Мемлекеттік қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 20:47, реферат

Описание

Ғылыми жәнс оқулық құкықтык әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет:кең. мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін /жұмысын/: мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде,, өзге де ұйымдарда атқаратын кызметі; қысаң мағынадай:— бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін тек мемлекеттік органдардағы атқару қызметі

Работа состоит из  1 файл

Меамлекеттік қызмет.doc

— 103.50 Кб (Скачать документ)

 Мемлекеттк қызметтін ұғымы

Ғылыми жәнс оқулық құкықтык әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет:кең. мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін /жұмысын/:   мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде,, өзге де ұйымдарда атқаратын кызметі; қысаң мағынадай:— бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін тек мемлекеттік органдардағы атқару қызметі.

"Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 
1999 жылғы 23 шілдедегі заңында1 мемлекеттік қызметтің ұғымы 
қысаң мағынада ;берілген мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардан мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Аталған заң-мемлекеттік қызмет туралы зағнамалардын қалыптасуы үшін құқықтық негіз болған бірден бір құқыктық акт.

Заң "мемлекеттік лауазымның үғымын пайдалануға енгізді,мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын топтар мсн санаттарға бөлуді белгілейді, мемлекеттік қызмет пен қызметшінің ұғымын анықтайды,

мемлекеттік қызметшінің құкыктық жағдайының негіздерін, мемлекетгік 
кызмет өткеру тәртібін белгіледі және мемлекеттік-қызметтік қатына- 
стармен байланысты бірнеше өзге де мәселелерді реттейді. 

Мемлекеттік қызмет құқықтық негізіне Конституция, жо-ғарыдан аталған Заң, республиканың өзге де Нормативтік-құқықтық актілері жатады.

 Мемлекеттік қызмет туралы Заңмен реттелмеген мемлекеттік 
қызметпен байланысты: қатынастар республиканың Еңбек туралы 
  заңдар кодексімен және өзге де заңнамалармен реттеледі.

Мемлекеттік қызметті өткеру — бұл ұзаққа созылатын процессі, мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейін атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрініс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік-қүқықтьіқ мәртебесі жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті атқару екі түрлі қүқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірінен бірі өздерінің туғызатын қүқықтық қимылдарларының сипатымен айырылады.

Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін Мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін (ережелерін, шарт-тарын) белгілейтін нормативтік күқықтық актілерді қүрайды. Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайъның ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың, қүрметті атақтар берудің және қызмет еткерудің өзге мәселелерінің тәртібін белгілейді. Мүндай актілердің қатарына мемлекеттік қызметтің мәселелерін реттейтін «Мемлекеттік қызмет туралы» заң, Президенттің жарлықтарымен бекітілген бірнеше нормативтік актілер, олардың ішінде, мысалы, «Мемлекеттік қызмет өткеру төртібі туралы Ереже» жатады.

Қүқықтық  актілердің екінші түрі - бүл заңдық айғақтар түрле-рінің бірі, яғни нақты  бір азамат үшін мемлекеттік — қызметтік қатынастар туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдай-ларды реттейтін жеке-дара актілер.

Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мемлекеттік  қызметке кіруге, зандарда өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем емес, қажетті білімі бар және өзге белгіленген талаптарға сөйкес келетін ҚР-сы азаматының қүқығы бар.

Конституцияның 33-46. ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік  қыз-метке кіруге тең қүқығы бар деген жалпы ереже бекітілген. Бірақ бұл кейбір арнайы шектеулер болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Атап айтар болсақ, азамат мемлекеттік қызметке мына жағдайларда қабылдануы мүмкін емес:

  • соттың зандық күшіне енген шешімімен оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
  • соттың шешімімен оны белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдар атқару қүқығынан айырған;
  • лауазымдық міндеттерін атқаруға кедергі болатын медициналық мекеменің қорытындысымен анықталған науқасы бар;
  • өзінің мәртебесін жоәне соған негізделген беделін жеке басылық, топтық жөне өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне заңмен белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
  • мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қүқық бүзушылық үшін тәртіптік жазаға тартылган;
  • мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қүқық бүзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  • мемлекеттіқ қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасакана қүқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

•мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңмен

белгіленген тәртіппен  алынбаған соттылығы бар.

Мемлекеттік қызмет туралы занда мемлекеттік саяси қызметшілер мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кірулерінің бөлек тәртіптері белгіленген

Саяси мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау немесе сайлау арқылы, сондай-ақ заңдарда белгіленген басқа да тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл орайда Президенттің 2003ж, 4-желтоқсандағы жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ереже» басшылыққа альнады. Онда мемлекетіік саяси және әкімшілік қызметтің кадр резервін жасақтау және осы резервке алынған азаматтардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу мәселелері реттелген.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, «Мемлекеттік қыз-мет туралы» занда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс азаматтардың мемлекекттік қыз' метке бірдей кіру мүмкіндігінің конституциялық қүқығын қамта-масыз етеді. Бос лауазымдарға орналасудың конкурстық тәртібіп енгізу мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жоғары көсібилік корпусын құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

 Мемлекеттік қызмет  Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналамсуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда мемлекеттік қызметшінің жөне уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.  Мемлекеттік қызмет туралы» заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2005 ж. 8-шілдедегі заңмен мемлекеттік әкімшілік қызметке конкурссыз орналасуға болатын адамдардың тізбесі бекітілген. Оларға өз өкілеттігін доғарған, теріс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін Маслихат депутаттары, мемлекеттік саяси-қызметшілер, судъялар жатады. Олардың орналасу тәртібін Президент айқындайды.

Азамат мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.

Азаматтардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы олар міндетті түрде арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның талабына сәйкес ҚР-сы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  агенттігі төрағасының 1999 ж. 24-қарашадағы бүйрығымен және кейіннен енгізілген өзгерістермен қоса «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің шарттары мен тәртібін айқындайтын Қағидасы бектіліген. Бұған 2006 ж. 25-мамырдағы бүйрығымен тағы да толықтырулар мен өзгерістер енгізді3.

Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Президент шешімі бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган конкурс еткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялағаннан кейін өткізеді.

Конкурс жариялаған мемлекеттік  орган үміткерлерді бос лауазымдарға орналасуды жүзеге асыратын конкурс комиссиясын құралады. Бұл комиссияның шешімі мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымына орналасуға немесе мұндай лауазымға кіруге бас тартуған негіз болып табылады.

Конкурсқа жасы 18-ден  темен емес,қажетті білімі, кәсіби даяр-лық деңгейі бар және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес ҚР-ның барлық азаматтары қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жіберілмейді:


1)жоғарыда корсетілген талаптарға сәйкес емес;

2)заңдылық күші бар сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе  іс әрекетке қабілеті шектелген болып танылғандар;

3) заңдылық күші бар сот шешімімен белгілі бір анықталган мерзімге дейін мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылған;

 4) заңда қарастырылған басқа жағдайларда.

ҚР-сы Президентінің «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» 2005. 14-сәуірдегі жарлығында1 Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізудің айқындығын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірлеу тапсырылған болатын.

Осы тапсырманы орындау  мақсатында аталған Агенттік 2005 21-маусымдағы бүйрығымен конкурс өткізу Қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Мұнда конкурстық ресімдердің ашықтығын және конкурстық комиссиялардың жұмысындағы шынайылықты арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бірқатар жаңа маңызды нормалар белгіленген .Бұдан былай Қағидаға сәйкес, мысалы, тиісті мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша конкурстық комиссияның қүрамына осы органның ғана емес, өзге де адамдар енгізілуі мүмкін. Бұл конкурстық комиссияның жұмысына жұртшылықтың көп өкілдерін қатыстыруға, соңдай-ақ мемлекеттік қызметке тең және бәсекелестік жағдайда ең білікті мамандарды іріктеуге мүмкіндік береді.

Бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарға орналасуға үміткерлердің  ҚР-ның заңнамаларын білетіндігіне  және логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру мақсаты үшін тестілеу өткізіледі. Оны өткізудің төртібі ҚР-сы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003 ж. 30-сәуірдегі бұйрығымен бекітілген Ережеде белгіленген және оның жаңа редакциясы 2005 ж. 19-мамырдағы бүйрығымен бекітілген. Тестілеуді Агенттіктің жөне оның аумақ-тық бөлімшелерінің тестілеу администраторлары өткізеді. Тестілеудің нәтижелері тиісті мемлекеттік органның конкурс комиссиясына беріледі.

Мемлекеттік органның басшысы  конкурс Комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушыны жариялаған қызметке қабылдауға міндетті. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметке кіру

үшін заңдарда қаралған талаптар сақталуға тиіс. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарылады, сонда істетілгсн күннен бастап азамат мемлекеттік қызметте болып саналады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет немесе қызметін тоқтатқаннан кейін жаңадан қабылданған, соңдай-ақ жоғары дәрежелі санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданған азамат үшін үш айға дейінгі мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін.

Конкурстық комиссияның  оң қорытындысын ала алмаған конкурсқа қатысушылар, бірақ комиссиямен мемлекеттік қызметке ұсынылғандар, аталған Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері құратын кадрлар резервіне тіркелуі мүмкін.

Кадр резервіне  алынған азаматтар біліктілік талаптарьна сай болған жағдайда және өздерінің келісімімен әкімшілік қызмет лауазымдарының тиісті немесе төменгі санаты лауазымына бір жыл ішінде конкурстан өтпей тағайындала алады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервін уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері:

  1. конкурстық іріктеуге қатысқан жөне конкурстық комиссия кадр резервіне алуға ұсыным берген;
  2. мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқудан өткен;
  3. кәсіби дөрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жүмысқа жіберген;
  4. аттестациялаудан өткен жөне аттестациялық комиссиялар кадр рсзервіне алуға үсыным берген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын азаматтардан жасақтайды.

Кадр резервіне алынған  адамның резервте түруы бір жылдан ұзақ болмайды.

Резервінің мемлекеттік  қызметке кіруі заңдарда қарастырылған тәртіппен және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

ҚР-ның әрбір азаматы  мемлекеттік әкімшілік немесе саяси қызметке кіргенде ант береді. Анттың мәтіндері мен оны берудің тәртіптері Президенттің жарлықтарымен бекітілген. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер оқтын-оқтын аттестация-лаудан өтеді. Оның мақсаты — қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін, қүқықтық мәдениетін және азаматтармен жүмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшеміне қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті жатады.


Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілерді аттестациялау жүргізудің тәртібі мен талаптары Президенттің 2000ж. 21-қаңтардағы Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу» ережелерімен айқындалады.

Аттестациялауға жүкті  әйелдерден басқа барлық қызмет жатады. Қызметшілер мемлекеттік қызметте болудың әрбір кезекті үш жылы өткен сайын алты айдың ішінде аттестациядан өтуге тиісті. Мемлекеттік қызметке тұңғыш рет немесе мемлекеттік қызмет стажындағы үзіліспен кірген қызметшілер, мемлекеттік қызметке үзіліссіз болудың үш жылы өткен мерзімде, осы Ережелердің төртінші тармағында белгіленгендей аттестациялаудан өтеді.

Информация о работе Мемлекеттік қызмет