Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:29, курсовая работа
ҚР Конституциясының 1-бабына сай адам құқықтары мен бостандықтары, оның ар-намысы мен қадір-қасиеттері қоғамның және мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітіліп, Қазақстанның өркениетті мемлекеттер қауымдастығына енуін айқындады. Жеке адамға қарсы қылмыстар мен күрестің құқықтық механизимдер тиімділігін арттыру мәселесі үнемі назар аударуды талап етеді. Жеке басты, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі мәнділік жеке басқа мейілінше қауіпті, қол сұғушылықтың жолын кесумен жазалауға арналған қылмыстық заңнаманы иеленеді.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
1.ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша адам өлтірудің ұғымы. Адам өлтіру қылмысының құрамы......................................................................................5-8
2.Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайлары...............................................9-31
Қорытынды.......................................................................................................32-33
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................34-35
Кісі өлтірудің бұл түріндегі себептер тек пайдакүнемдік емес, саяси бағытта да болуы мүмкін. Себеп бәсекелесті жолдан ығыстыру қажеттігімен байланысты да болуы мүмкін. Сыйақы үшін қылмыстық ойды жүзеге асырушы адам қылмысты орындаушы болып табылады. Сол себепті, тапсырыспен кісі өлтіруді ұйымдастырушы немесе арандатушы пайдакүнемдік ниеттің болуына қарамастан, пайдакүнемдікпен кісі өлтіргені үшін жауап беруі керек. Мысалы, олар қызғаныш, көре алмаушылық себептерімен әрекет етуі мүмкін. Пайдакүнемдік себепті міндетті түрде кісі өлтірудің осы түріндегі орындаушының әрекетімен ғана анықтау керек. Егер тапсырыспен кісі өлтіруді орындаушы пайдакүнемдік емес, басқа себептерді басшылыққа алса, онда оның ісімен тапсырыс берушінің әрекетін ҚК 96-бабы, 2-бөлімінің «з»-тармағы бойынша саралауға болмайды. Мысалы, өзін ұдайы ұрғандықтан, әйел ашынасына күйеуін өлтіруге үгіттеді.
Ұрып-соғумен, қорқытып алумен немесе қарақшылықпен жалғасқан кісі өлтіру қылмыстар жиынтығы ретінде сараланды: кісі өлтіру және ұрып-соғу, кісі өлтіру және қорқытып алу, кісі өлтіру және қарақшылық.
Бұзақылық ниетпен кісі өлтіру — ҚР ҚК 96 бабы 2-бөлімі «и»-тармағы
Бұзақылық ниет — қоғамды және жалпыға бірдей қабылданған адамгершілік тәртіп нормаларын құрметтемеу.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» N1 Нормативтік қаулысында «Соттар бұзақылық пиғылдан жасалған кісі өлтіру мен жеке жақтырмаушылық қатынастан ұрыс-керісте немесе төбелесте туған кісі өлтіруді ажырата білулері керек» деп түсіндіреді. Бұл мәселені шешу кезінде кінәлі мен жәбірленушінің өзара қарым-қатынасын, ұрыс-керіс және төбелестің себебін, шиеленісті тудырушы кім екенін, дасқа да жағдайларды есепке алу қажет.
ҚК 96-бап 2-бөлім «и»-тармағы бойынша адамгершілік және мораль нормаларын өрескел бұзудан, қоғамға құрмет көрсетпеу негізінде жасалған қасақана кісі өлтіру деп кінәлі әрекеті қоғамдық тәртіпке ашық қарсылықта болып, өзін қоршаған ортаға қарсы қоюды ниет еткен жағдайда саралануы керек.
Бұзақылық ниетпен адам өлтіргенде екінші адамның дансаулығына қатты зақым келсе, онда бұл іс-әрекет ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлгі «и»-тармағы және ҚР ҚК 103-бабы («Денсаулыққа қасқана ауыр зиян келтіру») бойынша сараланады.
Сот-тергеу тәжірибесінде
кездесетін ерекше қиыншылық — бұзақылық
ниетпен адам өлтіруді ҚР ҚК 96-бабының
1-бөлігінде қарастырылған
Қоғамдық орында, басқа адамдардың көзінше қызғаныш, өш алу себептермен немесе басқадай өзара жеке қатынастан туындайтын себептермен адам өлтіру, бұзақылық ниетпен адам өлтіру ретінде қарастырылуы тиіс емес. Атылатын қаруды, газ қаруын, пышақ кастет немесе басқадай суық қару не басқалардың өміріне, денсаулығына нақты қауіп төндіретін өзге заттарды қолдану (егер айыпкер кінәлінің адам өлтіруге ниеті болмаса) ҚР ҚК 257-бабының 3-бөлігі бойынша саралануға тиіс.
Егер айыпкер бұзақылық ниетпен адам өлтіргенде қоғамдық тәртіпті бұзатындай, қоғамды қыйламайтындай қылық көрсете (бұл қылмысқа тән барлық нышандар болса), оның іс-әрекеті ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігі «и»-тармағы және ҚР ҚК 257-бабы бойынша сараланады. Бұзақылық әрекет кезінде абайсызда адам өлсе бұл іс-әрекетте осы қарастырылып отырған құрамы жоқ, ол ҚР ҚК 257-және 101-баптары бойынша саралануға тиіс.
ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігі «к»-тармағында адам өлтірудің өз алдына бөлек екі түрі үшін жауаптылық көзделген: а) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында адам өлтіру; ә) зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру.
Басқа қылмысты жасауды жеңілдету мақсатымен адам өлтіруде кінәлі адам ойластырған іс-әрекетін жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды. Жсалағакн қылмысты жасыруды немесе жасалатын қылмысты жеңілдетуді көздеген қылмыстық әрекет және жасалған қылмыстық жасыру немесе жасалатын қылмысты жеңілдету мақсатында адам өлтіру, егер кінәлі адам сол бұрын жасалған қылмысқа қатысқан болса, әрқайсысы бөлек-бөлек сараланады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» N1 Нормативтік қаулысында, егер жәбірленушіні өлтіру арқылы қылмыс субъектісінің жаңа қылымыс жасауынжеңілдетуге немесе бұрын жасаған қылмысын, не жәбірленушіге мәлім басқа адам жасаған қылмысты жасыру ниеті адам өлтіруге себеп болған жағдайда, бұл іс-әрекет басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен адам өлтіру деп сараланады делінген. Бұл жағдайда жасырып қалмақшы болған қылмыстың жәбірленушіге немесе басқа адамға қатысты жасалғаны, ол қылмыстың қасақана, ауыр немесе абайсызда жасалған қылмыс санатына жататын-жатпайтындығы, адам өлтіру нәтижесінде кінәлі адамның өз өз мақсатын жеткен-жетпегендігі рөл атқармайды. Басқа қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру — сол қылмыс жайында құқық қорғау органдарына әлі хабарланбаған, не тиісті органға хабарланып, ол жайында кіәлі білмейтін кезде ғана емес, қылмыс жайында хабар тиісті органдарға түсіп, оларға қылмыс жасаған адам белгілі және ол жайында кінәлі білетін жағадйда да орын алады.
Егер кінәлі қылмыс жасауды жеңілдету немесе жасалған қылмысты жасыоу мақсатында өзінің қоғамдық немесе қызметтік борышын өткп жүрген адамды қасақана өлтірсе, онда оның іс-әрекеті ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлгі «б» және «к»-тармақтары бойынша сараланады.
Әйел зорлаумен ұштасқан қасақана адам өлтіру дегенміз — кінәлі адамның әйелді зорлау кезінде немесе соған ниет қылған кезде жәбірленушінің қарсылығын жаншып немесе садистік сезіммен оны өлтіруі.
Мұндай әрекеттер ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігі «к»-тармағы және 120-баптың немесе 121-баптың тиісті бөлігі бойынша саралануға тиіс, себебі бұл жағдайда кінәлі екі объектіге қастандық жасайды — жәбірленушінің өміріне және оның жыныстық бостандығына. Бұл екеуі өзінше екі бөлек әрекет. Қылмсыстың бұл түрінің құрбандары жәбірленушінің өзі де, оған көмектесуге әрекет жасаған басқа адамда да болуы мүмкін.
Медицина саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде (бір адамның мүшелері мен тінін басқа адамға отырғызу) донорлық материалдарға сұраным көбейді, олардың құны да жоғары. Бұл жағдай адамның мүшелері мен тінін сату мақсатында адам өлтіруге итермелеуі мүмкін. Мұндай қылмысты жасаудағы негізгі себеп — бас пайда, бірақ кейде «ізгілікті» ниет те болуы мүмкін (ҚК 35-бабындағы орынды тәуекелдің нышандары жоқ), оған, мысалы, жақын адамның өмірін сақтап қалу мақсаты жатады.
Бұл тармақта, адам өлтірудегі мақсат — оның мүшелері мен тінін пайдалану деп көрсетілген. Бірақ мұны, адам мүшелері мен тінін медициналық мақсатта ғана пайдалану деп түсінбеу керек. Каннибализм, жыныстық фетишизм және басқадай да жағдайлардың болуы ықтимал.
ҚР ҚК 96-б. 2-бөл. «н»-тар. Бірнеше рет жасалған адам өлтіру.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен
денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды
саралау туралы» N1 Нормативтік қаулысында
былай делінген: ҚК-нiң 96-бабы екiншi бөлiгiнiң
н) тармағында көзделген саралау белгiсi
(бiрнеше мәрте жасалған адам өлтiру) бойынша
кiнәлi адамға ҚК-нiң 96-бабында көзделген,
бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен
белгiленген негiздер бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатылған жағдайда, екi
және одан да көп әрекеттердi жасаған кездерде
қолданылуы тиiс.
Адам өлтiрудi орындаушы адамның бiрнеше
мәрте адам өлтiргенiне байланысты мән-жайларының
бар екенi туралы оларға алдын ала белгiлi
болған жағдайларда ғана адам өлтiрудi
ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушi
адамдар ҚК 96-бабы екiншi бөлiгiнiң н) тармағы
бойынша жауапты болады.
Егер адам бiрыңғай ниетпен тұтастырылмаған, бiрнеше рет адам өлтiрсе, олардың бiрде бiреуi үшiн сотталмаса (ҚК 97-100-баптарында көзделген әрекеттерден басқа) және егер, бұл ретте, алдыңғы адам өлтiргенi үшiн қылмыстық жауапқа тарту мерзiмi өтiп кетпесе, онда барлық әрекеттер ҚК 11-бабының бесiншi тармағының талаптарына сәйкес ҚК 96-бабының екiншi бөлiгiнiң н) тармағы бойынша (негiз бар болған кезде және басқа да тиiстi тармақтар бойынша) саралануы тиiс. Бұл ретте, уақыты бойынша бiрiншi жасалған адам өлтiрудi ҚК 96-бабының бiрiншi немесе екiншi бөлiгi бойынша жеке саралау талап етiлмейдi. Адам өлтiрген кезде және адам өлтiруге оқталған кезде әрбiр iс-әрекет қылмыстардың жиынтығы ретiнде жеке саралануы тиiс.
Бiрнеше мәрте жасалған адам өлтiрудi екi немесе одан да көп адамдарды өлтiруден, қылмыстың субъективтiк жағына байланысты ажырату қажет: егер бiрнеше мәрте жасалуды құрайтын адам өлтiрудiң әрқайсысы жеке ниетпен қамтылған жағдайда, ондай әрекет ҚК-нiң 96-бабы екiншi бөлiгiнiң н) тармағы бойынша саралануға жатады; кiнәлi адамның ниетi бiрыңғай және әуелден екi немесе одан да көп адамдарды қасақана қаза ұшыратуға бағытталған болса, - әрекеттi ҚК-нiң 96-бабы екiншi бөлiгiнiң а) тармағы бойынша саралау керек.
Сот қылмыстық iстi қосымша тергеуге жiберместен кiнәлiнiң әрекетiн ҚК-нiң 96-бабы екiншi бөлiгiнiң «а» тармағынан н) тармағына, не керiсiнше қайта саралауға құқылы.
ҚР ҚК 96-б. 2-бөл. «о»-тар көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» N1 Нормативтік қаулысының 20-1 тармақшасында былай делінген: Адам өлтiрудi ҚК-нiң 96-бабы екiншi бөлiгiнiң о) тармағы бойынша саралау үшiн кiнәлiнiң қылмыс жасағанға дейiн жәбiрленушiнiң кәмелеттiк жасқа толмағандығы жөнiнде хабардар болуын анықтау қажет. Бұл ретте ҚК-нiң 5-бабы үшiншi бөлiгiнiң талаптарына сәйкес аталған саралау белгiсi осы белгiнi белгiлейтiн заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн (2010 жылғы 8 желтоқсанға дейiн) адамды өлтiрген айыпталушыға қолданылмайтынын назарда ұстау керек.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сай адам құқықтары мен бостандықтары, оның ар-намысы мен қадір-қасиеттері қоғамның және мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бекітіліп, Қазақстанның өркениетті мемлекеттер қауымдастығына енуін айқындады.
Жеке адамға қарсы қылмыстар мен күрестің құқықтық механизимдер тиімділігін арттыру мәселесі үнемі назар аударуды талап етеді. Жеке басты, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіндегі мәнділік жеке басқа мейілінше қауіпті, қол сұғушылықтың жолын кесумен жазалауға арналған қылмыстық заңнаманы иеленеді.
ҚР қылмыстық заңнамасы жеке басқа қол сұққаны үшін жауапкершілік мәселелерін жаңаша шешеді. Алайда жеке басқа қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік туралы сот тергеу тәжірибесімен қазіргі заңнаманы талдау жекелеген теориялық және тәжірибелік мәселені көрсетеді. Осы әрекеттерді саралау мәселелерін қарастыру қажеттілігі құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде меншікке қол сұғу қылмыстарын қате қылмыстық құқықтық бағалау оқиғалары жиі кездесетіндігімен түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 858 Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Жарлығында Мемлекеттің құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқықта қолдануды кешенді, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқықтың қазіргі жай-күйін бағалай отырып, тұтас алғанда оны серпінді дамыту қамтамасыз етілді деуге болады. Қолданыстағы Қылмыстық кодекс - қылмысқа қарсы күрестің, адамның құқықтары мен бостандықтарының, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қылмыстық-құқықтық қорғаудың жеткілікті пәрменді құралы.
Қылмыстық құқықты одан
әрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық
саясаттың қос векторлығын
Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен аса қоғамдық қауіп тудырмайтын адамдарға (абайсызда қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмаған адамдар, өзге де адамдарға - жазаны жеңілдететін мән-жайлар) қатысты қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады7.
Әдебиеттер: