Жедел іздестіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 19:37, доклад

Описание

Жедел-iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi.

Работа состоит из  1 файл

жедел.doc

— 116.50 Кб (Скачать документ)

1-бөлiм.  Жалпы ережелер     

1-бап.  Жедел-iздестiру қызметi     

 Жедел-iздестiру  қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын,  құқықтарын, бостандықтары мен заңды  мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер  мен халықаралық ұйымдардың арнаулы  қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi. 
      Ескерту. Бұл заңда азаматтар деп Қазақстан Республикасының 
азаматтары, республикада тұрақты немесе уақытша тұратын немесе оның 
аумағына келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар айтылып 
отыр. 
      Ескерту. Бұдан әрi - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге 
асыратын органдар.     

2-бап.  Жедел-iздестiру қызметiнiң  мiндеттерi     

 Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:  
      - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн және меншiктi (нысандарына қарамастан) заңға қарсы қол сұғулардан қорғау;  
      - қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;  
      - қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау және ашу;  
      - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;  
      - шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау;  
      - Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;  
      - мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз ету;  
      - мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия мағлұматтардың сақталуын қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға (меншiк нысандарына қарамастан) жәрдемдесу;  
      - бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген режимдi қолдау;  
      - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.      

3-бап.  Жедел-iздестiру қызметiнiң  қағидаттары     

 Жедел-iздестiру  қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары  мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн  құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы  теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады.     

4-бап.  Жедел-iздестiру қызметiнiң  құқықтық негiзi     

1. Жедел-iздестiру  қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан  Республикасының Конституциясы, осы Заң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттары құрайды.  
      2. Республика Бас Прокурорының келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн қалыптық құжаттар шығарады.  
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 заңымен.     

5-бап.  Жедел-iздестiру қызметiн  жүзеге асыру кезiнде 
             жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын  
             сақтау 
  
       1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.  
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.  
      3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.  
      Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз деп таныған ретте, судья өзiнiң дәлелдi ұйғарымымен, ал прокурор - ескертуiмен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге мiндеттей алады.  
      4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың немесе судьяның талап ету бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет атқарушы немесе қызмет атқарған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтардан басқа барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi. 
      5. Жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижесiнде алынған адамның жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, егер оларда заңмен тыйым салынған iс-әрекеттер жасағаны туралы хабарлама болмаса, сақталмайды және жойылуға тиiс.

2 бөлiм. Жедел iздестiру  қызметiн жүзеге  асырушы 
органдар, олардың мiндеттерi мен 
құқықтары     

6-бап.  Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге 
            асырушы органдар     

 Қазақстан  Республикасы аумағында жедел-iздестiру  қызметiн: 
      а) Iшкi iстер органдары; 
      б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары; 
      в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары; 
      г) қаржы полициясының органдары; 
      д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi; 
      е) алып тасталды 
      ж) алып тасталды 
      з) алып тасталды 
      и) Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдары; 
      к) кеден органдары жүзеге асырады. 
      Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi тек қана заңмен өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР   Президентiнiң 1995.12.25. N 2725 жарлығымен, 1996.07.15. N 31-1 Заңымен, 2001.03.16. N 163 Заңымен, 2001.07.16. N 244 Заңымен, 2002.07.10. N 338 Заңымен, 2004.07.09. N 592 Заңымен.     

7-бап.  Жедел-iздестiру қызметiн  жүзеге асырушы 
             органдардың мiндеттерi      

 Жедел-iздестiру  қызметiнiң осы Заңмен белгiленген  мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;  
      а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;  
      б) жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға;  
      в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;  
      г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;  
      д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшiн жүргiзiлген жедел-iздестiру шараларының нәтижелерiн бейнелейтiн материалдарды беру кезiнде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.  
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.03.16. N 163 Заңымен.     

