Шаңды бронхит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 17:14, доклад

Описание

Шаңды бронхит (ШБ) — құрылымды өзгерістер мен перибронхиалды қабынулардың дамуымен ірі дисперсті шаңдардың әсерінен пайда болатын баяу үдемелі эндобронхит. Кейбір шаңдар пневмокониозға қарағанда жиі сүлелі бронхиттің дамуын тудырады. Бұлар құрамында аз мөлшерде кварцтары бар дөрекі дисперсті шаңдар (цемент, өсімдік, ағаш). Сүлелі эндобронхитті ең алдымен бронх ағаштарында орналасқан шаңдар тудырады. ШБ дамуында құрамындағы SiO2 қарағанда шаңның мөлшерінің маңызы зор.Шаңды бронхитті дамуына сыртқы факторларда әсер етеді – темек шегу, қоршаған ортаның ластануы. әртүрлі өндірістік шаңдардың әсерінен шаңды бронхит дамуы мүмкін: көмір, мақта, ұн, дән, цемент, абразивті.

Работа состоит из  1 файл

Шаңды бронхит.docx

— 29.79 Кб (Скачать документ)

                                                       Шаңды бронхит

Шаңды бронхит (ШБ) — құрылымды  өзгерістер мен перибронхиалды қабынулардың дамуымен ірі дисперсті шаңдардың әсерінен пайда болатын  баяу үдемелі эндобронхит. Кейбір шаңдар пневмокониозға қарағанда жиі сүлелі бронхиттің дамуын тудырады. Бұлар құрамында аз мөлшерде кварцтары бар дөрекі дисперсті шаңдар (цемент, өсімдік, ағаш). Сүлелі эндобронхитті ең алдымен бронх ағаштарында орналасқан шаңдар тудырады. ШБ дамуында құрамындағы SiO2 қарағанда шаңның мөлшерінің маңызы зор.Шаңды бронхитті дамуына сыртқы факторларда әсер етеді – темек шегу, қоршаған ортаның ластануы. әртүрлі өндірістік шаңдардың  әсерінен шаңды бронхит дамуы мүмкін: көмір, мақта, ұн, дән, цемент, абразивті. ШБ дамитын негізгі мамандықтарға жатады: шахтерлар, цемент зауытының жұмысшылары, тігінші фабрикаларының, мақтаны тазартатын зауыттар, құрлысшы жұмысшылары және т.б.

ШБ жоғарғы шаңды жағдайларда ұзақ жыл бойы жұмыс істеген адамдарда дамиды. Көбінесе орта немесе егде жастағы ер адамдар ауырады.

 

Патогенез: Шаңды  бронхиттер патогенезі бойынша көп жағдайларда сүлелі бронхиттің обструктивті түріне жатады. Ұзақ шаңның әсерінен бронх ағашында пайда болған өзгерістер аурудың ерте кезеңінде обструкцияға әкеледі.

 

         Шаңмен жұмысты жалғастыра берген  жағдайларда ауру өрши түседі. Бұндай жағдайларда шаңды бронхиттің  мүгедектік түрінің айқын клиникасы дамиды. Дискриния мен дискинезия бронх ағашындағы қабынулық өзгерістердің дамуына әсер етеді, ол обструкцияны үдете түседі. Обструктивті өзгерістердің өршуі, бролнхоспазмдардың пайда болуы, өкпе эмфиземасы мен тыныс жетіспеушілігіне әкеледі.

 

Аурдың бастапқы кезеңдерінде  тыныс қызметтерінің бұзылыстарының дамуы, жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістерді тудырады, ол шаңды бронхит кезінде ерте және кіші, үлкен қанайналымдарда ерте басталады. Аурудың басында жүректің соққылық және минуттық көлемі ұлғаяды, ал айқын өкпе эмфиземасы мен тыныс жетіспеушілігі бар науқастарда ол шамалы түрде төмендейді.

 

Өкпедегі  процестердің  өршуі кіші қан айналым шеңберінде гипертензияның дамуы мен өкпелік  жүректің қалыптасуына әкеледі. Миокардтың жиырылу қызметінің жағдайына және тыныс бұзылыстарының ерекшеліктеріне бюайланысты, өкпелік жүректері бар науқастардағы гемодинамикалық көрсеткіштер біршама өзгерістермен сипатталады.

 

Инфлюенц таяқшалары мен  пневмококтардың шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда бронхтарында қабыну процестерін тудыруда маңызы зор. Клиникасында айқын демікпелік синдромдары бар науқастарда  осы микробтардың ағзаға сенсибилизациясы серологиялық әдістермен дәлелденген.

 

Шаңды бронхиттердің дамуы  мен өршулерінде ағзаның жеке еркшеліктерінің маңызы зор. Шаңды бронхиттердің бастапқы кезеңдерінде ағзаның жалпы резистенттілігі төмендейді. Аурудың өршуінің дамуы кезіндегі клеткалық және гуморалды иммунитет сүлелі аурулармен бірге иммунологиялық жетіспеушіліктің екінші типі бойынша жүреді. Бронх ағашындағы қабыну процесінің сипаты мен белсенділігіне байланысты иммунологиялық тәуелділік анықталған.

Шаңды бронхиттердің клиникалық диагностикасы анамнезіне, науқастың шағымдарына, клиникалық зерттеулер мен қосымша зерттеу әдістеріне негізделген. Шаңды бронхиттерді сүлелі бронхиттерден ажырататын себептердің ерекшеліктеріне клиникалық симптомдардың  баяу дамуы және аурудың нақты морфогенезін көрсетуі жатады. Шаңды бронхит құрғақ немесе аз мөлшердегі қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелмен басталады. Бұл симптомдарға науқас аурудың басында көңіл аудармайды. Кейде науқастар ауруларын жедел басталды деп есептейді(кенеттен температурасының жоғарлауы, жөтелдің күшеюі). әдетте бұндай жағдайларда жедел бронхит немесе жоғарғы тыныс жолдарының жедел катары диагнозын қояды. Сәйкес емді жүргізгеннен жедел көріністер басылады, бірақ жөтел кейде аздаған ентігу қалады.

Егер анамнезін мұқият жинайтын болсақ, науқастарда жедел аурулардың дамуына дейін науқастарды жөтел мазалағанын анықтауға болады. Жөтел аурудың бастапқы кезеңдерін снамаған кезде сиреку құрғақ болады, әдетте қақырықтың бөлінуі болады, басында шырышты, жабысқақ, соңыра брохтардың зақымдалған жағдайларында іріңнің нәтижесінде сарғыш немесе жасыл түсті болады. Өте сирек жағдайларда шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда қақырықтың  болмауы бронхтарда қақырықтың жабысқақ және қою, сонымен қатар шырыштың шығуын қиындататын бронх ағашының дистониясы мен деформациясымен түсіндіріледі. Шаңды бронхиттерге тән ерекше белгілердің біріне тәуліктік қақырық мөлшнрінің аз мөлшерде болуы жатады (20-30 мл тәулігіне). Сирек жағдайларды көп мөлшнрде қақырықтың бөлінуі байқалынады.

Шаңды бронхит кезіндегі маңызды клиникалық симптомдарға — өкпенің жетіспеушілігінің дамуымен өкпенің басқада сүлелі ауруларын көрсететін ентігудің пайда болуы жатады.

 

Шаңды бронхит кезінде  обструктивті синдром басым болған жағдайларда анықталынатын, тыныстың қиындау сезімімен жүретін, ұстама тәрізді ентігулерге шаңды бронхитпен ауыратын науқастың анамнезіне ерекше көңіл аудару керек.

 

Шаңды бронхиттің айқын түрі бар науқастар үшін жалпы дегбірсіздік, тез шаршағыштық, әлсіздік  шағымдары тән. Жиі сүлелі шаңды бронхиті бар науқастар кеудесіндегі ауырсынуларға, кеудесіндегі ауырлық және басылу сезімдеріне шағымданады.

 

Сүлелі бронхиті бар науқастарды  қарап тексерген жағдайларда  бронхалық синдромдардың барлығын дәлелдейтін, өкпе эмфиземасы, өкпелік  жетіспеушілік белгілеріне еркше  көңіл аударамыз.

 

Өкпе аускультациясы кезінде, тынысқа тән өзгерістер анықталынады, сонымен қатар құрғақ кейде ылғалды сырылдар пайда болады.  Шаңның себебінен пайда болған сүлелі бронхит кезінде құрғақ сырылдар жайылмалы сипатта болады, және  аурудың айқын түрінде өкпенің барлық аймақтарында естіледі.

 

Шаңды бронхитті анықтау  кезінде функционалды,рентгенологиялық, эндоскопиялық және басқа тексеру әдістерінің маңызы зор.

 

Рентгенологиялық әдіс пневмоканиоздардан басқа, қандайда бір шаңды бронхит кезіндегі өзгерістерді анықтамайды. Осы аурлар кезіндегі рентгенологгиялық әдістердің негізгі мақсаты өкпе ауруларын жоққа шығарып, мүмкін болатын асқынуларды алдын алу: перибронхиалды пневмосклероз, өкпе эмфиземасы, перифокалды пневманиялық өзгерістенр.

