Экологиялық қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 15:10, реферат

Описание

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: Экологиялық қылмыстардың түсінігін, қылмыс құрамының түсінігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша экологиялық қылмыстың жалпы түсінігі. Экология заңдарын бұзудың түсінігі, экология заңдарын бұзудың мазмұны, сондай-ақ экология заңдарын бұзудың сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым. Негізгі бөлімнің төртінші тақырыбында ормандардың экологиялық маңызын жан-жақты қамтуға тырыстым.
Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты экологиялық қылмыстың мәнін, жүйесін, мақсатын, қағидаларын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу пәні: Қылмыстық құқық.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Экологиялық қылмыстың түсінігі.
1.1 Экология заңдарын бұзудың түсінігі.
1.2 Экология заңдарын бұзудың белгілері
II. Атмосфераның ластануы
2.1 Ормандардың экологиялық маңызы.
2.2 Судың ластануы.
Практикалық жұмыстар.
Қосымша.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Экологиялық қылмыстар.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)


 

 

Ақтөбе кооперативтік колледж

0201000 құқықтану

Мамандығы

ПЮ-22 тобының оқушысы

Пангалиев Нурбергеннің

                                                                                                                                                          

 

 

Курстық жұмыс

 

Тықырыбы: Экологиялық қылмыстар.

Пәні:Қылмыстық құқық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе каласы 2011

 

 

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

I.  Экологиялық қылмыстың түсінігі.

     1.1  Экология заңдарын бұзудың түсінігі.

     1.2  Экология заңдарын бұзудың белгілері

II. Атмосфераның ластануы

     2.1 Ормандардың экологиялық маңызы.

     2.2 Судың ластануы.

Практикалық жұмыстар.

Қосымша.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

,

 

 

 

Кіріспе.

    Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Экологиялық қылмыстар».Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:

-         Экологиялық қылмыстың түсінігі.

-         Экология заңдарын бұзудың түсінігі.

-         Экология заңдарын бұзудың белгілері.

-         Атмосфераның ластануы.

-         Ормандардың экологиялық маңызы.

-         Судың ластануы.

    Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: Экологиялық қылмыстардың түсінігін, қылмыс құрамының түсінігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды  қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

    Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша экологиялық қылмыстың жалпы түсінігі. Экология заңдарын бұзудың түсінігі, экология заңдарын бұзудың мазмұны, сондай-ақ экология заңдарын бұзудың сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым. Негізгі бөлімнің төртінші тақырыбында ормандардың экологиялық маңызын  жан-жақты қамтуға тырыстым.

       Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты  экологиялық қылмыстың мәнін, жүйесін, мақсатын, қағидаларын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.

 

Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

 

Зерттеу пәні: Қылмыстық құқық.

 

 

                 

I. Экологиялық қылмыстың түсінігі.

Экологиялық Қылмыс – қылмыстық құқықта қоршаған ортаға нұқсан келтіретін қылмыс түрі. Э. қ-қа шаруашылық қызмет пен өзге де қызметке қойылатын экол. талаптардың бұзылуы, экол. тұрғыдан қауіпті хим., радиоактивті және биол. заттарды өндіру мен пайдалану кезінде микробиол. немесе басқа да биол. агенттермен жұмыс істеу кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерінің, ветеринарлық ережелердің, өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы, суды ластау, бітеу, сарқу, теңіз аясын ластау, Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы және айрықша экон. аймағы туралы заңдардың бұзылуы, жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу, заңсыз аңшылық, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз әрекет жасау, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, ормандарды жою немесе зақымдау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы, экол. ластау зардаптарын жою шараларын қолданбау, т.б. жатады (ҚР Қылмыстық кодексі, 278 – 292-баптар).

Экологиялық құқық – қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту, қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды салдардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсері жүйесіндегі қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін экологиялық-құқықтық нормалар жиынтығы:

Өзге де елдер сияқты қазақстанда да қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау заңнамада негізделген.Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын құрайтын экологиялық құқықтық көздері төмендегідей құқықтық құжаттар болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциямы, заңдары мен кодекстері, жарлықтар, нормативтік актілері және т.б.

Қазақстан республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы қоршаған ортаны қорғаудың негіздері бекітілген. Конституцияға сәйкес еліміздің азаматтары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға өатысуға міндетті. ҚР Конституциясы азаматтардың жерге және т.б. табиғи ресурстарға құқықтарын жариялайды, әрбір адамның қолайлы қоршаған ортата құықғын бекітеді. Азаматтардың табиғатқа, оның байлықтарын қорғауға қатысты міндеттерін белгілейді. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы барлық заңдар табиғи ресурстың құқықтық негізі құрайды. Олардың құрамына «Атмосфералық ауаны қорғау туралы», «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» және т.б. енеді.

