Кессон және биіктік аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 16:35, реферат

Описание

Кессондық (декомпрессиондық) ауру. Жоғарғы қысымды камераларда емдеулер мен операциялар кезінде, кессонды жұмыстағы, су асты жүзулері кезінде, су асты үйлеріне түсу кезіндегі өндірістік орындардағы адамдар жоғары газ қысымының әсеріне душар болады.
Декомпрессиялық (кессон ауруы) ауру декомпрессия процесі кезінде немесе одан кейін (жұмысшылардың кессоннан шығуы кезінде), сонымен қатар одан кейінгі біраз уақыттан кейін пайда болуы мүмкін. Аурудың пайда болуы баяу декомпрессияның жетіспеушілігі кезіндегі ағзаның сұйық ортасының инертті газдармен (азот, гелий және т.б.)

Работа состоит из  1 файл

КЕССОН ЖӘНЕ БИІКТІК АУРУЛАРЫ.docx

— 35.00 Кб (Скачать документ)

Қорғасынды  уланулардың гематологиялық белгілеріне  шеттік қандағы базофилдік түйіршіктермен  эритроциттердің көрінісімен ретикулоцитоз  және анемия  жатады. Ретикулоциттер және базофилді түйіршікті  эритроциттердің  мөлшерінің жоғарлауы «қорғасынды» анемияның дамуына әкеледі. Бірақта, қорғасынды уланулар кезінде  ретикулоциттер мен  базофилді түйіршікті  эритроциттер тұрақсыз болып келеді. Сондықтан  қанда ретикулоциттер және базофилді  түйіршікті  эритроциттердің  болуы  қоғасынды уланулардың диагностикасында  негізгі  көрініс бола алмайды.

Қорғасынды  уланулармен бірге  гипохромды анемия дамыса, ол уланудың ауырлығының дәлелі бола алады. Ол қан сары суындағы  темірдің қалыпты немесе жоғары деңгейімен сипатталады.

Уланудың  ерте және нақты белгісі болып, порфиринді алмасудың бұзылуы жатыр.  Ол ең алдымен  зәрде δ- аминолевулин  қышқылының және копропорфириннің  жоғарлауымен, эритроциттерде протопорфирин  құрамының  жоғарлауымен  жүреді.

Порфиринді  алмасу көрсеткіштеріндегі өзгерістер анемиялық синдромның пайда болуына  дейін анықталып, уланудың ауырлығына қарай өсе түседі.

Қорғасын  және оның органикалық емес қосындыларының әсерінен жүйке жүйесі зақымдалса, ол энцефалопатия, полиневропатия, астениялық синдром түрінде өтеді.

Жүйке  жүйесінің  жеңіл зақымдануларына асатениялық  және астеновегетативті синдромдар жатады. ОНЖ мен оның шеттік бөліктерінің қызметтерінің бұзылыстары тән. Көбінесе астениялық синдром  аурудың  бастапқы кезеңдерінде пайда болады және қандағы өзгерістердің дамуына  себепші болады. Науқастарда тез  шаршағыштық, жалпы әлсіздік, жоғары тітіркенгіштік, жеңіл түрдегі бас  айналулар, еңбек қабілеті мен есте сақтау қабілеттерінің төмендеуі байқалынады. Кейде аяқ қолдарындағы ауырсынулар  мазалайды. Иісті сезу, дәмді сезу, тері және көру анализаторларының қозғыштығы төмендейді.

Әдетте қорғасынды уланулар кезіндегі полиневропатия (полиневротикалық синдром) ОНЖ қызметінің бұзылыстары және  басқада уланулардың  белгілерімен жүреді. Қорғасынды полиневриттің  сезімтлдық, қозғалыстық, аралас түрлерін ажыратады.

Уланудың  айқындылығы аз  және латентті түрлерінде қорғасынды полиневриттің сезімталды түрі кездеседі. Науқастарды аяқ-қолдарындағы ауырсынулар мазалайды. Жергілікті аяқ-қолдардағы бұлшықеттердің  гипотрофиясы, нерв бағаны бойынша пальпациялаған кездердегі ауырсынулар, аяқ-қолдардың  дисталды бөліктеріндегі  басым  гипоестезия  анықталынады. Бұлшықеттердің электрлік қозғыштығының төмендеуі,  түбіршікті симптомдар анықталынады. Вегетативтік тамырлық бұзылыстар анықталынады: аяқ-қолдардың дисталды бөліктерндегі  тері жабындыларындағы температураның төмендеуі және цианоз, табан және оның саусақтарының тершеңдігі, перифериялық тамырлардағы пульсацияның әлсіреуі. Балтыр бұлшықеттерінде тартылулар болуы мүмкін.

Қорғасынды  полиневриттің қозғалыстық түрі парез және параличтермен  жүреді. Көбінесе саусақтарды жазатын бұлшықет топтары, ал сирек бүгетін топтар зақымданады. Бұл зақымданулар симметриялы  түрде болады. Қозғалғыштық қызметінің бұзылуының ерте белгілеріне саусақтарды  бүгу күшінің әлсіреуі және қозғыштығының  төмендеуі жатады. Кейіннен ілініп тұрған саусақ дамиды.

Қорғасынды  уланулардың ауыр синдромдарына  энцефалопатия жатады. Өршімелі астенизация  негізінде дамып, ОНЖ  тұрақты  органикалық бұзылыстармен сипатталады. Энцефалопатияның клиникасына бас  сүйек нервтерінің ассиметриялы иннервациясының анизокариясы, қолдардың  интенсивті терморлары жатады. Жеке бұлшықеттер  тобының  тартылулары, гиперкинезиясы, гемипарезі, атаксия, нистагм, дизартрия  жатады. Энцефалопатияның айқын түрлерінде офтальмоплегия, амаврозом, афазия, гемипарезбен жүретін тамырлар кризі түріндегі  жедел ми бұзылыстары  болады.

Сүлелі қорғасынмен  уланулар кезіндегі клиникасында асқорту  мүшелері жағынан да өзгерістер болады. Оларға қорғасынды кайма, асқазан ішек жолдарының маторлы және секреторлы қызметтерінің бұзылыстары, қорғасынды ұстамалар, өт шығару жүйесінің дискинезиясы жатады.

Қорғасынды  кайма дегеніміз-қызыл иектің айналасындағы  сұрғылт түсті жолақ. Олардың  пайда болуы   қорғасынның күкіртті қосындысының жиналуымен сипатталады.

Асқазан ішек жолдарының ауыр зақымдануларына қорғасынды ұстамалар тән.Ол сүлелі қорғасынмен  улану кездеріндегі  латентті түрінде  де және жүйке жүйесімен қандағы  айқын өзгерістер кезінде де пайда  болуы мүмкін.

Қорғасынды  ұстамалардың типті түріне іштегі жайылмалы  түрдегі ұстама түріндегі ауырсынулар  тән. Тілі жабынмен жабылған, іші қатты,  басқан кезде  ауырсыну аздап басылады.  Бір мезгілде ұзақ уақыт бойы  нәжісінің қатуы мүмкін, үлкен  дәреті қойдың құмалағы тәрізді болады. Рентгенде ішектегі спастикалық  атониялық өзгерістер пайда болады.Кейде  контрасты массаның ұзақ уақыт кідіруімен ішектің парездері болуы мүмкін (бірнеше тәулік бойы). Көрсетілген  өзгерістер артериялдық гипертензямен  қатар жүреді.

Емі: Сүлелі қорғасынды уланулар кезінде аурудың  клиникалық белгілерін және айқындалу деңгейін анықтау керек. Емдеу және алдын  алу шараларына қорғасынмен байланысты үзу және оны ағзадан шығару керек.

Соңғы кездері  қорғасынды ағзадан шығару үшін комплексондарды  кеңінен қолдана бастады. Комплексті түзетін қосындылар аминополикарбон  қышқылдары мен кальции атомы  бар туындыларға жатады. Комплексондардың әсерінен улылығы аз және қорғасыны  бар  жақсы еритін комплексті түзеді, ол  ағзадан тез шығруға әсер етеді.

Көбінесе  пентацин және тетацин-кальциін қолданады.

Соңғы жылдары  сатурнизмді емдеу кездерінде  кеңінен пеницилламиннің Д-түрін  қолданады (Д-3.3-диметилцистеин немесе Д-пеницилламин).

Комплексонмен емдеу кезінде кезеңді түрде  қанның құрамы мен зәрдегі қорғасынның  бөлінуін тексеріп отыру керек. Жалпы  қарсы көрсеткіштеріне бауыр  және бүйрек аурулары жатады.

Еңбек ету  сараптамасы: Егер науқаста улану түрлері  болса, ауруханалық парақ бойынша  1-2 айға  басқа жұмысқа ауыстырылады. Осы кезде амбулаторлық немесе профилакториялық жағдайда жалпы ағзаны күшейтетін және шығаратын (Д-пеницилламин) ем тағайындайды. Кейіннен бұрынғы жұмысына қайтып келеді.

Уланудың  жеңіл түрінде стационарлық ем көрсетіледі (шығарушы ем). Шыққаннан соң науқас 1-2 ай қорғасынмен қатынасын үзу  керек, кейіннен (лобараторлы көрсеткіштері  қалыптасқаннан кейін) сол жұмысына қайта оралады.

Сатурнизмнің  айқын түрінде  науқас стационарлық түрде ұзақ ем алады.  Қорғасынмен  жұмыс көрсетілмейді. Асқынулар  мен олардың айқындығына байланысты, бұндай науқастардың еңбек ету қабілеттері  жартылай немесе толығымен жоғалуы  мүмкін.


Информация о работе Кессон және биіктік аурулары