Стресс кезінде адам ағзасындағы физиологиялық процесстер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 21:21, доклад

Описание

Стресс кезінде адам ағзасы су тапшылығына тап болады. Бұл нерв процесстерінің электрохимиялық реакциялардың негізінде өтуіне байланысты, ал бұл процестердің өтуіне судың болуы керек. Судың тапшылығы нерв процестерінің жылдамдығын төмендетеді. Сондықтан, емтихан, сынақ алдында немесе барысында бірнеше жұтым су ішу керек. Антистресстік мақсатында суды 20 минут тамақ ішер алдында немесе 30 минут тамақтан соң ішеді.

Работа состоит из  1 файл

Стресс.doc

— 94.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аллотропия ( көне грекше: αλλος — «басқа», τροπος — «қасиет; сипат» ) - өзінің құрылысы мен қасиеті жағынан әр түрлі екі немесе бірнеше қарапайым заттар түріндегі химиялық элементтің болуы.[1] Аллотроптық , аллотропия – химиялық элементтің құрылымдары мен қасиеттері әр түрлі екі немесе одан да көп жай зат түрінде болуы. Аллотроптық құбылыс: 1) атомдар саны әр түрлі молекулалар (оттек [О2 ] және озон [О3 ], сондай-ақ екі атомды [Р2 ] және төрт атомды [Р4 ] фосфор молекулалары, т. б.) түзілуінен; 2) полиморфтанудың бір түрі болып табылатын әр түрлі кристалдық үлгілері (алмаз және графит түріндегі көміртегі; күкірттің ромбтық және моноклиндік үлгілері; сұр және ақ қалайы; а, б, д темірлер, т.б.) түзілуінен пайда болады. Ашылған элементтердің саны 100-ден асса, олардың Аллотроптық түрлері 400-ге жетеді. Аллотроптық түрлерді атомдардың геометриялық орналасуына қарай жіктейді. Сондай-ақ кристалдық құрылымы бірдей бола тұра, заттар әр түрлі физикалық күйде болады. Мыс., темір 719°С-та (Кюри нүктесі) ферромагниттік күйден ферромагниттік емес күйге ауысқанымен оның кристалдық құрылымы өзгеріссіз қалады.зиян,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтанудың құрылымы мен білім  деңгейлері

 

Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың  арсында белгілі бір ортақ  пікір әлі қалыптаспаған.

 Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

 

  Қандай да бір ғылым болмасын,оның  белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда  алдына қойған міндеті мен  атқаратын қызметіне байланысты  анықталады. Әлеуметтану ғылымы  да осындай. Оның құрылымы екі  үлкен жағдаймен түсіндіріледі:

  Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік  өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру  білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік  зерттеу теориясын, әдістемесін,  әдісін, талдау тәсілін жасап,  қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр  түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.

  Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық  және әлеуметтік құбылыстар мен  үдерістерді өзгерту, қайта құру  үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді  жолдар, құралдар арқылы ықпал  етіп әлеуметтік мәселелерді  талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.

  Сонымен, әлеуметтанудың теориялық  және қолданбалы салаларының  айырмашылығы олардың зерттейтін  объектісі мен зерттеу әдісі  арқылы емес, жалпы әлеуметтанудың  алдына қойған мақсаты мен  міндеті арқылы ғылыми немесе  пратикалық мәселелерді шешуіне байланысты ажыратылады.

  Теориялық немесе фундаменталды  әлеуметтану барлық қоғамдық, гуманитарлық  ғылымдардың ілгері дамуына жол  ашады. Ол әлеметтік зерттеулер  арқылы зерттелетін құбылыс пен  үдерістер туралы білімнің онан  әрі дамуын, жетілуін мақсат етеді. Қолданбалы зерттеулер арқылы теориялық негізгі мәселелерді нақтылап шешуге тырысады. Бұлардың негізінде бағалы, құнды кеңес, нұсқаулар, ұсыныстар, болжаулар жасалады.

  Әлеуметтік білім –теория мен  практиканың бірлігінде қалыптасады.  Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.

  Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты,  ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.

  Теориялық және қолданбалы әлеуметтану  нақтылы әлеуметтік зерттеулерге  сүйене отырып, бір-біріне қарсы  тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте  болып, бір-бірінің одан әрі  дамуының әсер етеді.

