Ұлпаның қабынбалы аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:56, автореферат

Описание

Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба – pulpa dentis). Тіс ұлпасы – дәнекер тінде құрылым тісі қуысында орналасады және екі бөліктен тұрады. Тістің сауыт қуысында жатқан бөлігі сауыт ұлпасы (коронковая пульпа – pulpae coronare), ал түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы (корневая пульпа – pulpae radicis dentis) деп аталады. Біртүбірлі тістерде сауыт ұлпасы анық шекарасыз түбір ұлпасына ауысады, ал көптүбірлі тістерде сауыт және түбір ұлпасының арасында анық шекара – түбір өзектерінің ауызы болып табылады. (сурет)

Работа состоит из  1 файл

ұлпаның қабынуы.doc

— 256.00 Кб (Скачать документ)

 

Кейде тісі сырқат адам өз бетімен ауырмайтын, тек тісжегі  қуысы бар қарама-қарсы жақ тісін көрсетіп, тәжрибесі аз дәрігерді қателестіруі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда дәрігер-стоматолог өз мүмкіндігін, білімін барынша тиімді пайдалағаны жөн.

Төменгі жақ тістерінің ұлпа қабынуы кезінде ауыру сезімі шүйдеге, мойынға, құлаққа, төменгі жақасты, иекасты аймақтарына, жоғарғы жақ және қарама-қарсы жақ тістеріне (алдыңғы тістердің ұлпасы қабынған кезде) беріледі. Науқастың жалпы жағдайы, жұмыс қабілеті төмендейді, көңіл-күйі нашарлайды. Бұдан бір-екі бұрын тісінің өз бетімен аз уақыт қана ауырып, ұзақ уақыт мазаламағандықтан, дәрігерге келмегенін айтады.

Қарап тексергенде сырқат тісте терең тісжегі қуысы  анықталады, сүңгілеп тексергенде қуыстың  табанының барлық аймағында ауыру  сезімі байқалады. Суық сумен әсер еткен  кезде тіс қақсап ұзақ ауырады. Қағып тексергенде аздаған ауыру сезімін анықтауға болады (сау тіспен салыстыра қағып тексергенде). Тістің элекрқозғыштығы төмендеген 30-40 мка дейін, кейде одан да төмен болуы ықтимал.

Ұлпа қабынуының бұл  түрін басқа аурулардан ажырата білу керек (салыстырмалы нақтама жүргізу керек). Ол аурулар: ұлпаның жартылай жедел қабынуы, ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі, периодонттың жедел қабынуы, үштік нерв невралгиясы, Гаймор қуысының жедел қабынуы немесе тіс ұясының (альвеоласының) қабынуы.

Ұлпаның жартылай жедел  қабынуы кезінде ауыру сезімі сирек туындайды және ұзаққа созылмайды, сырқат тіс аймағымен ғана шектеледі.

Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі кезінде аурудың анамнезіне мән беру керек: тісінің бұдан  бұрын әртүрлі тітіркендіргіштерден ұзақ ауырғаны, қарап және сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы мен сауыт қуысы арасында байланыстың болуы және ауыру сезімінің пайда болуы аталмыш ауруға тән белгілер екендігі еш күмән туғызбайды.

Периодонттың жедел  қабынуы кезінде тістің ауруы  әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен күшеймейді және электрқозғыштығы төмендейді (көрсеткіш 100 мка жоғары болады).

Үштік нерв невралгиясы  кезінде түнде ауыру сезімі мазаламайды, тістің электрқозғыштығы өзгермейді. Бет аймағындағы үштік нерв тармақтары нервтендіретін белдеулерге (курковые зоны – серіппелі белдеулер) тиіп кетсе (жуынған, тіс тазаланған кезде, кейде жамылған көрпе тиіп кетсе), ауыру сезімі қатты-қозып, жан-жаққа таралады. Мимикалық еттер жиырылған кезде де (күлген кезде) ауыру сезімі туындауы мүмкін.

Гаймор қуысының жедел қабынуы және созылмалы қабынуларының өршуі кезінде дене қызуы көтеріліп, бас қатты ауырып, қуыс жақтағы бет аймағында, ауырлық сезіну (ощущение тяжести), жақын орналасқан тістер ауырғандай сезім мазалауы мүмкін. Гаймор қуысы қабынған жақтағы мұрын бөлігімен демалу қиындайды және одан сарысулы немесе іріңді жалқық бөлінуі мүмкін. Рентгендік суретте қабыну үрдісі бар Гаймор қуысында қара көлеңкелену белгісі орын алады.

Тіс альвеоласының қабынуы  диагнозы аурудың анамнезін анықтау  арқылы (тісі жұлынғалы аз уақыт болған), тіс ұясында ұйыған қанның болмауы, қабырғаларының сұр-қоңыр түсті өліетті жұқа қақпен жабылуы, төңірегіндегі жұмсақ тіндерде қабыну белгілерінің байқалуы сияқты негіздерге сүйене отырылып қойылады.

 

Ұлпаның жедел  іріңді қабынуы (острый гнойный пульпит – pulpitis acuta purulenta)

Бұл – ұлпаның қабынуының клиникалық әдістермен сирек анықталатын  түрі. Себебі, стоматологиялық көмек  көрсету қиын алыстағы ауылды мекен  тұрғындары болмаса, стоматологиялық  немесе тіс емдеу кабинеттері  бар елді мекендерде тұратын адамдар тістері қатты ауыра бастасымен-ақ қатты ауыруға шыдамай, дәрігерге келуге тырысады. Осыған байланысты ұлпа қабынуы кезінде пайда болған сарысулы жалқық іріңді жалқыққа ауыспай тұрып-ақ дәрігерлік көмек ала алады деуге болады.

Ұлпаның жедел іріңді қабынуының соңғы жылдары қала тұрғындарында  сирек анықталу себебі осында деп  ұйғаруға болады. Ертеркте ұсынылған Школяр Т.Г. (1967) жүйесінде ұлпаның жедел қабынуының бір түрі «кеш анықталған ұлпаның жедел (іріңді) қабынуы» берілген.

Сондықтан да Кеңес Одағы  кезінде дәрігер-стоматологтар дайындайтын  жетекші медициналық оқу орындарының  бірі болған МММСУ (МГМСУ)-де қолданылатын ұлпа қабынуының жүйесінде «ұлпаның жедел іріңді қабынуы» ескерілмеген. Дегенмен, көптеген ғалымдардың (Дмитриева Л.А. және б., 2003) көзқарастарына сүйенсек, ұлпаның жедел іріңді қабынуы жиірек кездеседі, себебі, сарысулы жалқықтың іріңді жалқыққа ауысуы аз уақыт ішінде байқалады (ұлпа қабынуы басталғаннан кейін бір  тәуліктен соң).

Дегенмен ұлпаның іріңді қабынуының клиникалық белгілері кешірек ұлпа қабынуы басталғаннан 3-5 күн өткен соң ұлпада іріңді ошақ (абсцесс) қалыптасқаннан кейін немесе ұлпа жартылай іріңді ыдырауға ұшыраған соң біліне бастайды. Сондықтан, қабыну жалқығының ерекшелігіне сүйене құрылған ұлпа қабынуының жүйелерінде клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың үйлеспеушілігі 75-80 % жағдайда кездеседі.

Эксперименттік зерттеулерге жүгінсек, иттер тістерінің ұлпасын  жарақаттаған кезде ұлпаның жедел  сарысулы қабынуы 6 сағаттан 24 сағатқа  дейінгі аралықта дамиды және 18 сағатқа дейін жалқық сарысулы болса, бір тәулік соңында олардың  ¼ бөлігі іріңді жалқыққа айналады. Ал гистологиялық зерттеулер 75,2 % жағдайда іріңді қабынуды, ал 5,7 % жағдайда сарысулы қабынуды анықтаған.

Ұлпаның жедел іріңді қабынуы кезінде сырқат тіс өте қатты солқылдап, жұлқылап, кернеп, үзгілеп қатты ауырады және ауыру сезімі үштік нерв тармақтарының бойымен кең таралады. Бұл кезде ауыруаралық уақыт немесе кезең болмайды, ауыру сезімі тек суықтың әсерінен аздап саябырлайды. Сондықтан өте ертеде шығарылған оқулықтарда кейбір авторлар «тісі сырқат адам стоматолог-дәрігерге барғанда өзімен бірге суық су құйылған құтыны ала жүріп, ауық-ауық ауызына суық су ұрттап алып, ауыру сезімін жеңілдетеді» деп жазылған.

Ұлпаның жедел іріңді қабынуы кезінде ауыру сезімінің таластамауының, ал суықтан аздап саябырлауының себебі толық дәлелденбеген.

Ұлпаның жартылай жедел  қабынуы кезінде қабыну ошағының аумағы аса үлкен емес, ал пайда  болған жалқықтың мөлшері де аз болғандықтан, ол ұлпа үстінде орналасқан дентин өзекшелеріне, жұмсарған дентин қабатына тез сіңіп кететіндіктен, сауыт қуысы ішіндегі қысым азайып, ауырусыз уақыттың қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Ұлпа толық жедел қабынған кезде жалқықтану үрдісі басым болып, жалқық дентин өзекшелеріне толық сіңе алмауы нәтижесінде ауыру сезімі ұзаққа созылып, ауыруаралық уақыттың қысқару мүмкіндігі туындайды. Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы кезінде жалқықтың қоюлығын ескерсек, ондай жалқық дентин өзекшелеріне сіңе алмай, ұлпаға көрсетілетін қысымды жоғары ұстап тұратын болса, бұл кездегі ауыру сезімінің толастамауын қысымның әсерінен деп түсіндіруге болады. Ал суық әсерінен ауыру сезімінің саябырлауын қан тамырларының тарылып, ұлпаға көрсетілетін қысымның аз да болса төмендеуінен деп болжауға болады.

Ұлпаның жедел іріңді қабынуы кезінде толассыз дамитын және өте қатты ауыру сезімі науқастың жалпы жағдайын да өзгертуі мүмкін: басы ауырып, асқа тәбеті шаппайды, көңіл-күйі нашарлап, жұмыс қабілеті төмендейді, кейде аз уақытқа дене қызуы да жоғарылауы мүмкін. Тісі сырқат адам сөйлеуге, ас қабылдауға жүрексінбейді.

Қарап тексергенде, сырқат тісте терең тісжегі қуысы анықталады, табанында және қабырғаларында қалың жұмсарған дентин қабаты бар. Аса қысым көрсетпей сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі жоқ (іріңді жалқық орналасқан мұйізше тұсында), үшкір сүңгі аса жұмсарған дентинге тереңірек батып кетіп, сауыт қуысының төбесі оңай тесіледі және қанды-іріңді жалқық шығып, ауыру сезімі аздап басылғандай жеңілдік сезіледі. Ашылған ұлпаға сүңгінің ұшы тиіп кетсе, қатты ауыру сезімі туындайды.

Ұлпа қабынуының ұзақтығына байланысты, түбір ұшы периодонтын  қабыну ошағынан бөлінген уытты заттардың  тітіркендіруі әсерінен қағып тексергенде  әртүрлі деңгейде ауыру сезімі пайда  болады.

Түбір ұшы толық қалыптаспаған  тістерде периодонт қабынуы да орын алуы мүмкін (көбінесе балаларда). Бұл кезде тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндерде (ауыспалы қатпарда) қызару, домбығу белгілері анықталады және тісті қағып тексергенде ауыру сезімі күштірек болады. Тістің электрқозғыштығы төмендеген (40-50 мка шамасында).

Тіс ұлпасының электрқозғыштығын  анықтаған кезде көптеген жергілікті факторлармен (пародонт аурулары) жалпы  факторларға (орталық жүйке жүйесі, эндокриндік жүйе аурулары) көңіл  бөлу керек. Жас ұлғайған сайын ұлпаның  электр тогына сезімталдығы өзгереді. Жас адамдарда ұлпаның электрқозғыштығы 4-6 мка тең болса, 61-70 жастағы адамдарда 40-50 мка, ал 81-90 жаста 50-55 мка тең болады. Ұлпаның электрқозғыштығы тістердің патологиялық қажалуы кезінде, тіс қуыстарында конкременттер құрылған кезде де өзгеруі мүмкін. Ұлпаның жедел қабынуы бір-екі тәуліктен 10-14 күнге созылады (емдемеген кезде).

Ұлпаның жедел іріңді қабынуын ұлпаның созылмалы қабынуының өршуінен, периодонттың жедел қабынуынан, Гаймор қуысының қабынуынан, жұлынған тіс ұясының қабынуынан (альвеолиттен) ажырата білу керек.

 

Ұлпаның созылмалы  қабынуы.

Ұлпаның созылмалы қабынуының әр түрлеріне тән ортақ белгі  – аурудың ұзақтығы (бірнеше аптадан  бірнеше айға немесе жылға дейін), тістің қатты бұзылуына қарамай, ауыру сезімінің оншалықты мазаламауы. Тітіркендіруші ықпалдар әсер ете алмайтын аймақтарда орналасқан тісжегі қуыстары кезінде (көбінесе жоғарғы тістерде) ауыру сезімі болмауы да мүмкін.

Ұлпаны созылмалы қабынулары кезінде ауыру сезімі аса күшті  емес, көбінесе әртүрлі тітіркендіргіштер  әсерінен дамиды және әсер тоқтағаннан кейін де біраз уақытқа созылады. Егер созылмалы қабыну емделмеген жедел қабынудың нәтижесі болса, аурудың анамнезін анықтаған кезде ертеректе сырқат тіс өз бетімен қатты ауырып мазалағаны белгілі болады. Қарап тексергенде көпшілік жағдайда сауыт қуысы тісжегі қуысымен байланысқан болады.

 

Ұлпаның созылмалы  жәй қабынуы (хронический простой  пульпит – pulpitis chronica simplex).

Клиникалық көрінісі. Сырқат тісте әртүрлі тітіркендіргіштерден (көбінесе механикалық және температуралық) аса қарқынды емес, баяу дамитын, сыздаған ауыру сезімі пайда болады және әсер тоқтағаннан кейін біразға созылып барып, баяу басылады. Температуралық әсердің кенет ауысуы (ыстық астан кейін суық су ішкенде, жылы бөлмеден суыққа шығып ауа жұтқанда) ауыру сезімін тез туындатады және ауыру сырқат тіспен шектеледі. Аурудың даму тарихында (анамнезінде) өз бетімен мазалаған ауыру сезімі болғаны анықталады (созылмалы қабыну уақытында емделмеген жедел қабынудан дамыған кезде). Егер созылмалы қабыну біріншілік болса (көбінесе реактивтілігі төмен адамдарда), өз бетімен мазалайтын ауыру сезімі болмағаны, сырқат тісінің тек тітіркендіргіштер әсерінен ауырып, ауыру сезімінің тез басылғандығы жөнінде мәлімет алынады.

Қарап тексерген кезде  сырқат тісте терең және кең тісжегі қуысы табылады, ішінде біраз мөлшерде астың қалдығы және жұмсарған дентин болады. Сүңгілеп байқағанда қуыстың табанында бір мүйізше тұсында ұлпаның ашылғаны анықталады, сүңгі ұшы тиген сауыт ұлпасы қатты ауырады және қанайды (бұл кезде қанның түсі қызыл-қошқылдау, ал кездейсоқ ашылған ұлпадан аққан қан ашық-қызыл түсті болады). Ұлпаның созылмалы қабынуы сауыт қуысы жабық кезде де дамуы мүмкін. Бұл кезде тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланыспаған, табаны жұмсақ,, сүңгілеп байқағанда табанының барлық аймағында ауыру сезімі бар. Тістің электрқозғыштығы төмендеген (20-40 мка). Рентгендік суретте периодонт саңылауы деформацияға ұшырағаны анықталуы мүмкін.

