Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 22:47, курсовая работа

Описание

Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар тақырыбын қарастырар алдында ең алдымен керекті мәліметтермен қаруланып алуымыз керек деп есептеймін.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп мемлекеттік кәсіпорының, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті айтамыз. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша жауапқа тартылады.

Содержание

Кіріспе------------------------------------------------------------------------------3

I-Тарау Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.

1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы--------5

1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы.-------------------6

II-Тарау. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.

2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар---------------------------------------------8

2.2 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар және әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыстар----------------------------------------------------------------------------------15

2.3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар және басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар------------------------------------------------------------------19



Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.doc

— 146.00 Кб (Скачать документ)


Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

Мазмұны:

 

Кіріспе------------------------------------------------------------------------------3

I-Тарау Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.

1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы--------5

1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы.-------------------6

II-Тарау. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.

2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар---------------------------------------------8

2.2 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар және әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыстар----------------------------------------------------------------------------------15

2.3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар және басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар------------------------------------------------------------------19

 

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

                                 

                                             Кіріспе

 

Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар тақырыбын қарастырар алдында ең алдымен керекті мәліметтермен қаруланып алуымыз керек деп есептеймін.

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп мемлекеттік кәсіпорының, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті айтамыз. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша жауапқа тартылады.

Таңдаған тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге қатысты құқықтық форма қадамдары одан әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук тағып, кабинетте отырып, компьютермен, ұялы байланысты пайдалану арқылы қылмыс жасайтындар саны өсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылы 10 қыркүйекте құқық қорғау органдары өкілдерімен болған алқалы жиында қылмыспен күресті күшейтуге ерекше мән берді. Бас прокуратура тарапынан да жергілікті буындарға талап күшейді.

Басқару тәртiбi мемлекеттiк ұйымдастыру, мекемелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару саласындағы дұрыс қызметiн қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Осы басқару тәртібіне қарсы қылмыстар тақырыбын таңдаған мақсатым осы қылмыстарға байланысты мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар, Қазақстан Республикасының шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар, Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмастар, әскери қызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыстар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қылмыстар, басқару тәртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстардың мән-жайларын, түрлерін, топталуын және құрамын толығымен ашуға бағытталған.

Курстық жұмыстың міндеті: осы курстық жұмыстың тақырыбын барынша зерттеп, ғалымдардың ойларын ұштастырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын оқу арқылы тақырыптың өзектілігін ашу. Осы міндетке жету үшін заңнамалардағы базамен таныстым.  Ағыбаев А.Н., Алауханов Е.С.,Бытко Ю.И., Поленов Г.Ф., Сташис В.В., Бажанов М.И. секілді авторлардың осы тақырыпқа байланысты ойларын зерттедім.

Осы тақырыпты терең меңгеру мақсатында «Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар» атаулы ҚР Қылмыстық кодексінің 14-тарауына енетін бірқатар нормаларын қылмыстық-құқықтық талдаудан өткізу ұсынылады.

 

І-тарау. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

 

1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы

 

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар деп мемлекеттік кәсіпорының, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті айтамыз.

Жаңа қылмыстық Кодексте осы тұрғыдағы қылмыстардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылады.

Олар: жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету.

Қылмыстық кодектің 14-тарауындағы осы қылмыстардың топтық объектісі басқару тәртібі болып табылады.

Басқару тәртiбi мемлекеттiк ұйымдастыру, мекемелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқару саласындағы дұрыс қызметiн қамтамасыз ететiн қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. [2.1.,390]

Басқару тәртібiне қарсы қылмыстар мен мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi сырттай қарағанда бiр-бiріне ұқсас сияқты болғанымен, бұл қылмыстар топтың объектiсi, субъектiсi арқылы бiр-бiрiнен ажыратылады.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, бiрқалыпты қызметi, ал мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың топтық объектiсi мемлекеттiк аппараттың тұтастай дұрыс, әрi бiрқалыпты қызметi болып табылады.

