Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 18:23, курсовая работа
Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.
Төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
А) Су тасқынында алғашқы жердемді ұйымдастыру.
Б) Жер сілкінісінде алғашқы жәрдемдіұйымдастыру.
В) Табиғи апаттардан сақтану шаралары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Синкопальді суға кету тамыр қысылуынан жүректің рефлекторлы тоқтауы кезінде болады. Суға кетудің құрғақ түрінен тек пайда болу механизмімен ерекшеледі, алғашқы көмекте сол сияқты жан сақтау шаралары жасалады.
Кез келген суға кету кезінде өлімнің екі сатысын ажыратады. Суға кеткен адамның сыртқы түрі судан тез алынған кездің өзінде өлген адам сияқты болады. Соған қарамастан, ол клиникалық өлім сатысында деп есептеп, дереу тірілту шараларын қабылдау керек.
Жалпы жан сақтау шаралары
Егер адам есінен танбаса, оны сабырға шақырып, үстіндегі су киімдерін шешіп, құрғақтап сүртіп, жылы орау керек.
Егер есінен танып, бірақ тамыр соғысы мен тыныс алуы болса, мүсәтір спиртін иіскетіп, тар киімін шешіп, әсіресе мойны мен кеудесін босату керек. Тыныс алуын белсендіру үшін тілін бір қалыпта тарту керек.
Егер не тамыр соғысы, не тыныс алуы болмаса, дереу жүрек-өкпе реанимациясын бастау керек:
- Науқастың жауырынының
астына басы мейлінше артқа
шалқаятындай етіп оралған
- Тілін қолмен тартып алған дұрыс.
- Егер жақтары қарысып, ауызға қол жетпесе, жасанды тыныс алу «ауыздан мұрынға» тәсілімен жасалады.
- Жүрек тұсын уқалауды егер жалғыз болсаңыз 2 демді ішке тарту – 15 рет басу есебінен жасаңыз, қасыңызда адам болса 1 демді ішке тарту – 5 компрессия.
- Сіз суға кеткен адамның ішіндегі суды шығарғанша, басқалар «жедел жәрдем» шақырсын. Суды 30-40 минут шығаруға болады.
Науқас қандай жағдайда болса да, денесін ысқалап сипау арқылы жылыту, қол-аяқтарын уқалау пайдалы.
Науқастың тыныс алуы қалпына келе салысымен, оған ыстық шай беріп, көрпеге орайды және ол өзін алғашқы көмектен кейін жақсы сезініп тұрса да, оны емдеу мекемесіне жеткізу керек! Өкпенің ісінуі және басқа ауыр салдардың (мысалы, жүректің қайта тоқтауы) болуы мүмкін. Оның өміріне қауіп жоқ екенін тек дәрігерлер ғана айта алады!
Алдын алу шаралары
Суда жүру ережелерін сақтау керек: балаларды қараусыз қалдырмау, қайықтан секірмеу, суға түсуге арналған жерлердің маңынан шықпау, тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағат өтпей, мас күйінде және физикалық, психологиялық қажыған кезде суға түспеу. Күнге қатты қыздырынған соң суға түсу, әсіресе, егде жастағы адамдар үшін қауіпті. Білмейтін жерде, әсіресе басымен төмен суға секіру өте қауіпті.
Күн қыздырмай тұрып, таңертеңгі немесе кешкілік уақытта суға түскен дұрыс. Суға түсер алдында күнге қыздырынып алып, сіз өзіңізге үлкен қауіп төндіресіз: температура тез түсіп кеткен кезде тыныс алу толық тоқтап, бұлшық еттердің рефлекторлық тартылуы болуы мүмкін.
10-15 минуттан артық суда
жүруге болмайды. Егер ауа қысымы
35 0 жақындаса кез келген уақытта
суға түсуге болады деп
Суға түскен кезде әзілдеуге жол бермеңіз! Кейбір әзілқойлар әбден шаршап, суға шашалып немесе батып бара жатқан көріністі көрсетуді жақсы көреді. Мұндай әрекеттерге жол бермеңіз. Суға кету туралы жалған сигнал құтқарушыларды алаңдатып, оларды жаңылысуға әкеліп, өздерінің тікелей міндеттерін орындауға кедергі келтіреді.