Ұлпаның созылмалы жәй  қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның  созылмалы шіри қабынуынан ажырата  білу керек.

 

Ұлпаның созылмалы  шіри қабынуы (хронический гангренозный пульпит – pulpitis chronica gangraenosa)

Ұлпаның бұл қабынуы  кезінде емделмеген ұлпаны жедел (көбінесе іріңді қабынуынан) және созылмалы жәй қабынуларынан дамиды және анаэробты микроорганизмдердің қатысумен жүреді. Тісі сырқат адам тісінің әртүрлі тітіркендіргіштерден (көбінесес ыстықтан, ыстық пен суық кенет алмасқан кезде, ас түйірі қуысқа түскен кезде) ұзақ сыздап ауыратынына шағымданады. Кейде тістен ұнамсыз иіс шығып мазалауы да мүмкін. Егер тісжегі қуысы тітіркендіргіштер әсер ете алмайтын аймақта орналасса, ұлпаның көп бөлігі шіріп өліеттенген болса (сауыт ұлпасы), ауыру сезімі болмауы да мүмкін.

Қарап тексергенде, сырқат тісте сауыт қуысымен кең байланысқан  терең тісжегі қуысы анықталады, сауыт ұлпасының шіріп-өліеттенуіне байланысты, ашылған сауыт қуысын сүңгілеп байқағанда әртүрлі тереңдікте, кейде өзек сағасында ауыру сезімі байқалады. Ұлпаның шіри қабынуының ұзақтығына байланысты сауыт ұлпасы әртүрлі деңгейде, кейде толығымен өліеттеніп шіруі мүмкін. Осыған байланысты сүңгінің ұшына жабысқан ұлпа ыдырандысы ұнамсыз иіс береді.

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде сауыт қуысы  жабық болуы да мүмкін. Бұл кезде тісжегі қуысының табанын сүңгілеген кезде ешқандай ауыру сезімі болмайды. Ұлпаның электрқозғыштығы 50-90 мка арасында ауытқиды және ұлпада әртүрлі деңгейде некроздану (өліеттену) үрдісі барлығын көрсетеді. Жаңа басталған шіри қабыну кезінде электрқозғыштық көрсеткіші 30-50 мка тең болуы да мүмкін.

Ұзақ уақыт емдеусіз дамыған ұлпаның шіри қабынуы  кезінде периодонтта әртүрлі созылмалы қабынуға тән деструкциялану үрдістері байқалады. Түбір ұшы төңірегіндегі сүйек тінінің сорылуынан пайда болатын және рентгендік тексерудің көмегімен анықталатын қара-көлеңке ошақтар С.И.Вайстың ұйғаруынша 14-18 % жағдайда кездеседі.

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның созылмалы жай қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек.

Ұлпаның созылмалы  өсе қабынуы (хронический гипертрофический пульпит – pulpitis chronica hypertrophica).

Ұлпа қабынуының бұл  түрі көбінесе ұлпаның созылмалы  жәй қабынуынан дамиды (ұлпа беті біраз  аймақта ашылған кезде). Әртүрлі  тітіркендіргіштердің (көбінесе механикалық) әсеріне ұшыраған ұлпа тінде өсу үрдісі (проферациялану) басым болады.

Ұлпаның созылмалы өсе  қабынуы көбінесе балалар мен  жас өспірімдерде кездеседі. Тісі сырқат адам тісінің ас шайнағанда ауыратынына, қанайтынына және ішінен «жабайы ет» («дикое мясо») өсіп шыққанына шағымданады.

Информация о работе Ұлпаның қабынбалы аурулары