Балалар тамақтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 23:59, реферат

Описание

Адам денсаулығына үлкен әсерін тигізетін, әрқашан қажет фактордың бірі тамақтану бірінші күннен бастап дұрыс ұйымдастырылған, рационды тамақтану адамдардың маңызды жүйелерінің қызметінің мүмкіндігін жоғары деңгейде ұстап тұратын зат алмасу процестерінің қалыпты ағымын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жалпы денсаулық күшейеді. Жұмысқа қабілеттілік жоғарлайды, өмірі жалғасады. Осы аспектіде ерекше жас топтарының балалар мен жасөспірімдер, қарттар, кәрі жастағы адамдардың организміндегі басты физиологиялық және биохимиялық процестердің реттелуін ескеретін ғылыми негізделген, тұжырымдалған тамақтануға аса көңіл бөлінеді.

Содержание

1 Кіріспе.
2 Мәселенің өзектілігі және аспектісі
3 Бала организімінің анатомо-физиологиясының ерекшелігі және әр түрлі жас топтарында негізгі тамақтану принциптерін құру.
4. Мектеп жасына дейінгі, мектеп лагерлерінде балалардың тамақтануының ұйымдастырылуы.
5. Дұрыс тамақтанбаудан болатын балалардың аурулары.
6. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

15БЕТ СРС ГДП БАЛА ТАМ.docx

— 37.32 Кб (Скачать документ)

Балалардың  тамақтануындағы минералды заттар өсуші организмнің пластикалылығын қалыптастыруға арналған. Олар сүйек қаңқасының, бұлшық еттің ж.т.б. ұлпалардың дұрыс қалыптасуы, ішкі секреция бездерінің қызметі мен қалыпты дамуы, гормон өндірудің, бас миының клеткаларының құрылуы үшін қажет.

Бірақ қазіргі уақытқа дейін өсуші организмнің қадыпты дамуына ықпал ететін минералды заттар толық анықталмаған.

Балалар тамақтануында минералды компоненттердің ең маңыздысы кальций, фосфор. Көбіне сүйек тіндерін құруға қатысады. Балаларда осы заттардың тәуліктік мөлшері ересектермен салыстырғанда, (дене салмағының 1 кг-на) I және II-ші триместрде жаңа туған нәрестеде 240-120 мг/тәу, ересектер үшін 500 және 400 мг/тәу және Са және Р оптималды арақатынасы жаңа туған нәрестелер үшін 1:0,8; 1 жастан 3 жасқа дейін 1:1 және үлкен жастағы балалар үшін 1:1,2 немесе 1:1,5. Осыған байланысты балалардың рационына жеңіл сіңірілетін көмірсулардың көзі болып саналатын өнімдерді (сүт, сүт өнімдері, көкөніс ж.т.б.) және фосфордың көзі ретінде (сыр, ет, жаңғақ, жұмыртқа, жеміс-жидектер) қосу керек.

Ерте жастағы балалардың рационын микроэлементтермен қамтамасыздандыру мәселесі өзекті, себебі осы уақытта жас балаларды сүтпен тамақтандырады, бірақ сүттің құрамында темір, мыстың мөлшері төмен.  Ол организмнің қажеттілігін толықтырмайды. 1 жастағы бала үшін 4-10 мг/тәу, ал ересек балалар үшін 18 мг/тәу темір қажет. Сондықтан ерте жастағы балаларға темірдің қосымша көзі саналатын жұмыртқа сарысы, ірімшік, арпа жармасының ботқасы, шырын, ал 6 айдан кейін ет, бауыр, нан, көкөністер беріледі.

Көкөніс және т.б. өсімдік азық-түліктердегі темірдің мөлшері жануар азық-түліктеріне қарағанда нашар сіңіріледі.

Гемопоэздің ағымы дұрыс болуы үшін жеткілікті мөлшерде тек темірмен қамтамасыздандыру ғана емес, сонымен қатар органикалық қосылыстардың синтезіне қажетті мыстың мөлшері қажет. нәрестелерге мыстың қажеттілігі 0,1 мг/кг 3-6 жастағы балаларға 0,6-0,85 мг/кг құрайды. Эритропоэз процесіне қатысатын қан түзуші марганец пен кобальттың да ролі маңызды. Балалардың тамақтануында йод, фтор, селен, мырыш сияқты микроэлементтерде маңызды орын алады. Мырыш өсу процесіне қатысады. Тәуліктік қажеттілік мөлшері 10-15 мг/тәу. Йод пен фтор эндемиялық зоб, флюороз, кариестің дамуында маңызды роль атқарады. Селен иммуномодулятор ретінде маңызды.

Балалардың  қарқынды өсуі тек қана рационның  құндылығына байланысты емес, сонымен қатар организмде негізгі нутриенттердің (негізгі тамақтық заттар) пайдалануының жоғары деңгейіне байланысты. Осындай талаптардың бірі қабылданған тамақтың режимін дұрыстау, яғни тамақ қабылдау уақытының арасындағы интервалдарды тәулік бойына дұрыс бөлу балалардың организмінде осы кезде шартты рефлекс дамиды. Соның нәтижесінде қалыпты асқорытуға қажеттілікті асқазан сөлі бөлінеді және тәбет жоғарлайды.

