Нотариаттық қызмет пен іс-әрекеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 22:29, реферат

Описание

Нотариат міндеттерін нотариус орындайды. Яғни олар:
1. ҚР Нотариат қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға;
2. Азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар ен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жсалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдары жөнінде ескертуге;
3. Кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға;
4. ҚР-ның заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5. Кәсіптік әдепті сақтауға;
6. Әділет органына және нотариаттық палатаға өз іс-әрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, өзге құжаттар,ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.

Работа состоит из  1 файл

РЕФЕРАТ 1.docx

— 28.90 Кб (Скачать документ)

 

  ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Нотариаттық қызмет пен нотариаттық іс-әрекеттер

 

 

 

 

Орындаған:

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013

 

 

 

 

 

 

 

   Қазақстан Республикасындағы нотариат  - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.     

Нотариат  міндеттерін нотариус орындайды. Яғни олар:

1. ҚР  Нотариат қызметін реттейтін  нормативтік-құқықтық актілерінің  талаптарына сәйкес нотариаттық  іс-әрекеттерді жасауға;

2. Азаматтарға  және заңды тұлғаларға құқықтар  ен міндеттерді түсіндіруге,  олардың заңды білмегендігі өздеріне  зиян келтіруге пайдаланылуы  мүмкін болмауы үшін, жсалған  нотариаттық іс-әрекеттерінің салдары  жөнінде ескертуге;

3. Кәсіптік  қызметін жүзеге асыруға байланысты  өзіне  белгілі болған мәліметтерді  құпия ұстауға;

4. ҚР-ның  заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда  нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан  бас тартуға;

5. Кәсіптік  әдепті сақтауға;

6. Әділет  органына және нотариаттық палатаға  өз іс-әрекеттеріне  түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-әрекеттер  туралы мәліметтер, өзге құжаттар,ал қажет болған  жағдайларда  жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп  талаптарын  сақтамау мәселелері  жөнінде түсініктемелер беруге  міндетті.                   

Нотариус  сотта немесе басқа құзіретті  органда іс туындаған жағдайда, егер кейіннен дәлелдемелерді  табыс ету мүмкін емес немесе  қиын болады  деп топшылауға  негіз болса, мүдделі тұлғалардың  өтініші бойынша  қажетті дәлелдемелерді  қамтамасыз етеді.Нотариус мүдделі  тұлғалар  өзіне  өтініш  жасаған  кезде соттың немесе басқа  құзіретті органның қарауында  жатқан іс бойынша дәлелдемелрді  қамтамасыз етпейді.      

Нотариаттың құқықтық табиғатын анықтайтын негізгі  белгі болып оның юрисдикциялық, құқық қорғаушы қызметі табылады. Бір  жағынан бұл қызмет Юстиция  министрлігінің құқықтық қорғау мен  заң қызметін ұйымдастырудың жалғасы  болып табылады. Өйткені мемлекеттік  және жеке нотариустар реестрін ҚР Юстиция министрлігі жүргізіледі. Екінші жағынан нотариат пен сот  азаматтық айналымдағы бастапқы және кейінгі бақылауда бірдей қызмет атқарады.      

Сондықтан да, олардың қызметі тығыз байланысты. Сот нотариаттық  қызметке арыздар  мен одан бас тарту арыздарын  қарастырса, нотариаттық актілер  сотта немесе арбитраждың сотта  қаралады. Бірақ кейбір қызметтерді  жасаған кезде нотариаттық орган  сот сияқты: АІЖК нормаларын қоланылады.      

Нотариаттық қызметтің пәні болып - құқықтар мен  фактілерді шоғырландыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау кезінде  пайда болатын қатынастар табылады.      

Нотариат  туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, “Нотариат туралы”  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі заңына және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызхметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.      

Азаматтардың  заңды мүдделері мен субъективтік құқықтарын қорғауды ұйымдастыру қызметін ҚР-да құрамына нотариат та кіретін  органдар жүйесі атқарады. Жүйесіне, біріншіден, мемлекеттік нотариаттың конторалары  мен жеке практикамен айналысушы ноиариустар, нотариаттың іс-әрекет жасауға уәкілетті атқарушы билік  органдарының лауазымды тұлғалары, ҚР консулдық мекемелердің лауазымды  тұлғалары, бас дәрігер, қарттар  мен мүгедектер үйінің бастығы, нотариаттық  іс-әрекеттер жасауға уәкілетті  әскери мекемелердің басшыларынан тұрады.   

Институт  ретінде нотариаттың өзінің даму  тарихы бар. Ол ежелгі Римдегі  Республиканың пайда болуымен  байланысты. Сол кезеңде-ақ римде   мамандандырылған лауазымды тұлғалардың ерекше институты болды. Олардың қызметіне жазбаша бұйрықтарды рәсімдеу, магистрлар мен преторлардың шығарған бұйрықтарын жазбаша рәсімдеу кірді. Осы қызметтерді атқаратын тұлғалар нотариустар деп аталады (notarii) олатау стенографиялық белгі деген мағынаны білдіретін “notta” деген сөзден шыққан. Бұл белгіні нотариустар жазу жылдамдығы үшін пайдаланған.    

Еуропалық елдерде, Африка мен Америка елдерінде  романо-германдық құқықтық жүйеге негізделген  заңнама қызмет етеді. Бұл жүйе бойынша  заң құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Латын нотариаты  да романо-германдық құқықтық жүйе негізінде  пайда болды. Латын  елдеріндегі нотариаттың қызметі, іс-әрекеттері азаматтықты куәландыру мен тараптардың әрекет қабілеттілігін куәландырумен шектелмейді. Ол тараптар келісімге келмей тұрған шарт кезеңіне де қатысып, шарттың салдарын түсіндіреді  және шарттың құқықтық қорғалуын  жүзеге асырады.    

Нотариаттың тамырымен тұрақталуы 1866 жылы Александр  ІІ бекіткен 1864ж. Сот реформасының жалғасы  ретіндегі нотариаттық бөлік  туралы ережеге байланысты болды. Нотариаттық  мекемелердің 2 түрі пайда болды: шаруашылық (крепостнойлық) және жеке нотариаттық  бөлік.    

Мемлекет  крепостной бөліміне ерекше көңіл бөлді: крепостной тәртіпте жасалған шарттардың бәрі даусыз және міндетті орындалатын  болып есептеледі.    

Бұл шартқа қойылған талаптар әлі күнге  дейін қолданылады.     

Осы ереженің негізінде нотариаттық  іс-әрекет жасауға уәкілетті 4 орган  пайда болды:

-жария  (қалалық) нотариусы

-биржалық  маклер мен нотариус, корабельдік  нотариустар  мамандырылған маклерлер

- маклер   немесе  нотариус  жақ  болған  жағдайда  олардың қызметін магистраттар, кеден ісі басшылары атқарады.    

Нотариус  қызметіне кандидаттар конкурс  негізінде тағайындалады, ант береді. Сауатсыз адамдар нотариус қызметіне  жіберілмейтін.    

Нарықтық  экономикалық қатынастарға өту мен  кәсіпкерліктің дамуына, меншік нысанының  алуан түрлілігіне байланысты нотариат реформасы қажет болды. Сөйтіп 1997 жылы 14-шілдеде “Нотариат туралы”  заң қабылданды. Бұл реформаның нәтижесінде  экономикалық кеңістікте 2 нотариус қызмет ететін болды; біріншісі – мемлекеттік конторадағы нотариус, екіншісі – жеке практикамен айналысушы нотариус.    

Олардың айырмашылығы мынада: мемлекеттік нотариус нотариаттық  қызмет үшін түсетін  пайданы мемлекетке береді де, ол үшін нақты жалақы алады, ал барлық ақшаны өзіне алады (салық пен заңда  көзделген басқа жағдайларды  қоспағанда).               

Нотариаттың  азаматтық қоғамдағы маңызы өте  зор.  Нотариустар  адамдарға толық  меншік иесі болуына көмектеседі,  құқықтық тәртіптің орнауына  белсенді қатысады. Шынымен де, қазіргі  кездегі жаңа меншік құқықтық  қатынастарының пайда болуына  байланысты көптеген елдер мен  халықтар нотариусқа барады да, көмек сұрайды. Өйткені нотариус  заңды тұлғалар мен азаматтардың  заңды мүдделері мен сөзсіз  құқықтарының кепілі болып табылады.    

Нотариат - мемлекеттік органдардың жүйесі ретінде қаралады. Бұл жүйеге ҚР Юстиция министрлігі, мемлекеттік  нотариустар, жеке практикамен айналысушы нотариустар, консулдық мекемелер  мен атқарушы биліктің лауазымды  тұлғалары және ерекше жағдайда нотариаттық  іс-әрекеттер жасауға өзге де уәкілетті  лауазымды тұлғалар кіреді.      

Принцип (ргіпсірит) - латын тілінен аударғанда «негіз», «негізін қалаушы бастау»  деген ұғымды білдіреді.   

Принциптер - құқықтың объективтік сипаты, олар қоғам дамуының заңдылықтары мен қажеттіліктерінің көрінісі

болып табылады. Ф. Энгельс "Анти-Дюрингте" принциптер жөнінде былай деп  жазған болатын: "Принциптер табиғатқа  және тарихқа сэйкес келетіндіктен  ғана шынайы болып табылады. Қазақстандық зерттеуші К.К. Айтхожин өзінің "О  понятии "принципы Конституции Республики Казахстан" деген ғылыми мақаласында  Конституция теориясының өзекті проблемаларының қатарына "принциптер категориясы мен жүйесін" жатқызады. Оның пайымдауынша, бұл қарапайым  термин болғанымен, кез-келген қүқық  саласында туын-дайтын нормалардың  мэнін шынайы айқындап түсіңцірудг  ең маңызды ұғым болып табылады. "Принцип" ұғымы философия ғылымында  субъективтіі мағынада негізгі ереже, алғышарт (ойлау принципі) ретінде  түсіндірілсе, объективтік мағынада қайнар көз, алғашқь бастау (шынайы принцип, болмыс принципі) деп түсіндіріледі.    

Құқықтық  принцип дегеніміз - заңда немесе заңға сәйкеі нормативтік актілерде  бекітілген негізге алынатын бастау.    

Қазақстандық  заңгерлер Ғ.С. Сапарғалиев пен  Л.С. Ибраеваның пайымдауларынша: «Құқық принциптері -кұқықтың мәнін білдіруде  оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шыгарылады».    

Құқық принциптері әділдік, дұрыстық көрсеткіші болгандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді, олардың ұзақ уақыт бойы өзгеріссіздігі құқықтық нормалардан айырмашІІылығы болып табылады.   

Құқықтық  принциптер нормаларда, заңдарда тікелей  немесе жанамалай білінеді.   

Құқық принципі дегеніміз - белгілі бір  қоғам мен мсмлекеттің әлеуметтік-экономикалық жэне саяси даму лцдылықтарының срекше құқықтық көрінісі.    

Құқық теориясының ережелеріне сүйенсек, құқықтық  ғылымда принциптердің екі түрі бар: жалпықұқықтық (жалпысалалық) принциптер;. арнайы (салалық) принциптер.   

Осы ұстанымга орай нотариаттың түсінігі және нкнратын қызметіне байланысты қолданыстағы заңнамамен ирригариаттық қызметтің төмендегі принциптері анықталған. Тәуелсіздік және заңга бағыну принципі. Ұйымдастырушылық принциптер.                

Функционалды  принциптер: 1.Заңдылық принципі;  2.Диспозитивтік принципі;

1.   Жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясы сақтау принципі.  Аталған принципті жүзеге асыру үшін нотариат туралі заңнамамен   нотариусқа   жэне   нотариаттық   іс-әрекеттер жасауга уәкілетгі басқа да адамдарға жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің   қүпиясын   сақтау   міндеттемесі   жүктеледі. Заңи мэні бар іс-эрекеттер қүпиялылыығын сақтау туралы нормативтік талап көптеген құқық салаларының ережелерінде бар. Мысалы, белгілі мэліметтер қүпиясын сақтау сенім білдірілген тұлғалар асырап алу қүпиясын сақтаулары тиіс (судьялар, АХАЖ органдарының қызметкерлері, және балалар үйлерінің қызметкерлері). Тергеу құпиясы сақтау    тергеу    органдарының    қызметкерлері    мен    іске қатысушы түлғаларға таралады, процеске қатысушыларды жеке  өмірінің қүпиясы  қылмыстық жэне азаматтық істе жүргізуде,  әкесін   анықтауға  байланысты   істер  жүргізуде қамтамасыз етілуі тиіс.

2. Неке-отбасылық,  қылмыстық іс жүргізу жәні  азаматтық іс жүргізу заңнамасында жоғарыда аталған түлға| лардың қатарына нотариустар да кіреді, себебі нотариаттьц тәртіппен рэсімделген құжаттар қылмыстық жэне азаматтыі істер материалдарында дәлелдемелік немесе өзге де қажеті ақпараттар ретінде қоса қолданылады. Бұрын    берілген    құжаттардың    көшірмелері    немі дубликаттары   жеке  жэне   занды   түлғаларға  олардың теідерінің тапсырыс беруі негізінде ғана берілетіндігі салалық ниотариаттық) заңнамамен белгіленген.    

Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мэліметтер соттың, Тергеу жэне алдын ала тергеу органдарының өз өндірісіндегі Істер бойынша жазбаша талабы негізінде беріледі, Прокуратура органдарына, эділет органдарына жэне нотари-йпық палаталарға нотариустар қызметін тексеру уәкілеттік берілген органдарға жазбаша талап негізінде ғана түсіпіледі.

Нотариаттық іс-эрекеттер қүпиясын сақтауды ммтамасыз ету нотариус ретінде қызметін тоқтатқан тұлгаларға да таралады. Ал жасалған нотариаттық іс-әрексттер туралы эдейілеп мәлімет таратқан тұлғалар заңнамаға сэйкес жауапкершілікке тартылады.    

Объективтілік принципі сонымен қатар ҚР "Нотариат туралы" Заңының 46-бабында бекітілген шектеулермен қамтамасыз етіледі. Бүл бапқа сэйкес нотариус жэне басқа жергілікті атқару органдарының лауазымды адамдары өз атына жэне өз атынан, ез жұбайының, оның жэне өз туыстарының (ата-аналары, аға-інілері, апа-сіңлілері, неме-релері, атасы, эжесі) атына жэне олардың атынан нотари-аттық іс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.

Нотариус  өз қызметінде жеке бас пайдасын ойламай, өз мүддесін ғана көздемей заңға сэйкес, объективті жэне негізді әрекет етуі тиіс. Ол жеке жэне занды тұлғаларға олардың заңды қүқықтарын жүзеге асыру мен қорғауға ықпал етіп, өзіне өтініш білдірген түлғаларға заңды білмеуі себебінен оның өзіне қарсы әсер етпеуі үшін ол жасаған нотариатты іс-әрекеттердің қүқықтық салдары туралы  ескерту  айтуі қажет. Осы мақсатта нотариус жеке және заңды тұлғаларда нотариаттық іс-эрекеттерді жасауға қажетті барлық мэлімет тер мен құжаттарды талап етуі, ал оған жүгінген мүддел адамдар   оларды   нотариусқа   берулері   тиіс.   

Жоғары  заң білімі бар, әділет аттестаттау  комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен  айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан  Республикасының азаматы нотариус бола алады.                

Өтелмеген  немесе заңда белгіленген тәртіппен  соттылығы алынбаған,  белгіленген  тәртіппен іс-әрекет жасауға қабілетсіз  не іс-әрекет жасауға  қабілеттілігі  шектеулі деп танылған адам  нотариус бола алмайды.      

Жекеше  және мемлекеттік нотариустардың нотариаттық  қызметті жүзеге асырған кездегі  құқықтары, міндеттер тең болады.                 

  Нотариустың:

1.Өзіне  жүгінген жеке және заңды тұлғалардың  мүдделеріне сәйкес, заң актілерінде  көзделген нотариаттық іс-әрекеттер  жасауға ;

2.Мәмілелердің  өтініштер мен басқа да құжаттардың  жобаларын жасауға;

Информация о работе Нотариаттық қызмет пен іс-әрекеттер