Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:24, реферат
Сонымен қатар гемопоз екі кезеңнен тұрады:Эмбрионалды кезең қанның тін ретінде қалыптасуына алып келеді,сол себепті қанның гистогенезі болып табылады.Постэмбрионалды гемопоэз қанның тін ретіндегі физиологиялық регенерациясын қалыптастыратын процесс болып табылады.
Қан жасушалары түзілетін жүйеге ағзадағы қан жүйесінің гемостазын(тұрақтылығын) сақтап, иммунды қорғаныс қызметін аткаратын мүшелердің жиынтығы жатады.
Бұл мүшелерге сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), көкбауыр, лимфа түйіндері мен асқорыту жолындағы миндалиналар, ішектегі лимфоидты түйіндер және басқа да мүшелердегі лимфатикалық фолликулдары жатады.
Қанның түзілуі-қанның формула элементтерінен түзілетін процесс.Қанның түзілуін екі түрге бөледі:
1)миелоидты
2)лимфоидты
Өз кезегінде миелоидты қан түзілу мынадай топтарға бөлінеді:
1)эритроцитопоэз
2)гранулоцитопоэз
3)тромбоцитопоэз
4)моноцитопоэз
Лимфоидты қан түзілу екі топқа жіктеледі:
1)лимфоцитопоэз
2)В-лифоцитопоэз
Сонымен қатар гемопоз екі кезеңнен тұрады:Эмбрионалды кезең қанның тін ретінде қалыптасуына алып келеді,сол себепті қанның гистогенезі болып табылады.Постэмбрионалды гемопоэз қанның тін ретіндегі физиологиялық регенерациясын қалыптастыратын процесс болып табылады.
Қан жасушалары түзілетін
жүйеге ағзадағы қан жүйесінің гемостазын(тұрақтылығын) сақтап, иммунды қорғаныс қызметін аткаратын мүшелердің жиынтығы жатады.
Бұл мүшелерге сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), көкбауыр, лимфа түйіндері мен асқорыту жолындағы миндалиналар, ішектегі лимфоидты түйіндер және басқа да мүшелердегі лимфатикалық фолликулдары жатады.
Қан жасушалары түзілетін мүшелерекі топқа: орталық және шеткі болып бөлінеді. Тимус лимфопоэздің орталық мүшесі. Ал шеткі мүшелерде тимутан келген Т мен В лимфоциттерінің
көбеюі, антигендердің әсерінен мамандануы жүзеге асады да, иммунды қорғаныс қызметін атқаратын эффекторлы жасушалар мен еске сақтау жасушалары түзіледі.
Қан түзетін иммунды қорганыс мүшелерінің қызметін орталық нерв жүйесі бақылап, өзара тығыз байланысты жүйелер тобын құрайды. Қан жасайтын мүшелердің қызметтері сан алуан болғанымен олардың құрылыс ерекшеліктері бірдей, бір біріне ұқсас болады. Бұл мүшелердегі ұқсастық оларды біріктіріп, негізінен түзетін, ретикулинді дәнекер тіні болып табылады. Ретикулинді дәнекер тіні гемопоэтикалық жасушалармен лимфоциттерге арнайы микроқоршаулар түзеді.
Қан жасайтын, иммунды қорғаныс мүшелер жүйесі
Қан жасушалары түзілетін жүйеге - ағзадағы қан жүйесінің гомеостазын (тұрақтылығын) сақтап, иммунды қорғаныс қызметін атқаратын мүшелердің жиынтығы жатады.
Бұл мүшелерге:сүйектің қызыл кемігі,тимус,көкбауыр,
лимфа түйіндерімен асқорыту жолдарындағы миндалиналар,ішектегі лимфоидты түйіндер және басқада мүшелердегі лимфатикалық фоликулдары жатады.
Қан жасушалары түзілетін мүшелер екі топқа:орталық және шеткі болып бөлінеді. Тимус лимфопоэздің орталық мүшесі. Ал шеткі мүшелерде тимустан келген Т мен В лимфоциттерінің көбеюі, антигендердің әсерінен мамандануы жүзеге асады да, иммунды қорғаныс қызметін атқаратын эффекторлы жасушалар мен еске сақтау жасушалары түзіледі.