1 жастан асқан балаларды тамақтандырғанда алдында желінген тамақтан асқазанның босау уақытын ескеру керек. Жасына сай асқазан сиымдылығын да ескеру қажет. балалардың асқазанының көлемі 200-250 мл, ал тәуліктік көлем шамамен 1000 мл болады. Сондықтан баланы 5 рет тамақтандыру керек. Бала өскен сайын асқазанның көлемі де ұлғаяды, сондықтан реттік және тәуліктік тамақ мөлшерін де сәйкесінше жоғарлату керек. Астың асқазанында болу ұзақтығын ескеру керек. Дұрыс тамақтанғанда тағам асқазаннан 4 сағаттан соң шығатындықтан, тамақ қабылдау уақытының интервалы да 4 сағат болуы керек, басқаша айтқанда бала тамақты 5 реттен жиі қабылдауы керек.

Тағам рационын калория және тәулік ішіндегі мөлшері бойынша бөлу сауалдарына көптеген авторлар келесі тамақтану режимін ұсынады.

Бөбек жасындағы балалар тәулігіне 5 рет тамақтануы керек. Сандық мөлшеріне байланысты тағамдар рацион тәулік бойында келесі түрде бөлінеді: таңғы ас 20-25%, 2-ші таңғы ас 15%, түскі ас 20-25%, сәскелік ас (полдник) 15%, кешкі ас 20-25%.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға 4 реттік рацион тағайындалынады.

1-ші  тамақ қабылдау таңғы ас - 25%, 2 тағам: бірінші – ботқа, картоп, жемістер, жұмыртқа, ірімшік; екінші   - сүт, сүт қосылған кофе, сүт қосылған какао, шай.

2-ші  тамақ қабылдау түскі ас –  30-35%, 3 тағам: бірінші - көже, екінші – ет немесе балық гарнирімен және тәтті.

3-ші  тамақ қабылдау сәскелік ас  – 15-20%, сұйық ішу, жеміс-жидектер, тәтті, печенье.

4-ші  тамақ қабылдау - 25%, 2 тағамнан: біріншісі – міндетті түрде ыстық ботқа, котлет, тауықтан немесе көкөністерден, ірімшіктен жасалған тағамдар, екіншісі – сүт, кисель, айран, тәтті айран.

Осындай режимге ұқсас тамақтану мектеп интернаттарында ұсынылады, бірақ сабақ уақытын ескеру керек, тамақ қабылдаудың біреуін оқушы мектептен қабылдауы керек. Тамақтану аралығына оқушылар тәтті жемеу керек, себебі тәттіден тәбеті төмендейді және сілекей бөлінуі төмендейді.

Меню  құрғанда ет пен балықтан жасалған тағамдар тәуліктің бірінші жартысында түсу керек, себебі белокпен қаныққан тағамдар зат алмасуды жоғарлатады және баланың жүйке жүйесіне тітіркендіргіш ретінде әсер етеді. сонымен қоса осы тағамдар маймен қосылып дайындалса, асқазанда ұзақ уақыт бойы сақталады, нәтижесінде асқазан асқорыту сөлін көп бөлуі қажет болады, кешкі асқа шөлдететін тағамды қабылдауға болмайды.

Ұйымдасқан  мекемелерде балалардың тамақтануын құрудың негізгі прициптері келесі талаптарға негізделген:

  1. Балалардың тамақтануы орнатылған тамақтардың физиологиялық нормасына сәйкес ұйымдастырылуы керек;
  2. Тамақтану рационы әр түрлі, қаныққан – құнды және ұсынылған тағам тізіміндегі азық-түліктерден дайындалуы керек.
  3. Ұсынылған азық-түліктер жиынтығын пайдаланып, меню құрыстырылады.

Бала  организімнің физиологиялық жас ерекшеліктеріне негізделген ғылыми дәлелденген рационды тамақтану зат алмасу балалар мен жасөаспірімдердің гормондарының психофизиологиялық дамуына себепші болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.интернеттен google,yandex  іздеу жуйелерінен және   денсаулык-акпарат бойынша сайт малиметтері

2.гигиена питания детей  и подросткрв,С.К.Бермагамбетова,учебное  пособие

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау шарттары:

Орындау шарттары

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Безендіру

     

2

Жоспар 

     

3

Иллюстрациялық материал

     

4

Маңыздылығы

     

5

Мазмұны

     

6

Ұйғарым\қорытынды

     

7

Әдебиеттер 

     

8

СӨЖ уақытына сәйкес мерзімінде тапсыру

     
 

Барлығы

 

 

Презентациялар:

Орындау шарттары

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Презентацияны безендіру

     

2

Презентацияның 4 компоненті

     

3

СӨЖ дің адекваттілігі

     

4

Мазмұны

     

5

Шешім\ұйғарым

     

6

әдебиеттер 

     

7

Материалды меңгеру және регламентті  сақтау

     

8

СӨЖ уақытына сәйкес мерзімінде тапсыру

     
 

БАРЛЫҒЫ

 

0-0,1           шарты орындалмаған

0,2-0,3        шарты ескертулермен орындалды

0,4-0,5        шарты орындалды

 

 


Информация о работе Балалар тамақтануы