Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 21:51, автореферат
Өмір сүру үшін организмге энергия қажет. Энергия зат алмасу нәтижесінде түзіледі. Оның түзілу көзі – тағаммен түсетін қоректік заттар: белоктар, (нәруыздар), майлар және көмірсулар. Осылардың ішінде энергияны тез және оңай түзілетіні – көмірсулар. Көмірсулар қорытылу үшін алдымен глюкозаға (қантқа) айналады. Сонымен, глюкоза – ағзадағы энергия түзілу процесінің негізгі шикізаты болып табылады. Организміндегі энергия түзілу процесін автомобиль қызметімен салыстыруға болады. Машинада энергияның көзі жанған бензин болса, ал организмінде – глюкоза. Бензин түтікшілерімен моторға түсіп тұрса, глюкоза тамырлармен жасушаларға жеткізіліп тұрады. Мотордағы бензинді жандыру үшін от алдыратын кілтті бұрайды. Организмде осындай «от алдыратын кілт» рөлін атқаратын – инсулин. Инсулин болмаған жағдайда жасушалар глюкозаны сіңіре алмайды.
3.1 Инсулиннің адам организміндегі атқарар қызметі
3.2 Қант диабетінің емдеудегі дене қызметінің маңызы
3.3 Ас – адамның арқауы
3.4 Гипогликемия
3.5 Қант диабетінің кеш дамитын асқынулары
3.6 Қант диабетін бақылау және науқастың өзін-өзі бақылауы
Зерттеу бөлім
3.1 Инсулиннің адам организміндегі атқарар қызметі
Өмір сүру үшін организмге энергия қажет. Энергия зат алмасу нәтижесінде түзіледі. Оның түзілу көзі – тағаммен түсетін қоректік заттар: белоктар, (нәруыздар), майлар және көмірсулар. Осылардың ішінде энергияны тез және оңай түзілетіні – көмірсулар. Көмірсулар қорытылу үшін алдымен глюкозаға (қантқа) айналады. Сонымен, глюкоза – ағзадағы энергия түзілу процесінің негізгі шикізаты болып табылады. Организміндегі энергия түзілу процесін автомобиль қызметімен салыстыруға болады. Машинада энергияның көзі жанған бензин болса, ал организмінде – глюкоза. Бензин түтікшілерімен моторға түсіп тұрса, глюкоза тамырлармен жасушаларға жеткізіліп тұрады. Мотордағы бензинді жандыру үшін от алдыратын кілтті бұрайды. Организмде осындай «от алдыратын кілт» рөлін атқаратын – инсулин. Инсулин болмаған жағдайда жасушалар глюкозаны сіңіре алмайды.
Қант диабетімен ауырған адам болсаңыз – инсулинсіз өмір сүре алмайсыз және оны өмір бойы қабылдайсыз. Бірақ оған қатты қайғырып, уайымға салына берудің қажеті жоқ. Себебі, жер бетінде миллиондаған адамдар, инсулинді қабылдай жүріп, әдеттегі жұмысымен айналысуда – дене шынықтырумен шұғылданады, тұрмыс құрайды, мектептерде, жоғары оқу орындарда оқиды.
Инсулин – ұйқы безінің ұшында орналасқан арнайы жасушаларда түзіледі. Бұл жасушалар аралшалар түрінде орналасқан. Латын тілінде аралша – «инсула» деген сөз, гормонның аты да осыдан шыққан. Тәулік бойында инсулиннің бөлінетін мөлшері бірдей емес. Инсулин тамақ ішкеннен кейін көп мөлшерде бөлінеді, өйткені бұл кезде қаннның қанты жоғарылайды. Тамақтану аралықтарында ұйқы безді тыныш күйде, инсулин болар-болмас мөлшерде түзіледі. Инсулин мөлшерінің сау адам ағзасында осындай тербелісін жасанды түрде келтірген жағдайда емнің нәтижелі болатындығы дәлелденген.
Инсулиннің көмегімен глюкоза жасушалардың ішіне еніп, химиялық реакцияларға, яғни жану процесіне ұшырайды. Соның нәтижесінде кәдімгі жану процесіндегідей энергия, көмірқышқыл газы және су бөлінеді. Сонымен қатар инсулиннің қатысумен глюкозаның артық мөлщері бауырда гликогенге айналып, қор ретінде жиналады. Глюкоза тапшы болған кездерде гликоген тез ыдырап, глюкозаға айналады. Қандағы қант деңгейінің 3,3-5,5 ммоль/л-ден артық көтерілуі инсулиннің бөлінуіне түрткі болады. Бөлінген инсулин қантты жасушаларға енгізеді де, қандағы қанттың концентрациясын төмендетеді. Сондықтан сау адамда, тамақтанған кейін, глюкозаның деңгейі еш уақытта 7,8 ммоль/л-ден аспайды.
