Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 21:51, автореферат
Өмір сүру үшін организмге энергия қажет. Энергия зат алмасу нәтижесінде түзіледі. Оның түзілу көзі – тағаммен түсетін қоректік заттар: белоктар, (нәруыздар), майлар және көмірсулар. Осылардың ішінде энергияны тез және оңай түзілетіні – көмірсулар. Көмірсулар қорытылу үшін алдымен глюкозаға (қантқа) айналады. Сонымен, глюкоза – ағзадағы энергия түзілу процесінің негізгі шикізаты болып табылады. Организміндегі энергия түзілу процесін автомобиль қызметімен салыстыруға болады. Машинада энергияның көзі жанған бензин болса, ал организмінде – глюкоза. Бензин түтікшілерімен моторға түсіп тұрса, глюкоза тамырлармен жасушаларға жеткізіліп тұрады. Мотордағы бензинді жандыру үшін от алдыратын кілтті бұрайды. Организмде осындай «от алдыратын кілт» рөлін атқаратын – инсулин. Инсулин болмаған жағдайда жасушалар глюкозаны сіңіре алмайды.
3.1 Инсулиннің адам организміндегі атқарар қызметі
3.2 Қант диабетінің емдеудегі дене қызметінің маңызы
3.3 Ас – адамның арқауы
3.4 Гипогликемия
3.5 Қант диабетінің кеш дамитын асқынулары
3.6 Қант диабетін бақылау және науқастың өзін-өзі бақылауы
Макроангиопатиялар – атеросклероздың тез өрістеуінен ірі тамырлар қабырғасының зақымдануы. Тамыр қабырғасында жиналған холестерин олардың өзегін тарылтып, қанның жүруіне кедергі туғызады. Ең жиі зақымданатын – жүрек артериялары. Осының салдарынан жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, миокард инфаркты) ерте дамиды. Жүректің ишемиялық ауруы дамыған кезде төстің ұстамалы түрде қысып, күйдіріп ауырады, ентігу пайда болады. Ауырсыну сол иыққа, жауырынға тарайды. Миокард инфакты қант диабетімен сырқаттанатын адамдарда өте жиі дамиды және ешбір ауырсыну белгілері болмай да өтуі мүмкін.
Аяқтың ірі тамырлары зақымданған жағдайда аяқтардың қан айналымы бұзылады. Аяқтың басы үнемі жылынбайды, балтырлар жүрген кезде сыздап ауырады. Науқастардың бірқатарына аяқ гангренасы дамиды. Қант диабеті қазіргі кезде аяқ кесілуінің негізгі себебі болып отыр. Аяқ басының зақымдануы. Қант диабетінде аяқ басы тамырлары, нервтері, сүйектерінің қосарланып зақымдануынан аяқ басы деформацияланады (өзгеріске ұшырайды), ісінеді, жазылмайтын жаралар түседі. Бұл өзгерістер «диабеттік табан» деп аталады.
Кетоацидоз – қант диабетінің қауіпті асқынулары бірі. Қауіпті болғанымен, көп жағдайларында оны болдырмау болады.
«Кетоацидоз» - күрделі термин, кетон және ацидоз (қышқылдану) сөздерінен құралған. Бұл жағдайда кетондық заттардың көбеюінен организмінің ішкі ортасы, соның ішінде қан қышқылданады. Кетондық заттар инсулиннің жетіспеуінен көбейеді.
Кетоацидоз кезінде қанттың деңгейі жоғарылайды, жиналған кетондық заттар қанды, ұлпаларды «қышқылдандырады». Осының салдарынан жасушалар бұзылады, науқастың жағдайы күрт ауырлайды. Кетоацидоз осылайша өлімге әкелуі ықтимал. Көбінесе бұл асқыну 1 типті диабетке тән. Кетоацидозға әкелетін себептер:
Инсулинді тоқтату немесе жеткіліксіз дозада қолдану. Кейбір науқастар түрлі «тәуіптердің» кеңесімен инсулин енгізуін тоқтатқан. Тез дамыған кетоацидоз олардың бірқатарын өлімге ұшыратқан. Осы жерде тағы бір аса ескеретін жайт – 1 типті қант диабеті бар науқастар инсулинді тоқтатпауы керек, өйткені инсулинсіз өмір жоқ!
