Экологиялық қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 15:10, реферат

Описание

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: Экологиялық қылмыстардың түсінігін, қылмыс құрамының түсінігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша экологиялық қылмыстың жалпы түсінігі. Экология заңдарын бұзудың түсінігі, экология заңдарын бұзудың мазмұны, сондай-ақ экология заңдарын бұзудың сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым. Негізгі бөлімнің төртінші тақырыбында ормандардың экологиялық маңызын жан-жақты қамтуға тырыстым.
Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты экологиялық қылмыстың мәнін, жүйесін, мақсатын, қағидаларын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу пәні: Қылмыстық құқық.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Экологиялық қылмыстың түсінігі.
1.1 Экология заңдарын бұзудың түсінігі.
1.2 Экология заңдарын бұзудың белгілері
II. Атмосфераның ластануы
2.1 Ормандардың экологиялық маңызы.
2.2 Судың ластануы.
Практикалық жұмыстар.
Қосымша.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Экологиялық қылмыстар.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

Заңды тұлғаның қылмыс субъектісі ретінде танылу мәселесі заң шығарушы деңгейде 1991 жылдан бері қарастырылып келе жатыр . Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасын алдын – ала қарастырылған кезде бұл мәселе жағымды шешілген еді, бірақ жобаны талқылап, дауыс берген кезде осы ереже өтпей қалды, сөйтіп Қылмыстық заң бұл қатынаста ескі позицияда қалды. Соған қарамастан, бұл берілген мәселенің түбегейлі шешілгендігін білдірмейді, себебі мақсатқа сәйкес келуден басқа мәселені шешудің қажеттілігі Қазақстанның Еуропа Кеңесіне енуімен байланысты осы Халықаралық ұйым нұсқаған ережелермен келісілген шешім қабылдауға міндетті екендігінен туындап отыр.

Оған қоса, берілген қылмыс субъектілері болып тікелей потенциалдық ластаушылар мен жұмыс істейтін адамдар болып табылады. Мәселен, мұнай мен газды тасымалдау жасайтын станцияларда жұмыс істейтін адамдар, транспорттық құрал жүргізушілері, авиаторлар және басқа адамдар.

Атмосфераны ластағаны үшін қылмыстық жазалау.

Экологиялық саясатты жүзеге асырудағы басты орындардың бірін, бұрын да аталып өткендей құқық алады, ол қоғамдағы экологиялық қатынасты жемісті реттеуші ретінде қызмет етуі тиіс. Экологиялық қауіпсіздікке жетуде Қазақстан Республикасы қоғамды қоршаған ортаға оның жағдайы туралы шын ақпаратқа және табиғат қорғаушы заңнама келтірген залалдың айыбын төлеуге адамның құқығы туралы Конституция ережелерінің үлкен мәні бар.

Экологиялық құқықты бұзған үшін заңды жауапкершілік мәселесі, ең алдымен сот билігінің органдарына тиісті. Соттардың құқық қолданатын тәжірибесі осы категорияның нақты бір істерін құқықтық соттық шешілуін өз басты мақсаты ретінде қоя отырып, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық - құқықтық жауапкершілік нормалармен айналысады ( жұмыс істейді).

Жазалау мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы бола отырып, мемлекеттің жасалған қылмысқа деген қатынасын анықтайды. ”Әрбір дәуір, әрбір мемлекет, біресе бір, біресе басқа арнайы мақсаттарға тырысады”, - деп жазған еді атақты ғалым Сергеевский ғасыр аяғында. Мемлекеттің берілген белгілі бір уақытта құқықпен қорғалатын мүддесінің қаншалықты маңызды екені оның жасалған қылмысқа жазалаудың қандай өлшемін қолданатынын анықтайды. Оған қоса ауырлықтың дәрежесі бойынша қылмыс белгілі бір түрінің классификациясы қылмыстық – құқықтық нормамен қарастырылған санкциялардың көлемімен анықталады. Бұл қағида жоқтан пайда болған жоқ. Әрекеттің қаншалықты жазаланатына байланысты қылмыстардың топтарға бөлінуі Қазақстан құқығының көне көздерінде боған еді, олар әрекетті бұл критерий бойынша ауыр қылмысқа, қылмысқа және қателікке бөлуді ұсынды. Бұл тенденция Кеңестік қылмыстық құқықта да болған еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінің 10 бабына сәйкес әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен сипатына қарай бүкіл қылмыстар төрт топқа бөлінеді. Осы классификацияға сәйкес экологиялық қылмыстардың көбі онша ауыр емес қылмыс болып танылады (өйткені баптың санкциясына сәйкес анықталатын бас бостандығынан айыру түріндегі ең максималды жаза екі жылдан аспайды). Кейбір маманданған құрылымдар ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. Тек қана Қылмыстық Заңының 247 бабының 3 тармағы (ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардық бұзылуы) және 292 бабы 3 тармағы (орманды жою немесе зақымдау) бойынша жауапқа тартылатын қылмыс ауыр қылмыс категориясына жатады.

Осы жағдайды талдай отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселедегі мемлекеттік саясат туралы күмәнданбай айтуға болады. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау сияқты бүкіл өркениетті әлемде басты болып саналатын ең маңызды құндылықтар біздің мемлекетте, сірә, ерекше, жақсы ойластырылған заңдық жағынан жетілген қорғауды қажет етпейтін шығар. Мен өзім пікірімді айтсам, Қазақстанда қоршаған орта әзірше тек сөз жүзінде қорғалады.

Жазалау институтын қылмыстық құқықта оқып - зерттеудің үлкен мәні бар. Ол қылмыстық құқықтық қорғаушы пәні бола отырып, қылмыстық әрекетті қылмыстық құқықтық зерттеудің қажетті бөлімі болып табылады. Өткен ғысырдың соңында, қылмыстық құқық ғылымының пәнін анықтағанда профессор Таганцев Н.С. былай деп жазған еді: “Қылмысты құқық курсының пәні қылмыстық әрекет конструкциясын зерттеу және солар себеп болатын мемлекеттің жазалаушы әрекеті, қылмыстық әрекеттің жазалануын анықтайтын нормалар жиынтығын зерттеу болу керек”.             

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабымен қарастырылған қылмыстың қылмыстық-құқықтық аспектілерін зерттеу жөнінде айту қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бірақ атап өткен жөн болар бұл зерттеу көбінесе теориялық сипаттамаға ие болады. Әрине, теориялық жобаны қарастыру және құру – модельдің абсолютті әмбепаптылығы жөнінде сөз айтуға мүмкіндік бермейді, бірақ мүмкін берілген баптағы санкцияда, диспозицияда конструктивтік қателіктердің болуы оны практикада кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейтін де болар.

 

 

2.1.Ормандардың экологиялық маңызы.

