Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 19:37, доклад
Жедел-iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi.
23-бап.
Жедел-iздестiру қызметiн
жүзеге асырушы
органдарға жәрдемдесушi
азаматтарды
әлеуметтiк және құқықтық
қорғау
1. Жедел-iздестiру
қызметiн жүзеге асырушы
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдарға жәрдемдесуге келiсiм бiлдiрген
азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан
Республикасының басқа заңдарына және
қалыптық құжаттарына сәйкес олардың
құқықтарын қамтамасыз етуге және мiндеттемелердi
орындауға кепiлдiк бередi.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын
органдарға жәрдемдесуiне байланысты
азаматтардың өмiрiне, сондай-ақ олардың
отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына
немесе мүлкiне, заңға қайшы қол сұғушылықтың
анық қаупi төнген кезде, бұл органдар
құқыққа қарсы әрекеттi болдырмау, айыптыларды
анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ
қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес оларды қорғау жөнiнде
арнаулы жұмыстар жүргiзу үшiн барлық қажеттi
шараларды қолдануға мiндеттi. Z000072
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн
немесе қызмет iстеген азаматтар туралы
мағлұматтар мемлекеттiк құпия болып табылады
және олардың жазбаша келiсiмiмен ғана
жария етiлуi мүмкiн.
5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдармен қызмет iстейтiн азаматтар
сыйақы алуға құқылы.
6. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдармен азаматтардың айналысатын
қызметiнiң негiзгi түрi ретiнде ақылы негiзде
келiсiм-шарт бойынша ынтымақтасып қызмет
iстеу кезеңi олардың жалпы еңбек стажына
кiредi. Олар Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және
Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақымен
қамтамасыз етiлуге, қаза болған ретте
олардың отбасылары мен асырауындағы
адамдар асыраушысынан айырылуына байланысты
зейнетақы алуға құқылы.
7. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген
азамат жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге
қатысуына байланысты қаза болған жағдайда
оның отбасына және асырауындағы адамдарға:
- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеп,
қаза болған адамның он жылдық ақшалай
ақысы мөлшерiнде;
- ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет
iстеген адам үшiн он жылдық ең төменгi
жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы
төленедi.
8. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген
азамат өзiнiң қатысуымен болған жедел-iздестiру
шараларын жүргiзген кезде мертiккен не
денсаулығына өзге де зақым келген кезде
оған:
- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген
адамдар үшiн бес жылдық ақшалай ақысы
мөлшерiнде;
- ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет
iстеген адамдар үшiн бес жылдық ең төменгi
жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы
төленедi.
9. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге
қатысуға байланысты қаза болуға, мертiгуге
не денсаулықтың өзгедей зақымдануына
орай келтiрiлген залалдың орнын толтыру
Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген
тәртiппен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асырушы органның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 1996.07.15.
N 31-1, 2009.04.07. N 149-IV (қолданысқа
енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
7
бөлiм. Жедел-iздестiру
қызметiн бақылау
және қадағалау
24-бап. Ведомстволық бақылау
Жедел-iздестiру
қызметiн жүзеге асырушы
Жоғары тұрған ведомстволық органдар
өздерiне бағынысты органдардың жедел-iздестiру
қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз
етедi.
25-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау
1. Жедел-iздестiру
қызметiн жүзеге асыру
2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды
жүзеге асыру кезiнде прокурор:
1) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын
органдармен жасырын негiзде қызмет ететiн
немесе қызмет еткен азаматтардың жеке
басы туралы мәлiметтердi қоспағанда, жедел-iздестiрудi
жүргiзу iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң
барысы туралы материалдарды, құжаттар
мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;
2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын
органдардың арнаулы жедел-iздестiру шараларын
жүргiзуiнiң заңдылығын тексередi;
3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру
кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын
бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен
жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;
4) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын
органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi
мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды
қарайды;
5) Конституцияға, заңдар мен Республика
Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн,
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын
органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын
ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн
нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық
келтiредi;
6) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде
құқыққа қарсы iс-әрекеттерге жол берген
қызметкерлерге қатысты қылмыстық iс қозғау,
тәртiптiк iс жүргiзу туралы қаулылар шығарады;
7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын
қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған
тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша прокурорлық
қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;
8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi
қаулысымен босатады не адамдарды ұстау
туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;
9) қажет болған жағдайда жедел-iздестiру
қызметiн жүзеге асыратын органдардың
басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда
заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру
жүргiзудi талап етедi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру
шараларын жүргiзуге санкция бередi.
3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел-iздестiру
қызметiн жүзеге асыратын органдардың
орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру
қызметi туралы Қазақстан Республикасы
заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi
бойынша нормативтiк құқықтық актiлер
қабылдайды.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын
органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын
анықтау мақсатында прокурор арнаулы
техникалық құралдарды пайдалана отырып,
прокуратура органдарының мамандары мен
өзге де мамандарды тартуға құқылы.
Ескерту. 25-бап жаңа
редакцияда - Қазақстан
Республикасының 2002.08.09. N 346
заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi