Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 14:01, дипломная работа
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды. Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен адам және тұлғаның көрініс беру өрісі ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады.
Кіріспе................................................................................................................3
Тарау I. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17
Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54
Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70
Қортынды.............................................................................................................74
Сілтемелер............................................................................................................76
Енді кінәнің нысандары және түрлері туралы. Олардың анықтамасы ҚК-тің 20; 21 баптарында берілген. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің қоғаға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын алса білсе және осы зардаптардың болуын тілесе қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған санылы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Қасақаналық ұғымы негізінен
екі түрлі элементтен –
Анықталмаған қасақаналық
Қасақаналықты анықталған және
анықталмаған етіп бөлудің
Фактілі қате дегеніміз қылмыс
құрамының элементтеріне
Объект бойынша қате кінәнің нысанын анықтауға ықпалы тигізбейді тек оның мазмұнын өзгертеді.
Егер субьекті заңмен қатаң қорғалатын объектіге қол сұқтым дап ойлап қатаң емес түрде қорғалатын объектіге қол сұқса, ол қатаң қорғалатын объектіге қол сұққан ретінде жазаға тартылуы тиіс. Мысалы, тұлға әйелді өлтіру барысында оны екі қабат деп ойласа алайда ол ондай болмай шықса онда ол кінәліге алдын-ала белгілі екі қабат әйелді өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылады. Керісінше тұлға әйелдің екі қабат екенін алдын ала білмей, екі қабат әйелді өлтірсе ол жәй кісі өлтіргені үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. Жәбірленушінің жеке басына байланысты қате, әдетте егер жәбірленушінің жеке белгілері қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмаса жауапкершілікке ықпал етпейді. Мысалы көршісін өлтірмек болып кездейсоқ адамды өлтіреді. Егер кінәлі судьяны немесе тергеушіні өлтірмек болып алайда қателесіп кездейсоқ адамды өлтірсе ол ҚК-тің 340 бабы бойынша сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жзеге асыру адамның өміріне қол сұққаны үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. 96-баб. 6-15 жылға. 340 баб 10-15 жылға, өмір жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы.
Зат бойынша қателесу екі жақты мәніске ие болады. Егер тұлға заттың сапалық мәнісіне байланысты қателессе ондай қателесу жауапкершілікте ықпалын тигізбейді. Мысалы, ұры магнитофон ұрлаймын деп қателесіп, радиоқабылдағыш ұрлайды. Егер тонаушылар ақша ұрламақ болып сейфті ашқанда онда ақша жоқ болып шықса онда олардың әрекеті осы затты ұрлауға оқталу болып есептелінеді. Қылмыс жасау құралы бойынша қателесу, тұлға, белгілі бір себептермен, қол сұғылған объектіге залал келтіре алмайтын құралмен, жасалған кезде орын лауы мүмкін. Мысалы тұлға бос оқпен оқталған мылтықпен адам атпақ болады. Бұл жағдайда ол адам өлтіруге оқталғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Егер субъект өзінің
Бұл жағдайда қателесу назарға
алынбайды және заңды қателесу бойынша
ереже қолданылады. Екінші жағдайда субъект
өзінің нақты әрекетінің ауырлататын
жағдайда жасалғандығын білмейді. Мысалы
қылмысқа көмектесуші ұйымдасқан топқа
немесе алдын ала сөз байласқан топқа
өзгенің мүлкін ұрлауға көмектесіп отырғанын
білмеуі мүмкін, сондықтан жай ұрлыққа
қатысқаны үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Фактілік қателердің кез-келген түріне
заңи баға бергенде тұлға жауапкершілікке
тек оның кінәсі болғанда ғана тартылуы
тиіс деген жалпы ереже басшылыққа алынуы
керек.
ІІІ
– тарау . Қатысушылықпен
жасалған қылмыстарды
және қылмысты-құқылық
нормалардың бәсекелестігі
барысында қылмысты
саралау
ІІІ-1. Қылмысқа қатысушылық түсінігі
Қазақ КСР-ның 1959 жылғы Қылмыстық
кодексінің және Қазақстан
Қатысушылық қылмыстық
Ұйымдастырушының, айдап салушының
немесе көмектесушінің іс-
Қатысушылар (ұйымдастырушы,
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде қылмысты қатысушылықпен жасау құрамының сараланған түрі ретінде қатысудың нысанына тәуелді төмендегідей болып бөлінген: қылмысты адамдар тобының жасауы 6-бапта, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасауы 49-бапта, қылмысты ұйымдасқан топтың жасауы 63 бапта және қылмысты қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) жасауы Ерекше бөлімнің 2 бабында қарастырылған.
Қылмыстық топ болып жасаудың
(қатысушылықтың бірінші
Қылмысқа қатысушылықтың бірінші нысанында қатысушылардың әрқайсысы қылмыс құрамының объективтік жағымен қамтылатынын әрекеттерді орындауға қатысады немесе толық көлемінде не белгілі шамада орындайды. Қылмысты бір тұлғаның жасауынан айырмашылығы топтық қылмыста қылмыс тобының қатысушылары үшін ортақ болатын объективтік жақтың белгісін құрайтын бір әрекетті орындау үшін өзінің күштерін біріктіретін бірігіп орындаушы тұлғалар қатысады. Оның барысында кейбір бірігіп орындаушылар қылмыстың объективтік жағының барлық белгілерін толық кірістіретін әрекеттерді жасауы, ал басқалары бұл белгілердің тек кейбір бөлігін жасайтын жағдай кездесуі мүмкін.
Орындаушылардың әлде
Негізінен көмектесу әрекеттері қылмыстың объективтік жақтарын орындау бастағанға дейін сонымен қатар оның орындалуы барысында, алайда қылмыс аяқталғанға дейін жүзеге асырылады. Егер көмектесуші қылмыстың жасалуы барысында қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттердің орындалуына көмектесетін болса егер ол болар-болмас деңгейде болсада бірігіп орындаушылық ретінде қарастырылуы тиіс. Істерді тергеу және сот тергеуі барысында тікелей орындаушы болып табылмайтын тұлғаның іс-әрекетін қалай саралау керектігі жөнінде мәселе пайда болады: адамдар тобымен жасалған немесе бір тұлғамен жасалған қылмыс ретінде бағалау туралы Қазақсатан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулыларында бұд сұрақтарға жауап берілген.