Тұлға қаңқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 20:41, лекция

Описание

Барлық омыртқаларда тұлғаның тірек-қимыл аппаратының элементтері chorda dorsalis және нерв түтікшесі жандарында орналасатын дорсалды мезодерманың бірінші сегменттерінен дамиды.

Сомиттің медиовентралды бөлігінен пайда болатын
мезенхима хорда айналасында қаңқа түзілуге кетеді, ал бірінші сегменттің ортаңғы бөлігі бұлшықеттер түзеді. Шеміршек, ал кейін сүйек қаңқасы түзілгенде бұлшықеттер қаңқаның қатты бөліктерінен тірек алады, олар осының салдарынан бұлшықет сегменттерінен кезектесе ауыса отырып, метамерлі орналасады. Әрқайсысы ең жақын екі көрші склеротомдардың жартыларыннан пайда болып, омырқалар деп аталатын ұзына бойы сегменттер қатарынан құралатын омыртқа бағанасы- дененің біліктік қаңқасы осындай принцип бойынша құралған.

Содержание

Кіріспе:

Тұлға қаңқасы.

Негізгі бөлім:
Мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының ерекшеліктері.


Қорытынды:
Мойын, кеуде,бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының қызметі.



Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Тұлға қаңқасы.doc

— 87.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

Жоспар:

        Кіріспе:

                      Тұлға қаңқасы.

     Негізгі бөлім:

                            Мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ           омыртқаларының ерекшеліктері.

                                        

       Қорытынды:

                                  Мойын, кеуде,бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының қызметі.

 

        Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

  

Кіріспе

Тұлға қаңқасы.

 

               Барлық омыртқаларда тұлғаның тірек-қимыл аппаратының  элементтері chorda dorsalis және нерв түтікшесі жандарында орналасатын дорсалды мезодерманың бірінші сегменттерінен  дамиды.

            Сомиттің медиовентралды бөлігінен пайда болатын

мезенхима хорда айналасында  қаңқа түзілуге кетеді, ал бірінші сегменттің  ортаңғы бөлігі  бұлшықеттер  түзеді. Шеміршек, ал кейін сүйек қаңқасы түзілгенде бұлшықеттер қаңқаның қатты бөліктерінен тірек алады, олар осының салдарынан  бұлшықет сегменттерінен кезектесе ауыса отырып, метамерлі орналасады. Әрқайсысы ең жақын екі көрші склеротомдардың жартыларыннан пайда болып, омырқалар деп аталатын ұзына бойы сегменттер қатарынан құралатын  омыртқа бағанасы- дененің біліктік қаңқасы осындай  принцип бойынша құралған.

          Төменгі формаларда немесе адам ұрығының дамуының бас

кезінде байқалатындай, өзінің қарапайым түріні омыртқа  хорданың

 шеміршекті түзілістерден  –  дорсалды және вентралды жақтарында метамерлі орналасатын дене мен невралды доғадан тұрады.

           Одан ары қарай эволюция барысында омыртқалардың  жеке элементтері өсіп келіп, бұл екі түрлі нәтижеге әкеледі: біріншіден, омыртқаның барлық бөліктерінің қосылып кетуіне және екіншіден, хорданы ығыстырып, оны омыртқалардың денелерімен ауыстыруға әкеледі. Омыртқа денелері хорданы айнала қоршай өсіп, оны қысады, соның нәтижесінде, ол омыртқалар үшін байланыстырушы маңызын жоғалтып  омыртқа аралық дискілер ортасындағы сілікпе тәрізді ядро түрінде сақталып, негізінен жоғалады.

          Жоғарғы доғалар жұлынды жан-жағынан қамтып, тақ қырлы және жұп буындық және көлденең  өсінділер түзе отырып, қосылып кетеді. Төменгі доғалар қабырғалар түзеді, олар дененің жалпы қуысын қамти отырып, бұлшықет сегменттері арасындағы  аралықтарда орналасады. Омыртқа шеміршек кезеңінен өтіп, сүйектенеді, тек омыртқа денелері арасында ғана оларды байланыстыратын омыртқааралық шеміршек қалады.

Адам денесінің қаңқасы  дененің тік қалыпта болуына байланыста өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол төрт аяқтап жүретін басқа сүтқоректілердің  қаңқасынан өзгеше келеді. Төрт аяқтап жүретіндерде омыртқаның мойын бөлімінен басқасы барлық төрт аяғына сүйенетін жайпақ доға пішінді келеді. Адамда өзгеше  статикалық жағдайларға байланысты   омыртқа жоғарғы жағында  басты ұстайтын және төменгі  жағында аяқтарын тірек ететін иілген вертикальды жота пішінді. Дененің тік қалпы кеуде торының конфигурасына да әсер етеді.

