Физикалық даму стандарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:55, реферат

Описание

Денсулықты, негізінен, сапалық жағынан және мүмкіндігінше сандық жағынан бағалау керек. Ең бастысы, денсаулыққа баға беру кешенді түрде жүргізілуі керек. Осы түсініктерге байланысты балалардың денсаулық жағдайына денсаулыққа анықтама бере алатын негізгі 4 белгіні есепке ала отырып баға беріледі. Олар:
Тексеру кезінде созылмалы аурушаңдықтың бар, жоғы. Маман-дәрігерлердің тексеруі арқылы анықталады.

Работа состоит из  1 файл

физикалық даму.docx

— 33.93 Кб (Скачать документ)

 

Акселерация – ол туралы ата-аналар неге білуі  керек?

Жоғарыда  келтірілген ғылыми деректер, әрине, қызықтырады, бірақ біраз алшақтау және акселерация туралы білімнің бізге, ата-аналарға, ғылымнан хабары жоқ адамдарға не үшін қажет екенін түсіндіре алмайды. Шындығын айтқанда, оның мәні ғылымидан гөрі барынша кең. Мысалы педиатрияда акселерация дерегі балалардың даму нормаларын қарастырады. Ал ұл баланың жыныстық жетілу кезеңінде өсу үрдісінің жылдамдауы жүрек-қан тамырының және ағзаның басқа мүшелерінің ауруларын білдіруі мүмкін екендігіне назар аударған жөн. Әрине, дәрігерлер бұл туралы біледі, бірақ ауруды анықтап, уақытында дәрігерге қаралу ата-ананың еншісінде.

 

Ерте жыныстық жетілу.

Психологтар мен педагогтар акселерацияяның  басқа аспектісі – ерте жыныстық жетілумен және соған байланысты мәселелермен күресіп келеді. Бұл депрессиялар, әртүрлі сипаттағы қақтығыстар, қарсылықтар және барлық қалыпты үрдістегі білімділіктің қажеттілігі. Ата-аналарды осы мәселелер көбінесе ойландырады. Олардың қатысуы, көңіл бөлуі, көмегі жыныстық жетілу кезеңінде балаға өте қажет.

Ұлдардың  акселерацияға негіздлген ерте жыныстық жетілуі, әсіресе егер физикалық  дамуы психологиялық дамуынан бірінші болса, ерте жыныстық қатынаспен және онымен байланысты ауруламен немесе ерте жетілген дос қыздардың жүктілігімен қауіпті. Бұл жерде ата-аналардың, психологтар мен педагогтар бірлесіп жұмыс істеуі керек. Ең алдымен, ақпараттық. Қазіргі кезде бұл жұмыс әдетте ұлдар мен қыздарға контрапцепция тәсілдері мен жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы ақпаратты жеткізумен алмастырылып жүр. Бұл ақпарат қызықтыратын фильмдер мен ойындар түрінде беіледі, онда жыныстық қатынастың ерте басталуы жеңіл және күлкімен қабылданады, онда жыныстық өмір отбасымен, бала туумен байланыстырылмайды. Отбасын құру, балалардың тууы мен тәрбиеленуі мәселелеріне мектепте мүлдем аз көңіл бөлінеді. . Сондықтан балалар ересек бола тұра кейде балалардың қайдан пайда болатынын түсіне бермейді. Ал бұл жыныстық қатынастан да басты мәселе болып табылады. Әзірге жыныстық қатынастың отбасын құру, ұрпақты жалғастыру және дені сау балаларды тәрбиелеу мәселелері ата-аналарының мойнында. Ата-аналары, біз бәріміз оған қажетті көңіл бөлмесек, оның зардаптарын өзіміз тартамыз. Ата-аналар қажетінше психологтардың көмегімен оянған жыныстық күш-қуатын барынша қауіпсіз арнаға, яғни шығармашылыққа, спортқа, тағы басқа қызығушылықтарға аударуға көмектесе алады.

