Физикалық даму стандарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:55, реферат

Описание

Денсулықты, негізінен, сапалық жағынан және мүмкіндігінше сандық жағынан бағалау керек. Ең бастысы, денсаулыққа баға беру кешенді түрде жүргізілуі керек. Осы түсініктерге байланысты балалардың денсаулық жағдайына денсаулыққа анықтама бере алатын негізгі 4 белгіні есепке ала отырып баға беріледі. Олар:
Тексеру кезінде созылмалы аурушаңдықтың бар, жоғы. Маман-дәрігерлердің тексеруі арқылы анықталады.

Работа состоит из  1 файл

физикалық даму.docx

— 33.93 Кб (Скачать документ)

Қарағанды Мемлекеттік  Медицина Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Физикалық даму стандарттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Тагаева Ж.А.

503 «ҚДС»

Тексерген: Сұлтанов А.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

 

Балалар мен  жасөспірімдердің денсаулығына баға беру.

 

Денсулықты, негізінен, сапалық жағынан және мүмкіндігінше сандық жағынан бағалау керек. Ең бастысы, денсаулыққа баға беру кешенді түрде жүргізілуі керек. Осы түсініктерге байланысты балалардың денсаулық жағдайына денсаулыққа анықтама бере алатын негізгі 4 белгіні есепке ала отырып баға беріледі. Олар:

Тексеру кезінде  созылмалы аурушаңдықтың бар, жоғы. Маман-дәрігерлердің тексеруі арқылы анықталады.

Организмнің негізгі жүйелерінің қызмет жағдайы. Клиникалық тәсілдер арқылы, қажет  болған жағдайда функционалдық сынамаларды  пайдалану арқылы анықталады.

Организмнің сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне қарсыласу мүмкіндігі. Өткен жылғы  жедел аурулардың санына байланысты анықталады.

Физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділігі. Психикалық даму деңгейі. Физикалық даму антропометрлік өлшеулер жүргізіп, стандарттар және бағалау таблицаларын қолдану арқылы анықталады. Психикалық даму деңгейін психоневрологиялық тексеру кезінде анықтайды.

 

Денсаулық топтары - Жоғарыда айтылған төрт белгіні есепке ала отырып, баланың немесе жасөспірімнің денсаулығына кешенді баға берілген соң, төменде көрсетілген 5 денсаулық тобының біреуіне жатқызады:

Бірінші топ - дені сау, дене бітімінің дамуы дұрыс, негізгі органдар мен жүйелердің қызметі қалыпты жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер. Яғни, бұл топқа жататын балалардың созылмалы аурулары жоқ, ешқашан ауырмаған, немесе бақылау мерзімінде жеңіл аурулармен науқастанып, жылдам жазылған, дене бітімі мен психикалық дамуы өзінің жасына сәйкес үйлесімді жағдайдағы балалар.

Екінші топ - дені сау, бірақ, функционалдық немесе кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қатар жедел және созылмалы ауруларға қарсыласу мүмкіндігі азайған балалар. Яғни, созылмалы аурулары жоқ, бірақ жиі (жылына 4 реттен көп) және ұзақ (бір аурумен 25 күннен көп) ауырған балалар.

Үшінші топ - созылмалы аурулары компенсация  сатысында, организмдерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған балалар  мен жасөспірімдер. Яғни, созылмалы аурулары немесе туа пайда болған потологиялық ауытқуларының қабынулары сирек болатын және жеңіл өтетін, жалпы денсаулық жағдайы қанағаттанарлық дәрежедегі балалар.

Төртінші  топ - созылмалы аурулары субкомпенсация жағдайындағы, организмдерінің қызмет мүмкіндіктері азайған балалар  мен жасөспірімдер. Яғни, созылмалы аурулары мен туа пайда болған дамудағы ақаулары субкомпенсация жағдайындағы, олардың қабыну, асқынулары жиі болып тұратындықтан денсаулық жағдайы нашарлаған, жедел аурулардан жазылу уақыты (реконволесценция) ұзақ болатын балалар.

Бесінші топ - созылмалы аурулары декомпенсация  жағдайындағы, оганизмдерінің қызмет мүмкіндіктері едәуір төмендеген балалар мен жасөспірімдер. Бұл топтағы балалар негізінен жалпы профильдегі балалар мекемелеріне бармайды және жалпы бақылауға алынбайды.

 

Мұндай топтастыру, белгілі дәрежеде шартты түрде болғанымен, қандайда бір факторлардың әсер етуін зерттеуге ғана емес, сонымен қатар, салауаттандыру шараларының тиімділігін бағалауда да, балалардың санитарлық жағдайын сипаттауға да мүмкіндік береді.

 

Дені сау  балалар мен науқас балалардың арасындағы шекара болып саналатын, денсаулықтың 2-ші тобын бөліп көрсетудің іс-тәжірбиелік үлкен маңызы бар. Бұл топқа жатқызылған балаларға емдеу-салауаттандыру шараларын жүргізбесе, аздаған функционалдық ауытқулары аурушылдыққа айналып кетуі мүмкін, сондықтан бұл денсаулық тобын "қауыптілік" тобы деп те атайды.

 

Бұдан гөрі әділірек топтастыру үшін, және әртүрлі мекемелердің мәліметтерін үйлестіру үшін "Балаларды жаппай дәрігерлік тексеруден өткізген кезде, денсаулықтарындағы таралған кейбір ауытқулардың дәрежесі мен сипатына қарай денсаулық топтарын анықтау кестесі" өңдеп шығарылды. Бұл анықтау кестесі бойынша, әлі ауруға айналмаған кейбір функционалдық ауытқуларды анықтауға болады, яғни денсаулықтың екінші және үшінші топтарын ажыратуға болады.

 

Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қортынды жазады. Осы қортындылар бойынша дәрігер педиатр денсаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы қай топқа жататынын анықтайды. Мұнда, кейбір ерекшеліктерге көңіл аудару қажет:

Егер, балада қатарынан бірнеше ауру бар болса, онда соңғы қорытынды ең күшті ауруға байланысты қойылады.

Егер, баланың  үшінші топқа жататын бірнеше ауруы болса, онда науқас баланы төртінші топқа бөледі.

 

Балалар денсаулығын  қалыптастырушы факторлар

 

Қолайсыз  факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, не-гізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:

Ата-аналардың  денсаулығы мен конституциясына  әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті  болғанға дейін әсер ететін) факторлар;

Генетикалық (тұқым қуалағыштыққа әсер етуші) факторлар;

Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты;

Тамақтану жағдайы;

Жанұя тұрмыстық  факторлар: жанұяның құрамы, тұратын  мекен жайдың сипаттамасы, орташа кіріс  мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің  күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т.с.с.) болуы;

Сәбидің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаты.

 

Бұлай топтастыру Әлеуметтік гигиенаның ғылыми зерттеу  институтында және Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдарында жасалған. Көрсетілген факторлардың ішінде, әсіресе, жүктілік пен босанудың нәтижесінде, жаңа туған нәрестенің денсаулығына және сәбидің алғашқы жылғы өміріне әсер ететіндері тереңірек зерттелген. Мысалы, балалардың дене салмағының аз (2500гр төмен) болып туатыны көбінесе жас (18 жасқа дейінгі) және кәрі (35 жастан жоғары) аналарда болатыны байқалды. Оларда перинаталдық өлім саны мен жүктіліктің асқынуларының көрсеткіштері де жоғары болып келеді. Балалардың дене салмағына, мезгілінен бұрын босануына және іс -жүзіндегі өлім санының көбеюіне аналардың жүктілікке дейін және жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауы да әсер етеді.

 

Анасының  шылым шегуі, әртүрлі дәрі-дәрмектерді  бақылаусыз пайдалануы, ішімдікке әуес болуы нәрестенің құрсақта жатқандағы өсуіне ғана емес, одан кейінгі дамуына  да зиянды әсерлерін тигізеді. Аналардың жұмасына екі рет 100 гр. артығырақ арақ ішуі, салмағы азайған балалар туу қаупін көбейтіп жібереді. Емшек сүтімен асырау және дұрыс тамақтандыру сәбилердің денсаулығына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Кейінгі жылдары көптеген экономикасы дамыған елдерде дене салмағы жоғарылап кеткен (200% жоғары) мектеп оқушыларының саны көбейіп келеді. Бұл құбылыстың себептері, басқа да қауыптілік факторлары сияқты тереңірек зерттеуді қажет етеді.

 

Ата-анасының білім деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық статусының балаларының денсаулығына тигізетін әсері туралы көптеген мәліметтер бар.

 

Балалардың  денсаулық көрсеткіштері әсіресе  ерте жастағы балаларддың, жанұя  жағдайына байланысты. Толық емес жанұялардағы балалардың аурушаңдығы толық жанұяларға қарағанда сенімді түрде жоғары және оларда жиі ауыратын балалар саны да басым келеді. Мұндай айырмашылық жас өскен сайын тереңдей түседі. Некеге тұрмаған ата-аналардың балаларының денсаулығы нашарлау келеді, олар көбінесе айы-күні жетпей шала туады, аяқтануы, сөйлеуі уақытынан кешірек қалыптасады, осындай балалардың арасында жедел және созылмалы аурулардың жиірек болатынын байқауға болады. Үйлесімсіз тұратын жанұялардағы балалардың созылмалы ауруларының асқынулары жиі қайталанады және олар ауыр түрде, ұзақ жүретіндігі байқалады.

 

Балалардың  денсаулығы мен күн тәртібінің де арасында айқын корреляциялық байланыс бар екені анықталған. Ұйқысы қанбаған оқушылар арасында денсаулық көрсеткіші төмен екендігі, таза ауада күніне 1-ақ сағат немесе одан да аз болатын оқушылар көз рефракциясының анамалиясымен, ревматизммен, зат алмасу бұзылыстарымен,басқа мұндай тәртіпті сақтаған балаларға қарағанда жиірек зардап шегеді. Жедел респираторлық аурулардың балалар арасында таралуы, негізінен, оқу-тәрбие бөлмелерінің ауданының жеткіліктілігіне, желдетілуіне және сонымен қатар, ғимараттың жоспарлануына тікелей байланысты болып келеді.

 

Академик  Г.Н.Сердюковскаяның басшылығымен көп  өлшемді “бала-қоршаған орта” жүйесіне факторлық анализ жасалып, мұнда  мектеп оқушыларында аурушылдық қалыптасуына әсер ететін 80-ге жуық көрсеткіштердің  әсері анықталған.

 

Мұнда оқушылардың  денсаулығына елеулі әсер ететін төмендегі  факторлар анықталды: жергілікті жердің климаттық ерекшеліктері; атмосфералық ауаның ластануы; қанағаттанғысыз санитарлық-гигиеналық жағдайлар (әсіресе мектеп сиымдылығының  жоғарылауы, екі сменде сабақ оқу, оқу бөлмелерінің ауданының жеткіліксіздігі  т.с.с.); жанұяның материалдық деңгейінің нашарлығы; анасының жұмыс бастылығы; мектепке дейінгі жаста бала бақшаның сәбилер тобында болуы, бастауыш сыныпта ұзартылған күн тәртібінде болуы; әкесінің маскүнемдігі; мектептегі оқу жүктемесінің жоғары болуы; күн  тәртібін сақтамау, әсіресе ұйқы қанбауы;

 

Іс жүзінде  өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық  жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек  әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев) қолдануға болады:

Қолайлы факторлар:

а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;

б) шынығу;

в) дұрыс, балансты тамақтану;

г) рационалды күн тәртібі;

д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;

е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.

Қолайсыз  факторлар ("қауыптілік" факторлары):

а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;

б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;

в) ойын, оқу  және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;

г) тамақтануды  ұйымдастырудағы кемшіліктер;

д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;

е) жанұядағы  және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.

 

Балалар мен  жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы

 

Адам организмі  толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.

 

Адам баласының  жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады  яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас  аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.

 

Сәбидің туған  күнінен бастап ер жеткенге дейінгі  өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:

 

Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу  мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне  байланысты "баланың жасы" деген  сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:

 

Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге  келген уақытынан бастап, бақылау  жүргізіп отырған күнге дейінгі  аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

 

Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.

 

Әр түрлі  органдар мен жүйелердің өсуі мен  дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне  қарамастан, онтогенез процессінде  жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.

 

Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер  мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.

Информация о работе Физикалық даму стандарттары