Адам өлтіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:29, курсовая работа

Описание

ҚР Конституциясының 1-бабына сай адам құқықтары мен бостандықтары, оның ар-намысы мен қадір-қасиеттері қоғамның және мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітіліп, Қазақстанның өркениетті мемлекеттер қауымдастығына енуін айқындады. Жеке адамға қарсы қылмыстар мен күрестің құқықтық механизимдер тиімділігін арттыру мәселесі үнемі назар аударуды талап етеді. Жеке басты, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі мәнділік жеке басқа мейілінше қауіпті, қол сұғушылықтың жолын кесумен жазалауға арналған қылмыстық заңнаманы иеленеді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4
1.ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша адам өлтірудің ұғымы. Адам өлтіру қылмысының құрамы......................................................................................5-8
2.Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайлары...............................................9-31
Қорытынды.......................................................................................................32-33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................34-35

Работа состоит из  1 файл

Адам өлтіру.doc

— 162.00 Кб (Скачать документ)


 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Адам өлтіру»

 

 

 

 

 

Орындаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды - 2013ж.

М А З М Ұ Н  Ы 

 

Кіріспе...................................................................................................................3-4

  1. ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша адам өлтірудің ұғымы. Адам өлтіру қылмысының құрамы......................................................................................5-8
  2. Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайлары...............................................9-31

Қорытынды.......................................................................................................32-33

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................34-35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

ҚР Конституциясының 1-бабына сай адам құқықтары мен  бостандықтары, оның ар-намысы мен қадір-қасиеттері қоғамның және мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітіліп, Қазақстанның өркениетті мемлекеттер қауымдастығына енуін  айқындады.

Жеке адамға қарсы қылмыстар мен күрестің құқықтық механизимдер тиімділігін арттыру мәселесі үнемі назар аударуды талап етеді. Жеке басты, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі мәнділік жеке басқа мейілінше қауіпті, қол сұғушылықтың жолын кесумен жазалауға арналған қылмыстық заңнаманы иеленеді.

ҚР қылмыстық заңнамасы  жеке басқа қол сұққаны үшін жауапкершілік  мәселелерін жаңаша шешеді.

Алайда жеке басқа  қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік  туралы сот тергеу тәжірибесімен  қазіргі заңнаманы талдау жекелеген теориялық және тәжірибелік мәселені көрсетеді. Осы әрекеттерді саралау мәселелерін қарастыру қажеттілігі құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде меншікке қол сұғу қылмыстарын қате қылмыстық құқықтық бағалау оқиғалары жиі кездесетіндігімен түсіндіреді.

Ерекше атап өтетін жай, ҚР ҚК Ерекше бөлімі «Жеке адамға қарсы  қылмыс» деген тараумен басталады. Мұнымен Қазақстан Республикасының  Конституциясымен ең ќымбат ќазына — адам және адамның өмірі, ќұќыќтары мен бостандыќтары деп жария етілгендей адам мен азаматтың қылмыстық-құқықтық қорғаудың басымдылығы айғақталады.

Жеке адамға қарсы  қылмыс деп адамның өмірі мен  денсулығына, жыныстық дербес құқығына, бостандығына, абыройы мен ар-намысына қол сұғатын қоғамдық қауіпті әрекет танылады. Мұндай тектегі қылмыстарды жасау нәтижесінде адамның өмірі мен денсулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру қатері төнеді. Мұндай қылмыстырдың текті объектісі жеке адам, тікелей объектісі адамның өмірі мен денсулығы, бостандығы, абыройы мен ар-намысы танылады. Қылмыстың тікелей объектісіне қарай бұл тарауды мынадай топтарға бөлуге болады:

  1. Өмірге қарсы қылмыстар (ҚР ҚК 96-130-баптары).
  2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар (ҚР ҚК 103-111, 114-116-баптары).
  3. Азаматтардың өмірі мен денсулығына қатер төндіретін қылмыстар (ҚР ҚК 112, 113, 117-124-баптары).
  4. Адамның жыныстық дербестігі мен жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар (ҚР ҚК 120-124 баптары).
  5. Адам мен азаматтың жеке бостандығына қарсы қылмыстар (ҚР ҚК 125-128-баптары).
  6. Адам мен азаматтың абыройы мен ар-намысына қарсы қылмыстар (ҚР ҚК 129, 130-баптары).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша адам өлтірудің ұғымы. Адам өлтіру қылмысының құрамы.

 

ҚР ҚК адам өміріне  қарсы қылмыстарға адам өлтірудің (ҚР ҚК 96-100 баптар) сол сияқты абайсызда кісі өлтірудің (ҚР ҚК 101-бап) және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізудің түрлерін жатқызады. Соңғы екеуінен басқа барлық аталған адам өміріне қарсы қылмыстар адам өлтіруге жатады.

Қылмыстың бұл құрамдары  өмір сүру құқығы сияқты бұлар да адамның табиға және маңызды құқықтарын қорғау туралы сөз болғандықтан бірінші орынға орналастырылған. Қылмыстық кодекс адам өмірін қорғау міндетін адам өміріне қарсы қылмыстар құрамының белгілерін қалыптастыра отырып және олардың істелуіне қатаң санкция мен белгілей отырып, өзіне тән әдістермен шешеді.

Бұл топтағы барлық қылмыстарды  біріктіретіні әрқайсысының объектісі  адам өмірі екендігі. Қылмыс объектісі ретінде өмір, бір жағынан табиғи физиологиялық процесс ретінде, екінші жағынан қоғамда жеке бастың тіршілік ету мүмкіндігін заңмен қамтамасыз ету ретінде түсінідіріледі. Екінші жақтың арқасында өмір жеке бас пен қоғамдық қатынастарға (қоғамдық мүддеге) логикалық бағынады және «жеке бастың мүддесінің оның өзінен бөлуге содан соң жеке бастық қоғамдық қатынастар шегінен шығаруға болмайды»1.

Адамға өлім келтіруші  әрекет егер құқыққа қайшы әрекет, қылмыстық заңда қарастырылса қылмыс деп табылады.

Кінәлі адамның әрекеті  механикалық, физикалық, химиялық (тіпті  психикалық, бірақ олар сирек кездеседі) және адам өміріне әсер ететін басқа да тәсілдер болуы мүмкін. Өлім адамға әрекетісіздік жолымен де берілуі мүмкін.

Адам өміріне қол  сұғу тәсілі ретінде әрекетсіздік кінәлі қамқорлық танытатын әрекетсіздік ететін, қажетті шаралар қабылдайтын сияқты адам өміріне зиян тигізбеуге тұлғаның міндеттілігін білдіреді.

Адам өміріне қарсы  қылмыстарда әрекет немесе әрекетсіздік құқыққа қайшы сипатына иеленеді. Адам өміріне қылмыстық әсер ету тек адам өмірі жағдайында ғана аяқталған қылмыс құрамын құрайды. Адам өміріне қарсы қылмыстың денсаулыққа қарсы қылмыстан айырмашылық белгісі — соңғысының зардаптары өз мазмұны бойынша қай органға зиян келгендігіне, қандай ауру күшімен, денсаулыққа зиян келу нәтижесінде еңбек қабілеттілігі жоғалту дәрежесінің қандайлығымен анықталады.

Адам өміріне қарсы  қылмыстардың субъективті жағы қасақана да, абайсыз кінәмен де сипатталады. Кінәлі өзінің қоғамға қауіпті әрекеті нәтижесінде басқа адамның денсаулығына зиян келтіруде зардаптардың бөлу мүмкіндігінің немесе құтылмайтындығын алдын-ала көреді де қалайды (тікелей ниет) және бұған саналы түрде жол береді немесе оған селқос қарайды (жанама ниет).

Осы санаттағы қылмыстың субъектісі қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен, яғни 16 жастағы есі дұрыс адам, тек қылмыс кодексінің 15-2 баптарына сай адам өлтірегені үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Саралау үшін кінәлі өзінің қоғамқа қауіпті іс-әрекетінің нәтижесінде басқа адамның денсаулығына жеңіл зиян келетіндігін ұғынуға және қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатындығын алдын-ала білуге тиіс және соны тілеуге не сапалы түрде оған жол беруге немқұрайлы қарауға тиіс. Денсаулыққа абайсызда жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстың жауаптылығы қарастырылмаған. Қылмыстың субъектісі жасы 16-ға толған есі дұрыс адам.

Адам өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыр түрінің  бірі. ҚК 96-бабының бірінші бөлігінде адам өлтіру басқа адамға құқыққа қарсы қасақана өлім келтіру деп анықтама берілген. Адамның өмірі әр адамға туғаннан берілетін табиғаттың ерекше сиы және әлеуметтік құндылығы да ерекше.

Қазақстан Республикасы ҚК адам өлтірудің анықтамасын заңдық тұрғыдан алғаш рет белгілеп берді: «басқа адамға құқыққа қарсы қасақана өлім келтіру» (ҚК 96-бабының 1-бөлігі). Кеңестік дәуірдегі қылмыстық кодексте адам өлтірудің анықтамасын бермеген еді. Сол кезеңдегі заң шығарушылар қылмыстық құқықтағы «адам өлтіруге» жалпы қабылданған ұғымнан жеке бөліп қарамаған сыңайлы.

Қарапайым адам өлтірудің  құрамы (Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 1-бөлігі).

Қарапайым адам өлтірудің  ұғымы — сараланбаған немесе күрделіленбеген  адам өлтіру. Ол үшін қылмысмтық жауаптылық Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 1-бөлігінде қарастырылған. Бұл адам өлтірудің негізгі түріне жатады. Қарапайым адам өлтірудің құрамын талдауда басқа да адам өлтірулерден айырмасы бар, сондықтан бұны «жалпы адам өлтіруді» талдау деп қарауға болады.

