Балалар тамақтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 23:59, реферат

Описание

Адам денсаулығына үлкен әсерін тигізетін, әрқашан қажет фактордың бірі тамақтану бірінші күннен бастап дұрыс ұйымдастырылған, рационды тамақтану адамдардың маңызды жүйелерінің қызметінің мүмкіндігін жоғары деңгейде ұстап тұратын зат алмасу процестерінің қалыпты ағымын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жалпы денсаулық күшейеді. Жұмысқа қабілеттілік жоғарлайды, өмірі жалғасады. Осы аспектіде ерекше жас топтарының балалар мен жасөспірімдер, қарттар, кәрі жастағы адамдардың организміндегі басты физиологиялық және биохимиялық процестердің реттелуін ескеретін ғылыми негізделген, тұжырымдалған тамақтануға аса көңіл бөлінеді.

Содержание

1 Кіріспе.
2 Мәселенің өзектілігі және аспектісі
3 Бала организімінің анатомо-физиологиясының ерекшелігі және әр түрлі жас топтарында негізгі тамақтану принциптерін құру.
4. Мектеп жасына дейінгі, мектеп лагерлерінде балалардың тамақтануының ұйымдастырылуы.
5. Дұрыс тамақтанбаудан болатын балалардың аурулары.
6. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

15БЕТ СРС ГДП БАЛА ТАМ.docx

— 37.32 Кб (Скачать документ)

                             

                                                                 

 

Жоспары:

 

 

 

 

1 Кіріспе.

2 Мәселенің өзектілігі және   аспектісі

3 Бала организімінің анатомо-физиологиясының  ерекшелігі және әр түрлі жас  топтарында негізгі тамақтану  принциптерін құру.

4. Мектеп жасына дейінгі, мектеп лагерлерінде балалардың тамақтануының ұйымдастырылуы.

5. Дұрыс тамақтанбаудан болатын  балалардың аурулары.

6. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам  денсаулығына үлкен әсерін тигізетін, әрқашан қажет фактордың бірі тамақтану бірінші күннен бастап дұрыс ұйымдастырылған, рационды тамақтану  адамдардың маңызды жүйелерінің  қызметінің мүмкіндігін жоғары деңгейде ұстап тұратын зат алмасу процестерінің  қалыпты ағымын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жалпы денсаулық күшейеді. Жұмысқа қабілеттілік жоғарлайды, өмірі жалғасады. Осы аспектіде ерекше жас топтарының балалар мен жасөспірімдер, қарттар, кәрі жастағы адамдардың организміндегі басты физиологиялық және биохимиялық процестердің  реттелуін ескеретін ғылыми негізделген, тұжырымдалған тамақтануға аса көңіл бөлінеді.

Балалар мен жасөспірімдердің  тамақтануының  арнайы ғылыми бөлім болып бөлінуі  осы топ адамдардың организмінің өзінше ерекше дамуына байланысты ақталды. Тамақтану бала организмінің қарқынды өсу, даму кезеңдеріндегі функциялардың  қабілеттілігінің өзгерістеріне әсер ететін күшті фактор ретінде баланың  физиологиялық, жүйкелік-психиканың қалыптасуында, оның сыртқы ортаның қолайсыз факторларына қарсы тұруына жұмысқа қабілеттілігіне, әрі қарай өмір сүруіне шешуші мағына береді. Маэстридің сөзі бойынша: «баланың бірінші жылындағы рационды тамақтану оның жетілген кезіндегі  денсаулығын сақтайтын негіз  болып саналады».

Сыртқы  ортаның әр түрлі әсерлерімен  жиі байланысқан бала организмінің әр түрлі ауруларына қарсы иммунобиологиялық  реакция мен төзімді рационды тамақтану жоғарлайтындығы мәлім. Рационды тамақтанудың принциптері  ұзақ уақыт бұзылса: маңызды қоректік заттардың жеткіліксіз немесе көп  болуы, балалардың бірқатар ауыр сырқаттардың себебі болуы мүмкін. Функциялардың  бұзылыс деңгейі бала жасына кері тәуелді.

Балалар мен жасөспірімдердің  тамақтану  ерекшеліктерін айта отырып, асқорыту мен қоректік заттардың метаболизмімен тығыз байланысты анатомо-физиологиялық  ерекшеліктерін ескеруіміз керек. Солардың бірнешеуіне тоқталайық:

  1. Балалардың зат алмасуы ересектерге қарағанда өсудің энергиялық процестеріне байланысты тез жүреді, жасы өскен сайын төмендейді. Мысалы, баланың негізгі зат алмасуы 1,5 жаста 55-60 ккал/кг, содан кейін 12-14 жаста ересектер қатарына қосылады (24 ккал/кг).
  2. Балалардың бас миы толық дамып болмағандықтан олардың зат алмасуы толық реттелмеген. Тыныс алу, қан айналу, тағам инфекциялары ж.т.б. аурулар кезіндегі ішкі және сыртқы орта өзгерістерінің барлығы азды-көпті деңгейде асқорыту және метаболизм процестеріне беріледі.
  3. Балалардың жасына байланысты асқорыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Өңештің кілегей қабаты жұмсақ, қан тамырларға толы, бұл жерде бездер болмайды. Бұлшық ет қабаты және асқазанның бұлшық еттері де толық дамымаған. Кілегей қабатында ересектердегідей асқорыту бездері болады, бірақ ферменттердің белсенділігі ересектерден әлдеқайда төмен.
  4. Созылмалы және жедел тамақтанудың бұзылыстарын кейбір инфекциялық аурулар кезіндегі патогенетикалық жағдай кезінде кейбір балаларда асқорыту жолдарының ферменттерінің белсенділігі төмен болады.
  5. Балаларда орташа есеппен асқазан 4 сағат ішінде босайды, өт құрамында өт қышқылы аз болады.
  6. Бауырдың толық жетілмеуіне байланысты бала әр түрлі инфекциялық интоксикациялық өзгерістерге сезімтал болып келеді. Басты мүшелерінде айқын өзгерістер байқалады.

Балалардың  дамуы организмнің толық жетілуіне дейін жүреді, бірақ оның даму қарқыны бала өмірінің кезеңдерінде әр түрлі өтеді, осыған сәйкес жас топтары бір бірінен ерекшеленеді. Мысалы, 1 жастағы балаларға жасы мен бойының жылдам өсіп, біртіндеп баяулауы, тағамды қажет етуінің төмендеуі тән (мектепке дейінгі балаларда). Осы ерекшеліктерді ұтымды тамақтану шараларын ұйымдастыруда ескеру керек. Сонымен қоса акселерация процестерін де ескеру керек, яғни балалардың физиологиялық дамуы мен жыныстық жетілуінің қарқындылығының жылдамдатылуы. Осы аса ескерілмейтін факторды балалардың ұтымды тамақтануын ұйымдастыру кезінде ұмытпау керек. Себебі, биологиялық жетілудің жылдамдатылуы зат алмасу процесінің қарқындылығымен байланысты.

К.С.Петровскийдің  анықтамасы: «Бала – бұл қозғалысы жоғары адам». Осыған өсу мен дамудың қарқындылығын қосу керек. Жоғарыда айтылғандардың барлығы энергия шығынын үздіксіз қажет етеді. Сондықтан, тамақтың қажеттілігін анықтайтын маңызды көрсеткіші – энергия шығыны.