Грипттің немесе өзге жұқпалы аурулардың қосылуы, улану, хирургиялық операцияға түсу, ауыр психикалық немесе физикалық ширығулар;
Тамақтану тәртібін бұзу;
Көбіне кетоацидоз қант диабетінің басталған кезінде дамиды, өйткені науқас дәрігерге қаралып үлгермеген, сол себепті инсулин қабылдамаған.
Кетоацидоз бірнеше сағаттар, күндер бойы біртіндеп өрістейді. Алдымен қарын ашады, күшті шөл қысады. Науқас кіші дәретке жиі шығады. Тәбеті күшті болғанымен тез жүдей бастайды. Ауызға, әсіресе балаларда, ауыздық түседі.
Кейінде кетоацидоздың одан әрі күшеюінен жүрек айниды, құсады, іші ұстамалы ауырады. Іштің ауыруы, жүрек айну, құсу жедел аппендициттің көрінісіне ұқсайды. Сондықтан науқастардың бірқатары хирургқа көрінуге мәжбүр болады. Кетоацидоз ауырлай келе науқастың тынысы тереңдеп, сирейді – шулы, терең тыныс пайда болады, аузынан шіріген алманың иісі шығады (ацетонның иісі). Қан мен зәрдің қанты жоғарылайды және зәрмен ацетон бөлініп шығады.
Кетоацидоздың белгілері білінген жағдайда дереу дәрігерге көріну керек. Бұл өзін-өзі емдеуге келетін жағдай емес. Бірақ, кетоацидоз емінің түпкілікті нәтижесі науқас пен жақын туыстарының ауруханаға дейінгі жасайтын іс-әрекеттеріне байланысты.
Дәрігер келгенше үйіңізде шұғыл қолданылатын шаралар:
1. Тез әсерлі инсулинді таңғы сағат 6-да және кешкі 22-де қосымша енгізу, сонымен қатар балаларға әр иньекцияға 2-4 бірліктен, ересектерге 6-8-10 бірліктен тез әсерлі инсулиннен қосу.
2. Минералды немесе қайнаған суды күніне 2-3-4 литрден қанықтыра ішкізу. Қышқылдануды болдырмау мақсатымен минералды судың әр 0,5 литріне, қайнаған судың әр 1 стаканына 1/4 шай қасық ас содасын қосу қажет.
3. Жылы сумен клизма жасау. Клизмаға қолданатын су көлемінің әр 100 мл-не 4 гр ас содасы қосылады.
4. Аз-аздан тәулігіне 5 рет тамақтандыру ұсынылады: тәтті шай, сұйық манка ботқасы, кисель, картоп пюресі, алма жеміс шырыны. Кетоацидоз кезінде мүлдем қолданылмайтын тағамдар: ет, колбаса, шұжық, жұмыртқа, сүзбе, сары май, ірімшік, қаймақ, кілегей. Бұл тағамдарды кетоацидоз әбден басылғанға дейін жегізбегені жөн.
5. Дене күтімі тәртібін қатаң сақтау – уақытылы хуындыру, тісін тазалату, кілегей қабықтарды сутегі асқын тотығы қосылған сумен шайып отыру және науқас жататын бөлмені жиі желдетіп отыру қажет.
3.6 Қант диабетін бақылау және науқастың өзін-өзі бақылауы
Қант диабетімен сырқаттанған науқас өзін-өзі бақылауды үйренуі тиіс. Ол үшін талаптану білу керек. Осы жолда жұмсалған күші пен уақыты босқа кетпейді – денсаулығы жақсарады, өмірі ұзарады, диабеттің асқынулары бәсеңсиді. Асқынуларды болдырмаудың бір ғана амалы бар, ол – қандағы қанттың деңгейін ауытқытпай, сау адамдікіндей қалыпты деңгейде ұстау.
Қант диабетін бақылау дегеніміз – қандағы қанттың деңгейін біліп отыру және қажет болған жағдайда соған сәйкес емді де өзгертіп отыру. Ол үшін қанның қантын үнемі тексеру қажет, өйткені қант деңгейінің шамалы ауытқулары адамға сезілмейді. Науқасқа сезілетіні – қанттың аса жоғарылуы немесе көп төмендеуі. Қанттың шамалы жоғарылуының өзін бірден тыю қажет, өйткені ол ауыр жағдайға әкелуі мүмкін.