Басқару тәртiбiне қарсы кылмыстардың субъектiсi жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкiн, ал мемлекеттік қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың субъектiсi мемлекеттiк аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттiк қызметшiлер болады. Мiне осы көрсетiлген белгiлер арқылы көрсетiлген қылмыстар тобы бiр-бiрiнен оқшауланып бөлiнедi.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың тiкелей объектiсi басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрлерi болады. Қосымша тiкелей объектiге — адамдардың өмiрi, денсаулығы, ар-намысы, адамгершiлiгi, қауіпсіздігі жатуы мүмкiн. Кейбiр қылмыс құрамдарында (317, 323—325-баптар) қылмыстың заты және қылмыстың жәбiрленушiсi (318—322, 327-баптар) көрсетiлген.

Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстардың құрамы негiзiнен формальдық құрамға жатады. Тек қана Қылмыстық Кодекстiң 322-бабының 2-тармағында, 331-бабының 2-тармағында көрсетiлген қылмыс құрамдарының мiндеттi белгiсi — ауыр зардаптардың орын алуы қажет.

Екi қылмыс құрамының (330, 331-баптар) мiндеттi белгiсi ретiнде қылмыс iстелу орны көрсетiлген.

Субъективтiк жағынан басқару тәртiбiне қарсы қылмыстар қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстық ниет және мақсат қайсыбiр қылмыс құрамдарының (318, 320, 321, 322-баптар) қажеттi белгiсi болып табылады.

Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған кез келген адам. Қылмыстық Кодекстiң 326-бабында көрсетiлген қылмыс субъектiсi арнаулы — әскери қызметтен жалтарған адам, ал 331-баптың 2-тармағы бойынша бiрнеше рет қылмыс жасаған адам осы құрамның  субъектiсi болып табылады.[2.2.,375]

1.2 Басқару тәртібіне қарсы  қылмыстардың топталуы.

Тiкелей объектiлерiне байланысты басқару тәртiбiне қарсы кылмыстар мына төмендегiдей түрлерге бөлiнедi:

Мемлекеттiк органдарды басқару әрекетiне байланысты өкiмет өкiлдерi мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау. Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және қызметiне кедергi жасау. Өкiмет өкiлiн қорлау. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану. Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының мызғы-мастығына қол сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасының күзетiлетiн мемлекеттiк шекарасынан әдейi заңсыз өту.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.

Ресми құжаттар мен мемлекеттiк наградалардың айналым тәртiбiне қарсы кылмыстар: ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды сатып алу немесе өткiзу. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу.

Әскери қызметке шақырылу тәртiбiне қарсы қылмыстар: әскери қызметтен жалтару.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiне қарсы қылмыстар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын немесе Мемлекеттiк Әнұранын қорлау. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру.

Басқару тәртiбiн қамтамасыз ететiн жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар: өзiнше билiк ету. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазым адамының атағын өз бетiнше иелену. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану. Байланыс желiлерiн күзету ережелерiн бұзу. жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi келтiру. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз араласуы. Заңсыз қоғамдық бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына жәрдем көрсету.

ІІ-тарау. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ

                                          ҚҰРАМЫ

 

2.1 Мемлекеттiк органдарды басқару әрекетiне байланысты  өкiмет  өкiлдерi мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар және Республикасының мемлекеттік шекарасының  мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi — мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президентi — халық пен мемлекеттiң билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны, әрi кепiлi (40-баптың 1, 2-тармақтары).[2.1.,399]

Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды (46-бап, 1-тармақ). Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады (46-баптың 2-тармағы). Қазақстан Республикасының Конституциясының жоғарыда көрсетiлген нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнде Республика Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр касиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасаушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн арнаулы бап көрсетiлген.

Қылмыстың тiкелей объектiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң басқару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадiр- касиетiн корғау жөнiндегi қатынастар.

Қылмыстыңжәбiрленушiсi - Республика Президентi, оның жақын туыстары.

Қылмыстың объективтiк жағы Қазақстан Республикасы Президентiн жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу арқылы сипатталады.

Республика Президентiн жария түрде қорлау деп басқа бiреудiң немесе көпшiлiктiң көзiнше ел Президентiн әдепсiз сөздермен, шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетiн дене қимылдарын жасау арқылы қоғамдықмiнез-құлықтарға қайшы келетiн басқа да әрекеттер жасау арқылы, ауызша немесе жазбаша түрде тiл тигiзулер болып табылады.[2.3.,314]

Президенттiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу деп ол туралы шындыққа сай келмейтiн жалған сөздер тарату, плакаттар салу, адамгершiлiгiн, қадiр-қасиетiн көрiнеу аяққа басатын, оны жұртшылықалдында масқаралайтын, беделiн түсiретiнжалған лақаптар айту, тарату сияқты әрекеттердi айтамыз.[2.3.,315]

Қылмысқұрылысы жөнiнен формальдыққұрамға жатады және ол Президенттi жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғатын әрекет жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен және әртүрлi ниетпен жасалады. Қылмыстықниет iс-әрекеттi саралауға әсер етпейдi, бiрақжаза тағайындағанда еске алынады.

Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған адам. Осы қылмыстың ауырлататын түрi — бұқаралықақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақсол әрекет үшiн жауаптылық ҚК-тің318-бабының2-тармағындакөрсетiлген.

Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, радио, телехабар және басқа да көпшiлiкке арналған осындай құралдар жатады.

Қылмыстық кодекстің 318-бабының  ескертуiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғасында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқпайды.

Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау.

Қылмыстың тiкелей объектiсi — Қазақстан Республикасы Парламентiнiң мемлекетгiк заң шығару қызметiне байланысты ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiн қорғау жөнiндегi қоғамдық қатынастар. Қылмыстың жәбiрленушiсi Республика Парламентiнiң депутаты.

Қылмыстың объективтiк жағы, субъектiсi және субъективтiк жағы, ауырлататын және аса ауырлататын түрлерi бойынша ҚК-тiң 318-бабындағы көрсетiлген құрамдағы белгiлермен ұқсас. Айырмашылық қылмыстың жәбiрленушiсiнде ғана. 318-бапта қылмыстан жәбiрленушi Республика Президентi, ал 319-бапта Республика Парламентiнің депутаттары. Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу, қорлау оның депутаттың мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жүзеге асырылады. Мұндай болмаған ретте iс-әрекет жеке адамға қарсы қылмыс ретiнде саралануы мүмкiн.

Өкiмет өкiлiн қорлау.

Қылмыстың тiкелей объектiсi қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген немесе атқаруына байланысты өкiмет өкiлiнiң заңды қызметi болып табылады.

Қосымша тiкелей объект — олардың беделi мен абыройы.

Қылмыс объективтік жағынан қылмыс бабындағы міндеттерiн атқарып жүрген немесе оны атқаруына байланысты өкiмет өкiлiн қорлау әрекетi арқылы жүзеге асырылады.

Өкiмет өкiлiнiң беделiн, абыройын, адамгершiлiгiн көпшiлiк алдында аяққа басатын, оларды масқаралайтын әрекеттердi қорлау деймiз. Оларға өкiмет өкiлi туралы ауызша немесе жазбаша, көзiнше немесе сыртынан, болмаса баспасөз құралдарын пайдаланып, оларды масқаралайтын, даттайтын, абыройын аяққа басатын әрекеттер жатады. Осы қылмыстың жасалу себебi өкiмет өкiлiнiң өз қызметiн жүзеге асыруына, атқаруына тiкелей байланысты. Қылмыстың объективтiк жағының тағы бір белгiсi өкiмет өкiлiн қорлау жария түрде – көпшiлiк алдында болуы қажет. Көпшiлiк алдындағы қорлау деп өкiмет өкiлiн қорлауды бөтен адамның көрiп, естiп тұруы немесе бiр топ адамның осы әрекетке куә болуы. Жазбаша қорлау деп баспасөз кұралы арқылы көпшілiкке мәлiм болған жағдайларды айтамыз.[3.6..168]

Қылмыс субъективтiк жағынан тек қана тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кiнәлi адам өкiмет өкiлiн оның қызмет бабындағы мiндеттерiн орындауына байланысты көпшiлiк алдында жария түрде қорлағанын сезедi және соған саналы түрде жол бередi және аталған адамдардың абыройын, беделiн түсiрудi тiлейдi.

Информация о работе Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар