Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:19, реферат

Описание

ТУБЕРКУЛЕЗ- бұл әр түрлі органдар мен жүйелерге, көбінесе өкпеге зақым келтіретін бацилла немес Кох таяқшасы (Р.Кох- туберкулездің қоздырғышын алғаш сипаттаған неміс ғалымы) деп аталатын туберкулездің микобактериясымен пайда болатын жұқплы ауру.

Работа состоит из  1 файл

ТУБЕРКУЛЕЗ.docx

— 51.12 Кб (Скачать документ)

ТУБЕРКУЛЕЗ- бұл әр түрлі органдар мен жүйелерге, көбінесе өкпеге зақым келтіретін бацилла немес Кох таяқшасы (Р.Кох- туберкулездің қоздырғышын алғаш сипаттаған неміс ғалымы) деп аталатын туберкулездің микобактериясымен пайда болатын жұқплы ауру.

Туберкулез  науқасан сау адамға жөтелу, түшкіру, әңгімелесу кезінде беріледі.  
Өкпе туберкулезінің симптомдары: 
қақырық бөлінумен 2-3 аптадан артық жөтел;  
салмақ жоғалту және тез шаршау; 
аса жоғары түнгі тер бөліну; 
температураның сәл көтерілуі (әсіресе кешке) - 37,0° – 37,9°С-қа дейін; 
Бұл белгілердің біреуі пайда болған кезде медициналық  қызметкерлерге жүгіну керек.  
Туберкулездің сондай-ақ өкпеден тыс түрі болуы мүмкін. Өкпеден тыс түрі кезінде ол сүйекті, буынды, несеп шығару және жыныс жүйелері органдарын, лифма түйіндерін, ми қабыршақтарын (туберкулездік менингит) зақымдайды.  Инфекция диссеминирленген туберкулез пайда болғызып, бүкіл ағзада бір уақытта таралуы мүмкін. Ауруды диагностикалау қаншалықты ертерек болса, оны толық емделу мүмкіндіктерін соншалықты көп болады.  
Туберкулездің алдын алу халықтың денсаулығын сақтау үшін өте маңызды.

     Туберкулез  ауруының түрлері  және олардың негізгі  белгілері.

     Жоғарыда  атап өткеніміздей, туберкулез микробы  қан арқылы бүкіл денеге жайылады. Міне сол микробтың адам организміне  қай жолмен кіруіне және олардың  қай органдарға тұрақталуына байланысты туберкулез ауруы әртүрлі болады. Енді сол туберкулездің көп кездесетін түрлеріне және олардың негізгі  белгілеріне тоқтаталайық.

     Өкпе  туберкулезі. Туберкулез ауруының барлық түрлерін бірге есептегенде оның  85-87 проценті өкпе туберкулезіне жатады. Бұл туберкулез ауруының ең басты тарау жолы ауа екендігін, ал микроб адамға осы ауамен тыныс жолдары арқылы кіріп өкпе ұлпаларына тоқтайтындығын көрсетеді.

     Туберкулез  микробы әдетте өкпеге түскеннен  кейін қозғалысы шамалы, ауа айналысы аздау келетін өкпенің оң жақтағы  бөлігінің жоғары жағына келіп тұрақталады  да бірінші ошағын құрайды. Бұл ошақ денесі шыныққан, қайратты денесінде  иммунитеті бар адамның өкпе ұлпаларымен  қоршалып, әктеліп, қатып қалады. Осындай  қоршауда туберкулез микробы белгісіз уақытқа дейін ешқандай белгі  бермей қала беруі мүмкін. Міне осы  ошақты алғашқы байқаған ғалым атымен Гон ошағы деп атайды.

     Адам  денесіне жаңадан көп микроб түссе, немесе сыр білдірмей жатқан бірінші  туберкулез ошағы қорғаныш күштерінің азаюына және иммунитеттің жойылуына  байланысты қоршауды бұзып шықса  туберкулез ауруы басталады.

     Туберкулез  әртүрлі басталады. Алғашында өкпедегі тыныс жолдарындағы микроб ұялаған  жерлерде томпақшалар пайда болады.   Олардың кейбіреуі құрып кетеді, ал кейбіреулері бірігіп, көлемі әртүрлі туберкулездық фокус құрайды. Микробтар осы фокустан тез арада лимфа жолдарымен өкпе түбіндегі бездерді шошындырады. Міне, туберкулездық фокус, қабынған лимфа жолдарымен ауырған без үшеуі алғашқы туберкулездық комплекс деп аталады. Бұл өкпе туберкулезінің ең бірінші түрі. Бұл адам еш қиналмайды өзінің ауру екенін де білмейді. Уақытында емделген алғашқы туберкулездіқ комплекс асқынбай, тез жазылады. Туберкулез ауруы әдетте адамның жиі-жиі «тұмаулап», мең-зең болып, дене қызметіне, жұмысқа селқостығы басталады. Тамаққа тәбеті тартпайды.

     Туберкулез  ауруының өзіне тән алғашқы белгілерінің бірі – дене қызуының көтерілуі. Ауру қатал басталғанда дене қызуы 38 – 39 градусқа дейін немесе одан да жоғары көтеріледі, ал жайлап басталғанда  қызу көтерілісі шамалы болады да, әдетте 37,2-37,5 градус шамасында ұсталады. Көбінесе дене қызуы кешкі уақытта көтеріледі, ал дене қызуының таңертен көтерілуі  сирек кезігеді. Дене қызуымен қатар  туберкулезбен ауырғанда әр уақытта  терлегіш пайда болады. Аурудың қатты  басталған түрлерінде түнде қатты  терлеу арқасында іш киімі және төсек  орны су болып кетеді, бұл ауру адамды қатты шаршатады, әрі әлсіретеді.

     Аурудың айрықша белгілерінің қатарында  науқастың салмағын тез жоғалтады, бұл аурудың аз тамақ ішуі және асқазанның жұмыс істеуі бұзылып, ішкен  тамақтың сіңбей, нашар қорытуына  байланысты болады.

     Өкпе  туберкулезінде өкпе тұсы шаншып ауырады  және жөтел пайда болады. Аурудың  алғашқы кездерінде аздап жөтеледі, ал туберкулездің созылмалы, өкпеде каверна пайда болған түрлерінде ұзақ жөтеліп, қақырығы көп бөлінеді.

     Сырқаттың ең қауіпті белгісі – қан құсу. Бұл сырқаттың өте ауыр екендігін  көрсетеді жене қақырықпен қан кеткенде сырқат көп мөлшерде микроб шығарады

     Ерте  басталған антибактериялық дәрілермен комплексті емдеу арқасында өкпе туберкулезімен ауырған жүз адамның 80-ін толық жазуға мүмкіншілік туып отыр.

     Кеңірдек  туберкулезі. Туберкулез ауруының бұл түрі өткір немесе созылмалы түрде басталуы мүмкін. Аурудың алғашқы кезінде сілекей бездерінің бұзығанын байқаймыз. Осының салдарынан аурудың ауызы құрғап, сілекейі азаяды, тамағы жыбырлайды, шашалғыш болады, көмекейі ысып, шаншулар пайда болады. Аурудың дауысы өзгереді, кейде қырылдап сөйлейді. Әдетте кеңірдек туберкулезі жеке кездеспей, өкпе туберкулезімен қосарлана жүреді. Сондықтан кеңірдек туберкулезінің  ақыры өкпе туберкулезіне ауысады. Көп уақытқа дейін кеңірдек туберкулезі адам өміріне хауіпті деп есептелініп келді. Қазіргі уақытта аурудың 90 проценті ешқандай зардапсыз жазылады.

     Сүйек-буын туберкулезі. Сүйек-буын ауруларының арасында жиірек кездесетіні туберкулез. Барлық, туберкулез ауруының 10 процентке дейіні сүйек-буын туберкулезінің есебіне жатады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетіні омыртқа туберкулезі (40 процент), тізе-буын туберкулезі (40 процент), ал басқа сүйектер туберкулезімен әлгі екеуіне қарағанда сирек ауырады.

     Сүйек-буын туберкулезі өз алдына жекелеп те немесе өкпе туберкулезімен біргеде  кездесе береді.

     Туберкулездің осы түрі негізінен алғанда балалар  ауруы болып есептеледі, себебі тез  өсіп келе жатқан бала сүйегінің қан  айналысы өте жақсы болғандықтан жілік сүйектердің кемік бастары  туберкулез микробына тамаша ұя болады. Әріне, бұл айтқанымыз сүйек-буын туберкулезі  ересек адамдарда болмайды деген  сөз емес, бірақ сүйек-буын туберкулезімен ауырғандар арасында ересектер үлесі  өте аз.

     Сүйектегі ауру туберкулез микробы қан немесе лимфа тамырлары арқылы тарай  бастаған кезде басталады, содан  кейін буынға өтеді, ал кейде ауру буында басталып сүйекке өтуі мүмкін.

     Сүйек пен буында туберкулез пайда болу үшін жас балалар өміріне жарақаттану  үлкен роль атқарады, ол әсіресе  білімбей жатқан микробтарды қоздырып, аурудың асқындауына әсер етеді.

     Енді  осы сүйек-буын туберкулезінің кейбір түрлеріне қысқаша тоқталып өтейік. Омыртқа туберкулезі (спондиллит). Бұл сүйек-буын туберкулезінің ішінде ең жиі кездесетіні. Туберкулез микробы омыртқа сүйегінің үлпасына ұялайтын болғандықтан сырқат көп уақытқа дейін сыр білдірмей өте береді. Дегенмен алғашқы өзінде-ақ аурудың жүдеп кететінің байқаймыз. Бұл әсіресе жас балаларда анық білінеді. Бала селсоқ, ештенеге көңіл аудармайтын, ойынға қызықпайтын болады. Сүйегі сырқырап ауыра бастайды, басын тік ұстап жүруге тырысады, ауру жүйке жүйесі арқылы бүкіл беліне таралады. Арқа қозғалысы кемиді.

     Микробтар омыртқа ішінде өсіп көбейіп, омыртқа  ішін кеміріп, іріңге айналдырады. Арқадағы омыртқалар адам денесін ұстап тұратын  тірегі екені белгілі. Табиғи уақытта  омыртқалар адам салмағын еш қиындықсыз ұстап тұра алады. Ал ішін туберкулез микробы кеміріп талқандаған  омыртқалар өзінен жоғары омыртқалармен  адам салмағының қысымында шыдай  алмай сынады. әдетте ауырған омыртқалар саны екі-үштен кем болмайды, ал жас  балаларда 3-5-ке дейін жетеді. Ауырған  омыртқаның сынуы адам денесінің  әрқилы болып қисаюына, құыстың пайда  болуына әкеліп соғады. Омыртқаны  бұзып шыққан ірің ақпа іріңдікке  айналады да аурудың санынан, жанбасынан тесіп сыртқа шығады.

     Омыртқа сүйегінің сынуы, адам денесінің  қисайып қалуы, жұлынды, қан тамырларын, жүйке жүйесінің қысып қалып  олардың қызметін бұзады. Осының арқасында  аурудың аяқ-қолы жансызданып, сал  болып қалуы мүмкін. Уақытылы гипсте емделген жас балаларда омыртқа  туберкулезі ешқандай белгі қалдырмай  жазылады. Ал, закымданған омыртқа  саны бірнеше болып, олар сынған болса  адам бүкір болып қалады.

     Жанбас  ұршығы туберкулезі (коксит). Туберкулездің бұл түріне аурудың алғашқы ұялары жанбас сүйегінде, ортан жіліктің ұршығында орнайды. Аура бастағаннан адам шаршағыш келеді, жүрісі өзгереді. Жас балаларда әлсін-әлсін ақсау пайда болады. Аяқты қозғағанда қатты ауыратын болғандықтан науқас балдақпен жүреді. Осының салдарынан бұлшық етері көлемі кішірейіп, аурудың саны жіңішкеріп кетеді.

     Туберкулез  микробы ұршық мойынығ кеміріп  жұқартқандықтан аз ғана күш түскенде сынып кетуі мүмкін. Бұл ауру аяғының 4-8 см. Қысқаруына әкеліп соғады. Микроб әсерінен шіріген сүйек ірінге айналады да, көбейе келе жанбастан тесіп  шығады.

     Уақытында емделген жанбас ұршығы туберкулезі  сүйек фунцияларын бұзбай жазылады. Аурудың көпшілігінде туберкулез ұршық  ұясын зақымдайды, ал кейін жазылғанда дәнекер шандырлар арқылы шоғырланып бітумен аяқталады. Осы себепті  бұл  шоғырланып біту аяқ қозғалысын азайтады, ал кейде тіптен қозғалмай қалуы да мүмкін.

     Осындай туберкулезге байланысты әртүрлі болып  қисайған, қозғалмай қалған аяқтардың  қызметін хирургиялық емдеу арқылы орнына келтіріп, адамды таяқсыз тік  жүргізуге болады.

     Тізе  буыны туберкулезі (гонит). Әдетте тізе буыны туберкулезы осы буынды құрайтын ортан жіліктің төменгі жағында, тізе тобығында немесе жіліншектердің жоғарғы жағында кездеседі.

     Микробтар тізе буыны ішінде өсіп көбейіп, буынның  ішін кеміріп, ірінге айналдырады. Тізе буыны ауырады, қақсайды, ісиді, қызметі  бұзылады, формасы өзгереді. Сырқат адамдар таяқсыз жүре алмайтын қалға  дүшар етеді.

     Без туберкулезі. Негізінен алғанда жас балалар арасында көп кездеседі. Бездердің қан айналысы өте жақсы болғандықтан туберкулез микробы басқа мүшелерге қарағанда бездерге түседі, ауру қоздырады.

