Постэмбрионалды иммунология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:24, реферат

Описание

Сонымен қатар гемопоз екі кезеңнен тұрады:Эмбрионалды кезең қанның тін ретінде қалыптасуына алып келеді,сол себепті қанның гистогенезі болып табылады.Постэмбрионалды гемопоэз қанның тін ретіндегі физиологиялық регенерациясын қалыптастыратын процесс болып табылады.
Қан жасушалары түзілетін жүйеге ағзадағы қан жүйесінің гемостазын(тұрақтылығын) сақтап, иммунды қорғаныс қызметін аткаратын мүшелердің жиынтығы жатады.
Бұл мүшелерге сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), көкбауыр, лимфа түйіндері мен асқорыту жолындағы миндалиналар, ішектегі лимфоидты түйіндер және басқа да мүшелердегі лимфатикалық фолликулдары жатады.

Работа состоит из  1 файл

Постэмбр иммун.docx

— 31.81 Кб (Скачать документ)

    Тимустың  жасқа байланысты ерекшелігі

    Тимустың  дамуы адамның ерте балалық шағында  ең жоғарғы деңгейге жетеді де   жастан   жасқа дейін бездің салмағының қалыптасуы жүреді.

    Бұдан кейінірек тимус безінің инвоюциясы лимфоциттердің, әсіресе, бездің қыртысты затында азаюына, май тінінің  дамуына және без жасушаларының  құрамында липидті қосындылардың  пайда болуымен ерекшеленеді. Кейде  тимустың жасқа байланысты инволюциясы  байқалмайды. Бұл әдетте бүйрек үсті безінің қыртысты затындағы гормон глюкокортикоидтардың жетіспеушілігімен қоса жүреді. Мұндай адамдар жұқпалы аурулары шығуы мүмкін. 

    Уақытша, әрі жылдам немесе акцидентальді  инволюция мүшелерге әр түрлі  аса кушті тітіркендіпгіштердің әсер етуіне (жарақаттану, аштық жариялау, улану кезінде т.б. ) байланысты туады. Стресс реакциялары кезінде Т  лимфоциттердің  селекциясының көріні болар. Ағзада бүйрек үсті безінің қыртысындағы гормондарының  мөлшері көбейсе, концентрлі қабатталған эпителиальді ретикулоциттерден құралған Гассаль  денешігі цитоплазмасында ірі вакуольдары  мен кератин, фибрилляры құрылымдары  болады. Мұндай қабатталған денешіктердің  саны көбейіп, олардың көлемі адамның  жасына байланысты ұлғаяды. Тимустың бөліктерінде макрофагтар да жеткілікті.

    Васкуляризациясы. Тимуқа келген артерия біртіндеп  бөлек аралық және бөлікішілік артеиолаларға (капиллярларға) тармақталады. Артериялардың  соңғы бқліктері гемато тимустық сүзгілермен қоршалады да, капиллярларға  айналады. Бұлар біртіндеп барып  капсула асты веналарға ұласып, тимус  бөліктерінен шығады. Біртіндеп, бөлік  аралық, одан жалпы тимустан шығатын  венаға айналады. Тимустың қызметтеріне қанға биологиялық белсенді заттар бөлумен, қандағы қанттың мөлшерін төмендететін инсулин тәрізді, қандағы  кальций концентрациясын төмендетеін  кальцитонин тәрізді факторлар  мен өсу гормондарын бөлу жатады. Егер жас төлдің (малдың ) тимусын  алып тастаса, шеткі қан түзілетін  мүшелерінің дамуы бұзфлфп, денесі өспейді.

    Лимфа түйіндері 

    Лимфа түйіндері лимфа тамырларының бойында  орналасып, лимфопоэтикалық, иммунды  қорғаныс қызметтерін атқарып, қанның құрамындағы лимфоциттерді үнемі  жаңалап отырады. Лимфа түйіндерінде «Т» және «В» лимфоциттерінің  дифференцировкасы өтіп, еске сақтау жасушасы пайда болады. Түйіндер дөңгелек немесе сопақша келген, мөлшері 0,5 – 1 см. Пішіні бұршақ тәрізді, дөңес беткейінен лимфа тамырлары кіріп, ойыс бөлігінен лимфа мен вена тамырлары шығады, ал артерия мен нервтер кіреді. Міне осы бөлігін қақпасы деп атайды. Осы ерекшелігіне байланысты да лимфа түйіні сүзгі қызметін атқарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   

                     

                               
 

    Жоспар 

    I.Кіріспе

    II.Негізгі  бөлім

    А)Қанның түзілуі

    Б)Қан  жасайтын,иммунды қорғаныс мүшелері

    III.Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

               Қан,лимфа және клеткааралық сұйықтық  организмнің ішкі ортасын құрайды.Клетка  тәршілігі үшін осы ішкі ортаның  оның ішінде қан құрамының  физикалық,химиялық,биологиялық қасиеттері  тұрақты болуы шарт,тек осы  тұрақтылықтың арқасында организм  сырттағы құбылмалы да күрделі  өзгерістерге төтеп бере алады.Ал  қанның функциялары:

    1)Тасымалдау  қызметі

    2)Тыныс  алу қызметі

    3)Трофикалық  яғни қоректендіру  қызметі

    4)Экскреторлық  қызметі

    5)Қорғаныс  қызметі

    6)Гуморальдық  рефлекстік реттеу

    7)Макромлекулаларды  клеткаларға тасымалдау  қызметі

    8)Осмостық  қысымның тұрақтылығы

    9)Дене  қызуын бірқалыпты  сақтау болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

    Қорытындылай  келгенде,қан,лимфа және клеткааралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын  құрайды.Клетка тәршілігі үшін осы  ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының  физикалық,химиялық,биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт,тек осы  тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Қан жасушалары түзілетін жүйеге  ағзадағы қан жүйесінің гемостазын(тұрақтылығын) сақтап, иммунды қорғаныс қызметін аткаратын мүшелердің жиынтығы жатады.

          Бұл мүшелерге сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), көкбауыр, лимфа түйіндері мен асқорыту жолындағы миндалиналар, ішектегі лимфоидты түйіндер және басқа да мүшелердегі лимфатикалық фолликулдары жатады.

    Қан жасушалары түзілетін мүшелерекі топқа: орталық және шеткі болып бөлінеді. Тимус  лимфопоэздің орталық мүшесі. Ал шеткі мүшелерде тимутан келген Т мен В лимфоциттерінің көбеюі, антигендердің  әсерінен мамандануы жүзеге асады да, иммунды қорғаныс қызметін атқаратын эффекторлы жасушалар  мен еске сақтау жасушалары түзіледі.

    Қан түзетін иммунды қорганыс мүшелерінің  қызметін орталық нерв жүйесі бақылап, өзара тығыз байланысты жүйелер  тобын құрайды. Қан жасайтын мүшелердің қызметтері сан алуан болғанымен олардың құрылыс ерекшеліктері  бірдей, бір біріне ұқсас болады. Бұл мүшелердегі ұқсастық оларды біріктіріп, негізінен түзетін, ретикулинді  дәнекер тіні болып табылады. Ретикулинді  дәнекер тіні гемопоэтикалық жасушалармен лимфоциттерге арнайы микроқоршаулар түзеді

«Астана медициналық университеті» АҚ 

      

              Тақырыбы:

    «Постэмбриональды иммуноцитопоэз» 
 

               Орындаған: Дәулетхан Ж 317 ЖМ тобы

                Тексерген:  
 
 
 
 

Астана  – 2011 жыл 
 
 
 

Информация о работе Постэмбрионалды иммунология