Есте сақтаңыз: «Суға кеткен тал қармайды» деген мақалдың жаны бар. Қиын сәтте, ең бастысы, сасқалақтамау, жағдайды дұрыс бағалап, өзіңізді сабырға шақырып, жағаға қарай жүзу. Егер шаршағаныңызды сезінсеңіз, өзіңізді бос ұстауға тырысыңыз, шалқаңыздан жатып, асықпай тыныстап, демалыңыз. Иірімге түсіп кеткен жағдайда сүңгу керек және тереңдікте басқа жаққа жүзіп кетуге тырысу қажет (тереңдіктегі ағыс жылдамдығы азырақ болады). Егер сізге қарай үлкен толқынның келе жатқаны көрінсе, соққыны болдырмау үшін сүңгіп кету керек.
Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек
Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.
Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.
Зардап шегушіні жанталас
немесе клиникалық өлім жағдайында
алып шыққан кезде еанимация
шараларының кезектілігі
Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.
Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару, суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс (1-сурет).
Алғашқы көмек кезіндегі
жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз»,
«мұрынға-ауыз» әдістерімен
Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді.
1-Сурет. Зардап шегушінің тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару үшін келтірілетін қажетті жағдай
Жасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет (14-сурет). Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді.
2-Сурет. «Ауызға –ауыз» әдісімен жасанды демалдыру:
«Мұрынға ауыз» әдісін ем-дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда, зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданған дұрыс. Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс.
«Мұрынға ауыз» әдісімен жасанды демалдыруды жүргізу үшін мына әрекеттерді жасайды. Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды, екі –үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады.
Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді.
Балаға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды. Ауаны ересектермен салыстырғанда азырақ үрлейді. Балалардағы тыныс алу жиілігі минутына 18-20-дан аспауы тиіс.
Құрсақ төңірегінің қампайуы асқазанға ауаның барғанын көрсетеді. Алақанмен сырқаттың басы мен мойын жағына қарай іштің төңірегін аударып алақанмен сақтықпен қысады.
Сильвестр әдісі жиі қолданылады. Зардап шегушіні шалқалай жатқызып, кеуде клеткаларының төменгі бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе, онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады (3а-сурет). Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды (3б-сурет). Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның басының артына қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаның кіруіне жол ашады. Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны қысады, сөйтіп ауаны шығарады.
3-Сурет. Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру:
а) ауа жұту; б) ауа шығару
Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.
Шефер әдісі
Жасанды тыныс алдырумен қатар жүрек қызметінің қалыпқа түсуі қоса жүргізіледі. Жүрек қызметінің тоқтауының басты белгісі –ұйқы күре тамыры соғысының байқалмауы. Тамырдың соғысын зерттеуге алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі. Оның жоқтығы –жүректің жабық сылауының басталуына дабыл.
Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің жабық сылауын жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады (16а-сурет), оның басы қозғалмау үшін иығының астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды. Бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды (16б-сурет).
Сылау кезінде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшін қолдар созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай босаңсытады. Мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс.
а)
16-Сурет. Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру:
а) ауа жұту; б) ауа шығар
Шефер әдісі (4-сурет)
а) ауа жұту; б) ауа шығару
4-Сурет. Жүректің сыртқы сылауы
Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі (4-сурет). Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды (5б-сурет), ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді (5а-сурет). Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.
Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын төрт-бес рет қысу, одан кейін ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді жасанды тыныс алдыру клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі болып табылады .
5-Сурет. Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама сылау.
а) ауа жұту; б) ауа шығау
Жер сілкінісі
Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды.
Жер сiлкiнiсi - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң қозғалуы.
Жер сілкінісінің барысында
адамдар қаза болады, үйлер, жолдар,
көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа
да инженерлік ғимараттар - су құбырлары,
канализация, электр беру жүйесі қирайды,
байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел,
сырғыма қопарылыс пайда
Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.
Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.
Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар алаңы мен балкондар жатады.
Үйде, жұмыста көшеде және
өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде
өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді
алдын ала ойластыруға
Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.
Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын болыңыз.