Нотариаттық қызмет пен іс-әрекеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 22:29, реферат

Описание

Нотариат міндеттерін нотариус орындайды. Яғни олар:
1. ҚР Нотариат қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға;
2. Азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар ен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жсалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдары жөнінде ескертуге;
3. Кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға;
4. ҚР-ның заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5. Кәсіптік әдепті сақтауға;
6. Әділет органына және нотариаттық палатаға өз іс-әрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, өзге құжаттар,ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.