қан айналым
Темекені үнемі шегетін адамның сырт бейнесіне де өзгерістер енеді: тырнағы, тісі сарғайып, шашының талы жұқарып, сынғыш келеді, табиғи жылтырауын жоғалтады.
Темекі шегуші тек өзіне ғана емес, өз жақындарының да денсаулығына қауіп төндіреді. Темекі шегуші темекі түтінінің 25%-ын жұтатыны белгілі, ал қалған төрттен үш бөлігі сол түтінді жұтуға мәжбүр болғандарға бұйырады, осылайша олар «ырықсыз темекі шегушілер» қатарына жатады.
Ырықсыз темекі шегуші үнемі темекі шегілетін бөлмеде болса, бір сағаттың өзінде жарты темекі шеккенде алынатын зиянды заттарды қабылдайды екен. Осылайша ол да темекі шегушіде болатын денсаулық ақауларына ұшырайды. Сондықтан, темекі шегу жеке бастың ісі деп қана қарауға мүлдем болмайды.
Темекі шегу – адамның ең жаман әдеттерінің бірі. Соңғы жылдары темекі шегушілер саны артып отыр.
Нашаның адам ағзасына әсер етуі қолданылатын препараттың түріне, мөлшеріне және енгізілу жолына байланысты.
Әсер ету нәтижесі: масаңсудың қысқа фазасы, оның артынан ұйқыға тарту фазасы басталады; жүрек соғысы ақырындап, тыныс алуы бәсеңсиді; мидың жұмыс істеу қабілеті азаяды; тәбеті, рефлексі, жыныстық құштарлығы, ауыруды сезу қабілеті төмендейді.
Лас инені пайдалану, бір ине арқылы егілу нәтижесінде ЖҚТБ, гепатит, түрлі қан аурулары және бұдан да басқа қауіпті дерт тууы мүмкін. Сондай-ақ тазартылмаған героин, т.б. қоспалары жоғары нашаларды қолданғаннан кейін, көп мөлшерде қолданғаннан кейін адам бірден өліп кетуі де мүмкін. Героинге тәуелді болу, өз денсаулығына немқұрайды қарау, өз өмірін бағаламаудың салдарынан тәбет бұзылып, жұқпалы аурулармен жиі ауыратын болады.
Ішімдік - бір жағынан энергетикалық ыдыста, екінші жағынан – психоактивті зат, былайша айтқанда рұқсат етілген наша. Халық арасында ішімдіктің арқасында бойды еркін ұстау, босаңсу, ширығу, мазасыздықтан құтылуға болады деген сияқты жалған түсінік бар. Алайда ол дұрыс емес. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңіл-күйдің уақытша көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық табиғаты бар жаңа залалға ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.
Жоғарыда айтылғандардың тобықтай түйінін айтатын болсақ, өз денсаулығын ойлаған, өзіне жақсылық тілеген, салауатты өмір салтын ұстанғысы келген, өзінің, туған-туыстарының, қоршаған ортаның жағдайын ойлаған адам өзінің зиянды қылықтарынан бас тартуы керек! Темекімен қоштасып, ішімдікке, нашаға бой алдырмай, оларды өз проблемаларын шешуші құрал ретінде қарамай, ішімдікті мүлдем қойып кетуі абзал.
Маскүнемдікті емдеудің төте жолы қайсы?
Батыс Қазақстан облысында
тек соңғы үш жылда 55962 өрт жағдайынан
1138 адам мас күйінде қайтыс болған.
Соңғы алты жылда мас күйінде
көлік жүргізудің салдарынан 4833 жол-көлік
оқиғасы орын алып, 977 адам қаза тапқан,
7027 адам әртүрлі дәрежеде жарақат
алған. Мұның бәрі атың өшкір арақтың
кесірінен болып отырған
Енді осыдан емделудің жолы бар ма? Бақсы-балгерлердің дақпырты күшті болғанымен, маскүнемнің рөмкі көрсе есі шығатын ескі әдетінен құлан-таза айығып кеткенін көрген тағы ешкім жоқ. Кең таралған бір тәсіл бар. Адам денесіне дәрі құйылған ампул тігу арқылы емдеу жайындағы пікір де сан алуан. Оның негізінде алкоголизмнің үрейі жатқаны анық. Денесіне ампул тіктірген науқас «енді қайтып арақ ішсең — өлесің» деген қауіппен кетеді. Шынында да, сол сертінен тайғандардың өмірі қайғылы оқиғамен аяқталады. Ел ішінде «кодирование» жасату деген атпен таныс бұл тәсіл ТМД елдерінде ғана бақылаусыз қолданылады. Еуропа мен АҚШ-та бұл тәсіл тек сот шешімі бойынша жүзеге асырылады екен. Онда да адам айналасындағылар үшін аса қауіпті маскүнемге айналғанда ғана. Мұхиттың арғы жағындағылар үшін бұл — өте нәзік тақырып. Ішімдікке құмарлықты гипноз арқылы тоқтату адамның ерік-жігерін шынжырлап тастаумен бірдей. Өзіндік еркі жоқ адам сөзсіз зомбиге айналмақ. Гипноз кейбір адамдардың ми құрылымын өзгертіп жіберуі де ғажап емес. Спиртті ішімдікті қолдануды қойғызғанымен, ішімдікке деген тәуелділік пен алкоголизмді тудыратын себеп-салдарды анықтап, тоқтатып, жоя алмайды. Басты мәселе адам психологиясында жатыр деп есептейді олар.
Нарколог-дәрігер Владимир Шубиннің айтуынша, өткен жылы маскүнемдік дертіне шалдыққан 200 адамның 24-і ережені қатаң сақтамағандықтан өмірімен қош айтысқан. Олардың арасында жүйке ауруына шалдыққандар да аз емес көрінеді.
— Бұл тәсіл арқылы емдеу тек денсаулыққа ғана емес, өмірдің өзіне тікелей қатысты. Егер науқас дәрігердің айтқанын ескермесе, шартын толық орындамаса, механизмдер бұзылып, адам аяқ астынан өліп кетуі әбден мүмкін, — дейді ол.
А.Р.Довженко әдісінің басты алғышарты гипнозда жатыр. Осы тәсілге жүгінген адамның миында ішкі резервтер арқылы спирттік ішімдікке деген қызығушылықты, құмарлықты жауып тастайтын әлдебір зат пайда болады. Егер науқас қайтадан ішкілікке бой ұрса, инфаркт, инсульт алуы, бүйрек талмасына ұшырауы мүмкін. Ал, әйелдерде аяқ астынан жатырдан қан кетуі басталады.
— Біз алдымызға келген
науқастарға осының бәрін айтып,
түсіндіреміз. Өз басым мұндай сеансты
жасар алдында адамды зерттеп
аламын. Егер ол адамда өзінің бұрынғы
берекетсіз өмірімен қош айтысқысы
келетін, жаңа, тыныш, ішкіліксіз өмір
бастағысы келетін ниет байқалса
ғана іске кірісемін. Егер ол адамның
өз ниеті болмаса, тек ағайындарының,
отбасының өтінішімен келген болса,
одан өзіне де, өзгеге де пайда жоқ.
Бір өкініштісі, бізге келетіндердің
басым көпшілігі —
Денсаулық пен қоғамға зиянды әрекеттердің бірі – ішімдікке салыну. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой алкоголь туралы былай деп жазған болатын: «Арақ – адам есін жояды, ұятын қашырады, арамдыққа және қалмысқа итермелейді».
Қазіргі кезде жүрек-қан
тамырлары аурулары өлімге душар
етуі жағынан бірінші орынға шықты,
ал әзірге ем-дауасы жоқ қатерлі
дерт – рак. Үшінші орынға шыққан макүнемдік
те қыруар адам өмірін жалмауда. Маскүнемдік
– денсаулықты тез тоздыратын,
адамды аздырып, түрлі сырқаттарға
ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай
ететін, еңбек қабілетін кемітетін
қауіпті нәрсе. Маскүнемдік ең алдымен
орталық нерв жүйесін уландырады.
Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан
алжаса бастауы, ұмытшақ болуы, ұйқыларының
бұзылуы, қолдарының қалтырауы, адамгершіліктен
жұрдай болуы осының салдарынан. Ішімдікке
салынған адамның рухани байлығы
азаяды, есілдерті араққа ғана ауады.
Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту
қабілетін нашарлатып, ас қорыту процесіне
пайдалы сөлдердің бөлінуін тежейді.
Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді,
әр түріл қауіпті ауруларға
Нұркен ТОҚАЕВ.