Тамақ ішпей ұзақ уақыт ашыққанда немесе белсенді дене қызметінен кейін, қандағы глюкоза жұмсалып, азаяды. Бұл кезеңдерде «энергиялық ашығу», яғни энергия жетіспеуі пайда болады. Сау адамдарда мұндай жағдайларда глюкозаның мөлшерін арттыратын қосымша механизмдер іске қосылады. Осындай механизмдердің бірі – ұйқы безде инсулин түзілуінің азаюы. Осы арқылы сау адамда глюкозаның деңгейі 3,3 ммоль/л-ден төмендемейді.
Сонымен, сау адамдарда ұйқы безде инсулиннің түзілу мөлшері және ырғағы тағаммен түсетін көмірсулардың мөлшеріне және тамақтану уақытына байланысты. Егер көмірсулар көп түссе - инсулин де көп бөлінеді, ал аз түссе – керісінше аз бөлінеді. Осы реттеу механизмнің нәтижесінде ашқарындағы сау адамда глюкозаның қандағы деңгейі әрдайым қалыпты болады. Инсулинмен емделген кезде оның дозасын асырмай, әр науқасқа тиімді дозасын тапқан маңызды. Қажеттіден артық дозада қолданған инсулиннің организмге кері әсері болуы мүмкін.
3.2 Қант диабетінің емдеудегі дене қызметінің
Қазіргі кезде адамдардың көпшілігі отырып жұмыс жасайды, машинамен жүреді. Бұлшықетке түсетін күш азайды.
Бұлшықеттің қызметіне энергия жұмсалады, ал энергия түзілуіне пайдаланатын басты зат – глюкоза. Сондықтан дене қызметі кезінде глюкозаның қорытылуы артады, оның қандағы мөлшері төмендейді. Осыған орай, қант диабеті емінің басты талаптьарының бірі – дене қызметімен шұғылдану және салмағын төмендету.
Дене жаттығуларымен үнемі айналысса, хал-күйі жақсарады және стрестерге төзімділігі артады. Дене қызметі жүрек-тамыр жүйесінің физикалық күштемелерге төзімділігін арттырып, жүрек жағынан дамитын қауіп-қатерлі асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Дене қызметімен диабеттің компенсация сатысында ғана айналысуға болады және оның ауырлық дәрежесі әр науқастың мүмкіндігіне қарай қарастырылады. Дененің қызметі инсулиннің дозасын азайтуға мүмкіндік қана бермей, жағымды эмоциялар туғызады. Сондықтан мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру сабақтарынан босату немесе спортқа қатыстырмау дұрыс емес.
Дене жаттығуларының басты талабы – үзбей шұғылдану. Сондықтан қалаған спорттың түрі өзіңізге ұнамды және қолайлы болуы тиіс. Спорттың орнына бау-бақшада жұмыс жасауға да болады. Мәселен: жеміс жинау, жер аудару. Осының барлығы және дене жаттығулары, жаяу жүріс қанның қантын төмендетеді. Лифтімен емес, баспалдақпен жаяу көтеріліңіз. Қай жаста болсаңыз да денеге түсетін күшті біртіндеп көбейтіңіз. Дене қызметімен шұғылдану жайлы келесі ескертулер есіңізде болсын:
Ешуақытта спортпен ашқарында шұғылданбаңыз;
Зәрде ацетон пайда болса, спорттан уақытша бас тартыңыз;
40-тан асқан шақта жүрек-тамыр жүйесінің жағдайына мән беріп, осы салада толық зерттеуден өтіп тұрыңыз;
өзіңізбен бірге қант немесе тәтті сусын ала жүріңіз;
Қан айналымының нашарлығын, төмендеуінен аяқ басы зақымданғыш болады. Ауырғандықты сезбегендіктен, науқас жарақатын елеместен жүре береді. Сондықтан спортпен, дене қызметімен шұғылданған жағдайда аяқ киімінің жайлылығына, аяқ күтіміне көп мән берген дұрыс.
Дене қызметімен шұғылданған кезде инсулинге деген сұраныс төмендейді. Сондықтан оның дозасын реттеп отыру керек. Мысалы: спортпен түске дейін шұғылданса – қысқа әсерлі инсулиннің ертеңгілік дозасын азайтыңыз.
Спортпен топпен бірге шұғылданған ыңғайлы. Қант диабетінен басқа ауруларыңыз жоқ болса, спорттың барлық түрімен айналысуңызға болады. Жүрек-тамыр аурулары бар науқастарға арнайы денсаулық топтары ұйымдастырылғаны жөн.
Қорытындылап айтқанда, бұлшықет қызметінің және спорттың әсері тек қана қантты төмендетумен шектелмейді. Бұл шаралар дененің салмағын азайтады, қан айналымын жақсартады, қан құрамындағы майлардың, қан қысымының деңгейін төмендетеді.
3.3 Ас – адамның арқауы
Қант диабетінің басты емі –тамақтану ережелерін сақтау. Онсыз ешбір дәрмек аурудың барысын тоқтата алмайды. Сондықтан әр науқас тиімді тамақтану ережелерін жетік білуі тиіс.
Ағзадағы қажетті нәруыздар, көмірсулар, майлар, дәрумендер мен минералдар тағаммен түседі. Қоректік заттардан энергия түзіледі. Аталған заттардың барлығы диабетпен сырқаттанған науқастың тағамында жеткілікті болуы тиіс. Көмірсулар нанның, кондитерлік тағамдардың, жармалардың, бұршақ тұқымдас дәндердің, жеміс-жидектердің, сүт өнімдердің құрамында мол мөлшерде кездеседі. Белоктық тағамдарға ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, бұршақ дәнділер жатады. Май тағамдарына жататындар: сары май, өсімдік майлары, маргарин кілегей, қаймақ және мал етінің майлары.
Есіңізде болсын! Келесі тағамдар қанның қантын аса көбейтеді: қант, тосап (варенье), кәмпит, торт, пирожное, тәтті сусындар, т.б.; ақ ұннан дайындалған тағамдар және әсіресе ұнтақ жармадан (манкадан) пісірген тағамдар, картоп, сүт, жемістер, соның ішінде ең тәттілері – жүзім, банан, қауын. Сондықтан осы тағамдардан бас тартқаныңыз жөн.
Қанның қантын мына тағамдар арттырмайды: қияр, қырықжапырақ, кәді, болгар бұрышы, асқабақ, шалқан, қабақ, сәбіз, қызылша, салат, пияз, аскөк, ақжелкек, т.б.; ет, ірімшік, сүзбе, балық, жұмыртқа және майлар. Бірақ мұның барлығын шексіз ішіп-жеуге болады деп айтпаймыз. Картоптан басқа көкөністің барлығын тәулігіне 800-1000 грамм дейін жеуге болады. Қалған тағамдарды біздің ұсынысымыз бойынша қолданған дұрыс. Бұл жөнінде тағы бір ескеретін жағдай – диабетпен ауыратын адам майлардан тек қана сары майды, өсімдік майларын, маргаринді, қаймақты қолдануы тиіс. Ал қой, сиыр, жылқы, шошқа еті майларынан бас тартқаны жөн. Өйткені мал етінің майлары атеросклероздың өрістеуін тездетеді. Диабетпен ауыратын науқас қай тағамды қандай мөлшерде ішуге болатындығын білуі тиіс. Әр науқас күнделікті ішетін тағамдарының түрлерін, мөлшерін анықтап алуы керек.
Тағамға тәтті дәм беру үшін қанттың аналогтарын (тәрізділерін) қолдануға болады. Фруктоза, кислит, сорбит сияқты аналогтарының негізінде өсімдік шикізаттары жатыр. Бұлардың калориялық құны қанттың калориялығымен бірдей, сондықтан дене салмағын ұлғайтулары мүмкін. Егер қант аналогтарын аздап пайдаланатын болса, онда қандағы қант деңгейі айтарлықтай жоғарыламайды.
Гипогликемия – қандағы қант деңгейінің күрт төмендеу салдарынан туындайтын жағдай. Және ол бірнеше себептерден болады: көмірсуларды тамақпен өте аз ішу, дененің ауыр қызметі, инсулинді артық дозада қолдану. Мұндай жағдай қант диабетімен сырқаттанғандардың көбінде байқалады. Уақытылы байқалмаған гипогликемиялық жағдай комаға (ессіз күйге) әкелуі мүмкін. Сондықтан әр науқас гипогликемияның белгілерін танып, өзіне нақтылы көмек көрсете алуы керек.
Қант деңгейі төмендеуінің негізгі себептері:
Инсулин немесе қанттүсіргіш дәрмектер дозасының асырылуы;
Жеткіліксіз тамақтану;
Белсенді дене қызметімен айналыспау;
Алкоголь ішімдіктерін пайдалану;
Гипогликемияға тән белгілер глюкозаның деңгейі 3,3 ммоль/л-ден төмен түскен кезден біліне бастайды. Бірақ, қанның қанты көптен бері биік деңгейде болып, бірден төмендесе, онда гипогликемияның белгілері қанттың қалыпты деңгейінде де пайда болуы мүмкін. Егер қанның қанты біраздан бері төмен болса немесе гипогликемиялық жағдайлар жиі кездесетін болса, онда қант төмендеуінің белгілері кеш сезіледі немесе сезілмей қалуы мүмкін. Бұл кезде қарын ашады, қолдар дірілдейді, тер басады, әл кетеді, бас ауырады, адам болмашыға ашуланады, жүрек соғуы жиілеп, ерін мен ауызда ине қадалғандай сезінулер байқалады. Кейінірек бұларға қос көріну, ой шатасуы, қимыл бұзылысы қосылады.
Дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда құрысулар, сөйлеу, сана бұзылысы пайда болады. Науқастың санасы есеңгіреу деңгейіне жетеді немесе жойылады.
Гипогликемия болуын күмәнсіз сезінсеңіз тез арада тәтті тағамның біреуін тез ішіп-жеңіз (қант, конфет, тәтті шай, бал, т.б.). Тәтті тағамды науқас әрдайым өзімен бірге алып жүргені дұрыс. Бұл асқыну инсулиннің дозасын асырғаннан болса, онда дәрігердің кеңесінен кейін инсулиннің дозасын азайтуға болады.
Жас балалар гипогликемиясының көрісіне тән ерекшіліктер: жылауықтық, беймазалық, шақарлық.
Ұзаққа созылған гипогликемия қауіпті, өйткені бас миының қоректенуі бұзылады. Осының салдарынан өлімге әкелуі мүмкін.
Гипогликемияның алғашқы белгілері байқалған кезде тамақ ішудің өзі де жеткілікті, мәселен 1 шақпақ қант немесе бутербродпен бірге 1 стакан тәтті шай. Қанның қантын 1 ас қасық бал, бір уыз мейіз, 1/2 стакан жеміс шырыны немесе 1 стакан сүт те тез көтереді.
Ес-түссіз қалған жағдайда вена ішіне глюкозаның 40% ерітіндісінің 20-40мл тез енгізеді. Құрысу кезінде глюкозаны вена ішіне енгізуге мүмкін болмаған жағдайда 1мл глюкагон бұлшық етке енгізіледі.
Гипогликемияның алдын алу үшін науқастар уақытылы тамақтануы және қанның қантын жиі тексеруі тиіс.
Дене қызметімен айналысар алдында бутерброд жеп алыңыз немесе қысқа әсерлі инсулинді 2-4 бірлікке азайтыңыз. Арақ-шараптан бас тартыңыз.
Қантты диабетпен ауыратын науқастардың барлығы, міндетті түрде, өзімен бірге бірнеше шақпақ қант немесе конфет, ауыратынын дәлелдейтін құжаттарын ала жүруі тиіс.
3.5 Қант диабетінің кеш дамитын асқынулары
Қант диабетінің қан тамырларына және оларға қоса жүйке тамырларының зақымдануынан дамитын асқынулар – кеш дамитын асқынуларға жатады.
Нейропатия – жүйке жанды тамырларының зақымдануы. Бұл ауруда көптеген мүшелерінің жанды тамырлары зақымданады. Нейропатиядан дене мүшелерінің қызметі және сезімталдығы бұзылады. Сезімталдықтың нашарлауынан аяқ-қолдар мұздайды, кейде қызынып, сырқырап ауырады. Аяқтардың қызуы және ауырсынуы түнге қарай күшейеді, ал жүрген кезде шамалап басылады.
Нейропатияның салдарынан науқастар ауырсынуыды сезбеуі де мүмкін, мәселен, тар аяқ киімінен аяғының қажалғанын байқамай жүре береді. Осыдан пайда болған кішігірім жарақат жазылмай, гангренаға (іріңді жараға) айналу қауіпін тудырады.
Ас қорыту мүшелерінің нейропатиясы болған жағдайда асқазан керіледі, жүрек айнуы, құсу пайда болады; ішектің қызметі бұзылады, іш біресе қатып, біресе өтеді.
Науқастардың бірқатарына нейропатияның салдарынан зәрі тоқтамайды немесе жүрмей қалады. Зәрдің іркілісі инфекцияның ұялауына әкеледі.
Жүрек-тамыр жүйесі жағынан қан қысымының көтерілуі, жүрек ырғағының бұзылуы (сиреуі немесе жиілеуі) мүмкін. Қан қысымы көбінесе түнге қарай көтеріледі.
Бас миының зақымдануынан адамның зейін қою қасиеті, писихикалық қызмет қабілеті төмендейді, мінезі тұрақсызданады.
Нефропатия – бүйректің зақымдануы. Оның белгілері – зәрдің түзілуінде нәруыздың пайда болуы, беттің, аяқтарына ісінуі, қан қысымының көтерілуі. Соңында нефропатия бүйрек қызметінің жеткіліксіздігін, срның нәтижесінде өлімге әкеледі.
Ретинопатия – жұмысқа жарамды жастағы адамдардың соқырлыққа ұшырауының ең жиі себебі. Бұл жағдай көз түбі тамырларының тарылауынан, олардың қабырғасының осалдауынан болады. Осының нәтижесінде көздің қанмен қамтамасыз етілуі төмендейді, тамырлардың жарылуынанкөз түбіне қан құйылады.