Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 14:01, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3

Тарау I. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17

Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54

Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70


Қортынды.............................................................................................................74

Сілтемелер............................................................................................................76

Работа состоит из  1 файл

Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі .doc

— 366.00 Кб (Скачать документ)

        Тек логикалық заңдарын, оның  категорияларын және тәсілдерін  пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың жемісі болып табылады.

        Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен  қоғамдық қатынастарды қылмыстық  қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген  қылмыс қоғамдық қатынастарға  қол сұққандықтан қоғамға тұтастай  қауіп төндіреді. Сонымен қатар қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар және адам аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның жеке басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те Жауапкершілік қарастырылаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.

        Басқаша айтқанда қылмыскер неге  қол сұқса, не нәрсе қылмыстық  заңмен қорғалса неге залал келсе немесе залал келуі мүмкін болса қылмыс объектісі дегеніміз сол болады. А.Н. Трайниннің айтуынша «Еш нәрсеге қол сұқпайтын қылмыстың табиғатта болуы мүмкін емес». Бұл аксиома – дәлелдеуді қажет етпейтін айқын шындық.

        Қылмыстық-құқылық теорияда қылмыс объектісінің үш мүшелік жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей)

        Уақыт өте келе бұл пікір  Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және  М.И. Федоровтармен сынға ұшырады. Олардың алғашқы екеуі оқулық және ғылыми әдебиеттерде тікелей объект топтық объектімен қосылып кетеді деп негізді түрде санады. М.И. Федоров керісінше – объектілерді сыныптау барысында олардың санын азайтуды жақтады. Оның ойынша қылмыстың жалпы объектісі ұғымынан тіптен бас тарту қажет себебі ол ешқандай мазмұны жоқ қоғамдық өмірдің құбылысы болып ғана табылады. Сондықтан криминалистер үшін жалпы объект ешнәрсе бермейді және қылмыстық юстицияда ешқандай маңызға ие болмайды.

        Объектілерді сыныптау мәселесінде  Н.И. Коржанскийдің ұстанған позициясы назар аударарлық жай. Ол Б.С. Никифоров пен Е.А. Фороловтың объектілерді сыныптаудың үш мүшелік жүйесімен келіспей оны жарамсыз деп санайды және объектілерді сыныптаудағы өз үлгісін ұсынады.

       Атап айтқанда Н.И: Коржанский жазған «қылмыс объектілерін вертикал бойынша сыныптау төрт сатыға ие болады: 1) жалпы объект (...құқық тәртібі – қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы); 2) топтық объект (қоғамдық өмірдің бір өрісін құрайтын біртектес қоғамдық қатынастардың жеке тобы – меншік, жеке адам); 3) түрлік объект (бір түрдегі қоғамдық қатынастар – өмір, жеке меншік); 4) тікелей объект (нақты қоғадық қатынас – И.И. Ивановтың өмірі, Е.Е. Егоровтың жеке меншігі т.б)»./24/

       Бұдан байқайтынымыз жалпы, топтық  және тікелей объектілер сыныптаудың  үшмүшелік үлгісіндегіге ұқсас. Алайда қылмыстың жаңа объектісі түрлік объект енгізілген.

       Қылмысты объектісі бойынша саралау  басқа элементтері бойынша саралау сияқты, бірінші кезекте аталған элементке кіретін белгілерді анықтау қажет, олар іс-әрекетті саралауға қалай ықпал етеді және қандай маңызға ие, яғни әрбір қылмыстық әрекет объективтік және субъективтік ерекшеліктері бар әртүрлі белгілерге ие болады, алайда олардың барлығы бірдей қылмыс құрамының тиісті белгісі болып табылмайды және қылмысты саралау үшін маңызға ие болмайды.

       Қылмыстық-құқықтық саралауды жүргізу  процессінде қол сұғудың жалпы  объектісін анықтау жасалған құқыққа қарсы әрекет құқық бұзушылықтың қай тобына жататындығын анықтауға бағыттылған.