Адам өлтірудің обьектісі — адамның өмірі, ол адамның азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналысатынына, денсаулық ахуалына, біліміне, т. б. байланысты емес. Қылмыстық заң жәбірленушінің еркіне қарсы адам өлтіру де, оның келісімімен қаза келтіру де (эфтаназия) бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызылады. Жәбірленушінің кім екенін білмей қалу қасақана адам өлтіргендігі үшін жауаптылыққа әсер етпейді.

Өмірге қастандық жасау  обьектісінің бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін оның бастапқы жіне ақырғы кезеңдерін анықтау қажет.

Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алғанда, адамның туғаннан өлгенге дейінгі аралықта өмір бар деп саналады.

Қылмыстық заңда адамның  өлген кезі деп биологиялық өлімді, яғни ми қабаты клеткаларының біржола ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтауы кезін алады. Биологиялық өлімнен басқа «клиникалық өлім» деген түсінік бар, бұл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады.

Адамға клиникалық өлім келтірсе, мұндай іс-әрекет адам өлтіруге оқталғандық болып саналады. Сонымен қатар, клиникалық өлім жағдайындағы адамға қастандық жасауды өлтіру деп санауға болады.

Қылмыстың обьективтік  жағы материалдық құрамды қылмыстар  сияқты үш элементтің жиынтығынан тұрады: 1) басқа адамның өмірін қиюға бағытталған әрекет (әрекетсіздік); 2) жәбірленушіні өлтірудегі міндетті аяқталу қорытындысы; 3) кінәлі мен жәбірленушіге қаза келтірудегі әрекет (әрекетсіздіктің) арасындағы себепті байланыс.

Адамды өмірінен күш  қолданып та, (жарақаттау, тұншықтыру, уландыру, т. б.) психикалық ықпал жасап та (қорқыту, үрейлендіру, жалған лақап тарату, т. б.) айыруға болады.

Қылмыстың субьективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады. Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс-әрекет жасап отырғанын, ондай зардаптың болу мүмкін екенін немесе қалайда болмай қоймайтынын біледі, соны тілейді — яғни тікелей ниет танытады, егер ол өлімнің болуына аналы түрде жол берсе не ондай зардаптың болуына немқұрайды қараса — жанама ниет танытады.

Адам өлтірудің субъектісі (ҚК 96-бабы) 14 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Басқа да адам өміріне қарсы бағытталған қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайлары

ҚК 96-бабы 2-бөлімінде  қарастырылған адам өлтіру аса қоғамдық қауіпті қылмыстарға жататындықтан оны жасағаны үшін аса қатаң шаралар қолдану қарастырылған. Сараланған адам өлтіруге ҚК 96-бабы 2-бөлімінде қарастырылған жағдайлардың (сараланған белгілер) кем дегенде бірі болғанда адам өлтіру деп аталады. Әрине адам өлтірудің барлық басқа да негізгі белгілері міндетті түрде болуы керек. Егер кінәлінің әрекеттерінде екі немесе бірнеше сараланған белгілер болса, олардың барлығы айып таққанда жәбірленушіне үкім шығарғанда көрсетілуі керек. Бірақ олар қылмыстың жиынтығын құрамайды, және жаза бірдей қолданылады. Қазақстан Республикасы 96-бабы 2-бөлімі 13 тармақтан тұрады. Көп белгілер бұрынғы қылмыстық заңда болған. Кейбір сараланған белгілер нақтыланған және бірнеше жаңа түрлері енгізілді. Тұңғыш рет осы сараланған белгілер белгілі-бір қатаң тәртіпте орналастырылып, соған байланысты мынадай түрлерге бөлінді.

Объектіге қатысты белгілер («а», «б», «в», «г»-тармақтары) — екі немесе оданда көп адамға қатысты («а»-т.); қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарына қатысты («б»-т.); дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды өлтіру, сол сияқты адамды ұрлауы («в»-т.); жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелге («г»-т.).

Қылмыстың объектілік жағына қатысты белгілер («д», «е»-т.) — аса қатігездікпен адам өлтіру («д»-т.); көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру («е»-т.). кейбір авторлар объективтік жаққа адамды өлтіруді адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топтың жүзеге асыруын («ж»-т.) жатқызады.

Субъектілік жаққа  қатысты белгілер («з», «и», «к», «л», «м»-т.) — пайда табу мақсатымен, сол сияқтыжалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен, не бандитизммен ұштасқан адам өлтіру («з»-т.); бұзақылық ниетпен адам өлтіру («и»-т.); басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынасс сипатындағыкүш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру («к»-т.); әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру («л»-т.); жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру («м»-т.).

Субъектіге  қатысты белгілер («ж», «н»-т.) — адамды өлтіруді адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топтың жүзеге асыру арқылы адам өлтіру («ж»-т.); ҚК 97-100-баптарында көзделген әрекеттерден басқа, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру («н»-т.).

Информация о работе Адам өлтіру