1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған №160-1 «қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы экологиялық заңнама жүйесін басқарады. Табиғи ортаны қорғаудың мәселелерінде басқа заңдардың нормалары Қазақстанның Конституциясына және аталған заңға қайшы келмеуі тиіс. Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғаудың заңнамалық базасын қысқаша түсіндірген оқытушы енді экологиялық мониторинг, оның түрлері мен функциялары туралы сұрақтың мәнін ашуға кіріседі.

Экологиялық мониторинг (лат. монитор – еске салатын, қадағалайтын) – антропогендік және табиғи факторларжың әсерімен қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау, бағалау және болжау жүйесі. Мониторингтің негізгі принципі – үздіксіз бақылап отыру. Экологиялық мониторинг экологиялық бақылаудың тек бөлігі ғана емес, ол сонымен бірге бағалауды және болжауды жүргізеді, сондай-ақ бір қызметті қоршаған табиғи ортаның жай-кұйі туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.Содан кейін мониторингтің түрлері қарастырылады. Аумақтық шегіне байланысты экологиялық мониторингтің үш сатысы бар: жергілікті, аймақтық және жаһандық.Жергілікті мониторинг деңгейінде төмендегідей көрсеткіштерді бақылау неғұрлым маңызды болып табылады:

1. Адам мен табиғи экожүйелерге қауіпті ластаушы заттардың концентрациясы:

             а) атмосфералық ауада көміртегінің, азот тотықтары, күкірт қос тотығы, озон, шаң, радионуклидтер, пестицидтер, ауыр металдар және т.б.

б) судың бет жағындағылар: пестицидтер, ауыр металдар, радионуклидтер, РН, минералдану, фенолдар, мұнай өнімдері, фосфор, азот, бенз(а)пирен;

в) топырақта: ауыр металдар, пестицидтер, радионуклидтер, азот, фосфор, мұнай өнімдері және т.б.

г) биотада: ауыр металдар, пестицидтер, радионуклидтер және т.б.

2. Зиянды физикалық әсер етудің деңгейлері: радиация, шу, діріл, электромагниттік өріс және т.б.

3. Биосфераның ластануы, әсіресе тумысынан кемістіктер салдарынан болатын аурудың динамикасы.

Аймақтық мониторинг деңгейіне ірі табиғи-аумақтық кешендер экожүйелерінің (орман экожүйелерінің, өзен бассейндерінің, агроэкожүйелердің және т.б.) жай-кұйіне бақылау жасау жатады, сондай-ақ биологиялық айналымлар, олардың бұзушылықтары зерттеледі, бір аймақтардағы қоршағаан ортаға антропогенді әсер етудің сипаты мен сандық көрсткіштеріне талдау жүргізіледі. Мысалы, аймақ шегінде жануарлыардың жойылып бара жатқан түрлерінің популяциялық жай-күйіне бақылау жасалады.

Тұтастай алғанда биосфередағы мүмкін болатын өзгерістерді байқау, бақылау және болжауды қамтамасыз ету – жаһандық мониторингтің міндеті. Оны фондық немесе биосфералық деп те атайды.

Жаһандық мониторингтің негізгі мақсаттары болып табылатдар:

–                 адам денсаулығына төнетін қауіптің алдын алудың кеңейтілген жүйесінұйысдастыру.

–                 климатқа атмосфераның жаһандық ластануының әсерін бағалау;

–                 биологиялық жүйелерде, әсіресе қоректік тізбектерде ластанудың мөлшері мен бөлінуін бағалау.

–                 қоршаған ортаға әсер ететін жерүсті экожүйелерінің реакциясы;

–                 ауыл шаруашылығы қызметі мен жерді пайдаланудың нәтижесінде пайда болатын күрделі проблемалары;   

–                 Әлемдік мұхитты ластауға және теңіз экожүйесін ластанудың әсері;

–                 халықаралық ауқымдағы стихиялық апаттар туралы алдын ала ескерту жүйесін құру.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.Экология заңдарын бұзудың түсінігі