8-бап.  Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
             органдардың құқықтары     

1. Жедел-iздестiру  қызметi мiндеттерiн орындау кезiнде  оны жүзеге асыруға уәкiлдiк  берiлген органдар:  
      а) өз құзыретi шегiнде осы заңның 11-бабында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жария және жасырын жүргiзуге;  
      б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келiсiм берген адамдармен тегiн немесе ақылы негiзде ынтымақтастық қатынас орнатуға;  
      в) жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн жедел есептер және хабарлама жүйелерiн құруға және пайдалануға;  
      г) жедел-iздестiру шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, әскер бөлiмдерiнiң қызмет жайларын, көлiк және өзге техникалық құралдарын, мүлiктерiн, сондай-ақ залал келтiрiлген жағдайда, осы залалды, шығындарын да жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар есебiнен иелерiне өтей отырып, азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктерiн пайдалануға;  
      д) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құруға, осы мақсатпен лауазымды адамдарды, бөлiмшелердiң, ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың үй-жайлары мен көлiк құралдарын, сондай-ақ осы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн азаматтардың жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға;  
      е) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегiн пайдалануға;  
      ж) меншiк нысандарына қарамастан басқа министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн мәнi бар хабарламаларын, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде  белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып тегiн алуға және пайдалануға;  
      з) Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келiсе отырып жекелеген шараларды жүргiзу үшiн осы органдардың күшi мен қаражатын тартуға;  
      и) осы заңның 11-бабында көзделген жедел-iздестiру шараларын жүргiзу мақсатымен ғана тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына (меншiк нысандарына қарамастан), ал әскер бөлiмшелерiнiң және басқа режимдiк объектiлердiң аумақтарына олардың басшыларының келiсiмi бойынша кедергiсiз кiруге;  
      к) қылмысты топқа жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қызметкерiн немесе, жеке өздерiне қатысты шынайы деректердi құпия сақтай отырып онымен ынтымақтастық жасап жүрген адамды енгiзуге;  
      л) қылмысы iс-әрекетке елiктей мiнез-құлық үлгiсiн қолдануға;  
      м) қылмыстарды, сондай-ақ оған қатысты адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында қылмысты әрекеттерде қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағында тасуға, шетке тасуға немесе шеттен тасып әкелуге арналған тауарлардың, заттардың және өзге де материалдық құндылықтардың жеткiзiлуiне жедел бақылау жасауға;  
      н) қылмыстық процесте пайдалану үшiн жедел-iздестiру шараларын жүргiзудiң нәтижелерiн бейнелейтiн материалдарды беруге құқылы. 
      2. Ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмдерi мен құрамалары лауазымды адамдарының осы Заңда көрсетiлген органдарға өздерiнiң құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруына кедергi  жасауға құқығы жоқ. 
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен, 2001.03.16. N 163 Заңымен.     

9-бап.  Жедел-iздестiру қызметiн  жүзеге асырушы 
            органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi     

1. Жедел-iздестiру  шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа  қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады. 
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi. 

3 бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу     

10-бап.  Жедел-iздестiру шараларын  жүргiзу негiздерi     

1. Жедел-iздестiру  шараларын жүргiзу үшiн: 
      а) қозғалған қылмысты iстiң болуы; 
      б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға келiп түскен: 
      - әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық 
      - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар; 
      - азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған мәйiттердiң 
табылуы;  
      - шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекеттерi туралы хабарламалар;  
      в) өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ соттың ұйғарымдары;  
      в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қаулылары;  
      г) құқықтық көмек туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сауал салулары;  
      д) қоғам, мемлекет мүддесi мен оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту мүддесiне орай барлау ақпараттарын алу қажеттiгi жөнiндегi хабарламалар негiз болады.  
      2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттiк органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi:  
      - iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi, ұлттық қауiпсiздiк, әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы; 
      - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде;  
      - мемлекеттiк құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн апат немесе экологиялық қаупi аса жоғары объектiлер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы;  
      - жедел-iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы; 
      - күзет қызметiмен айналысуға лицензиялар берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы. 
      3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн. 
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң    1995.12.25. N 2725 жарлығымен, 1996.07.15. N 31-1 Заңымен, 2001.03.16. N 163 Заңымен, 2001.07.16. N 244 Заңымен, 2002.07.10. N 338 Заңымен, 2002.08.09. N 346 заңымен, 2004.07.09. N 592 Заңымен, 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.     

Информация о работе Жедел іздестіру