 

Жасөспірім ұлдардың бүлікші рухы.

Тағы бір қауіп – психологиялық. Жыныстық жетілу кезінде, әсіресе, балаларда дисгармониялық акселерация болғанда бала әлжуаз болып келеді. Физикалық дамуы жоғары дисгармониялық акселеация кезінде бала өзіне қойылатын жоғары талаптардан зардап шегуі мүмкін. Көңіл күйдің өзгергіштігі, ересек ұрпақпен қақтығыс, қарсылықтың әртүрлі формалары, кейде тіпті суицидтік бағытта – бұның бәрі қауіпті және ата-аналар үшін де, баланың өзі үшін де жайсыз болып келеді. Егер қыз балаларда бұл кезең салыстырмалы түрде бірқалыпты өтсе, жасөспірім ұлдардың бүлікші рухы көптеген келеңсіздіктедің себебіне айналуы мүмкін.

Ата-аналар өтпелі кезең туралы біледі, оған дайындалып, 15-16 жасқа келгенде күтеді. Ал ол 12 жасында  өтіп кетеді және олар оған мүлдем дайын болмайды. Ата-аналар баланың мінезінде болып жатқан өзгерістерге оңды әсер етуі үшін ол туралы білулері қажет. Баламен сенімді қаым-қатынасты жоғалтпауы керек. Әдетте жасөспірімдердің бүлікші ағымдары оларды баспасөзде сипаттағандай қорқынышыты емес. Арадағы сенімді қаым-қатынас одан да күшті әсері бар секталар мен есірткінің жетегіне еіп кетсе біліп, дер кезінде алып қалуға көмектеседі. Әрине, сипатталғандардың бәрі шындық және акселерацияның қатысуынсыз, мәселенің жылдамдатылуы кезінде қаттырақ байқалуы мүмкін.

 

Акселерация –социум өнімі? Ойдан шығарылуы да мүмкін?

Қазіргі кезде  қалыс қалған тайпалардың зерттеушілері  танымал болып келеді. Мысалы, психотерапевт  Жан Ледлоффтың оңтүстік америка үндістерінің тұрмысы үлгісімен жазылған тәрбиелеудегі мұрагерлік қағидасы туралы бестселлері Осындай тайпаларда ұл бала 7-9 жасында тайпаның құқығы тең мүшесі болып саналады. Олар акселерация және онымен байланысты мәслелер туралы естімеген болар. Бұл акселерацияның және онымен байланысты мәселелердің барлығының біздің өмір сүру салтымыздың немесе тәрбиеге деген көзқарастарымыздың өнімі деген болжам жасауға мүмкіндік берді.

Мысалды алыстан  іздеудің қажеті жоқ, 1774 жылы Ресейде  шіркеу некекге отырудың ең ерте жасын  әйелдер үшін 13, ұлдар үшін 15 деп  белгілеген болатын. Кейінірек 1830 жылы императордың жарлығымен ең ерте үйлену жасы қалыңдық үшін 16-ға және күйеу бала үшін 18-ге ұлғайтылды, алайда шіркеудің келісімімен бұдан ерте некелер мүмкін болатын. Ал Иранда мысалы, 2002 жылы заңнама реформасынан кейін ұлдар бұрынғыдай 14 жасында емес, 15 жасында тұрмыс құра алады. Сонда олардың барлығы акселерат па? Ойландырады.

Акселерация ойдан шығарылған ба, әлде ғылыми дәлелденген  дерек пе, ол маңызды емес. Ең бастысы  өтпелі кезеңді де жатқызуға болатын  өмірдің қиын куезеңдерінде, біздің ұлдарымыз біздің сүйіспеншілігімізге, көмегімізге, қолдауымыз бен түсінігімізге бөлене алса болғаны. Сонда шешімсіз мәселелер де, қиындықтар да аз болады, ал оларды шешу оңай болады.

 

 


Информация о работе Физикалық даму стандарттары