 

Соңғы жалдары жүргізілген  зерттеулерде профессионалды емес себепті  эндоскопиялық тән сипаты анықталында, ол шаңды бронхиттің обьективті эндоскопиялық  критерилеріне жатады. Оларға жатады: шырышты қабаттың жоғарғы жиіліктегі атрофиялық өзгерістері, бронх бездерінің ерте және айқын атрофиясы, «жалған  гиперемия»  түріндегі кеңірдекпен бронхтардың шырышты қабаттарындағы тамырлар суретінң өзгерістері, кеңірдек және бронхтардың  мембранозды  қабырғаларындағы  жиі дистония (50%), бронх ағаштарының әртүрлі аймақтарындағы деформациялар, қабынуға тән белгілердің болмауы, әсіресе аурудың бастапқы кезеңдерінде, бронх ағашының зақымдануының екі жақты және төменгі сипатта болуы мүмкін.

 

Шаңды бронхиттері бар  науқастарда  шырышты қабаттарының асты шаңмен толып қалуы мүмкін «татуировка», бірақ осы эндоскопиялық белгі  көбінесе пневмокониоздар кезінде кездесуі мүмкін.

 

Шаңды бронхит кезіндегі  клиникалық диагнозды қалыптастыру кезінде, тыныс қызметінің жағдайын комплексті бағалаудың маңызы зор. әртүрлі  функционалды зерттеу әдістерінің  ішінде өкпенің өмірлік сиымдылығын (ӨӨС), алғашқы секундтағы форсирленген тыныс көлемі (Тиффно индексі), өкпенің  максималды вентиляциясы (ӨМВ), тынысты  шығару кезіндегі пневмотахометрия. Алынған көрсеткіштерді тексерілушінің жасын, жынысын, бойын ескере отырып қалыпты жағдайдағы мен салыстыра отырып бағалайды.

 

Спирографиялық көрсеткіштердің  барлық комплексі бойынша сапалық  бұзылыстар сипаты жүргізіледі. Вентиляцияның  бұзылуының үш түрін ажыратады: обструкривті, рестриктивті және аралас.

 

Обструктивті түрінде, бронхтардың  өтімділігі бұзылады, форсирленген тыныс  көрсеткіштері төмендейді, ӨӨС төмендеу деңгейі басым болады, ал ОФ ның  ӨӨС пайыздық қатынасы төмендейді, осы арқылы бронх обструкциясының айқындылығы сипатталады.

 

Рестриктивті түрінде ӨӨС төмендеуі басым болады. Салыстырмалы жылдамдық көрсеткіштері қалыпты немесе қалыптыдан біраз жоғары болады. өкпе эмфиземасының айқындылық деңгейін анықтау үшін, өкпенің қалдық көлемін анықтау қолданылады (ӨҚК). Аралас түрінде өкпенің ӨӨС және абсолютті жылдамдық көрсеткіштері төмендейді, нәтижесінде салыстырмалы көрсеткіштер абсолютті көрсеткіштерге қарағанда аз мөлшерде өзгереді.

 

Өкпе эмфиземасының айқындылық деңгейін анықтау үшін өкпенің қалдық көлемін зерттеуді қолданады.

 

Шаңды бронхит кезінде  өкпенің вентиляциялық қабілетінің  өзгерістерін тудыратын механизмді анықтау үшін, науқастарды клиникалық тексерулер кезінде бірқатар әдістердің комплексі қолданылады, оларға оксигемометрия (қанның оттегімен қанығу деңгейін анықтау), капнография (альвеолярлы ауадағы көмір қышқылының парциялды қысымын анықтау), пневмотахография(бронхтардың қарсылық деңгейін анықтау және өкпе тінінің эластикалық қасиетін анықтау), электромиография (тыныс бұлшық еттерінің биоэлектрлік белсенділігін анықтау, қанның қышқылды негізгі жағдайын анықтау) жатады.

 

Сүлелі шаңды бронхиттері  бар науқастарды тексеру кезінде  жүрек тамыр жүйесін тексерудің де маңызы зор.

 

Шаңды бронхиттерді анықтау  кезінде қабыну процестерінің белсенділік  деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін(қан сары суындағы белоктың қатынасы, фибриоген, гаптоглобин және т.б қатынасы), сонымен қатар қышқылды сілтілі фосфотазаны анықтаумен қан клеткаларын цитохимиялық тексерулердің биохимиялық көрсеткіштеріде қолданылады. Антибиотиктерге сезімталдығын және микрофлоралар құрамын анықтаумен науқастардың қақырықтарын бактериологиялық зерттеулерінің маңызы зор.

 

Жоғарыда аталған әдістер  арқылы  шаңды бронхиттің айқындылық деңгейін анықтауға, процестің фазасын, басым клиникалық синдромға сипаттама беруге, функционалды бұзылыстардың деңгейі мен сипатын анықтауға, салыстырмалы ажырату және емдеу сұрақтарын дұрыс шешуге болады.