Экология заңдарын бұзу дегеніміз - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы  кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі – қоғамдық қатынастар, олар қоршаған ортаның сақталуымен, сапаны сақтау, қамтамасыз етумен байланысты.Экологиялық құқық бұзушылықтың объективті жағы – қоғамдық қатынастардан, экологиялық құқықты және заңды не жеке тұлғалардық заңды мүдделерін  қорғау, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудағы қағамдық қауіпті қол сұғушылық. Объективтік жақтың белгілері әрекет, қағамдық қауіпті зардап, әрекет пен зардап арасында себептілік байланыстың болуы, сағат, қылмыстың жасалған жері, құқық бұзушылық тәсілі. Субъективтік жағы тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекетіне психикалық қатынасымен және де оның зардаптарымен сипатталады. Субъективтік жақтың беогілері кінә, мақсат және себеп. Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектілері өнеркәсіп, ұйым, мекеме, лоардың лауазымды тұлғалары, табиғаттың жеке объектілеріне әрекеттерімен (әрекетсіздік) зардап келтіреді.  Түрлі критерийлер бойынша экологиялық құқық бұзушылықтарды түрлерге жіктеуге болады.  Қолданылатын санкциялар бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық  сипатына бөлінеді. Қол сұғушылық заты бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар бөлінеді жер, су, орман, жер қойнауы туралы заңдылығын бұзу, атмосфералық ауаны қорғау, жануарлар әлемін қорғау және пкайдалану, ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қорғау және адамның қоршаған ортасын қорғау туралы заңдарды бұзу. Қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар бөлінеді экологиялық қылмыстар және экологиялық теріс қылмыстар, олар әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және материалдық  құқық бұзушылықтар болып тағы жіктеледі.  Келтірілген зиянның сипатына қарай экологиялық құқық бұзушылықтар бөлінеді:

-          Қоршаған табиғи ортаны және табиғи объектілерді ластау;

-          Табиғат объектілеріне зақым келтіру, жойып жіберу;

-          Табиғи ресурстардың жүдеуі;

-          Табиғи ресурстарды үнемсіз пайдалану.

            Қоршаған ортаға зиян - өмір сүріп жатқан қоршаған табиғи ортадан сапалық және сандық жағынан айырылу, ол қоршаған ортаны ластауда, объектілер мен экожүйені бұзу, бүлдіруде білінеді.

  Осындай зиянның пайда болуының 2 түрі бар: экономикалық зиян (табиғат пайдаланушының экономикалық мүддесіне қол сұғады) және экологиялық зиян(қоршаған табиғи ортада, адамның таза, денсаулық, өмірге қолайлы мүддесіне қол сұғу). Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңмен белгіленген жауапкершілік жүзеге асырылады. Тәртіптік жауапкершілік ҚР-сының заңнамасымен лауазымды тұлғаларға және басқа да ұйым, мекеме, кәсіпорындардың жұмыскерлеріне қолданылады. Бұндай жауапкершіліктің түрі ішкі тәртіп бойынша ережелер, жарғыларменбірег енгізіледі. “ҚР-дағы еңбек туралы” ҚР-сының Заңы тәртіптік жауапкершіліктің келесі түрлерін бекітеді: ескерту, сөгіс, жеке еңбекшартын бұзу.

     Кінәлі лауазымды тұлғп\алар және басқа да жұмыскерлің экологиялық құқық бұзушылығынан мекеме, ұйым, кәсіпорынзиянның орнын толтыру үшін шығын щығарса, онда олар еңбек заңнамасына сәйкес мекеме, ұйым, кәсіпорын алдында материалдық жауапкершілікте болады. Бұнда тек тікелей нұқсан ескеріледі.  Кәдімгі өндірістік қауіп-қатер категориясына жататын залал үшін жұмыскер жауап бермейді.

            ҚР-сының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін окелесі әкімшілік өндіріп алу түрлерін бекітеді: ескерту, айып, арнайы құқықтан айыру, түзету жұмыстары және т. б. Әкімшілік жауапкершіліктің кең тараған шарасы айып болып табылады, ол заңмен белгіленген мөлшерде алынады.

            Қылмыстық жауапкершілік экологиялық заңдылықты бұзғаны үшін тек тікелей ҚР Қылмыстық Кодексінде көрсетілуі тиіс. Жалпы ҚР Қылмыстық Кодексі экологиялық қылмыстардың 18 құрамын көрсетеді. Осындай қоғамдық қауіпті әрекеттерге қылмыстық жауапкершіліктің келесі түрлері бекітілген: қоғамдық жұмыстар, шектелген бостандық, бас бостандығынан айыру, қамауға алу және т. б.

             Заңды тұлғалар және азаматтар қоршаған табиғи ортаға зиян келтірген, азаматтардың мүлкіне және денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру арқылы бұзу, жайып жіберу, бүлдіру, табиғи ресурстарды үнемсіз пайдалану, табиғи экологиялық жүйені қирату және т. б.экологияны бұзатын адам әрекет етіп жатқан заңдылыққа сәйкес толық мөлшерде орнын толтыру керек. Зиянның орнын толтыру ерікті түрде немесе сот бекіткен такса және залалды санау әдістемесі бойынша, ал олардың болмаған жағдайында – қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның толық шығынын, сонымен қатар болмай қалған табысты ескереді.

Информация о работе Экологиялық қылмыстар