Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 20:41, лекция
Барлық омыртқаларда тұлғаның тірек-қимыл аппаратының элементтері chorda dorsalis және нерв түтікшесі жандарында орналасатын дорсалды мезодерманың бірінші сегменттерінен дамиды.
Сомиттің медиовентралды бөлігінен пайда болатын
мезенхима хорда айналасында қаңқа түзілуге кетеді, ал бірінші сегменттің ортаңғы бөлігі бұлшықеттер түзеді. Шеміршек, ал кейін сүйек қаңқасы түзілгенде бұлшықеттер қаңқаның қатты бөліктерінен тірек алады, олар осының салдарынан бұлшықет сегменттерінен кезектесе ауыса отырып, метамерлі орналасады. Әрқайсысы ең жақын екі көрші склеротомдардың жартыларыннан пайда болып, омырқалар деп аталатын ұзына бойы сегменттер қатарынан құралатын омыртқа бағанасы- дененің біліктік қаңқасы осындай принцип бойынша құралған.
Кіріспе:
Тұлға қаңқасы.
Негізгі бөлім:
Мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының ерекшеліктері.
Қорытынды:
Мойын, кеуде,бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының қызметі.
Пайдаланған әдебиеттер.
Сегізкөз
Сегізкөз омыртқалары, vertebrae sacrales, жалпы саны 5(S1-S5). Ол 17-18 ге толған кезде бұл омыртқалардың шеміршектік тіні сүйектік тінге айналып, дисклері, discusites vertebralis, дара сегізкөзді os sacrum, құрайды.
Сегізкөз сүйегі os sacrum. Сыртқы пішіні сына тәрізді болып келген.Ол соңғы бел омыртқамен беттесіп, буындасып, жамбас қуысының артқы қабырғасын құрауға қатысады
Сегізкөздің ерекшелігі:
денесінің ойыстау келген, жамбас қуысына қараған беті, facies pelvina, дөңестеу, бұдырлау келген дорсалды беті және жұп бүйір беттері ажыратылады. Сонымен бірге, жалпақтау келген негізі basis osis sacri, төмен және алға қарай бағытталған сүйірленген ұшы apeх ossis sacri, ажыратылады.
Сегізкөздің алдыңғы немесе жамбас қуысына қараған беті facies pelvina, тегіс және ойыстау келуімен қатар бұл әдетте омыртқа денелерінен бір-бірінен өзара омыртқа денелерімен бітіскен жерлерін белгілейтін көлденең сызықшалар, linea transversae, айқын байқалады. Көлденең сызықшаның латереалды қапталында омыртқа аралық тесіктердің бір-бірімен бітісу нәтижесіеде 4-жұп алдыңғы сегізкөздік тесіктері орналасқан. Бұл тесікшелер арқылы сегізкөз өрімін құраушы жұлын нервтерінің алдыңғы бұтақтары мен қантамырлары өтеді.
Сегізкөздің сыртқы беті дөңестеу және бұдырлау келген. Бұл беттерде жоғарыдан төмен қарай бағытталған қылқанды, көлденең және буындық өсінділердің бір-бірімен қосылу нәтижесінде пайда болған 5-бұдырлы сегізкөз қырқалары және 4-жұп сегізкөздер дорзалдық тесіктері орналасқан.
Сегізкөздің ортаңғы қырқасы crista sacralis mediana, ол 5-сегізкөздің омыртқалардың қылқанды өсінділердің бір- бірімен өзара бірігуі нәтижесінде құралған.
Сегізкөздің ортаңғы қырқасының бүйір қапталында параллель бағытта, бұл сүйектің екі жұп қырқасы аралық буын өсінділерінің бірігуі нәтижесінде пайда болса, сегізкөздің қырлары, бұл сүйектің өсінділері көлденең бір-бірінен қосылу нәтижесінде пайда болған. Латералды қырқа мен аралық қырқаның аралығында сегізкөз сүйегінің дорзалдық тесігі орналасқан.
Қызметі:
бөксе бұлшықеттеріне бағытталған сегізкөз өрімінің артқы бұтақтарын бойынан өткізу.
Сегізкөздің тесіктері бір-бірімен өзара тізбектеліп сегізкөз өзегін түзеді. Сегізкөз өзегінің жоғарғы жағы кеңдеу, төменгі бөлігі жіңішкелеу келіп, алға қарай иіліп орналасқан.
Сегізкөздің негізі bassis ossis sacri, көлденең бағытта сопақша ойыстау болып орналасқан.
Қызметі:
5-бел омыртқаның денесімен беттесіп алға қарай бағытталған сегізкөз мүйізін promontorium, құрайды. Артқы бетінің жоғарғы жиегінде сагитал жазықтықтың бойында бағытталған, жоғарғы буын өсіндісі орналасқан. Ол 5-бел омыртқаның төменгі буындық өсіндісімен өзара беттесіп, буынды құрау үшін ішке және сыртқа қарай бағытталған.
Сегізкөз ұшы 1-құйымшақ омыртқаның денесімен буындасуы үшін сүйірлеу және сопақша болып келген. Төменгі сегізкөз омыртқаның доғаларының нашар дамуына байланысты сегізкөз өзегінің төменгі саңылауын құрайды. Бұл саңылаудың бүйір қапталында төменгі буын өсіндісінің кері дамуына байланысты сегізкөз сүйегінің мүйізшесі орналасқан.
Сегізкөздің жоғарғы бүйір бөліктері қомақталынып, бүйір бөліктерін құрайды. Екі жақтық бүйір бөліктерінде құлақ қалқанына ұқсаған буындық беттері орналасқан.
Негізгі қызметі:
мықын сүиегінің өз аттас буын бетімен беттесіп, буын құрау. Сегізкөздің құлақ тәрізді буын бетінің артқы қапталында, бұл сүйектің бұлшықеттері бекитін бұдырлары tuberositas sacralis, орналасқан.
Сегізкөз ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда, енсіз, ұзындау, алдыңғы беті ойыстау келген.
Құйымшақ
Құйымшақ, os coccygius, немесе құйымшақ омыртқасы ,vertebrae coccegeal, ересек адамдарда 4-5 құйымшақ омыртқаларының өзара бірігуі нәтижесінде пайда болған. Сыртқы пішіні пирамида тәрізденіп, алға қарай иіліп орналасқан.
Негізгі немесе табаны сегізкөз сүйегіне қарай бағытталған. Бұл сүйек сүйірленіп, бір-бірімен өзара бітіскен денесінен тұрады. Бірінші құйымшақ омыртқа денесінің жоғарғы жиегінде буын өсіндісінің кері дамуына байланысты сегізкөздің төменгі мүйізіне бағытталған құйымшақ мүйізі, соrnua coccygea, орналасқан.
Пайдаланған әдебиеттер:
1)Алшынбай Рақышев
Адам анатомиясы(1-том ) Алматы, 2004ж
2) Атлас
Адам анатомиясы(1-том) Астана, 2005ж