 

Клиникалық белгілердің  айқындылығы мен функционалды өзгерістерге байланысты шаңды бронхиттердің  дамуын үш кезеңге бөлуге болады:  бірінші – жеңіл дәрежедегі шаңды бронхит, екінші – орташа ауырлық дәрежесіндегі, үшінші – ауыр ағымындағы шаңды бронхит.

 

Шаңды бронхиттің латентті кезінде ұзақ уақыттық жөтелег шағымданады, эндоскопия кезінде көрінетін бронх ағашындағы өзгерістермен сипатталады. Осы кездегі эндоскопиялық тексерулерде бронхтарды белсенді қабыну белгілері болмаған кездердегі  шамалы атрофиялық өзгерістерде тамырлар суретінің күшеюі анықталынады.

 

Ауыру ағымында үш кезеңді ажыратады:

 

         1 кезең – бронхтардың қарапайым  шаңды катары, тітіркену бронхиті немесе аз айқындылықтағы тұрақсыз бронхит. Шағымдары: аз мөлшерде шырышты немесе шырышты-іріңді қақырығы бар кезеңді түрде күшейетін  құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, аз мөлшердегі күш түскен кездердегі ентігу. Науқастар өздерін жақсы сезінеді. Аурудың өршуі жылына 1-2 рет қайталанады.

 

         Аускультативті: қатқыл тыныс, тұрақсыз  құрғақ сырылдар. Перкуторлы – төменгі бөліктеріндегі қораптық, айқын өкпелік дыбыс. Сыртқы тыныс қызметтерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Аурудың басында айтарлықтай өзгерістер болмайды және жұмыс қабілеті сақталынады.

 

         2 кезең – шамалы айқындықтағы  бронхитте бронхоспазм көріністері мен бронх ағашына инфекциялар қосылады. Жөтел ұстама түріндегі сипатта күшейе түседі, кеуде қуысында ауырсыну және ентігу үдей түседі.

 

Қарағанда: диффузды сипаттағы  эмфизема күшейеді. Фиброз және бронхэктаз түріндегі сүлелі процестердің дамуымен баналды инфекция қосылады. Перкуторлы қораптық дыбыс, аускультацияда қатқыл тыныс, жайылмалы, құрғақ, ысқырықты сырылдар. Сыртқы тынысты тексеру кезінде бронх өтімділігінің бұзылу белгілері, ТЖ І-ІІ дәрежесі.

 

Рентгендегі өзгерістері: өкпе суретінің деформациясы мен өкпе алаңының мөлдірлігінің жоғарлауы, диффузды перибронхиалды пневмосклероз. Бронэктазға күдіктенген кезде бронхографияны жүргізеді. Бронхит өкпелік жүрекпен асқынған кезде өкпе артериясының конусы білеуленеді.

 

         3 кезең —  сүлелі бронхиттің  ауыр түрі асқынулармен. Науқастарда обструкциялық көріністермен жұқпалы қабынбалы процесс белгілері, айқын өкпе эмфиземасы, бронхтық пневмосклероздың қалыптасуы анықталынады. ағымында жиі асқынулар және тұрақсыз ремиссиялар болады.ең бастысы тұрақты және өршімелі өкпелік жүректің жетіспеушілігімен сипатталады.

 

         Шаңды бронхит диагнозын қоюға  мүмкіндік беретін негізгі критерилерге, келесі белгілер жатады: 1) жоғарғы  деңгейдегі шаң жағдайында кем  дегенде 5-10 жыл жұмыс істеу; 2) аурудың клиникасы – бастапқы  кезеңінің ұзақ латентімен біріншілік сүлелі ағым; ерте және жиі демікпелік синдромның қосылуы, диффузды обструктивті өкпе эмфиземасы; қабынбалы өзгерістердің аз байқалуы, эндоскопиялық симптомдардың ерекшеліктері.

 

Еңбек ету қабілетінің  сараптамасы. Шаңды бронхиттері  бар науқастардағы еңбек ету  қабілеті процестің кезеңіне, аурудың  ағымына, өкпе және жүрек жетіспеушілігінің  айқындылық деңгейіне, сонымен қатар  аурудуың мамандығына, оның квалификациясына, біліміне, жасына, еңбек жағдайларының  санитарлық-гигиеналық сипатына байланысты. Еңбек ету қабілетін тұрақты төмендету кезінде клиникалық диагнозымен қатар   аурудың жасын, квалификациясын, еңбек жағдайын ескере отырып аурудың болжамының маңызы зор.

Информация о работе Шаңды бронхит