Қан түзетін иммунды қорғаныс мүшелерінің қызметін орталық нерв жүейсі бақылап, өзара тығыз байланыстағы жүйелер тобын құрайды. Қан жасайтын мүшелердің қызметтері сан алуан болғанымен олардың құрылыс ерекшеліктері бірдей, бір біріне ұқсас болады. Бұл мүшелердегі ұқсастық оларды біріктіріп, негізін түзетін, ретикулинді дәнекер тіні болып табылады. Ретикуленді дәнекер тіні гемопоетиклық жасушалармен лимфоциттерге арнайы қоршау түзіп,бұл мүшелердің стромасында құрайды.Қан жасушалары түзілетін мүшелердің құрамындағы имунды қорғаныс қызметін атқаратын жасушалар фагцитоздық әдіспен,қан лимфаны бөгде заттардан және тіршілігін жойған қан жасушаларының өзінен де тазалап отырады.
Сүйектің қызыл кемігі
Қан жасушаларын түзетін орталық мүше сүйектің кемігі.Қанның өзінің орнын өзі толтырып отыратын бағаналы жасушалары мен миелоидты,лимфоидты
жасушалар тобы осы сүйек қызыл кемігінде қоныстанған.
Дамуы:Адам ұрығының 2-айында бұғана,ал 3-айында жалпақ жауырын,жамбас,қабырғаға төс
сүйектерінің кемігі,4-айлық нәрестеде түтікше сүйектерінің кемігі дами бастайды.Ұрықтың 11-аптасында остеобластық сүйек кемігі пайда болып,остеогенді қызмет атқарады.Бұл кезеңде пайда болған сүйек кемігінде алғашқы қанның бағаналы жасушалар жиынтығы пайда болады.Ұрықтың 13-14аптасында алғашқы қан тамырлар айналасында гемопоетикалық,ал 20-28аптасындағы адам ұрығының түтікше сүйектерінің қуысында остеокластар пайда болып,сүйек перделерін реобрциялау нәтижесінде сүйек кемігінің эпифизге қарай өсуі де байқалады.Осыдан бастап сүйек кемігі қан жасайтын мүше болып саналады. Сүйек кемігінде ең алдымен эритроидты топты түзетін аралшықтар біліне бастайды. Адам ұрығының 36 –аптасында түтікше сүйектердің диафизіндегі кемігінде май жасушалары мен қан жасушаларының даму ошақтары пайда болады. Ересек адамдардың сүйектерінің құрамынан қызыл және сары миын ажыратады. Сүйектің қызыл кемігі (medulla osseum rubra) бұл – сүйек миының қан жасайтын бөлігі. Ересек адамның сүйектерінің құрамында бұл жалпы дене салмағының 5% құрайды. Сүйек кемігі қызыл түсті, қоймалжың, шынышағы оңай жағылып, жағынды (мазок) жасалатын құрылым. Сүйек кемігінің құрамында қанның бағаналы жасушалары, гемопоэтикалық эритроидты, гранулоциттер мен мегакариоциттер қатары (дифферон) және В, Т –лимфоциттердің ізашары орналасады. Осыларға микроқоршау болып табылатын – сүйек кемігінің негізін түзетін ретикулинді дәнекер тіні. Соңғы кезде бұл микро қоршау құрамына остеогенді жасушалармен қоса май (адипоциттерді), адвентициальді, эндотелий жасушалары мен макрофагтарды да жатқызып жүр.
Ретикулярлы жасушалары – механикалық, секреторлы қызмет атқаратын өсінділері бар, негізгі затты синтездейтін (проколлоген, глюкозаминогликандарды, белоктарды) қан жасушаларына негізгі қоршау бола отырып, гемопоэтикалық жасушаларына өсу факторын (бөлетін жасушалар) бөледі.
Остеогендік жасушалары – осетобласттар сүйек тінінде тіректік қызмет атқарып, сүйек эндостінің (қабының) негізін түзеді. Бұл жасушалар да өсу факторларын бөледі. Қан жасушаларының ең көп көбейетін жері осы эндост. Эндост маңында қанның бағаналы жасушаларының мқлшері сүйек қуысының ортаңғы бөлігіне қарағанда 3 есе көбірек болып келеді.
Адипоциттер – сүйек кемігінің құрамында үнемі болып тұратын жасушалар. Адвентициальді жасушалардың 50%, көбінесе синусоидты капиллярлардың сыртын қоршайды. Гемопоэтиндердің әсерінен бұлар жиырылып қан жасушаларының қан ағымына өтуіне жағдай туғызады.
Эндотелиоциттер – коллаген IV түрін синтездеп, гемопоэтинді түзеді. Мұнымен қоса топ түзетін факторлармен антигендік қаиеті бар фибронектинді синтездейді.Эндотелиоциттер қан капиллярларының ішін қан тамырларын тыстап,жиырылғыштық қасиеті арқасында қанды,қан жасушаларын қан тамырларының ішінде жылжытады.
Макрофагтар - лизосомалар мен фагосомаларға өте бай фагоцитоздық қызмет атқарады. Макрофагтардың кейбір түрлері биологиялық белсенді заттарды да (эритропоэтин, т.т.ф-тоб түзетін факторлар, интерферон т.б) синтездейді. Макрофагтар өсінділері (жалған аяқтары) арқылы синусойидты қан капиллярлар қабырғасына жабысып, қанның құрамында темірі бар қосындыларды (трансферринді) алып, эритроидты жасушаларға береді. Эритроидтар темірді гемоглобиннің нем бөлігін жасау үшін жұмсайды.
Жасушааралық зат – құрамында коллаген II,III,IY – түрлері мен гликопротеидтер, протеогликандары бар, күрделі құрылым. Гемопоэтикалық жасушалар немесе қан жасушаларының – дифферон қатарлары алты кластан тұрады.
Эротропоэз – сүйек кемігіндегі эритропоэтикалық аралшықтарда жүреді. Эритробласты аралшықтардағы эритроидты жасушаларды макрофагтар қоршайды да, бұлардан ТТЭ дамиды. ТТЭ, проэритробласттар, ретикулоциттер, эритроциттер дамиды. Макрофагтар эритроциттерге «пянка» қорек беруші, қолдаушы есесбінде танылады.(ТТЭ топ түзетін эритробласттар).
Гранулоциттер (түйіншікті қан жасушалары) эритроидты жасушалар төрізді топтар түзеді, бірақ бұл топтар сүйек кемігінің шеткі бөліктеріне жақын орналасады. Әлі пісіп жетілмеген гранулоциттерді протеогликандар қоршайды. Ал пісіп жетілген жасушалар біртіндеп қан ағымына өтіп, отырады. Бұлардың саны эритроциттерге қарағанда 3 есе көп болады.
Мегакариобласттар мен мега кариоциттер көбінесе синусоидты қан тамырларына жақын орналасып, тіпті цитоплазмасынан шыққан өсінділері қан тамыры қуысына еніп те кетеді. Сөйтіп фрагменттері (бөлшектері) қан кемігі ққұрамындағы аралшықтарда лимфоциттер мен моноциттер орналасқан тұстары қан тамырларын қоршай жатады. Сүйек кемігінде қабыну ошақтары пайда болса, пісіп жетілмеген қан жасушалары қан ағымына өтіп те кетеді. Оларға миелоциттер мен эритробласттар жатады. Қалыпты жағдайда мұндай құбылыстар байқалмайды.
Тимус (айырша без) – лимфоцитопоэз бен иммуногенездің орталық мүшесі. Сүйек кемігінен келген Т – лимфоциттердің антигенге тәуелсіз ізашары тимуста әрі қарай дамып, жасушалық иммунитет реакцияларын жүзеге асырып, гуморальді иммунитетті реттейді. Жаңа туған жануарлардың тимусын алып тастаса, барлық қан жасайтын мүшелерде лимфоциттер саны азайып, кіші лимфоциттер жойылады да, жалпы лейкоциттердің санының күрт төмендеуі (мүшелердің атрофиясынан, мүшелер қанданады) және тағы басқа белгілер байқалады. Мұндай кезде ағза көптеген инфекциялы – жұқпалы ауруларға өте сезімтал келеді.
Дамуы. Тимустың бастамас ұрықтық дамудың алғашқы айында жұтқыншақтың эпителиінің III – IV желбезек қалталарының құрамындағы көп қабаты эпителий тізбегінен пайда болады.Ұрықтың дамуының 7-аптасында адам тимусының эпителий құрамында алғашқы лимфоциттер дамиды.Ал 11-12апталық ұрықта лимфоциттердің бөлінуі жүзеге асады.Т-антиген пайда болады.
