Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 16:04, сочинение
Менің өмірлік жолым – медицина саласы. Бұл таңдау, менің ойымша, әр осы салада еңбек атқарар адам үшін өз еркімен, өз қалауымен, өз бастауымен келген таңдау. Мен бұл адамдарды – ақ жүректі пәк жандар дер едім. Ғұлама ойшыл Аристотель «Өмірдің мәні -айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету» дегендей, медицина баласы өзінің қамшының сабындай қысқа өмірін басқа жандардың дерттеріне шипа іздеп, қиналғанға демеу беріп, оның сырқауын емдеп өтуге арнайды. Бұл бізді ,біріншіден, жанашырлық пен мейімділікке баулиды. Ең алдымен басқа жанның қайғысын өз қиналғанындай көре білуді үйренесің.