           Сөйтіп, адам денесі қаңқасының тік жүруге және қолдың еңбек мүшесі ретінде дамуына байланысты мынадай  тән белгілері бар;

   1) Алға қарай шығыңқы сүйірленген сегізкөз бөлімінде иілісі бар тік орналасқан омыртқа бағанасы;

   2)Омыртқа денелерінің жоғарыдан төмен қарай біртіндеп артуы олар аяқтармен қосылатын жерде аяқ белдеуі арқылы 5 омыртқадан тұратын бірегей сүйектер сегізкөзге айналып бітісіп кетеді.

   3)көлденеңінен көлемді алдыңғы – артқы жағынан тарлау

келетін кеуде торының  кең және жалпақ болуы.       

        Адамда тік жүруге байланысты сегізкөз барынша дамыған және әдетте ол 5 омыртқадан (сакрализация кезінде) тұрады.

       Омыртқаның құйымшақ бөлімі құйрықтың ұзындығына қарай қатты өзгеріп отырады. Адамда құйымшақ омыртқаларының саны 4-ке тең, бірақ 5-тен 1-ге дейін өзгеріп, басқа жануарлармен салыстырғанда  ең аз мөлшерге жетеді. Осының нәтижесінде адамда омыртқалардың жалпы саны 30-35, көбіне 33 болады. Қабырғалар омыртқаның бүкіл өң бойына орналасады, алайда олар көбіне кеуде бөлімінде дамиды, ал басқа бөлімдерде  қабырғалар омыртқамен қосылып, рудименттік түрде қалады. 

 

                                    Мойын омыртқалары

         Мойын омыртқалары - vertebrae cerbicalis. Жалпы саны жеті (С1-С7). Мойын омыртқалардың жалпы көлемі бірінші, екінші омыртқалардан басқалары, кеуде омыртқаларына қарай төмен бағыт алған сайын, мойын омыртқаларына түсетін салмақтың түсуіне, салмақтың өсуіне байланысты көлемі  ұлғая бастайды.    

        Мойын омыртқалардың сыртқы пішіні мен түр өзгешеліктеріне және атқаратын қызметіне қарай: негізгі(типтік)омыртқаларға (C3-C7)және жалған (атипатикалық) омыртқаларға (С1-С2) бөлінеді.

        Негізгі мойын омыртқалардың (С3-С7) денесінің жоғарғы беті, оңнан солға қарай, төменгі беті керісінше, алдынан артына қарай ойыстау           келумен қатар, 3-4 мойын омыртқалардың жоғарғы бетінің бүйір жиектері  ілмек тәрізді өсінділерді arcus corporis құрайды.

         - Омыртқалық тесік foramen  vertebralig үш бұрыш тәрізді болып келген.

          -Буын өсінділері processus articulares қысқалау және қиғаштау келіп, фронтальды жазықтықтың бойында орналасқан. Буын беттері, жалпақтау, аздап дөңестеу келген.

       -Мойын омыртқалардың қылқанды өсінділері processus  spinosus - мойын омыртқаның доғасынан бастап, 7(С7) мойын омыртқаға дейін біртіндеп ұзарып, артқа және төмен қарай бағытталған. Қылқанды өсінділердің  ұштары 6 - (С6) - мойын омыртқаға дейін айырылып орналасқан 7(С7) мойын омыртқаның арқа өсіндісі басқа мойын омыртқаның арқа өсінділеріне қарағанда ұзындау және басты төмен иген жағдайда  қылқанды өсіндісі айқын  байқалатындықтан, бұл омыртқаны айқындаушы омыртқа, vertebrae prominens деп атайды.

      Көлденең өсінді processus  tranversus, қысқалау және бүйір қапталына  қарай бағытталған. Бұл өсіндінің  жоғарғы бетінде тереңдеу болып  орналасқан жұлын нервінің жүлгесі sulcus nervi spinalis, орналасқан. Бұл жүлге арқылы  көлденең өсінді, дамып жетілмеген  алдыңғы қабырғалық, артқы көлденең өсіндіге бөлінеді. Қабырғалық өсінді  мен көлденең өсіндінің  ұштары доғаланып, қабырғалық өсінді  мен көлденең өсіндінің  меншікті төмпешіктерін құрайды. 6(С6) - мойын омыртқаның қабырғалық өсіндісі  басқа мойын омыртқалардың  қабырғалық өсіндісіне  қарағанда ұзындау болып келген. Бұл омыртқаның қабырғалық ұшындағы  төмпешікті  жалпы ұйқы  артериясына жақын, жанасып орналасқандықтан, ұйқы артериясының төмпешігі,  tuberculum  caraticum, деп аталынады.                                        

        Мойын омыртқалардың ішінде, I,II мойын омыртқалары мойынның басқа омыртқаларына қарағанда өзгеше болып келетіндіктен, атипиялық немесе жалған омыртқалар деп аталынады.