Ормандардың экологиялық маңызы
Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогиохимиялық және механикалық немесе физикалық. Биогиохимиялық қызмет әр түрлі физиологиялық процестердің жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық қызметі биомасса,оның көлемі арқылы,сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің іші мен одан тыс территорияда арнайы қызметі арқылы көрінеді.
Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу жылдамдығына байланысты. Ұзақ өмір сүретін ағашты өсімдіктер көп мөлшердегі биомассаны түзуге қабілеттілігіне байланысты,ортаға әсер ететін фактор болып табылады.
Ормандардың көміртегіне қатысты қызметі. Атмосферадағы көміртегінің артық мөлшерін шығару арқылы парниктің эффект мәселесін шешуде адамдар орман экожүйелерін үміттенеді. 1 т өсімдік өнімі түзілу үшін 1,5-1,8 т көьірқышқыл газы сіңіріліп,1,1-1,3 т оттенгінің бөлініп шығатыны белгілі. Өнімділігі орташа орманға есептесек, 1 га орман жылына 6-7 т көмірқышқыл газын сіңіріп 5-6 т оттегін бөліп шығарады.
Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан көп мөлшерінің концентрациясы ағаштардың биомассасының үлкен болуына байланысты. Жер шарының өсімдіктерінде жиналған көміртегінің бүкіл массасының 92% орман экожүйелерінде жиналған. Құрлықтың басқа жүйелерінде көміртегінің тек шамамен 7%, ал мұхиттың өсімдік ағзаларында - 1%-дан кемі шоғырланған. Көміртегінің көп мөлшері ормандардың өлі органикалық затында, топырақ гумусында және орман батпақтарының торфтық қабатында сақталған. Сондықтан, көміртегінің байланыстыру процестерін жылдамдату үшін ормандардың ауданын кеңейту мен өнімділігін арттыру шаралары қолға алынуы қажет.
Өкінішке орай қазір жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртек функциясын ғана емес, басқа да көптеген функцияларының орындалуына әсер етеді.
Ормандардың ауа тазартудағы қызметі. Атмосферадағы көміртегі балансына әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқа да бөгде заттарды жоюға қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да,физикалық тұндыру арқылы да жүзеге асырылады.
Ормандардың климаттық және метеорологиялық қызметі. Ормандар метеорологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты,егіс танабын,жолдарды,тұрғылықты жерлерді қорғауда пайдаланылады.
Орман мен ашық жерлердегі ауаның температурасы мен ылғалдылығы арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа райы кезінде ғана ормандарда 2-5ºС ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.
Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радиациясын 100% деп алсақ,онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер белдеуіне 10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық түседі.
Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында ылғалдылық жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса,шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.
Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне,тығыздығына байланысты.
Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы судың деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған. Әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Орман грунт суларын қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздық жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімі басқа да агенттермен ластануына әкеледі.
Ормандардың грунт суларын арттырып, бетік ағысты кемітуінің негізгі себебі,ондағы топырақтың су өткіөгіштігінің жақсы болуына және оның бетіне ылғалдың біртекті түсуіне байланысты.
Орман күшті экожүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.
Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Орман экожүйелері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған жауын суының коли-индексі 18-ге тең, ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде 9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.
Орман кесілгенде,оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады. Екінші реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына келсе, бұл қасиет те қалпына келеді.
Өсімдіктердің тікелей су қоймасындағы суды тазартудағы маңызы зор. Америкада осы мақсатта гиацинттердің бір түрі қолданылады. Бізде шахталар мен шайынды суларды тазалауда қамыс, регоза пайдаланылады.
Анторпогенді қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі. Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары төмендегідей:
1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен ластанудан болады. Сонымен қатар азот тотықтары, фтор,хлор, фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зин\янды әсер етеді.
2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын-шашынға айналғанда әсер етеді. Ең алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады. Сонымен қатар токсиканттар, әсіресе қышқылдық жауын түрінде,өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтіленуі, топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улануы мен бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асыт мүшелеріне минералдар меғн қосылыстардан токсиканттардың әсерінен бөлініп шығатын алюминий күшті уландырушылық әсер етеді.
3. Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу улану немесе күюі түріндегі күшті зақымданулар түрінде болуы мүмкін. Ормандардың жойылуыда баяу немесе бірден болуы мүмкін.
4. Улануға және жойылуға көбіне қылқан жапырақта ормандар ұшырайды. Бұл құбылыстың себебі – ұзақ өмір сүретін қылқанның улануы. Сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың зақымдануының бірінші белгілеріне қылқанның өмір сүру уақытының кемуі мен ағаштың қылқандарының санының кемуі жатады. Сондықтан бұл ағашты қалаларда жиі өсіреді.
5. Жалпақ жапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен,бук және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ, жапырақты ағаштар тұрақтырақ. Сондықтан қалаларда, өндіріс орындарының айналасында олар қылқанжапырақты ормандарды ауыстырады. Өте күшті ластанған жерлерде жапырақты ағаштарды жағдай талғамайтын шөптесін өсімдіктер алмастырады.
6. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластанудың индикаторы ретінде пайдаланады. Токсиканттар мен көптеген мәдени дақылдар тез зақымданады.
7. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы улануына және жасқа байланысты токсиканттарға деген сезімталдықтың артуына да байланысты.
8. Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін концентрациясын көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды. Себебі, өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары.
9. Атмосфераның ластануының ормандарға тигізетін зиянды әсерін кеміту үшін орманда – биологиялық іс-шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын анықтау мен пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару және т.б жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Судың экологиялық маңызы

Сулар дегеніміз – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығын айтамыз. Су қорының жерлері – су айдындары (өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар, мұздықтар, батпақтар) су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер.

Қазақстан Республикасының су қоры ҚР Конституциясымен және 2003 жылы қабылданған Су кодексімен реттеледі.

Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тіршілік жағдайларын сақтау мен жақсарту үшін су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және жолдау болып табылады.

Қазақстан Республикасы су заңдарының міндеттері:

1)  су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

2)  су қатынастарын реттеу;

3) тұрақты су пайдалану және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету;

4)  су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау;

5) су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды  және кешенді пайдалану саласындағы қатынастарды басқару.

Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншікте болады.

Су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

Су объектілеріне мемлекеттік меншік құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерінің күші болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негізделеді:

1) Халықтың өмірі мен қызметінің негізі болып табылатын сулардың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;

2)  Халықты ауыз судың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;

3)  Халықтың суға әділ және теңдей қол жеткізу;

4) Су алуды азайтуға және судың зиянды әсерін кемітуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы технологияларды игеріп, кешенді және ұтымды су пайдалану;

5) Су объектілерін оларды қорғаумен қоса кешенді пайдалану;

6) Арнайы су пайдаланудың ақылылығы;

7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтірілген залалды өтеу;

8) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғандық үшін жауапкершіліктің бұлтарпастығы;

9) Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі міндеттерді шешудің жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;

10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйі туралы ақпараттың қолжетімділігі;

11) Халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың негізінде транс-шекаралық суларды пайдалану;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Сонымен курстық жұмысымның тақырыбы болған, “Экологиялық қылмыстар : түсінігі мен мәні” мәселесін жүйелі түрде талдау барысында, кіріспе бөлімінде көрсетілген мақсат міндеттерге қол жеткізе отырып мынадай ғылыми-теориялық  тұрғыдан негізделген ой-қорытындысына келдім:

    Экологиялық қылмыстың түсінігіне келсек, сонымен, Экологиялық қылмыс деп - қылмыстық құқықта қоршаған ортаға нұқсан келтіретін қылмыс түрі..

 

  Экологиялық қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

    Бұл курстық жұмыстың өзіндік ерекшеліктері жүйелі түрде сипатталып, қажет болған жерлерінде практикамен байланыстырылып, өмірдегі болған нақты фактілі мәліметтер жиынтығымен бекітілді. Ал жалпы қорытынды жасайтын болсақ, экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық, тұтастай бір бүтінді құрайтын біздің қоғамымыздағы әділеттілікті орнатуға көмектесуші құралдардың бірі, құқықтық мемлекетімізді қалауға септігін тигізерлік бір тетігі деп есептеймін.  

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық  құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.

2.      Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва -  1995 г.

3.      Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.

4.      Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва -  1995 г.

5.      Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж

6.      Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность

М. 1995 г

7.      Наумов А.В. //Осы  заманғы  қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.

 

Нормативтік –құқықтық актілер

 

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1998

2.      1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексі

3.      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /А-2001

4.      Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж

5.      Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару құқығы /Алматы-2002

 

 

 



Информация о работе Экологиялық қылмыстар