     Без туберкулезінің ішінде ең көп кездесетіні  кеңірдек тарамы тұсындағы бездер туберкулезі. Бұл түсінікті де, себебі микроб адам ағзасына түсетін басты жолы тыныс жолдары. Сондықтан кеңірдек тарамы бездерінің ауыруы өкпеден де бұрын басталуы мүмкін. Бұл бездер ауруға шалдыққанда сырқат белгіері тез білінеді. Кенеттен дене қызуының көтерілуі, әлсіздік пайда болу, шаршағыштық, күйгелектік, сәл нәрсеге ренжу  туберкулез микробымен ұланудың алғашқы белгілері болып табылады. Бұлармен қатар ауруда еңтігу, жүрек соғу, терлегіштік, қалқанша бездердің үлкеюі сияқты белгілер пайда болады. Сырқат меңдеген сайын белгіер күшейе түседі, тұрақты болып алады, жүрек қыжылдауы қосылады.

     Туберкулезге  көп шалдығатын бездердің бірі –  мойын бездері. Ал шақшыт, қолтық, шап, шынтық бездерінің ауруы мойын бездеріне  қосарлана жүреді. Мойын бездерінің ауырғаны да тез білінеді. Ауру басталарда мойын терісі қалындайды. Қолмен синап  ұстағанда тері астынан көлемдері  үлкейген, біріне-бірі байланысып жатқан бездер білінеді.  Уақыт өткен сайын без үстіндегі терілер қызарады, астындағы бездердің іріңге тола бастағанын көреміз. Бездер ұстаған кезде ауырады. Сыздап ірінге толған бездер ақырында жарылады. Без туберкулезі  3-4 айға дейін созылуы мүмкін, осы уақыттарында ірің ағуы азайғанымен тиылмайды.

     Без туберкулезі ұзаққа созылғандығына қарамай, әмделсе сәтті аяқталады, бірақ, жарылған бездер орны бүкіл тамақты  алып жатқан тыртыққа айналады. Кезінде  еленбей, ескерусіз өз бетімен өткен  туберкулезі басқа мүшелердің туберкулезбен  ауыруына әкеліп соғуы мүмкін.

     Сирек кезігетін түрлеріне ішек, тері, көз, жыныстық мүшелердің және ми қабығы  туберкулездері жатады.

Туберкулездің анағұрлым кең  тараған белгілері

  • Ұдайы жетел болады, ертеңгісін үйқыдан түрған кезде жетел қатты қинайды;
  • Түстен кейін аздап ыстық кетеріледі және түнде терлеп қалады;
  • Кеуде немесе белдің жогары болігі ауыруы мүмкін;
  • Ауру адам біртіндеп салмағын жоғалтады және әлсіздігі күшейе түседі.

Аурудың келесі сатысы

  • Жөтеліп, қан түкіреді (әдетте аздап, бірақ қанның көп кететіні де болады);
  • Тері бозарып, босап қалады. Терісі қара немесе сарғыш адамдардың терісі, әсіресе беті ақшыл тартады;
  • Дауысы қырылдап шығады (өте қатерлі)

Жас балаларда: жөтел кейіннен басталады. Бірақ мына белгілерге назар аударыңыз.

  • Ұдайы салмағын жоғалту
  • Жиі ыстығы көтерілу
  • Тері түсінің бозаруы;
  • Мойында (лимфа бездері) немесе іште бітеу жара (ісік) пайда болады.

Туберкулез  өте жұқпалы! Туберкулезбен ауыратын адамдармен бірге тұратын, әсіресе балалар, бүл ауруды тез жүқтырады

Егер  сіздің үйіңізде біреу  туберкулезбен ауырса:

  • Отбасы мүшелерінің бәрі туберкулинге анализ тапсыратын болсын.
  • Балаларды туберкулезге қарсы прививкамен вакцина жасатқызыңыз.
  • Отбасы мүшелерінің бәрі, әсіресе балалар жақсы тамақтануға тиіс.
  • Туберкулезбен ауыратын адам ауырып жүрген кезінде балалардан бөлек, мүмкіндігінше жеке бөлмеде ұйықтап, жеке бөлмеде тамақтануға тиіс.
  • Одан аузын жауып жөтелуін және еденге түкірмеуін өтініңіз.
  • Отбасы мүшеперінің бәрінің салмағындағы өзгерістерді және туберкулездің басқа да белгілерін қадағалап отырыңыз. Жүғу қаупі жойылғанша ай сайын барлық отбасы мүшелерін, әсіресе балаларды өлшеп тұрған жөн. Туберкулез отбасы мүшелерінде өте жай және кенеттен басталады. Аурудың белгісі сәл білінісімен жедел тексертіп, бірден емдеуді бастаңыз.

Информация о работе Туберкулез