Нитриттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 15:02, реферат

Описание

Нитриттер – азтоксинді, бірақ
Aдам денсаулығы үшін қауіпті нәрсе тамақ өнімдерінде болатын – ауыр металдар (РШШ – рауалды шекті шама деңгейінен жоғары). Кез – келген тамақ өнімдерінен ауыр металдарды байқауға болады, бірақ әрбір тағамда металдық ластану дәрежесі (құрылымы) әр түрлі болып келеді.
Нитраттар мен нитирттердің шамамен 70 пайызы адам ағзасына тамақ өнімдері арқылы түседі. Тамақ өнімдерінің уытты металдармен ластануы адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық ластану құрылымы негізгі дайындалатын шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы, оны технологиялық өңдеудің сапалылығы және пайдаланылатын қосымша материалдарға тәуелді болады.

Содержание

1. Кіріспе
2. Нитрит дегеніміз
3. Экологиялық таза өнім
4. Негізгі бөлім
5. Ауыл шаруашылығында нитраттар мен нитриттеді қолдану
6. Нитриттерден уланулар
7. Нитриттерден уланған жағдайлар
8. Қорытынды
9. Көкөністер мен азық-түліктерді қолдану

Работа состоит из  1 файл

Реферат-нитриттер.doc

— 55.00 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 
 
 

Жоспар

1. Кіріспе 

2. Нитрит дегеніміз 

3. Экологиялық таза өнім 

4. Негізгі бөлім 

5. Ауыл шаруашылығында нитраттар мен нитриттеді қолдану 

6. Нитриттерден уланулар 

7. Нитриттерден уланған жағдайлар 

8. Қорытынды 

9. Көкөністер мен азық-түліктерді қолдану 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                       НЕГІЗГІ БӨЛІМ

      Нитриттер – азтоксинді, бірақ 

   Aдам  денсаулығы үшін қауіпті нәрсе  тамақ өнімдерінде болатын –  ауыр металдар (РШШ – рауалды  шекті шама деңгейінен жоғары). Кез – келген тамақ өнімдерінен ауыр металдарды байқауға болады, бірақ әрбір тағамда металдық ластану дәрежесі (құрылымы) әр түрлі болып келеді.

Нитраттар мен нитирттердің шамамен 70 пайызы адам ағзасына тамақ өнімдері арқылы түседі. Тамақ өнімдерінің уытты металдармен ластануы адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық ластану құрылымы негізгі дайындалатын шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы, оны технологиялық өңдеудің сапалылығы және пайдаланылатын қосымша материалдарға тәуелді болады.

             Тағамнан улану - санитарлық-эпидемиологиялық қызметті алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі - бүгінгі таңда көп жағдайда нитраттар көлемі мөлшерден тыс бақша өнімдері. Жаз – жеміс-жидек, көкөністер кезеңі. Қазірде дүкендер мен базарлар сөресі ерте піскен өнімдерге лық толы, олардың бірқатары оңтүстіктен әкелінсе, бірқатары жылыжайларда өсірілген. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады. Алайда, олар мөлшерден тыс болса, тағамнан улануға әкелуі әбден мүмкін. Денсаулыққа нитраттардан гөрі метаболиттер – нитриттер қауіпті екенін ұмытпаған жөн. Олар түрлі микроағзалардың әсерінен өнімдерді сақтағанда, кулинарлық өңдеуден өткізгенде пайда болады. Құрамында белгіленген нормадан тыс нитраттары бар тағамдар жегенде, ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудыратын метгемоглобинемия аса қауіпті. Бақша өнімдерімен байланысты тағамнан уланудың алдын алу үшін облыстың санитарлық қызметімен 561 бақша өнімінің сынамасы зерттеліп, олардың 4-еуі санитарлық талаптарға сай болмай шықты: «Ақниет» ЖШС-нен қызылша мен қырыққабат сынамасы, «Әлия» базарынан алынған баялды, «Анвар» супермаркетінен алынған редис сынамаларында нитраттар саны белгіленген мөлшерден артық болып шықты. Сатылымнан 11 кг көкөніс алынып, жойылды. Облыс халқын сақтандыру мақсатында ерте піскен табиғат сыйын пайдалану кезінде сақ болулары сұралады: қолдан немесе стихиялық базардан көкөніс сатып алмаған жөн. Тексеруден сырт қалғысы келген сатушы өнімді белгіленбеген жерден сатқанды жөн көреді. Бақша өнімдерін ұйымдастырылған базардан немесе дүкендерден сатып алған сенімдірек, өйткені сауда желілерінде сатылған азық-түліктің жауапкершілігі әкімшілік, сатушы, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханаларының қызметкерлеріне жүктеледі. Бақша өнімдерін сатып алу кезінде олардың қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарды талап етуді ұмытпаңыз.