Балалардың  тәуліктік энергия шығыны ересектер сияқты басты алмасуға бұлшық ет арқылы ой жұмысына астың арнайы-динамикалық әсеріне, өсу мен дамуға шығындалған энергиядан құралады. Ең жоғарғы энергия шығыны ерте балалық жаста болады. Кейін біртіндеп төмендейді. Жыныстық жетілу кезінде тағы салыстырмалы түрде жоғарлайды. Жасөспірім жасындағы қыз балалардың негізгі алмасуы ұлдардан бірталай төмен. Ол қыздардың бойы мен өсу қарқындылығының болуымен байланысты шығар. 1-2 жастағы баланың энергия шығыны бір тәулікте 90-100 ккал/кг. 6-9 жаста 80-70 ккал/кг, 14-17 жаста 65-50 ккал/кг құрайтыны анықталды.

Балалардың  жеке тағамдық заттарды қажет ететінін айтар алдында балалардың тамақтануы реттелген, баланстанған болу керектігін айта кеткен жөн. Балалар рационындағы эссенциалды компоненттер 50-ден асады.

Бұл салада алдыңғы қатардағы жол баланың барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыптасуы өсу процестерінің қарқындылығына байланысты белоктарға беріледі.

Бала  организмінде қалыптасу процесімен қоса жаңа клеткалар мен ұлпалардың пішінделу процесі жүреді. Соған байланысты балаға оң белокты байланысты қамтамасыз ететін рацион керек (тағам арқылы қабылданған азот мөлшері шығарылған азот мөлшерінен көп болуы керек). Сондықтан балалар ересектерге қарағанда белокты көп қажет етеді. 1-3 жас аралығындағы балаға 53 г (4 г – 1 г дене салмағы) белок керек. Жасына байланысты бұл деңгей төмендейді, мысалы, 11 жасар және одан үлкен оқушыға 90 г (2,5 г/кг) белок керек. Жыныстық жетілуге байланысты (11 жастан бастап) қыздыр мен ұлдар арасында белок қажеттілгінің мөлшері өзгереді.

Созылмалы белок жетіспеушілігімен ауыратын балалар белок дистрофиясының, маразм, квашиоркар ауруларымен ауырады. Мұндай балаларда өсу сүйек жүйелерінің қалыптасуы, тері жамылғысы. Тырнақ, шаш т.б. процестерінің бұзылысы болады. Ару, анемия, гиопротеинемия, теріс ацидоз баланстарды резорбциялау диарея бұзылыстарымен қатар дерматоз, бүйректің жұмыс қабілетінің жетіспеушілігі баланың жүйке-психикалық жағынан әр түрлі симптомдары, иммунды процестердің бұзылысы, инфекцияларға қабылдағыштықтың жоғарылауы болады. ФАО/ВОЗ мәліметі бойынша бөьек жасындағы балалардың 50%-і белок жетіспеушілігімен ауырады. Әсіресе бұл Африка, Латын Америка елдерінде айқын көрініс алуда. Қазақстанның экологиялық апат аймақтарында да осы мәселе бар.

Бізге мәлім аминқышқылдардың (20 шамасында)бала организмінде ауысытырлмайтын эссенциалды түрлері 10. Олар триптофан, фенилаланин, лизин, метионин, валин, лейцин, изолейцин, треонин, аргинин, гистидин. Соңғы екеуі ересектер үшін эссенциалды емес.

Соған байланысты ересектер үшін алмастырылмайтын үш маңызды аминқышқылынан (лизин, метионин, триптофан) басқа балаларға аргинин мен гистидин қосылады. Барлық айтылған аминқышылдар бала организмінің басқа функцияларына әсер етеді - өсу функциясы.

Бала  организмінің триптофанды тәуліктік қажеттілігі шамамен 30 мг/кг (көзі: ет, балық, жұмыртқа, сүт шамамен 200 мг%, өсімдіктер -  бұршақ).

Тәулік ішінде метионин бала организміне шамамен 85 мг/кг мөлшерінде қажет, (көзі: ірімшік, ет, балық, құрт, жұмыртқа, дәнді дақылдарда 2 есе аз).

