Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 16:04, сочинение
Менің өмірлік жолым – медицина саласы. Бұл таңдау, менің ойымша, әр осы салада еңбек атқарар адам үшін өз еркімен, өз қалауымен, өз бастауымен келген таңдау. Мен бұл адамдарды – ақ жүректі пәк жандар дер едім. Ғұлама ойшыл Аристотель «Өмірдің мәні -айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету» дегендей, медицина баласы өзінің қамшының сабындай қысқа өмірін басқа жандардың дерттеріне шипа іздеп, қиналғанға демеу беріп, оның сырқауын емдеп өтуге арнайды. Бұл бізді ,біріншіден, жанашырлық пен мейімділікке баулиды. Ең алдымен басқа жанның қайғысын өз қиналғанындай көре білуді үйренесің.
Медицина саласындағы философияның рөлі қандай?
Халыққа қызмет етіп, жақсылық жасау үшін ғаламды төңкеріп бай болып немесе күллі адамзатты басқарып, патша болуымыз міндетті емес. (Аристотель)
Бұл төрткүл дүние сан қырлы сырлар мен көп күңгірт құпияларға, ғажайыптарға толы. Дегенмен адамзат баласы мойындаған табиғаттың асыл қазыналары, небір әсем бейнелері де мол. Алайда бұл ақиқатқа да әркімнің көзқарасы әр қалай. Әлемде қанша жан болса, сонша қайталанбас тағдыр, қайталанбас көзқарас бар десем қате айтқаным болмас. Тіпті әрбір атқан таңы мен батар түні, әр артта қалған қызықты, қуанышты да қайғылы өмір баспалдақтары тек қайта келмес сәттер. Айлы түнде аспанға қарасам, ондағы сан жұлдыздар маған біздің тағдырымызды айқындайтын сынды. Көк жаһанда қалқып жүрген талай жұлдыздардың арасында бірі әп сәтте көзге ілінер оттай жарқыраған кейіпте лаулап тұрса, бірі бойына баяу тұспен сәл ғана сәуле ұшқынын ұялатқан болып көрінеді. Иә, сол жұлдыздар сынды адамзат баласының да әрбірінің де өмір жолы тек өзіне тән, өзіне ғана байланысты дара жол екені ақиқат, және оның терең философиялық мәні зор. Ұлы Абай «Сен де бұл кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан.» дегендей, әркімнің сол жолында белгілі бір дара ұстанымы, өзінің жеке таңдаулары мен дүниеде өз орнын таба білу қасиетінің болуы шарт.
Менің өмірлік жолым – медицина саласы. Бұл таңдау, менің ойымша, әр осы салада еңбек атқарар адам үшін өз еркімен, өз қалауымен, өз бастауымен келген таңдау. Мен бұл адамдарды – ақ жүректі пәк жандар дер едім. Ғұлама ойшыл Аристотель «Өмірдің мәні -айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету» дегендей, медицина баласы өзінің қамшының сабындай қысқа өмірін басқа жандардың дерттеріне шипа іздеп, қиналғанға демеу беріп, оның сырқауын емдеп өтуге арнайды. Бұл бізді ,біріншіден, жанашырлық пен мейімділікке баулиды. Ең алдымен басқа жанның қайғысын өз қиналғанындай көре білуді үйренесің.
Екіншіден, төзімділік пен жауапкершілікке үйретері хақ. Сырқат адамның дертін көріп, сабырлықпен, шыдамдылықпен дұрыс шешім қабылдай білуге өзіңді іштей дайындайсың.
Үшіншіден, талай дертінен сауығып кеткен адамдардың шын көңілден шыққан алғыс, ризашылықтарын алу – зор бақытқа кенелтер үлкен қуанышқа бөлейтін сәттерге тұнып тұр.
Иә, аты затына сай «ақ
халатты абзал жандар» қай
заманда болсын біздің қоғамның мұқтаж
етер мамандары. Қазіргі таңда еліміздің
экономикасын, экологиясын, энергетикасын
дамыту жолында көптеген қоғамдық мамандар
еңбек етуде. Алайда сәл дерті
шыға келсе, көмекке жүгінері, арқа
сүйері тек сол дәрігерлер. Кішкентай
сәбиден қартайған қарияға
Информация о работе Медицина саласындағы философияның рөлі қандай