     

   Нитриттерден  уланулар

    Қоршаған  ортаға түсетін  химиялық заттардың ішінде ең көп тарағаны ауыл шаруашылығында қолданылатын – минералдық тыңайтқыштар мен нитриттер, пестицидтер қалдықтары.. Қызылорда облысындағы адамның тұтынатын тамақ өнімдеріндегі пестицидтер мен нитраттардың қалдық көлемін анықтау барысында сынамалар мен зерттеулер жүргіздік 

 

Жылдар 2005 2006 2007 2008
Сынама/зерттеу 3459/9430 2304/9416 3914/13066 4553/13001
Заттардың табылуы 40/6 31/- 58/6 27/-

Шығыс Арал өңірінің қазіргі экологиялық  күйі климат процесін, өсімдіктер мен  жануарлар әлемін өте терең трансформацияға  түсіру қаупі жоқ емес. Адам денесінде иммундық жүйенің төмендеуі, әсіресе, балалар мен екіқабат әйелдер арасында, ал кейбір жағдайларда індетті ауруларға қарсы тұру қабілетінің нашарлағанын көрсетеді. Аймақтың қоршаған ортасының  ауасы, суы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғилығы жойылып, олардың құрамында, бойында токсиндердің, ауыр металдардың, пестицидтер мен гербицидтердің, дефолинттердің, өндірістік гидрозиндердің көлемі өскен. Судың сапасының төмендеуі, топырақтың деградациясы, шөлді аймақ көлемі өсуі, ауаның ластануы халық арасында ауру көрсеткіштерінің өсуіне алып келіп отыр.. Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенінен алынған сынамадан көруге болады.

Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенінен алынған жылдық зерттеулер

    Заттар ШРК 2007ж 2008ж
    Сульфат 100 мг/дм 585 503,4
    мыс 0,001 мг/дм 0,003 0,002
    Құрғақ қалдық 1000 мг/дм 1319,7 1208,8
    өлшенді заттар 0 мг/дм 102,4 151,1
 

   

    Судың негізгі көзі ашық су қоймасы болғандықтан, оны халықтың пайдалануы үшін, сол  деңгейдегі нормативтерге жеткізу  қажет.

2006-2008 жылдардағы  жер бетіндегі және жер астындағы  судан алынған сынақты зерттегенде судың физикалық-химиялық сапалық көрсеткіштері: судың кермектігі, тұтқырлығы, түсі, иісі, мөлдірлігі және микробиологиялық көрсеткіштері нормаға сәйкес келмейді. Ауыз судың физикалық-химиялық қосылыстарының сапалық көрсеткіштеріне экологиялық факторлар әсер етуде. Қызылорда облысы территориясын Сырдария өзені басып өтеді. Шаруашылықтық-азықтық және коммуналдық-тұрмыстық пайдалануға арналған судың   негізі осы өзен суы болып табылады. Ұзақ жылдардағы тексеру нәтижесі көрсеткендей Сырдария  суы тұтқыр, лайланған, құрғақ қалдықтар көп, минералдылығы жоғары, сапалық көрсеткіші 3-класқа жататын қоңыржай зақымдалған(1,01 - 2,5), кейбір химиялық заттар мен ауыр металдардың шектеулі  рауалды концентрациясы  жоғары. . Соңғы бес жылдық зерттеуде  су құбыры суына алынған лабораториялық  сынамада ГХЦГ, ДДТ, ДДЭ, ТМТД, Гамма ГХЦХ, Децис, Суми-альфа, Базагран қалдықтары табылды.  

   Нитриттерден  уланған жағдайлар 
 

2007 жылдың 9 айындағы  қоршаған ортаның  ластану жағдайы

    І. 2007 жылдың 9 айындағы Шымкент қаласының атмосфералық ауасының сапасы

    Атмосфералық  ауаның ластану жағдайы 4 тұрақ бойынша  бағаланады. Негізгі көрсеткіш ретінде  елді мекен ауасындағы ластауыш заттардың  шекті рауалы концентрациясының  мәні болып табылады.

    Шаңның  орташа концентрациясы 1,3 шекті рауалы концентрацияны, формальдегидтікі 4,7 шекті рауалы концентрацияны, азот қостотығы 1,3 шекті рауалы концентрацияны құрады. Формальдегидтің наурыз айындағы максималды бірлік концентрациясы 0,075 мг/м3 (Ордабасы алаңындағы №2 ластауды бақылау тұрағында 2,1 ШРК), азот қостотығыныкі 0,25 мг/м3 (цемпоселок ауданындағы №3 ластауды бақылау тұрағында 2,9 ШРК), көміртегі тотығыныкі 15 мг/м3 (цемпоселок ауданындағы №3 ластауды бақылау тұрағында 3,0 ШРК) және аммиактікі 0,23 мг/м3 (1,3 ШРК). Ауа жағдайы былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Валдық ластану анықталмаған.

    II. 2007 жылдың 9 айында  ОҚО ЦГМ шаруашылығы  аумағындағы құрлықтың  жер үсті суларының  сапасының жағдайы 

    Сырдария  өзенінің бассейні

    Сырдария  өзені суының химиялық құрамының  сипаттамасы 13 гидропост мәліметтері бойынша жүзеге асырылды. Негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Олардың максималды мәні сульфаттар бойынша - 12,3 есе, нитриттар бойынша - 3,0 есе, мыс бойынша - 7,0 есе және магний бойынша - 2,9 есе нормадан жоғары.  Судың ластану индексі (ИЗВ) - 1,74 және 3 сынып, қалыпты ластанған.

    Сырдария  өзені:

    Сырдария  өзені суының химиялық құрамының  сипаттамасы Сырдария өзені бассейнінде  орналасқан гидропост мәліметтері  бойынша жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған гидропосттарда өткізілген химиялық анализдер нәтижелері бойынша судың ластану дәрежесін келесі түрде сипаттауға болады: ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Сульфаттардың максималды құрамы нормадан 10,2 есе, нитриттер 3,0 есе, мыс 6 есе және магний 2,6 есе жоғары. Қалған ластауыш қосылыстар шекті нормада. Сырдария өзенінің ластану индексі - 2.00, яғни 3 сыныпты, қалыпты ластанған.

    Келес өзені:

    Өзен  жағдайы 2 гидропост бойынша бағаланады (Келес арнасы, Қазығұрт гидропосттары). Негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Максималдық мәні бойынша сульфаттар нормадан 12,3 есе жоғары, магний - 2,9 есе, нитриттер - 2,4 есе, мыс - 4 есе. Қалған ластауыш қосылыстар шекті нормада. Судың ластану индексі - 2,39, қалыпты ластанған, 4-ші сыныпты уыттылықты құрайды.

    Шардара су қоймасы:

    Суқойма суы сульфаттармен, нитриттармен, мыс  және магниймен ластанған. Максималдық  құрамы бойынша мыс 4 есе, сульфаттар 5,8 есе, нитриттер 1,9 есе және магний 1,1 есе нормадан жоғары. Судың ластану индексі - 1,93, 3 сыныпты уыттылықты құрайды, яғни қалыпты ластанған.

    Бөген және Қатта-Бөген  өзендері.

    Бөген және Қатта-Бөген өзендерінің сулары таза болып саналады. Судың химиялық құрамы шекті нормадан аспайды. Судың  ластану индексі Бөген өзені бойынша - 0,52, ал Қатта-Бөген өзені бойынша - 0,43, яғни 2-сыныпты, таза.

Қорытынды.

— Бүгінде  қала дүкендері мен базарларында ерте піскен өнім көп. Сондықтан жеміс-жидектер мен көкөністерді абайлап  пайдаланған жөн.

Өнімдердің  тез пісуі және оларға тауарлық рең беру үшін өнімдер нитрат қосындылары бар тыңайтқыштармен өңделеді. Ал бұл тыңайтқыштардың  көп мөлшерде болуы адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Тіпті улануы да мүмкін.  Нитраттардың көкөністерде  сақталуының себебі көп. Мысалы, күн сәулесінің жеткіліксіздігі де кері ықпал етеді. Сондай-ақ ауа температурасы, топырақ ылғалдылығының көп немесе жеткіліксіз болуы да нитраттарды көбейтеді.

Нитраттардың  ең көп мөлшері (40-80 пайызға дейін) адам ағзасына жаңа піскен көкөністерден түсетіндігі анықталды. Олар асқазанда тез сіңіп, қанға түсіп, ағзаға тез таралады.

Адам  ағзасының улануына  нитраттардан гөрі метаболитті нитриттер қауіптірек. Өйткені олар адам ағзасында оттекті тасымалдайтын гемоглобинді метгемоглобинге айналдырып, оттекті азайтады. Сонымен қатар, нитраттары көп жеміс-жидектерді үнемі пайдалану қатерлі ісіктердің (рак) пайда болуына, оның ішінде ас қорыту жүйесінің қатерлі ісігіне әкелуі де мүмкін.  Олар сондай-ақ орталық жүйке жүйесі мен жүрек қызметіне де кері әсер етеді.

Тағы  бір ескеретін жайт, ерте піскен жеміс-жидектер мен көкөністерді тек  қана арнайы дүкендер мен базарларда сатылған жағдайда тұтынғаныңыз дұрыс. Себебі ол нысандарды қадағалау органдары  үнемі тексереді.

Денсаулыққа зиян келтірмеу үшін сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын  анықтамасын талап еткен жөн. Ол құжатта сатушының аты-жөні, өнімнің зерттелген күні мен тағам қауіпсіздігі туралы қорытынды болады. Улану мен ішек ауруларының алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтауды ұмытпаған дұрыс.

Информация о работе Нитриттер