Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:19, реферат

Описание

ТУБЕРКУЛЕЗ- бұл әр түрлі органдар мен жүйелерге, көбінесе өкпеге зақым келтіретін бацилла немес Кох таяқшасы (Р.Кох- туберкулездің қоздырғышын алғаш сипаттаған неміс ғалымы) деп аталатын туберкулездің микобактериясымен пайда болатын жұқплы ауру.

Работа состоит из  1 файл

ТУБЕРКУЛЕЗ.docx

— 51.12 Кб (Скачать документ)

Ауруды  асқындырмай алдын  алу және толықтай емделу — аурудан  құлан-таза айығудың кілті.

     Туберкулездің жұғу жолдары: туберкулез ауруының халық арасында тарауы үшін барлық жұқпалы аурулардағы сияқты үш буынның болуы шарт. Олар: 1) жұқпалы ауру себепсіші немесе инфекция көзі, 2) жұқпалы микробын тарататын әртүрлі факторлар, 3) осы микробты қабылдағыш, сезімтал ағза. Егер осы буынның бірі болмай қалса, жұқпалы ауру таралмайды.

     Туберкулезді  тарататын басқы себепкер – ауру адам. Бұлардың ішінде аса қауіптісі  туберкулездың ашық түрімен, яғни сыртқа ортаға өз микробын шығаратын сырқаттар. Ал аурудың жабық түрімен (микроб шығармайтындар) ауратындар өз айналасына зиянсыз деп есептеледі.

     Жабық түрімен ауырғандарға әрдайым дәрігер  белгілеген уақытта өзінің туберкулез микробын шығаратын – шығармайтынын  тексертіп отыруға қажет, аурған адам режим сақтамаса ауру ашық түріне айналады. Туберкулез  микробы ауру адам ағзасынан қақырықпен, сілекеймен, термен, іріңмен, дәреттерімен бірге шығады.

     Туберкулездың микробтары ағзаға тыныс алу органдары  арқылы, ауру адаммен тікелей қарым-қатынас  жасағанда, ауру адамның заттарымен пайдаланғанда және ас қорыту органдары  арқылы жұғады.   Туберкулезбен үй жануарларда ауырады, сондай-ақ үй жануарлардың сүтін дұрыс қайнатпай немесе етті шала пісіріп жегенде жұғуы мүмкін. Ауырған малдың зиянды әсері осындай малдарды  соятын арнаулы қасапханада істейтін адамдар үшін өте айрықша. Қолдағы кішкентай жаралар арқылы өтеді, микробтар қанға түседі. Сондықтан қызмет бабымен мұндай еттерге көп араласатын адамдардың туберкулез ауруының жұғу және одан сақтану жолдары жайында толық мағлуматы болғаны жөн.

     Өз  өмірінде туберулез микробымен кездеспейтін адам жөқ. Мұны халықты жаппай рентген  – флюорография аппаратттарымен  тексеру кезінде туберкулез қалдырған  өкпедегі ізден (Гон ошағы) көруге болады. Бірақ осыған қарамастан туберкулез микробын қабылдаған адамдардың бәрі бірдей ауыра бермейді. Бұл әр адамның  организмінде туберкулез ауруына қарсы  қорғаныш күштің және иммунитетің әртүрлі  болуына байланысты.

     Иммунитет мөлшері әрдайым бір қалыпта  тұра бермейді ол қоршаған ортаның  жағымсыз әсерінен азаяды, ал туберулезға  қарсы егу арқасында көбейеді.

     Туберкулезбен ауыруға жыл мезгілдерінің де әсері байқалады. Көбінесе туберкулез ауруының асқындауы жене ауру көптеп шыға бастауы көктем айларында жиілеу кездеседі.

Туберкулездің негізгі белгілері:  
- 2 аптадан астам жөтелу  
- дене қызуының шамалы көтерілуі  
- жалпы әлсіздік, тез шаршау, жүдеу  
- тершеңдік.  
Өзіңді туберкулезден қалай сақтау керек:  
• Дер кезінде флюорографиялық тексерілуден өту, 
• Балаларға туберкулезге қарсы екпе салу,  
• Жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтау,  
• Тиімді тамақтану, тамақтануға сүт, ет, жеміс және көкөніс өнімдерін қосу,  
• Таза ауада көп жүру, бөлменің ауасын жиі тазартып отыру,  
• Зиянды әдеттерден бас тарту (шылым шегу, алкоголь және есірткі тұтыну). 
Есте сақтау қажет: ауру ерте кезеңде анықталса емделеді!  
Туберкулез дер кезінде анықталып, дұрыс емделсе емделеді.

 Туберкулез  ауруы бүгінгі таңда денсаулық  сақтау саласының өзекті мәселелерінің  біріне айналды. Бұл ауру оңай жұғатындықтан  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде күн  сайын 9 миллионға жуық туберкулезге шалдыққан және 2 миллионға таяу одан көз жұмған көрсеткіштер тіркелуде. Туберкулез ауруының қауіптілігі сонда, ол тек денсаулық сақтау саласына ғана емес, еңбекке жарамды тұрғындардың көпшілігін қамтығандықтан елдің экономикасына  да зиян келтіруде. Соған қарамастан, әр аймақтың денсаулық сақтау саласында  қызмет ететін медициналық ұйымдарының  бірлескен жұмысының арқасында  туберкулезден туындайтын ауру-сырқаушылықтан болатын өлім-жітімнің деңгейі біршама  төмендеді.

 Туберкулез  – бұл жұқпалы ауру. Бұл дерт бұрыннан белгілі болса да, қазіргі  уақытта около 2 миллиардтан астам (әлем бойынша тұрғындардың 1/3)адам туберкулезді жұқтырған, жыл сайын 2 миллион адам көз жұмады. Көп  жағдайда ауруға шалдығатындар - 20-40 жас  шамасындағы жас адамдар.

 Ауру  көзі – туберкулездің жұқпалы  түрімен ауыратын адамдар. Жұқтыру  қаупі, әсіресе, тиісті желдетілмейтін және адамдар көп шоғырланған  жерлерде аса жоғары. Арнайы шеттету  немесе қабылданбаған емсіз туберкулездің  ашық түрімен ауыратын бір адам жылына 10-15 адамды жұқтыруы мүмкін.

 Туберкулез  ағзаның иммундық күштерінің әлсіреуінен  туындауы мүмкін (жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, үсу, стресстік жағдайлар). Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік  ішу, есірткі қолдану) туберкулездің  тез дамуына ықпал етеді.

 Туберкулездің негізгі белгілері: жөтел, кеуденің ауруы, әлсіреу, салмақ түсіру, дене қызуының көтерілуі, жөтел, әсіресе түнде  терлеу. Осы белгілерді есте сақтаңыз, оларды біліп жүріңіз – өзіңізді және өз туысқандарыңызды қорғап қалыңыз - өзіңіз қаралыңыз немесе туысқаныңызды  емханаға жүгінуге жіберіңіз.

 Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік  бағдарламасының ішінде туберкулездің  алдын алу шаралары жайлы сөз  қозғалған. Сондай-ақ қазіргі таңда  туберкулезге қатысты қаралу тегін  жүргізіледі.

 Міндетті  тексерілер: бактериологиялық, рентгенологиялық. Уақытылы қойылған диагноз тиімді емнің  жүргізілуіне себепкер болады.

 Ол үшін:

  • кез-келген емханаға немесе Туберкулезге қарсы диспансерге қаралу қажет;
  • медициналық қызметкердің бақылауымен ем қабылдау, дәрігер нұсқауларының барлығын орындау;

 Туберкулезді алдын алудың екі әдісі белгілі: спецификалық және спецификалық емес. Олар:

  • БЦЖ вакцинациясы және ревакцинация;
  • салауатты өмір салты;
  • дұрыс тамақтану;
  • дене белсенділігі;
  • зиянды әрекеттерден бас тарту.

 Туберкулез  – бұл тек қана медициналық  емес сонымен қатар қоғамдық проблема. Сондықтан туберкулездің өсуін, өзінің күнделікті өмірінде туберкулез туралы білімін қолданатын кез келген адам тоқтата алады.

Есірткінің адам ағзасына зияны

1. Есірткі өлтіреді

2. Есірткі тәуелділікке апарады

3. Есірткі ақыл ойдың және дене бітімінің бұзылуына апарып соғады

4. Есірткі әлеуметтік енжарлыққа апарады

5. Есірткі зорлық – зомбылыққа және қылмыстың басқа түрлеріне итермелейді

6. Есірткі балалар мен жастарға зиянды

7. Есірткі нашақордың қасындағы адамдарға теріс әсер етеді

8. Есірткі өндірісте және көлікте айтарлықтай қауіп төндіреді

9. Есірткі адамды құлға айналдырады, оны бастырады және қорлайды

10. Есірткі қайтар жолыңды, яғни өзіңді - өзің табу өте қиын

· Есірткі қолданған адамның өмір жасының ұзақтығы 5 – 10 жыл

· Есірткі табу жолында жасөспірім ұлдардың 90 пайызы қылмысқа, қыздардың 70 пайызы жезөкшелік жолға түседі

· Есірткі созылмалы әрі өз бетімен емделмейтін ауру

· Нашақорлар жұқпалы  індет таратушылар

· АҚТҚ (ВИЧ) індетін жұқтыратындардың 80 пайызы нашақорлар

· Иммунитеттің төмендеуі, психиканың бұзылуы, жүйкенің тозуы

· Ми құрамындағы  қалпына келмейтін өзгерулер салдарынан адамның азғындауы

· Генетикалық  кодтың өзгеруі 

· Дозаны үнемі көбейтіп отыру себебінен шамадан тыс есірткі қабылдап қайтыс болу қауіпі

· Нашақорлардың 90 пайызы есірткіге басқа біреудің ықпалымен, не әуесқойлықпен барады.

Есірткі - табиғи гормондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі - есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді. Егерде есірткі тыныштандыратын әсерлі болса, есірткі әрекеті аяқталғаннан адам өте сезімтал болады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсерлі болғандықтан, есірткі қызметі аяқталғаннан соң адам ауруды тым сезгіш болады, мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Егер де есірткі әсеріндегі адам өзін көңілді сезінсе, онда есірткі қанағаттану орталықтарына ықпал еткендігі. Есеңгіреу аяқталғаннан кейін ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді.

Героин өз атауын "батырлық" ("героический" сөзінен алынған) қасиеті үшін алды. Ғалымдар героин физикалық тәуелділікті туғызбайды деген қате пікірде болған. Уақыт өте келе есірткінің басқа түрлерін тұтынушыларға қарағанда, героинды қолданушыларда физикалық тәуелділік тез пайда болатындығы анықталды. Яғни, героин-есірткілердің ішіндегі ең қауіптісі. Оған деген тұрақты тәуелділік күнделікті қолданғанда 10 күн ішінде пайда болатындығы белгілі. Героиннің үлкен мөлшерін күре тамыр ішіне еккеннен кейін, нашақор 15-30 секунд бойы тәтті ләззат сезімінде болады, содан соң эйфориялық жағдайға түседі (яғни, себепсіз қайырымдылық, шектен асқан көңілді күй сезімдері), оған қоршағандар ең қайырымды адамдар ретінде көрінеді, нашақор барлық мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын болады. Нашақор адамда өз күшіне деген абсолютті сенімділік пайда болады. Есірткіш пайдаланғаннан кейін 6-8 сағат өткен соң өткір абстиненцияға ұшырайды. Нашақор бұлшық еттеріңде және буындарында қатты ауырсынуды сезінеді, жүрегі айниды, ұйқысыздық пайда болады. Бұл жағдай есірткінің кезекті мөлшерін қабылдаған уақытқа дейін жалғасады. Абстиненцияның шегі 2-3 күнге келеді.

Ағзаға есірткінің әсер етуінің басқа да реакциясы бар. Ол жиі қолданудың әсерінен пайда болады. Есірткі ағзаның табиғи гормондарын алмастырып, арнайы эффектілерді реттейтіндіктен жағдай жасайды, ағза өзінің алмастырушысына "сеніп", сәйкес гормондарды бөлуді толығымен тоқтатуы мүмкін. Мысалы, апиындарды қолдануда адам толығымен жағымды эмоцияны сезіну қызметінен айырылады, оның ағзасы жөтелмен, аурумен күресе алмайды. Есірткінің қарастырылған әрекеттерінің әсерінен ағзада тәуелділік пайда болады. Тәуелділік психикалық және физикалық болып бөлінеді.

Егер есірткі ағзаға түспесе (қанағаттану орталығының тежелуі, жоғары сезімталдық, есірткіні қолдануды тиған кездегі науқастық), науқас ауыр жағдайда болады, ауыр физикалық және психикалық бұзылулар пайда болады, ұстама аурудың, естің бұзылу психозы, галлюцинация, саңдырақтаудың пайда болуы мүмкін. Ағза жүйесінің барлық функциялары бұзылып, қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы жиіленеді. Бұлшық ет қысым әсерінде болады, қатты бұлшық ет аурулары, қалшылдау, селкілдеу және сіңір тартылуы болуы мүмкін, науқастар ыңғайлы жағдайды таба алмай, тынымсыз қозғалыста болады, бұл тез әлсіреуге және қозғалмай қалуына әкеледі, науқастар қантамырларындағы жиі қышудың болуына наразылық білдіреді. Есірткіге тек психологиялық, теориялық қана тәуелді болған адам өз-өзіне зақым келтірмесе, мұндай жағдайға төзуі мүмкін. Кокаин және апиынның әсерінен пайда болған физикалық тәуелділік келесідей сезіледі. Заталмасу бұзылып, ағза өзгереді және есірткісіз қызмет ете алмайды. Мұндай жағдайларда науқастарға аз мөлшерде есірткі белгіленеді. Мысалы, героинге тәуелділікке кейбір жағдайларда өмір бойғы жаңа әдістік емдеу белгіленеді (инсулинді алатын диабетпен ауратындарды салыстыруға болады).

Наркологтарда "наркогендік" деген түсінік бар. Наркогеңдік бұл -құмарлықты тудырудағы есірткі күші. Немесе кәсіби тұрғыдан алғанда -есірткі әсерінен ағзаның физикалық және психикалық тәуелділігі. Психикалық тәуелділік бірінші-екінші егуден кейін болатын, алфизикалық тәуелділіктің барлық белгілері үшінші-бесінші егуден кейін байқалатын есірткілер бар. Психикалық тәуелділікте өте бұзушылық қасиетке ие. Есірткі қолдануда физикалық тәуелділік нашақормен аурудың ауыр белгісі ретінде сезіледі. Есірткіден айырғаннан кейін нашақор өзін жайсыз сезінеді. Психикалық жабырқу, өзін-өзі өлтіру амалдарындағы депрессия, не отыра алмауда, не жата алмауда, өзіндік денесін ұстай алмаудағы жоғары абыржылық. Нашақордың бозарған, жүдеу түрі көзге түседі. Ішек-қарын жолындағы жайсыздық, қанды іш өтуі де болуы ықтимал. Есірткі қолданудың көптеген түрлеріне -жастың және сілекейдің ағуы, жөтел, тұмау және түшкіру тән. Тәбеттің болмауы. Ауыр ұйқысыздықтың болуы. Бірақ нашақорлардың айтуы бойынша ең ауыры бұл "сыздау" - барлық бұлшық еттердегі, барлық денедегі қатты және азапты ауру.

Информация о работе Туберкулез