Эклампсия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 10:13, реферат

Описание

Эклампсия — гестоздың ең, ауыр түрі, ол естен айырылумен, тырысумен сипатталады. Талма кезінде ми қан айналымы бұзылады, миға және оның қабаттарына қан құйылады. Кейде ішкі органдарға (ағзаларға) қан құйылуы мүмкін. Ацидоз пайда болады, ауа жетіспеушілік және зат алмасуының бұзылуы күшейеді. Бүйрек жұмысы дереу нашарлап, кіші дәрет азаяды. Эклампсия анаға да, іштегі нәресте өміріне де қауіпті.
Эклампсия босану кезінде жиі кездеседі – 48-50%, жүктілік кезінде сирек – 28-29, ал босанғаннан кейін 22-23%.

Работа состоит из  1 файл

Эклампсия1.doc

— 62.50 Кб (Скачать документ)

       Эклампсия — гестоздың ең, ауыр түрі, ол естен айырылумен, тырысумен сипатталады. Талма кезінде ми қан айналымы бұзылады, миға және оның қабаттарына қан құйылады. Кейде ішкі органдарға (ағзаларға) қан құйылуы мүмкін. Ацидоз пайда болады, ауа жетіспеушілік және зат алмасуының бұзылуы күшейеді. Бүйрек жұмысы дереу нашарлап, кіші дәрет азаяды. Эклампсия анаға да, іштегі нәресте өміріне де қауіпті.

     Эклампсия босану  кезінде жиі кездеседі  –  48-50%, жүктілік кезінде сирек – 28-29, ал босанғаннан кейін 22-23%.

    

Эклампсияның  жиі себептері : 

  1. Кәмелетке толмаған әйелдердің ауруға көп икемділігі әйел ағзасындағы  иммундық жүйесінің  толық жетілмеуіне  байланысты.
 
  1. Қолайсыз  әлеуметтік жағдай, психоэмоцияның  бұзылуы (некесіз  жүктілік, тұрғын үйдің  жоқтығы, төменгі материалдық деңгей) аурудың туындауына  әкеп соғады. 30 жастан асқан әйелдерде гестоз өте ауыр түрінде өтеді (гипертония ауруы, бүйрек патологиясы, семіру, қант диабеті).
 
  1. Жүктілікке  бейімділік  дағдысы  жеткіліксіз болған жағдайда, кәмелетке  толмаған әйелдер қауіпті топ қатарына енгізіледі, ал 30 жастан жоғары жүктілік, ол асқыну кезеңіне әкеліп соғады.
 
  1. Гестоз  тұқымқуалаушылық арқылы да беріледі. Екіқабат әйелдердің анасы  жүкті кезінде  гипертония немесе бүйрек ауруының асқынған түрімен  зардап шексе, ол баласына да беріледі.
 
  1. Жүктілік  кезінде  гестоздың  асқынуы көбіне химиялық заттармен байланыста болғанда, жүйке жүйесі шаршағанда, ауа температурасының ауытқуынан және ауа  ылғалдылығының әсерінен болады.
 
  1. Егіз  жүктілік немесе трофобластикалық ауру
 
  1. Анамнезінде артериалдық гипертензия  немесе бүйрек ауруларының  болуы
 
  1. Анамнезінде бас ми жарақатының  болуы
 

      Эклампсия талмасы басталар алдында, әйелдің басы қатты ауырып, көзінің көруі нашарлап, қан қысымы көтеріліп, мазасызданады. Әр-бір эклампсия талмасы 1-2 минутқа созылады.

Эклампсия төрт кезеңнен тұрады:

1-ші  кезең. Талма алдындағы  кезең. Әйелдің  есі кірелі-шығалы, дем алысы жиілеп, жүрегі қатты соғады, қас қабағы жыбырлап, тартылады. Бұл  кезең 20-30 секундқа  созылады. 

2-ші  кезең. Тоникалық  талма кезеңі. Әйел есінен айырылып, дем алысы тоқтап, тер басып, беті көгеріп кетеді, қарашығы кеңейіп, жағы тартылады. Осы кезде жүкті әйел тілін тістеп алуы ықтимал. Бүкіл дененің бұлшықеттері қатып, сіресіп қалады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 30 секунд. Ана мен нарестеге қауіпті кезең. 

3-ші  кезең. Клоникалық  талма кезеңі. Қатып-сіресіп  тартылған бұлшықеттері  енді бірінің артынан  бірі, беттен кеудеге,  саннан балтырға  қарай селкілдеп  тартылып, тарай бастайды. Әйелдің демалысы  ауырлайды, біртіндеп  аяқ-қолдарының тартылуы тоқталады, жақтары ашылып, ауызынан қан, сілекей аға бастайды. Бұл кезең 40 секундтан 1,5 минутқа дейін созылады. Талма біткеннен кейін әйел қатты ұйықтап қалады. 

4-ші  кезең. Талмадан  айығу кезеңі. Жүкті  әйел есін жинап,  өз-өзіне біртіндеп  келе бастайды, дем алысы, жүрек соғысы дұрысталады. Бірақ әйел талма туралы ешнарсе білмейді. Талманың саны 1-2-ден 10-ға дейін болуы мүмкін. 

     Эклампсия жүктілік гестозының ең ауыр түрі, негізінде ми қан айналымы бұзылып, ми ісініп, миға қан құйылады, организмде зат алмасу бұзылып, мүшелердің оттегімен қамтамасыз етілуі төмендеп, орталық жүйке-жүйесінің, бауырдың, бүйректің, плацентаның, асқазанның қан айналымы бұзылып, бұл мүшелерге қан құйылады. Осыдан кейін бұл мүшелерде дистрофиялық, ал бауырда некроздық өзгерістер пайда болады. Бүйректің қызметі нашарлап, зәрде белок пен цилиндрлер көбейеді. Плацентада дистрофиялық, некроздық өзгерістер пайда болып, нарестенің оттегімен қамтамасыз етілуі төмендеп, нәресте гипоксиясы басталады. Әдетте талмадан кейін, жатыр қабырғасынан қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлініп, нәресте шетінеп кетуі мүмкін.

     Эклампсияның ана  өміріне қаупі  үлкен, әдетте  эклампсия талмасынан  кейін жүрек қан-тамыр,  бүйректің жедел  жетіспеушілігі дамуы  мүмкін, немесе әйел  комотозды күйден қайтпауы мүмкін.

    Емі:  Әйелге бірден наркоз беріп, (эфир, азот, не болмаса фторотан) тез арада реанимация бөлмесіне жатқызады. Егер әйел эклампсиялық комада болса, интубация жасап, оған жедел түрде кесар тілігі жасалынады.

Эклампсия кезінде интенсивті терапия негіздері:

Эклампсияның  жан-жақты емін акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог бірлесіп жүргізеді.

Кома  мен тырысу кезінде  қолданатын негізгі  шаралар:

  1. Науқасты түзу жерге басын бір жаққа бұрыа жатқызады.
  2. Тез арада тынысалу жолдарын босатып, аузын шпательдің қасықтың көмегімен ашып, тыныс жолдарын ауыз қуысын аспирациялайды.
  3. Тыныс алуды қалпына келтірген соң, оттегімен демалдырады. Апноэ кезінде қосымша көмек ретінде вентиляция жасайды (Амбу аппаратымен, тыныс алу маскасымен) немесе жасанды тыныс алу аппаратын қосады.
  4. Жүрек тоқтаған жағдайда жасанды тыныс алдырумен қатар жүрекке тікелей емес массаж жасайды.
  5. Магнезиальді терапия эклампсия кезіндегі құрысу ұстамаларына қарсы ең таңдаулы дәрі болып табылады. Енгізу әдісі:

А) Старттық доза – 25% - 20 мл күкірт қышқылды магнезияны 10-15 минут бойы көк тамырға енгізеді.

Б) Сүйемелдеуші доза – 320 мл физ. ерітіндіге 80 мл 25% күкірт қышқылды магнезияны 12-24 сағат бойы көк тамырға тамшылатып енгіземіз.

  1. Құрысу талмасын тоқтату үшін седативті препарат – диазепамды  қолданамыз. Енгізу әдісі:

А) Старттық доза –  венаға 10 мг диазепам енгізіп, 10 минуттан соң 10 мг мөлшерін тағы енгізеді.

Б) Сүйемелдеуші доза – 500 мл физ. ерітіндіге 40 мг диазепамды қосып 6-8 сағат бойы көк  тамырға енгіземіз

Диаземамның кемшілігі – неонатальды тынысты тежейді.

  1. Гипотензивті терапияны АҚ160/100 мм.с.б. болған уақыттан бірден бастау керек.

А) Бірден әсер ететін гипотензивті препараттарға  - нифедипин – бастапқы дозасы 10 мг, 30 минут  сайын қайталап отыруға  болады. Тәуліктік дозасы 120 мг.

Б) Әсері ұзартылған гипотензивті препараттарға  – допегит –  бастапқы дозасы 250 мг/ тәулігіне, 2 күн сайын  дозасын 250 мг-ға көбейтіп отырады. 
 

Әйелді  босандыру ерекшелігі:

  1. Толғақ басталғаннан бастап, әйелдің қан-тамыр жүйелерінің қызметі жоғарлап, қан қысымы көтеріледі, сондықтан толғақ кезінде дәрігердің бақылауы мен интенсивті емнің маңызы үлкен.
 
  1. Толғақты  жоғары дәрежеде, сатылы ұзақ ауырсыздандырады: промедол, но-шпа, баралгинді және толғақтың ара-арасында әйелге оттегі қосылған азот тотығымен дем алдырады. Сонымен қатар анестезиологиялық әдіс –эпидуралдық анестезияны қолданады, бұл әдіс толғақты аурсыздандырады, қан қысымын төмендетіп, микроцеркуляцияны жақсартады, жатыр мойнының ашылуын жылдамдатып босану әрекетін ретке келтіреді.
 
  1. Амниотомия  жасап қағанақ суын жібереді, венаға окисоцин немесе простогландин енгізіп, әйелді босандырады.
 
  1.   Егер мерзіміне жеткен жүктілік, бірақ босану жолдары дайын болмаса, артериялық қысымы жүргізіліп жатқан емге қарамастан төмендемесе, нәрестенің гипоксиясы байқалса, жатырдың жиырылу қабілеті бұзылса, әйелді бірден кесар тілігіне аламыз. Кесар тілігі – құрысу ұстамалары басталған уақыттан бастап 12 сағат ішінде жүргізілуі тиіс.
 

Босанудан кейінгі кезеңді  жүргізу:

  1. Бақылау мен ем жүргізу акушер-гинеколог пен анестезиолог-реаниматологтың бірігіп бақылауымен жүргізілуі тиіс
  2. Магнезиалық терапия босанудан кейін 1 тәулік бойы жүргізілуі тиіс
  3. Гипотензивті терапия босанған кейінгі кезеңдегі АҚ-ға байланысты жүргізіледі.
 

    Асқынуы:

  1. 56% әйелдерде неврологиялық бұзылыстар және қыртыстық көз көрмей қалу байқалады.
  2. Ұрықтың өлуі
  3. Босанғаннан кейін ДВС синдром дамуы мүмкін
  4. Жүктілік кезінде жатырдың мезгілінен бұрын сылынуы, жатырдың жыртылуы, жатырдан қан кету болуы мүмкін.
 

     Эклампсияның алдын алу: 

  1. Екі қабат әйелдерде, әсіресе, жоғары қауіпті топта, гестоздың ауыр түрлерін болдырмау жөнінде алдын алу шаралары жүргізіледі. Ол гестоздың ерте мерзімінен басталады және жүктілік кезінде, босанғанда, туғаннан кейін фондық патологияларды есепке ала отырып, кезеңмен жүргізіледі.
 
  1. Бүкіл жүктілік кезеңінде  режим сақтау қажет. Дәрумендерді, жүйкені  тыныштандыратын  эффектісі бар  фитожинақтарды қабылдау және бүйрек жұмысын  жақсартатын, спазмолитиктерді, метаболизм және жүрек-тамыр  жүйесін жақсартатын  препараттар, мембранастабилизаторлар және экстрагениталды патологияны емдеу керек.
 
  1. Қауіпті топқа кіретін  барлық жүкті әйелдерге 8-9 аптадан бастап ем тағайындалады.16-17аптадан  бастап созылмалы  холецистит, холангит май алмасуының 1-11 деңгейінде бұзылған науқастарға, алдын алу кешеніне қосымша фитожинағын қосады. Өсімдіктер жинағының жүйке тыныштандыратын және бауыр, бүйрек функциясын жақсартатын механизмі бар.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер: 

  1. Основные  клинические протоколы  и приказы МЗ РК по акушерству и неонатологии – 59-65 стр.
  2. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р. Ғ. – Акушерия – 2004 ж.
  3. Акушерство – Аймалазян 2005г.
  4. Акушерство – Савельева 2008 г.
  5. Анестезиология и реаниматология – Долина О.А. – 2009г
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Патологическая анатомия эклампсии        

    Патологическая  анатомия эклампсии  довольно характерна. При вскрытии женщин, умерших от эклампсии, находят желтуху, отеки и резко  выраженные изменения  в печени. Печень сильно увеличена, на поверхности видны  многочисленные кровоизлияния разных размеров, что придает ей пестрый вид. На разрезе печень тусклая, глинистая с многочисленными очагами кровоизлияний неправильной формы и разной величины. Встречаются также очаги некроза бело-желтого цвета, придающие еще большую пестроту поверхности разреза.

    Микроскопически в печени выявляется зернистая и жировая  дистрофия, нарушение  трабекулярного строения. В просвете мелких сосудов видны  тромбы. Наблюдаются  очаги некроза, особенно в периферических отделах долек. Почки  при эклампсии  увеличены, дряблы, корковый слой набухший, бледный, а мозговой — резко полнокровный, цианотичный. Иногда наблюдается сплошной некроз коркового слоя обеих почек (кортикальный некроз). Эти изменения объясняются гемодинамическими нарушениями в почках. В результате интоксикации и спазма сосудов коры кровообращение в почках переключается на окольный, юкстамедуллярный путь. Отсюда бледность, ишемия и даже некроз коры, с одной стороны, и резкое полнокровие пирамид — с другой.

Информация о работе Эклампсия