  Теориялық әлеуметтану – ол  алуан түрлі теория мен тұжырымдардың  жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік  дамуын тұжырымдап, оларға терең,  жан-жақты түсінік береді.

 

Бұрынғы КСРО-да әлеумет тануды тарихи материализммен шатастырып келді. Бұл дұрыс емес. Тарихи материализм- бұл әлеуметтік философия. Ол қоғамды тек абстратылы түрде қарап, оны нақтыламады. Ал, әлеуметтану нақтылы әдістермен қоғамды, оның дамуын жан-жақты зерттеп, ғылыми теорияны қалыптастырды. Адам өзінің даму өркениетінде әлеуметтік дамудың алуан түрлі теориясын ашып тұжырымдады. Мысалы, XX ғасырдың ортасында әлеуметтік стратификация (яғни, жіктелу), индустриялы қоғам, конвергенция, жалпы әлеуметтік теориялардың арнаулы түрлерін тұжырымдады. Әлеуметтанудың арнаулы теориялары әлеуметтанудың жеке қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарының негізінде пайда болды. Әлеуметтануда бұларды орта деңгейдегі теориялар деп атайды. Қазіргі уақытта мұндай арнаулы орта деңгейдегі теориялардың саны 100-ден астам. Бұл теориялардың негізін салушылар М.Вебер, Э.Дюркгейм, К.Маннгейм, Т.Парсонс. Әсіресе, американдық әлеуметтанушы Роберт Мертонның есімін ілтипатпен айтуға болады. Бұл орта деңгейдегі арнаулы теориялардың пайда болуының тағы бір басты себебі мынада: жалпы теориялақ әлеуметтану қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, оның кейбір жақтарының дамуына көңіл аудармауы мүмкін. Ал, әлеуметтану құрамында орта деңгейдегі теориялардың болуы қажет. Орта деңгейдегі теориялар, мысалы, отбасы, әлеуметтік топтар, жіктер, т.б. қоғамның біртұтас жүйесімен өзара байланыс, қатынастарын, даму заңдарын ашып, анықтайды. Қазіргі уақытта орта деңгей теориялары қоғам дамуының өзекті мәселелерін шешуде дұрыс, нақтылы жауап бере алады.

  Сонымен, әлеуметтік білімнің  құрылымы деп қоғамның әлеуметтік  жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке келтірілуін айтамыз.

 Әлеуметтік білімнің негізгі  құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:

 1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым, қағида өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұнын зерттейді.

2. Қоғамның  жеке салаларының дамуын, атқаратын  қызметі туралы түсініктердің  байланысын- экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын, әрбір салада жеке тұлғанын немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3. Қоғамның  әлеуметтік құрылымы немесе жалпы  әлеуметтік құрылым туралы білімді  қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесіндк алатын орны мен байланысы туралы білімдер болуы керек. Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз – үлкен топтар, кішігірім топтар, кәсіби мамандандырылған топтар, демографиялық және этникалық топтар.

4. Саяси  әлеуметтануға кіретін алуан  түрлі ғылыми түсініктер, ой-пікірлер, теориялар. Бұған жататын зертеу  объектілері:

  а) әлеуметтік топтардың саяси  қатынастар жүйесіндегі алатын  орны;

  ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік  – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;

  б) қоғамның саяси жүйесінің  құрылымы, қызметі және функциясы  туралы;

5. Әлеуметтік  институттардың (мемлекет, құқық, ғылым,  мәдениет, отбасы, т.б.) қызметтері туралы  ғылыми түсініктер мен қортындылар;

6. Қоғамның  жеке салаларының және кішігірім  жүйесінің қызметтері туралы  теория. Оны мынандай объектілерді  зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес  топтар мен ұйымдар, адамдар  арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.

  Әлеуметтік білімнің деңгейлері  қоғамдағы құбылыстар мен процесттерді  терең талдап, кең қортынды жасау  арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей  әлеуметтік үш негізгі деңгейі  бар:

  а) жалпы әлеуметтану теориясы;

  ә) эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтану;

  б) орта деңгей теориялар.

  Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді  теориялық және эмпирикалық зерттеулер  деп екіге бөледі.


Информация о работе Стресс кезінде адам ағзасындағы физиологиялық процесстер