      Қылмысты саралау барысында қол  сұғушылықтың топтық объектісін анықтаудың маңызы жоғары. Ондай жағдайда нақты тұлғаға жасаған іс-әрекеті үшін қолдануға қажетті ҚК-тің нормасын Қылмыстық кодекстің өн бойынан іздеуге тура келмейді.

       Топтық объектіні анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің ішінен ұқсастықты табу қажеттілігін, теңдестіруді білдіреді. Кейбір құрамдарда топтық және тікелей объектілер ұқсастыққа ие болады. Мысалы ұрлықта олар меншік, бұзақылықта қоғамдық тәртіп болып табылады.

        Қылмыс объектісінің маңызы мынада, оның көмегі арқылы басқа жағынан  ұқсастығы бар іс-әрекеттерді ажырату мүмкін болады. Мысалы судьяны қорлау әділсот органдарының қалыпты қызметіне қол сұғу ретінде ҚК-тің 342 бабы арқылы жауаптылықты туындатса, ал өкімет өкілін қорлау басқару тәртібіне қол сұғу ретінде 320 бап бойынша жауапқа тартылады. Келтірілген мысалдан топтық объектіні анықтау барысында қылмыстан жәбірленуші тұлғаның кім болғаныныңда маңызға ие екендігін байқауға болады.

       Қылмыстық қол сұғушылықтың топтық  объектісін анықтауда қылмыс  субъектісінің белгілері де аз рөл атқармайды. Мысалы, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚК-тің 104 бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Бұл жағдайда қылмыстың топтық объектісі болып жеке тұлға табылады. Бір әскери қызметшінің екіншісіне қатысты жасаған нақ сол әрекеттері ҚК-тің 370 бабы бойынша жауаптылықты туындатады, аталған жағдайда әскери қызметті өтеу тәртібіне қол сұғу орын алады. Ендеше өзара ұқсастығы бар көрсетілген қылмыс құрамдары топтық және тікелей объектілері бойынша айырмашылықтарға ие болады. ҚК-тің Ерекше бөлімінде осындай ұқсас құрамды қылмыстар аз емес.

      Тікелей объектіге қатысты айтсақ  оны анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің  тиісті тарауының ішіндегі қылмыстарды  ажыратуға бағындырылып және қызмет атқарады.

       Көп жағдайларда әледе қандай  қылмыс құрамын сипаттау барысында объекті ретінде қоғамдық қатынастар емес, олардың материалдық көріністері немесе қоғамдық қатынастарға түсушілердің белгілі бір құндылықтары және солар әлде қандай қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың нақты құрамын түсіну үшін, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтау үшін маңызды мәніске ие болады.

       Қылмыстық құқық теориясында  қылмыстың тікелей объектісін  негізгі, қосымша және факультативтік қылып айырып, бөледі. Бұл өмірдің нақты талабынан туындайды: көптеген криминалды әрекеттер немесе әрекетсіздіктер бір уақытта бірнеше объектіге қол сұғады және олар белгілі бір шамада кейде органикалық түрде өзара байланысты. Мысалы бұзақылықта қоғамдық тәртіпке қол сұғу – негізгі объект, азаматтың денсаулығы ар-намысы факультативті объект, қарақшылықтың барысында – меншік негізгі объект, жәбірленушінің денсаулығы – қосымша объект болып табылады. Бұл жағдайда негізгі тікелей объекті әрекетті ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен саралау үшін бірінші кезекті және шешуші маңызға ие болады. Көрсетілген объектіні анықтау қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастардан әлеуметтік – мемлекеттік маңыздылығына сай жүргізіледі, қандай қоғамдық қатынастарға залал келетіндігіне тәуелді болады және берілген қылмыстық әрекетпен қоғамдық қатынастардың қай түріне әрқашан залал келтіретіндігі есепке алынады.

       Қосымша және факультативтік  объектілердің арасындағы айырмашылық  мынада: қосымша объект екі объектілі (көп объектілі) қылмыс құрамдарында болады, ал факультативтік объекті (бірақ әрдайым емес) жай құрамды қылмыстарды жасау барысында болады. Мысалы әрбір бұзақылық әрекеттің барысында жеке адамға, меншікке қол сұғу бола бермейді.

