Қасақана қылмысты істеу сатылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:46, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде қасақана қылмыс туралы айтылған. Қасақана қылмыс істеу қазіргі уақытта көптеп кездеседі.Қылмысты дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша белгілердің түрі кінә нысандары болып табылады. Кінә бұл тұлғаға айып ретінде тағылады. Мен кінә туралы күрстық жұмысымда тоқталып, оның қандай белгілері бар екендігіне қысқаша қарастырдым.
Басқа да құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың негізгі заңдық базасы- Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.

Содержание

I. Кіріспе бөлім:
Қасақана қылмысты істеу сатысының ұғымы және түрлері.
II. Негізгі бөлімі:
а) Қылмыс істеуге даярланғандықтың түсінігі және белгілері.
б) Қылмыс істеуге оқталғандықтың түсінігі және белгілері.
в) Қасақана қылмыс құрамы.
III. Қорытынды бөлімі;
Оқталғандықтың түрлері

Работа состоит из  1 файл

қылмыстық 333.docx

— 36.30 Кб (Скачать документ)

Қасақана  құқық бұзушылықтағы себепті  байланыс.

Қылмыстық құқық теориясында  себепті байланыс ерекше орын алады. Себепті байланыс аса күрделі  мәселелердің бірі болып табылады. Орын алған қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындаған зардаптың  арасында себепті байланыс болмаса, қылмыстық жауаптылықтың объективтік  негізі де жоққа шығады. Себепті  байланыс философиялық категория ретінде  «себепә және «байланыс» деген екі  ұғымның жиынтығынан құралған. Себеп  дегеніміз басқа салдарды тудыртатын, анықтайтын, өзгертетін немесе өз артынан  алып жүретін белгілі бір құбылыстың әрекеті. Байланыс дегеніміз кеңестік пен (немесе) уақытқа бөлініп құбылыстың өзара келісімімен өмір сүруі.

Сот тәжірибесінде себепті  байланысты анықтау өте маңызды. Себепті байланыс дұрыс анықталмайынша әлде біреуді қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Қылмыстық құқық  теориясында іс-әрекет пен зардаптың  арасындағы себепті байланыс төрт құрамның бірі, яғни қлмыстың объективтік жағына жатады. Сонымен қатар, қылмыстық  аффектілік түріне тоқталып айта кетсек, аффект жағдайында қылмыс жасаудың субъективтік жағы- қасақаналық. Адам өмірі мен  оның құқықтыры, ар-ождан бостандығы ең басты құндылық болып саналатын  құқытық мемлекетімізде адамның  ар-намысын таптап, құқығын қорлаған жағдайда жәбірленушінің де құқын аффект жағдайында қорғап, кісі өлтіргені  үшін жаза көлемін төмендетуі өркениеттіліктің, ізгіліктің белгісі деп санаймыз. Аффект кезінде жасалған әрекет көңілі қалған адамды жазалау ниеті арқылы әдеттілік орнатуға ұмтылған қылық. Субъектінің ниеті- өзін ренжіткен  адамнан кек алу, яғни өзіне жауыздыққа қарсы қастық әрекет жасау.

Қылмыстық Кодекс бойынша  аффект жағдайында кісі өлтіру әрекетіне  қолданылатын жазаның ең жоғарғы  шегі- 3 жыл мерзімге бас бостандығынан  айыру көзделген. Ауырлататын құрамда  аффект жағдайында екім немесе одан да көп адамды өлтіру әрекетіне 5 жыл  мерзімге дейін бас бостандығынан  айыру көзделген. Қасақана бұзақылықтың тағы бір белгісі- қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді атқарып  жүрген бтлік өкілдеріне немесе қоғам  өкілдеріне, срндай-ақ бұзақылық әрекеттерге  тыйым салуға көмектесіп жүрген басқа  да азаматтарға қарсылық көрсету 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге  тіпті тән емес.

Қасақана қылмыстағы құқық  бұзушылықтың себептері айтылған ойларды  тұжырымдасақ, адамның құқықтық норималарды  бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз. Әлеуметтік жағдайлар- отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы  қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар  әр адамға әр түрлі ықпал етеді. Тұрмыста ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп өмір сүретіндер де, сонымен бірге уайымсыз, тоқтықта өскендер де заңды бұзуы  мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз  ежелден-ақ байқаған. Биологиялық жағдайлар  да болуы мүмкін. Бір отбасында  дүниеге келіп, тәрбиеленіп өскен  балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі  болатыны белгілі. Біруі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине  балалардың жаратылысынан әртүрлі  болуы, бұзақылық адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық тұқым қуаламайды, бірақ, адамның  жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік, заң бұзушылық қылықтан тайынбайды. Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы олардың талаптарын орындамауға  себебін тигізетіні сөзсіз. Шындығында мемлекетімізде жүздегенм заңдар қабылданған. Азаматтар ол заңдардың бәрін  біле бермейді. Әрине, заңды білмей бұзғанымен, біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзушылықтың салдары  арасында өте үлкен айырмашылық  бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған заңды құжаттар баспасөз бетіне жариялануға тиіс. Егер, жарияланбаса, оның күші болмайды. Құқық бұзушылықтың субъективтік себептері- бұл, мемлекеттік идеологияға, адами  құндылықтар мен қоғамдық мүддеге  қарама-қайшы құқық сананың төмен  деңгейлігі. Ал, объективтік себебі- өмірдегі экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы  қайшылықтар. Құқық бұзушылықты  тудырушы объективтік себептердің  орын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптердің жеткіліксіздігін айтуға болады. Құқық бұзушылық қашан  да жеке сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты  арқылы анықталатын құқыққа қайшы  шешім, құқық бұзушылықтың тікелей  себебі болып табылады.  

Қасақана  қылмыс құрамы.

Қылмыстық заңда қасақаналықтың анықтамасы материалдық құрамдағы  қылмыстарға арналып берілген. Тікелей  және жанама қасақаналықтағы іс-әрекеттің  қоғамға қауіпті мәнін білудің  айырмашылығы жоқ, екеуінде де бірдей. Жанам қасақаналыққа бір мысал  келтірер болсақ, мысалы, қатардағы  Әбенов мас болып өзі күзетіп  тұрған постының жанынан қараңғы  кезде өтіп бара жатқан Сәрсенов жаққа  қаратып бұзақылық ниетпен автоматтан оқ жаудырған. Сәрсеновтың қолы және аяғы жарақаттанған. Республика Жоғары Сотының әскери коллегасы Әбеновты жанама қасақаналықпен кісі өлтіруге бұзақылық ниетпен оқталғандығы үшін кінәлі деп тапқан. Себебі, ол Сәрсеновке қаратып оқ атқанымен, оны өлтіруді немес оған ауыр зардап тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы түрде  жол берген.

Жанама қасақаналықта  қылмыс құрамына тән қоғамға зиянды зардапты болғызу кінәлінің іс-әрекетінің түпкі немесе аралық не болмаса басқа  мақсатқа жету құоалы болып табыоады. Бұлар кінәлінің іс-әрекетінен туындаған  бөгде нәтиже болып табылады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа даярлану, қылмысқа оқталу, құрамында арнаулы мақсатты көрсеткен қылмыстарды істеу, сондай-ақ қылмысты ұйымдастыруды, азғыртуды  және көмектесуді жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл тұрғыдағы қылмыстар  тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Тікелей және жанама қасақаналықты бір-бірінен жіктеп бөлудің қылмысты дұрыс саралауда  маңызы ерекше. Көптеген қылмыстар  көбіне тікелей қасақаналықпен істеледі. Қасақаналықтың осы екі түрін бірінен-бірін ажырата білу қылмыстық құқықтық нормаларды дұрыс қолдану үшін, кінәнің дәрежесін анықтау үшін, іс-әрекеттің қоғамға зияндылығының дәрежесін, қылмыскердің жеке басының, қылмыстық жауаптылық пен жазаны саралау үшін де қажет. Пайда болу мерзіміне қарай қасақаналық алдын ала ойластырылған немесе табан астында пайда болған қасақаналық болып екіге бөлінеді. Алдын ала ойлаудан туатын қасақаналықта кінәлі адам қылмыс істеуден бұрын рйланып, сол ойын аздаған уақыт өткізіп алып іске асырушылық жатады. Табан астында пайда болған жай қасақаналыққа кінәлінің қылмыс істеу туралы ниеті оның өзінің дені дұрыс күйінде пайда болып, сол ниеттің сол арада тез не болмашы уақыттан соң іске асырылуы болып табылады. Қасақаналық жай және аффектілік түріне мысал келтірсек, жан күйзелу жағдайында, яғни үстінде жасаған ашумен болған адам өлтіру немесе жан күйзелу үстінде ашуға байланысты болған қасақаналық жатады. Кінәлінің өзінің істелетін іс-әрекетінен келетін қоғамға зиянды зардаптардан дәл болуына байланысты қасақаналық айқын  болып бөлінеді. Айқын нақтыланған қасақаналықта кінәлі нақтылы, дәл анықталған қоғамға зиянды зардаптың болуын болжайды. Айқын қасақаналық жай және баламалы (альтернативті) болып екіге бөлінеді. Жай айқын қасақаналықта кінәлі адам өзінің іс-әрекетінен белгілі бір нақты, қоғамға зиянды зардаптың болуын болжайды (мысалы, кісі өлімі немесе денеге жарақат келтіру). Адамға мұндай ретте нақты орын алған нәтижеге байланысты кінә тағылады. Балама нақтыланған қасақаналықта кінәлі адам екі немесе одан да көп айқын анықталған қоғамға зиянды зардаптың болу мүмкіндігін болжайды (мысалы, кісі өлімі немесе ауыр дене жарақаты).

Екі ұшты қасақаналықта кінәлі адам қоғамға зиянды зардаптың нақты  қайсысының және оның қандай болатынын  дәлме-дәл елестете алмайды. Екі  ұшты қасақаналыөта кінәлі адам нақты  орын алған зардап үшін жауапты болып  табылады. Көп жағдайларда қылмыс бір ған қылмыс нысаны арқылы істеледі. Қасақана немесе абайсызда біреуді  өмірінен заңсыз айыру. Адамды әрекет немесе әрекетсіздік арқылы өлтіруге болады. Қасақана кісі өлтіру түрлі  ниетпен орындалады. Біреудің ақшасына, затына, малына, үйіне ие болу үшін тағы басқа себептермен өлтіру- пайдақорлық  ниетке жатады. Бұзақылық ниетпен  де (тентектік, жанжал, төбелес) кісі өлтірілуі  мүмкін. Біле тұра екіқабат әйелді өлтіру де қасақана кісі өлтіруге жатады. Мұнда  қаскүнем анасымен қатар іштегі нәрестені  де өлтіреді. Сирек те болса, қан  үшін кекшілдікпен өлтіру де кездеседі Мұндай қастандық ескіліктің, рушылдықтың қалдығы. Екі немесе одан да көп адамды өлтіру қасақана өлтіру болып табылады (мысалы, екі, одан да көп адам жейтін асты уландыру, мылтықпен екі не одан да көп адамды ату). Кейде адам жасаған қылмысын жасыру үшін сол қылмыс түралы білетінді өлтіреді. Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамгың жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.  
 
    Қылмыс жасауға оқталу. Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бүл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады. Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, оладың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.Тек қасақан жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді. 
Абайсыз қылмыстарда қылмысқа қатысу бомайды. Егер бірнеше адам абайсызда қоғамға қауіпті жағдай туғызса, оның әрқайсысы жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс.Қылмысқа қатысушылардың түрлері. 
Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, айдап саушы және көмектесуші деп бөледі.

Орындаушы – бұл нақты  қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге  жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмыстық  орындаушы болып табылады. Қылмыстың  орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық  жауапкершілікке тартылмайтын, басқа  адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы  болып есептеледі. Қылмыстық құқықта  мұндай жағдайлар тікелей орындаушы  деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау  үшін жасөспірімді немесе ақыл – есі  кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.Ұйымдастырушы – қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындауына басшылық еткен адам. 
Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы – бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.Жопарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүгемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қымысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады. Сондай – ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстың ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уде береді.

Қылмыс жасау сатылары.  Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяталған қылмыс. 
Қылмысқа дайындалу – бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға сөз байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән – жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе.

Қылмыс құралдарын сатып  алу тәсілдері заңды болуы  мүмкін: қаруды заңға сәйкес сатып  алу, сыйлық ретінде алу,немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.Дайындау – бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау. 
Бейімдеу – затарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).

Қылмыс жасауға оқталу деп – адамның еркінен тыс  мән – жайларға байанысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның  қылмыс жасауға тікелей бағытталған  қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі  танылады. 
Аяталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар бегілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғанда ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады).

    Қорытынды.

   Қылмыстың оның ішінде қасақана қылмыстың өсуіне негіз болатын себептерге әсіресе, мыналарды атау қажет: кедейлік, жұмыссыздық, ата-ананың тәрбиелеу қабылетінің жарамсыздығы тағы басқалары жатады. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай іске аыру тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі шарты. Кейбіреулер қылмыстың өсуін заңның жұмсақтығымен немесе қаталдығымен байланыстырады. Қатаң жаза кейбір адамдарды қылмыс жасауын тоқтатуы мүмкін. Қасақана қылмыстың, «басбұзарлықтың» көбін жасаушылар жас, оның ішінде жасы толмағандар. Жасы толмағандар қылмысты жекелеп қана емес, топтасып та жасайды. Жасы толмағандардың қылмысқа бой ұрыныруларының себептері ел басына түсіп отырған қиындықтар, тәрбиелеу қабілетінің жарамсыздығынан, тәрбие беру ісі ақсаған мектептен, басқа оқу орындарынан туындайтыны сөзсіз.

Көптеген қылмыстар көбіне тікелей қасақаналықпен істеледі. Қасақаналықтың осы түрін ажырата білу керек. Себебі, құқықтық нормаларды дұрыс  қолдану үшін, кінәнің дәрежесін  анықтау үшін, іс-әрекеттің қоғамға  заңдылығының дәрежесін, қылмыскердің жеке басының, қылмыстық жауаптылық пен жазаны саралау үшін өте қажет.

Заң әрқашанда демоқратиялық  талаптарға, теңдік пен әділеттілікке  сай жасалуы қажет. Қылмыспен  күресу оның қандай да болмасын түрлерімен (қасақана қылмыс тағы да басқа) оның алдын  алу немесе тәртіпке енгізу болып  табылады. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру тәуелсіз мемлекетіміздің негзгі шарттарына жатады. Еліміздің нығаюына, құқықтық Мемлекет болуына өз үлесімізді қосып, заң бұзушылыққа жол бермейік дегім келеді. 
      Сонымен, қылмыс – бұл Қылмыстық кодекспен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс - әрекет.Барлық қылмыстар сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай төртке бөінеді: онша ауыр емес қылмыс, орташа ауыр қылмыс, ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс.Қылмысқа қатысу, бірнеше адамның біртұтас қоғамға қауіпті нәтижеге жету үшін өз күш әрекеттерін біріктіруін білдіретін қылмыстық әрекеттердің ерекше нысаны. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыстарда ғана болады, қылмысқа қатысушылардың барлығы қасақаналықпен әрекет етеді. Қылмыс жасау салалары – бұл адамның қылмысты қасақана жүзеге асыруының белгілі бір сатылары боып табылады.

Информация о работе Қасақана қылмысты істеу сатылары