Бет сүйектерінің дамуындағы ақаулықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 14:00, творческая работа

Описание

Туа біткен бет жақ ақаулардың статистикасы мен жіктелуі.
Туа біткен бет және жақ ақауларының этиологиясы.
Туа біткен бет және жақ ақауларының патогенезі.
Бет сүйектерінің дамуындағы ақаулықтар
Ұрықтың даму кезіндегі желбезектен пайда болған жыыланкөздер мен ұралар.
Мойынның ортаңғы бөлігінің жыланкөздері мен ұралары.

Работа состоит из  1 файл

Бет сүйектерінің дамуындағы ақаулықтар.ppt

— 1.95 Мб (Скачать документ)

 Емі:  Хирургиялық. Жыланкөз  қабырғасын немесе  ұрасын толығымен  алып тастау, қарсы  жағдайда рецидив  болуы  ықтимал.  

  • Бүйірлік  ұралар және  жыланкөздер.  Олардың пайда  болуы желбезекті  аппаратта       2 желбезекті жырықтардан  эпителиальды қалдықтардан  дамиды, 3 жұтқыншақ  қалтасы және зобжұтқыншақты  өзек.

      Бұл эпителиальді қалдықтар мойынның бүйір аймақтарында сирек (бала жасында) кездеседі, тек 12 – 16 олар бірқатар факторларға байланысты (қабыну жарақат) өсе бастайды.    Бүйірлік ұралар, заңдылық бойынша ыңғайсыздық тудырмайды. Тек тең көлемді болған кезде ғана ас қабылдауды қиындатады, ауырсынулар шақырады, жүйке - тамырлық тпшелерге қысым түсіреді. Олар әдеттегідей ұйқы үшбұрышында орналасады.  Ұралардың бастары грек жаңғағынан  басталып бала басымен бірдей болады. Пальпацияда жұмсақ эластикалық түзілісті аңғартады, қозғалмалы және ауырсынусыз.  Мойын бүйір ұраалары жиі іріңдейді.

 Салыстырмалы  диагностика: лимаденитпен, лимфосаркомамен, лимфангиомамен, тамыр  аневризмаларымен, кавернозды гемангиомамен, лимфогранулематозбен.

     Емі: Хирургиялық  операцияның тиімділігі; ұраның толық бөлектенуі. Операция өте күрделі, өйткені ұралар өте жұқа,  мойынның жүйке тамырлық түпшесінің фасциялдық қынаппен тығыз байланысқан.

Бүйірлік  жыланкөздер.  Толық және толық емес жыланкөздерді айырады. Жыланкөздің толық жолы мойын терісінен  таңдай миндалинасына дейінгі үзілмейтін жолды көрсетеді. Сыртқы толық емес бүйірлік жыланкөз тек мойын терісіне ғана, сыртқа шығады. Әдеттегі орналасқан мойынның ішкі яремді венасының үстінде түпше орнығады. Жыланкөз аузынан аз көлемді түссіз сұйықтық шығады, эпителий және лимфоидты ұлпа  элементтерінен тұратын. 

Емі: Хирургиялық. Ол үшін, жыланкөз жолының  бағытын сыртқа  шығу аузын нақты  анықтау керек, операция  алды 1% метилен көгінің  сулы ерітіндісін  егеміз.   

  Мойынның  ортаңғы бөлігінің  жыланкөздері мен  ұралары.  Мойынның  ортаңғы бөлігінің  жыланкөздері мен  ұралары алғаш 2-3 жаста анықталады, бұл уақытқа дейін  жасырын келеді. Жиі  толып ашылып жыланкөздер  қалады (толық және  толық емес).  Мойынның  ортаңғы бөлігінің  жыланкөздері мен  ұралары, эмбриональді  кезеңнің 3 – 5 аптасында  қалқанша дамуында  түзілетін,  сілекей  қалқанша безінің  өту жолында түзіледі. 

    Мойынның ортаңғы бөлігінің ұралары тіл түбі аймағындағы  соқыр тесіктен басталып    қалқанша – тіл ағу жолының барлық деңгейінде пайда болуы мүмкін. Орналасуына байланысты ұраларды – мойын түбінің ұрасы, тіл асты  сүйегінің аймағындағы мойынның ортаңғы бөлігінің ұрасы. Ұралар концистенциясы жұмсақ эласттикалы, дөңгелек пішінді болып келеді.  Мойынның ортаңғы бөлігінің ұрасын, иек асты лимфа түйіндерінің созылмалы лимфаадениттерімен салыстырмалы диагностика жүргізеді. Мойынның ортаңғы бөлігінің жыланкөздерін сыртқы толық емес және  ішкі толық деп екіге бөледі.

  Толық  – ауыз қуысының  тіл түбінде аяқталады. 

  Толық  емес – ауыз  қуысында соқыр  кеңеюмен аяқталады.

  Емі: Хирургиялық. Радикальді  отау жасайды –  жақын байланысып  тұрған тіл асты  сүйегімен бірге  ұраны алып тастайды.

  Тіл  үзбесінің ауытқулары.  Клиникалық көрінісі сөйлеу, сорудың бұзылуымен жүреді, бала емізулі кезінде жиі кешірек хирургиялық ем жүргізіледі. Тіл ақауының дамуылары – микроглоссия, тілдің дұрыс емес орналасуы.

    Мұрынның дамуындағы ақаулары – мұрынның жекеленген және қоршаған ағзалар мен тіндердің араласқан ақаулары (гипертелоризм, микрофтальм, бас жарығы және т.б.)

    Пьера Робена Синдромы – төменгі жақтың толық дамымай қалуы, глоссоптоз (тілдің қозғалтқыш жүйкелерінің зақымдануы), таңдай жырығы. Түрі - "құс түстес". Алғашқы көріністер – тілдің кетуі(жұтуы), туылғаннан кейінгі алғашқы уақытта дем алудың қиындауы. Балалар тынышсыздық күйде болады, айқын цианоз, тұншығу болуы мүмкін. Тамақтандырғанда жиі асфиксия ұстамасы дамиды.

   

Әдебиеттер: 

  • Базикян  Э.А. Пропедевтическая  стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.
  • Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции   по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.
  • Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640 с.
  • Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 с.
  • Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.
  • Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.
  • www.google.ru

Информация о работе Бет сүйектерінің дамуындағы ақаулықтар