       Қол сұғушылықтың факультативтік объектісі жасалған іс-әрекетті саралауға ықпал етпейді бірақ оның қауіптілігін арттырады және осы қылмыс үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабының санкция-шегінде жаза тағайындау барысында сотпен міндетті түрде есепке алынады. Объектінің берілген түрі келтірілген залалдың орнын толтыру туралы мәселені қарағанда да ескеріледі.

      Кей кездерде қылмыстың объектісін  дұрыс анықтау үшін қылмыстық  заты маңызды рөл атқарады. Мысалы, дәріханадан дәрілік құраладар ұрланған кезде ең алдымен қандай дәрілік құралдар ұрланғаны жөнінде сұрақ қойылады: наркотикалық дәрілер ме, әлде басқама? Бірінші жағдайда қылмыстың объектісі халықтың денсаулығы (ҚК 260 б.), ал екіншісінде меншік (ҚК 175 б.) болды. Осындай жолмен ҚК-тің көрсетілген баптарындағы қылмыс құрамдары бір-бірінен ең алдымен қылмыстың заты бойынша ажыратылады.

       Қылмыстық құқықтың теоретиктерінің  көпшілігі қылмыстың затын құрамның  факультативтік белгілеріне жатқызады,  себебі кейбір қылмыс түрлерін  жасау барысында қылмыстың заты қылмысты саралауға ықпал етпейді. Мысалы, ҚК-тің 258 бабы бойынша тағылық ретінде сараланатын әрекеттердің біреуі көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындағы мүлікті қасақана бүлдіру саналады. Кінәліні ҚК-тің көрсетілген нормасы бойынша жауаптылыққа тарту мәселесін шешу барысында қандай мүлік бөлінуге ұшырағаны маңызға ие болмайды. Кейбір қылмыс құрамдарында қылмыстың заты тіптен болмайды. Мысалы адам өлтіру, зорлау, жала жабу, сотты құрметтеу, қашқындық т.б.

       Қылмыстың заты объектіге не қылмыс құрамының басқа да элементеріне жатқызылмайды. Ол қылмыс құрамының басқа белгілерінің арасында өзіндік орынға ие болады.

       Кінәлі тұлға оған әсер ете  отырып жеке адамға, қоғамға, мемлекетке, қоғамдық қатынастардың субъектісінің  қызметіне залал келтіретін материалдық дүниенің нәрселерінен құралатын қылмыстын заты қылмысты саралауға ықпал ете алады және қылмыстық жазаны тағайындау барысында есепке алынады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ-2. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және қылмысты саралау 

        Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын тұлғаның әлеуметтік қауіпті жүріс-тұрысының сыртқы жағының көрінісі қылмыстың объективтік жағы болып табылады. Нақты қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында ол барынша сипатталып жазылады.

       Адамның әрбір әрекетін соның  ішінде қылмыстық әрекетін ой арқылы екі құрамдас бөлікке бөлуге болады: белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолдары мен құралдарын, сезіну, белгілі бір шешімді қабылдаудан тұратын интеллектуалдық-еріктілік және нақты әрекет арқылы яғни сыртқы объектіге белгілі бір ықпал ету жолымен ойластырған шешімді жүзеге асырудағы нақты әрекет.

       Адамның әрекетін ішкі және сыртқы жақтарға бөлу жоғарғы дәрежеде шартты болып табылады. Адамның қылығының жануардың жүріс- тұрысынан айырмашылығы да сол, оның барысында адамның санасы, еркі қатысты болады.

       Жалпылама түсінігінде қылмыстың  объективтік жағы қылмыстық заңмен  қорғалатын объектіге қоғамдық  қауіпті қол сұғудан көрінетін  адамның сыртқы жүріс-тұрысының актісі болып табылады.

       Қылмыстың объективтік жағы негізінен  төмендегідей белгілерден тұрады. 1) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет  немесе әрекетсіздік); 2) қоғамдық  қауіпті салдар; 3) іс-әрекет және  салдар арасындағы себепті байланыс; 4) қылмыстың жасалған орны, уақыты, жағдайы, тәсілі мен құралдары.