Лизин гемоглобин синтезін жеделдетеді, гемодинамикалық көрсеткіштерді қалыптастырады. Лизиннің қажеттілігі 170 мг/кг (көзі: ет, балық, ірімшік, жұмыртқа, шамамен 500мг%).

Аргинин мен гистидин (28 мг/кг/тәулік) әсіресе үй құстарында көп мөлшерде болады (тауық, қаз, үйрек).

Сондықтан жануар тектес белоктар эссенциалды аминқышқылдарының қатынасына оң әсер етеді және бала организмінде азоттың жоғары деңгейде болып тұруын, ұлпалық белоктың төзімділігін қамтамасыз ететіндіктен, бөбек жасындағы балалар рационының 65-70%-ін, ал оқушыларда 60%-ін жануар тектес белоктар құру керек (жалпы қабылданған протеиндер мөлшерінің).

Рациондағы  белоктың компоненттерімен қатар балалр тамақтануында майлардың да ролі зор. Майлар пластикалық мақсатпен жүйке ұлпаларының (фосфолипид) құрылуында майда еритін витаминдерді сіңіру кезінде падаланылады. Майлар майда еритін витаминдер А, Е, Д, К және ПҚМҚ көзі болып келеді. Майлар иммунитет, белок, минералды тұздар, витамин алмасуына қатысады. Энергетикалық материалдың конценраттары болып келеді.

Балалар мен жасөспірімдердің рационында май жеткіліксіз мөлшерде болса, организмнің дамуы мен өсуіне кері әсер етеді, иммунды реакция төмендейді. Орталық жүйке жүйесінің жұмыстары тері, бүйрек, көру мүшелерінің аурулары болады. Сүйектену, қан түзу, витамин алмасу т.б. бұзылыстар байқалады.

Организмде май шамадан тыс көп мөлшерде болса, май қышқылының Са және Р тұздарының организмнен шығуы жоғарлайды. Ол сүйекте Са мен Р жиналуын төмендетеді, зат алмасу бұзылады, белок пайдалану бұзылады, асқорыту процесі бұзылады.

Өсуші организм үшін барлық майлар құнды емес. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационындағы жануар және өсімдік тектес тағамдардың қатынасының сұрақтары қажетті. Мысалы, өсімдік майында мол қаныққан май қышқылдары зат алмасуға қатысады, өсуге көмектеседі, иммунитет, тотығу-тоықсыздану т.б. процестерге қатысады. ПҚМҚ жеткіліксіздігінде организмнің өсуі байқалады, терісі құрғайды, экзема, холестерин мен холиннің алмасуы бұзылады. Бірақ ПҚМҚ шамадан тыс көп болса зат алмасуға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Балалар мен жасөаспірімдер қажеттілігін айтпастан бұрын, белок пен майлардың қатынасы 1:1 болу керек екенін, яғни барлық рационның 30% ккал майдың есебінен болуы керек екенін ескергеніміз жөн. Бірақ өсімдік майы барлық майдың 5-10% құрау керек.

Балалардың  тамақтануында көмірсулардың да маңызы зор. Ол негізгі энергия көзі болып саналады, зат алмасуға қатысады, майдың тотығуына, белокты энергия алмасуына жұмсалудан қорғайды.

Рационды белок пен май жеткіліксіз кезінде көмірсуды көп пайдалану балалар мен жасөспірімдердің организміне зиянды әсерін тигізеді: зат алмасу бұзылады, бойы мен жалпы дамуы нашарлайды, семіздік, суық тию ауруларына организмнің қарсы тұруы төмендейді, аллергиялық реакциялар өршиді, көмірсуларды шамадан тыс пайдаланса В тобының витаминдері көп мөлшерде қажет болады. себебі осы витаминдер жетіспесе, әсіресе тиамин, көмірсу алмасуы бұзылады.