3-айлық нәрестеде тимустың паренхимасында қыртысты және боз затының бөліктері байқалады.Боз затының стромасында қабатталған эпителиальды денешіктер пайда бола бастады.
Құрылысы.Тимустың сырты дәнекер тінді капсуламен қапталған.Капсула астында
бездің негізін түзетін өсінділі жасушалардын эпителий тіні.Без капсуласынан көптеген перделер тарап,безді біреше бөліктерге бөлінеді.Тимустың әрбір бөліктерге бөлінеді.Тимустың әрбәр бөләктерә оның қыртысты және боз затынан тұрады.
Қыртысты заты. Тимус бөліктерінің бұл затында көптеген Т лимфоциттері болады. Қыртысты затында немесе аймағында ірі лимфоидты жасушалар, лимфобластар, Тлимфоциттерініңсүйек
кемігінен келген ізашарлары орналасады. Тимустың негізін түзетін эпителивльды ретикулоциттер бөлетін гормон тимозиннің, әсерінен аталған лимфоциттер көбейеді де лимфоциттердің жаңа түрлер әрбір сағат сайын пайда болып отырады. Қыртысты заттағы Т лимфоциттері қан ағымына бірден өтіп отырады.
Сонымен, қан түзу процесіндегі тимустың алатын орны ерекше. Тимус Тлимфоциттерді түзуге, тимозин гормонын бөлуге жіне лимфоциттердің селекциясына да өатысады. Маманданған Тлимфоциттер тимустан шеткі мүшелерге өтеді де (лимфа түйініде, көкбауырға) , мұнда пісіп жетіліп, мүшелерге өтеді де (лимфа түйінінде, көкбауырға), мұнда пісіп жетіліп, антиген реактивті киллерге, хелперге және супрессорларға айналады. Көптеген лимфоцитттер маманданған соң қан ағымына өтіп, арнайы циторецепторлары бар деңгейге де жетеді.
Ал мамандабаған лимфоциттер (рецепторсыз жасушалар) немесе Т лимфоциттері тимутың өзінде тіршілігін жояды.
Тимус қыртысындағы жасушалары мен қан тамырлар арасында гематотимустық (барьер) сүзгі бар. Бұл сүзгі қыртысты заттағы лимфоциттерді
антигеннен сақтайды. Гемато тимустық сүзгі құрамына гемокаппилярдың эндотеилимфоциттер мен макрофагтары және эпителиоретикулярлы жасушалар, бұлар бекінген базальді мембрана жатады. Бұл сүзгінің өткізгіштік қасиеті ерекше, егер сүзгіден антиген өтіп кетсе, онда оның концентрациясы төмендегені (қалыпты жағдайда өткізбейді)
Бқз заты гстологиялық препаратта ақшыл түсті, себебі қыртысты затымен салыстырғанда, мұнда лимфоциттері аз болады. Бұл лимфоциттер Т лимфоциттердің рециркуляциялаушы пулі (көптеген жасушалардың жиынтығы). Бұлар венулалары мен лимфа тамырлары арқылы қан ағымына өтіп және одан қайта шыға алатын жасушалар. Тимустың боз затында митоздың жолымен бөлінетін жасушалар саны қыртысты затқа қарағанда есе аз болады.
Тимустың негізінен құрайтын өсіндісі эндотелиоциттердің ультрамикроскопиялық құрылыс ерекшелігіне цитоплазмада көптеген вакуолдар мен сыртқы бетінде микробүрлері бар, жасушалық торлары (эндоплазмалы торлар) жатады.
Боз заттың отра бөлігінде қабатталған эпителиальді денешіктер орналасады. Бұларды Гассаль денешіктері дейді.
Қыртысты заттағы қан капиллярлары базальді мембрана мен капиллярдың сыртқы кеңістіктегігіндегі (перикапиллярдағы) эпителиалдық жасушалармен қоршалған. Тіндік сұйықтықпен толы бұл кеңістікте лимфоциттер мен макрофагтар кездеседі. Қыртысты затындағы қан капиллярлары біртіндеп венулаларға айналады. Тимуста лимфа жүесі де жақсы дамыған. Лимфа капиллярлары қан тамырлардың бойымен өтіп бөлік аралық тамырларға айналады.