Қандағы қантты күніне 4-5 рет тексеру қажет: таңертеңгі, түскі, кешкі тамақтанудың және жатар алдында: кейде таңғы сағат 3-те. Ол қанттүсіргіш дәрмек дозаларының тиімділігін анықтау үшін керек. Мысалы, таңертеңгі уақытта қанттың деңгейі қалыпты болса, ол кешке енгізген ұзақ әсерлі инсулин немесе қабылданған таблетка дозасының жеткіліктігін көрсетеді. Егер ол жоғары болса, кешкі уақыттағы дозаны арттырған жөн. Түскі, кешкі мезгілдегі қанттың деңгейіне қарай қалған дозаларды да осылайша сәйкестендіріп отырады.
Тұмауға, стрестік жағдайға тап болсаңыз немесе қызмет тәртібін өзгертсеңіз – қанның қантын күніне ең кемінде 4 рет тексеріңіз. Үйде қанның қантын екі әдіспен зерттейді: 1 – глюкометр аспабымен, 2 – тест жолақтармен. Тесттік жолақшалар түсінің өзгерісі көзбен бағаланады, сондықтан глюкометр көрсеткіші нақтылау болады. Бірақ екі әдістің арасындағы айырмашылық шамалы, сондықтан екеуін де қолдана беруге болады.
Тесттік жолақшалар қолдана ережелері:
- зерттеуді жарық бөлмеде жасау;
- 4-ші не 3-ші саусақты жанынан ланцетпен теседі. Саусақты спиртпен сүрту міндетті емес, бірақ қолды алдымен таза етіп жуады;
- Тесттік жолақшаның реактив жапсырған жеріне қанның ірі бір тамшысын тамызу;
- Дереу сағатқа қарап уақытты белгілеу;
- 60 секундтан кейін тест-жолақшаның бетінен қан тамшысын құрғақтап сүртіп тастау;
- Тағы 60 секундтан кейін тесттік жолақшаның түсін шкаламен салыстыру;
Тестті жүргізер алдында тест жолақшаларының қолдануға жарамды мерзімін қарап алыңыз. Тест жолақшаларын өзінің құтысында, жарықтан аулақ, үй температурасында сақтайды.
Науқастардың бірқатары үшін тесттік-жолақшалар мен зәрдегі қанттың мөлшерін тексеру қажет. Қанның анализіне қарағанда бұл зерттеудің нәтижесі дәл емес. Ол қандағы қанттың аса жоғарылуын ғана көрсетеді. Осы арқылы сіз қанттың төмендеуін анықтай алмайсыз. Бірақ арзандығына және оңайлылығына байланысты бұл зерттеу әзірше жиі қолдануда. Қалыпты зәрде қант болмайды.
Қандағы қанттың деңгейі бүйрек табалдырығынан артқан кезде, ал бүйрек табалдырығы әркімде әртүрлі.
Қант диабетімен сырқаттанған науқастар емінің тағы бір маңызды шарасы – дененің күтімі. Қол-аяқ тырнақтарын уақытылы алу, аяқтарды жатар алдында жылы суда біраз ұстап жуу сияқты дене күтімінің шаралары қант диабетінің кейбір асқынуларынан сақтайды.
Қант диабетінің кеш асқынуларына жол бермеудің тек бір ғана амалы бар, ол – қанның қанттын қалыпты деңгейде ұстау. Қанттың қалыпты деңгейі кеш асқынулардың дамуын тежейді немесе болуын кешеуілдетеді. Және темекі шегуден бас тарту, қан қысымын қалыпты деңгейде ұстау, дененің артық салмағын жою аса маңызды. Аяқ басын күтуге көп мән беру қажет. Жұмсақ, ыңғайлы аяқ киім киіп, аяқты күнбе-күн қарап, жылы суға жуу, жарақаттарын уақытылы емдеу. Осы шаралар аяқ басы қан айналымын жақсартады, жарақаттанудан сақтайды. Кеш асқынулардың белгілерін байқасаңыз, дереу дәрігерге көрініңіз.
Қорыта айтқанда, өз ауруыңыз туралы неғұрлым көп біосеңіз, соғұрлым қант диабетіңізді өзіңізге бағындыра аласыз.