 

Балалардың  көмірсуларды қажет етуіне байланысты көптеген авторлар рационның жалпы  құндылығының 50%-і көмірсу болуы  керек деген тұжырым жасауда, яғни 13 г/кг – 1 жас, одан жоғары жастағы балаларда 12-14 г/кг. Басты  тамақтық заттардың (белоктар, майлар, көмірсулар) қатынасы 1:1:3 – балаларда, 1:1:4 – ересектерде болуы керек. Бірақ осы формуланы спортпен айналысатын балалар үшін 1:1:5 немесе 1:1:6 деп өзгерту ұсынылуда.

Балалардың  рационына гликоген синтезіне қажетті  оңай сіңірілетін көмірсуларды енгізу керек. Олар көкөніс, жидек, шырын, бал, қайнатпа, кондитер өнімдерінде болады. көмірсулар тіс кариесіне алып келетін  болғандықтан оның мөлшері жалпы  көмірсу мөлшерінің 20%-і болу керек. Көмірсулардың негізгі қажеттілігі  нан өнімдерінде көп мөлшерде болатын крахмал, клетчаткаларда кездеседі.

Баланың денсаулығын сақтауда витаминдердің  ролі өте зор. Ересектерге қарағанда  балалар витаминдерді көп қажет  етеді, ол зат алмасу мен өсудің қарқындылығымен  байланысты.

Майда еритін витаминдердің ішінде А және Д (ретинол және кальциферол –  Д2) витаминінің мәні зор. Балаларға витамин А 400-700 мкг, ал жасөспірімдерге 1000 мкг/тәулік дейін рұқсат етіледі. Дұрыс таңдалған тағамдарды дұрыс сақтап, ұтымды кулинарлы өңдеу нәтижесінде балалар А витаминін рацион арқылы қабылдай алады.

Д витаимні Са мен Р алмасуын реттейді. Са-дің ішектен сіңірілуіне көмектеседі  және сүйек ұлпасының фосфорлы-калий  тұзының пайдаланылуын жақсартады, бала организмінің өсуін ынталандырады (жоғарлатады). Осыған байланысты Д  витаминінің жетіспеушілігі болса  айтылған процестердің бұзылысы болады, нәтижесінде рахит дамиды.

Өсуші организмнің Д витамині жетіспеушілігінің  мәселелері толық шешілген жоқ. Жеке қажеттілік бірнеше факторға байланысты болғандықтан қиындық тудырады. 3 жасқа  дейінгі балаларда осы витаминдердің  шамамен қажеттілігі – 10 мкг, ал ересектерде 2,5 мкг құрайды. А және Д2 витаминінің алдын алу шаралары ретінде балық майын және витаминдік препараттар пайдаланылады. Мұндай препараттарды шамадан тыс пайдалану гиповитаминоз сияқты патологиялық жағдай тудырады.

Балалар тамақтануында токоферолдың (Е витаминінің) мәні зор. Ол жанама жолмен организмнің өсіп дамуына әсер етеді. Токоферол ішкі мүшелер мен ұлпаларда А және Д витаминінің жиналуына жағдай жасайды. Тәулігіне Е витамині 1-3 жастағы балаларда 5 мг, жасөспірімдерде 10-15 мг.

Басқа витаминдер де өсу процесіне әсер етеді. Аскорбин қышқылы бірнеше биололгиялық ролімен қатар балалардың дәнекер ұлпаларының дамуына, сүйекте остеойдты ұлпалардың, тісте дентиннің дамуына т.б. көмектеседі. Бала организмінің өсуі мен дамуына В1, В2, В6, В12, фолий, пантотен, параминобензой қышқылы көмектеседі. Кейбір витаминдердің жетіспеушілігі табиғи ошақ арқылы толвықтырыла алмайды. Ондай кезде қосымша дайын тағамдарға (қышқылды сүт өнімдері, үшінші тағамға аскорбин қышқыл қосылады) мен тамақтық азық-түліктер витаминделеді.

Информация о работе Балалар тамақтануы