  I мойын омыртқа , ауыз омыртқа немесе атлант, atlant seu atlas, бассүйекпен буын арқылы  тікелей байланысуына және оған түсетін салмақтың көлеміне байланысты, сыртқы пішіні өзгеше болып келген. Бұл омыртқа: алдыңғы, артқы доғасынан  және жұп бүйір бөліктерінен тұрады.

  1. Алдыңғы доғасы arcus anterior, ол бірінші мойын омыртқа денесінің эмбрионалдық  даму кезіндегі қалдығы болып саналады. Алдыңғы доғаның алдыңғы беті   дөңестеу болып келгенімен  қатар, мұнда алдыңғы доғаның төмпешігі, tuberculum anterius, орналасқан. Алдыңғы доғаның  артқы омыртқа тесігіне қараған беті  ойыстау болып келген, мұнда екінші мойын омыртқаның  тістәрізді өсіндісімен  беттесіп, буын құрайтын  тіс шұңқыршасы, fovea  dentis орналасқан.

2. Артқы доғаның, arcus posterior, сыртқы беті доғалдау келген, мұнда қылқанды өсіндісі  нашар дамып, жетілмегендіктен артқы төмпешігі tuberculum posterius айқын байқалады. 

3. Бүйір бөліктері  massa  lateralis, ол алдыңғы артқы доғаларына қарағанда қомақтылау болып келген.

          Мұнда:

    а) Жоғарғы буындық  өсіндісі, бассүйектің салмағының  әсерінен жалпайып, ауыз омыртқаның  жоғарғы буындық бетін, facies articularis supe   rior құрайды.

            Қызметі: шүйде сүйегінің айдаршығымен  өзара беттесіп, шүйдеауыз омыртқалық буынды, art. Аtlantoocipitalis, құрау.

    ә)  Төменгі буындық өсіндісі, жоғарғы буындық өсіндіге қарағанда аздап  болса да сақталған, буын беттері жалпақтау болып, алға төмен қарап орналасқан.

    б) Бұл омыртқаның  қабырғалық және көлденең өсінділері  өзара бірігіп, көлденең өсіндінің  тесігін foramen  processus tranversus құрайды.

II мойын омыртқа, біліктік немесе тіректік омыртқа, aхis seu epistropheus, деп аталады. Бұл омыртқа бірінші мойын омыртқаға қарағанда, өзгешелеу болып келуімен қатар, негізгі омыртқаларға ұқсастау болып келген.

       Негізгі ерекшеліктері:  

- денесінің жоғарғы бетінде  тіс тәрізді немесе тісі dens орналасқан. Тістің алдыңғы бетінде ауыз омыртқаның  тіс шұңқыры мен беттесіп буын құрайтын  артқы буындық беті facies  articularis   anterior  артқы бетінде ауыз омыртқаның  көлденең байламымен беттесіп, буын құрайтын  артқы буындық беті facies  articularis posterior, орналасқан.

           Тіс тәрізді өсіндінің қызметі: 1мойын омыртқамен және бассүйекпен буындасып, вертикалды біліктің  бойында бастың  оң немесе солға қарай бұрылып қозғалуын қамтамасыз етеді.

    1.Жоғарғы буындық өсінді, processus articularis  superior, нашар дамыған, оған түсетін салмақтың әсерінен  жалпақтау болып келген.

    2. Төменгі буындық өсінді processus  articularus inferior, жоғарғы буындық өсіндіге қарағанда жақсы дамып, фронталды жазықтықтың бойында орналасқан. Буын беті төмен және алға қарай бағытталған.

     3. Қылқанды өсінді ұзын, ұшы айырылған.   

VII мойын омыртқа немесе шығыңқы омыртқа  vertebrae prominens, деп аталынады.

                 Ерекшеліктері:

1. Денесі басқа мойын омыртқаның денесіне қарағанда қомақтылау.

2. Қылқанды өсінді, ұзындау, ұшы айырылмаған.

3. Көлденең өсінді ұзын. Көлденең өсіндісінің тесігі өте тар, кейбір кезде бітісіп байқалады.

 

 

               Кеуде омыртқалары

        Кеуде омыртқалары vertebrae thoracicae. Жалпы саны 12 (Тһ1-Тһ12).Мойын омыртқаларына қарағанда, үлкендеу, бел омыртқаларына қарағанда кішілеу келген. Кеуде омыртқаларына түсетін салмақтың көлеміне байланысты, төменгі кеуде омыртқаларының  денелері бел омыртқаға  жақындаған сайын  көлемділеу болып келген.

         Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері:

1. Денесінің бүйір бетінің  төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп  буын құрайтын немесе  толық қабырғалық шұңқыршасы fovea costalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1-кеуде омыртқаның  бүйір бетінің жоғарғы жиегінде және 11,12 кеуде омыртқаның  бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан.

        Негізгі қызметі: 1,11,12-қабырға омыртқа буынын  articulatio costovertebralis, құрау. Қалған кеуде омыртқалардың 1-9 (Тһ1-Тһ9) бүйір беттерінде  жартылай жоғарғы және төменгі қабырғалық шұқыршалар  орналасса, 10(Тһ10) кеуде омыртқаның  жоғарғы жиегінде, тек қана жоғарғы жартылай  қабырғалық шұңқырша орналасқан. Бұл шұңқырша 9-кеуде омыртқаның төменгі шұңқыршасымен өзара беттесіп, 10-жұп қабырғаның қабырға-омыртқасының  буынын құрайды.

2. Омыртқа доғалары денесімен бірігіп,  дөңгелек келген омыртқалық тесігін құрайды. Бұл тесік, мойын омыртқаларының  тесігіне қарағанда кішілеу келген.

3. Көлденең өсінділер processus tranversus, мойын омыртқалар мен бел омыртқалардың көлденең өсіндісіне  қарағанда көлемділеу болып, бүйір қапталда және артқа қарай бағытталған. Кеуделік омыртқалардың  көлденең өсіндісінің ұштарында  қабырғалардың  төмпешігінің буын бетімен беттесіп, буын құрайтын , көлденең өсіндінің қабырғалық шұңқыршалары fovea costalis  transverses, орналасқан. Сонымен қатар 11,12-қабырғалардың төмпешігінің нашар дамуына байланысты, 11,12-кеуде омыртқалардың  көлденең өсіндісінің  қабырғалық, шұңқыршалары болмайды. Бұл омыртқалардың  көлденең өсіндісінің  нашар дамуымен қатар, қосымша емзік тәрізді  өсінділер, processus  mastoideus, айқын байқалады.

4. Кеуде омыртқаларының  қылқанды немесе  арқа өсіндісі processus  spinosus, ұзындау болып артқа және төмен қарай бағыт алып, бір-бірін черепица тәрізді  жауып орналасса, төменгі кеуде  омыртқалардың  арқа өсінділері   бел омыртқаның  арқа өсінділері сияқты жалпақтау және  қысқалау келген.

5. Буын өсінділері, processus  articularis, 12-кеуде омыртқаның   төменгі буын өсінділерінен басқалары фронталды жазықтықтың бойында орналасқан.       Жоғарғы буын өсіндісінің  буын беттері  фронталды жазықтық бойында  артқа қарап орналасса, төменгі буын беттерінің буын өсіндісінің  беттері алға қарап орналасқан.

       12-кеуде омыртқаның төменгі буын өсіндісі, бел омыртқаның  төменгі буын өсінділері  сияқты сагитал жазықтықтың бойында орналасқан. Жоғарғы буын өсіндісінің  буын беттері фронталды жазықтық бойында артқа қарай бағытталып орналасса, төменгі буын өсіндісінің буын беттері  сагитал жазықтық  бойында сыртқа қарай бағытталған.    

 

 

Бел омыртқалары

                  Бел омыртқалар,vertebrae lumbalis, жалпы саны бесеу .

                   Ерекшеліктері:

  1. Омыртқа бағанасын құраушы омыртқалардың ішінде ең ірі омыртқалар қатарына жатады. Денесінің белі қымшалау, жиектері шығыңқылау, жоғарғы және төменгі бетінің сыртқы пішіні «лобия» бұршағына немесе «бүйрекке» ұқсас болып келген.
  2. Арқа өсіндісі, processus spinosus , қысқалау және жалпақтау болып, сагитал  жазықтықтың бойында  орналасқан.
  3. Қабырғалық өсінді негізінің артқы бетінде әлсіз  айқындалған  қосымша өсінді processus accesorius, орналасқан, яғни көлденең  өсіндінің қалдығы   болып саналады.
  4. Қабырғалық өсінді processus costalis, ол құрсақтық даму кезінде пайда болған  қабырғалық сүйектік   нүктеден  дамыған. Бұл өсіндіден кеуде омыртқаларында, 12-жұп қабырғалар дамыса,  бел омыртқаларының тұсында, сүйектік қабырғалық  нүктеден бел омыртқалардың қабырғалық өсінділерін құрайды.
  5. Буын өсінділері, processus  articularis , сагиталды жазықтықтың   бойында орналасқан . Жоғарғы буын өсіндісінің буын беттері ішке қарай иіліп орналасса, төменгі буын өсіндісінің буын беттері сыртқа қарай бағытталған. Сонымен қатар жоғарғы буын өсінділердің  емзік тәрізді  қосымша  өсінділер processus mamilaris, айқын байқалады.  Бұл өсінділер бұлшықеттің беку нәтижесінде пайда болған. 

Информация о работе Тұлға қаңқасы