      Біздің ойымызша аталған ұстаным  дұрыс, іс-әрекеттің сырқы жағын саралау осыған негізделуі тиіс.

      Алайда құқықтық әдебиеттерде  қылмыстың объективтік жағының  белгілеріне қатысты өзге де пікірлер айтылған. Мысалы, А.А. Пионтковский қоғамға қауіптілікті оның белгісі ретінде қарастыруды ұсынады. В.Н. Кудрявцев қылмыстың жасалу тәсілін, орнын және жағдайын объективтік жақтың «дербес элементтері» ретінде қарастыруды танымайды себебі олар қылмыскердің іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздікті) ғана сипаттайды. П.И. Гришаев объективтік жақтың міндетті белгісіне тек қоғамға қауіпті іс-әрекетті ғана жатқызады.

       Бұдан байқайтынымыз қылмыстың  объективтік жағының мазмұны  даулы мәселе әрине бұл оны бірегей түсінуде, ақыр аяғында жасалған қылмысты саралауда ықпалын тигізбей қоймайды. Б.А. Криков «Қылмыстың объективтік жағы – бұл қылмыстық іс-әрекеттің «өзегі». Ең алдымен қылмыстың сыртқы жағында қоғамға қауіпті іс-әрекетті объектендіреді».

       Іс-әрекетті қылмыстың объективтік  жағы бойынша саралау қылмыстық  жазалауға жататын әрекет немесе  әрекетсіздік фактісін және оның  салдарын анықтаудан басталуы  тиіс. ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында кейбір жағдайларда қылмыстық нәтижені ғана көрсетіп қояды. Қылмыстың объективтік жағы барынша толық жазылып, іс-әрекет және салдар туралы толық айтылған диспозицияларда бар. Мысалы ҚК-тің Ерекше бөліміндегі 103 бап: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру – деп сипатталған.

       Қылмыстық заңда қылмыс құрамы  белгілерін сипаттап жазудың  заңи-техникалық әдістері қылмысты  іс-әрекетті саралау үшін үлкен  маңызға ие болады. Егер заң  бабының диспозициясында субъектінің  әрекеті сипатталып жазылып, олардың  толық тізімі бекітілген болса соттың кеңейтілген түсіндіру арқылы өз қалауы бойынша олардың қатарын көбейтуге құқығы жоқ. Егер де диспозицияда қылмыстық салдар көрсетілген болса онда тергеу және сот органдары аталған салдарға әкелген тұлғаның қоғамға қауіпті жүріс-тұрысының түрлерін анықтауға міндетті, залалдың келтірілуі қасақаналық немесе абайсыздық екендігін тиісті саралап одан әрі ҚК-тің нақты бабы бойынша жүргізілуі керек. Ендеше адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық құқыққа қайшылықта болуы керек, осындай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайда жасалған, заңда көрсетілген салдарға алып келген қылық болып табылмауы тиіс. Адамның сыртқы жүріс-тұрысының жекелеген немесе бірнеше мәрте актілерін, сонымен қатар оның белгілі бір құралдары, өндірістік үрдістерді, заттардың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланып қылмыс жасауын біз қылмыстық әрекет ретінде түсінеміз. Тиісті жағдайда кінәлі тұлға жасауға міндетті және жасай алатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивтік жүріс-тұрысын қылмыстық жауаптылықты туындататын әрекетсіздік ретінде бағалаймыз. Аталған әрекетсіздік кей реттерде ауыр салдардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, және де ол адамдардың өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығынан туындайды. Бұл жерде біз азаматтың құқықтық міндеттемелігі жөнінде айтуға тиістіміз. Аталған міндеттемелік төменде көрсетілгендерден туындайды. 1) заңның немесе өзге нормативтік актінің тікелей міндеттеуінен 2) қызметтік, кәсіби міндеттерді, туыстық және өзге де жеке өзара қатынастарды атқару міндетілігінен 3) азаматтың бұрынғы қызметінен  туындауы немесе тұлғаның өзінің құқық арқылы қорғалатын мүддені қауіпті жағдайда қалдыру яғни, қауіпті салдардың пайда болуы қаупін туындатуы.

Информация о работе Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі