Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:05, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
1) қылмыс түсінігі мен құрамы жайында кеңірек тоқталып түсінік беру;
2) қылмыстың әрбір белгісін, яғни қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылықтың жалпы мәні мен мақсаттары туралы кеңірек ашу;
3) бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасындағы қылмыскерлікпен күрес мәселелерін қарастыру және оны алдын – алу шараларына кең түрде тоқталып өту және зерттеу болып табылады.
КІРІСПЕ
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі- қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері тұр.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.
Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құралдарымен салыстыру қажет.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық кылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.
Қылмыстық әрекеттердің себептері жөнінде ғалымдар, құқық қорғау органының қызметкерлері әр алуан пікірде. Марксистер мұндай қылмыстың тегін қалаушы қоғамнан іздеп, оны жеке меншіктікпен байланыстырды. Олар жеке меншік ылғида қылмыстың пайда болуының негізгі себебі болған және боладыда деген. Олардың ортақ пікірі бойынша, қанаушы тапты жойғаннан кейін байлардың кедейлерді қалағаны да жойылып, социализм орнағаннан кейін қылмыс біткеннің бәрі дерлік қоғамнан түбірімен жойылды деп есептеді. Біздің елімізде «кемелденген социалистік қоғам құрылды, ұрлық, бұзақылық, тағы басқа қылмыстың алуан түрлері молайып, жеке адамның қоғамның мемлекеттің мүддесіне қол сұғатын қауіпті қылмыстар кең етек алды». Сондықтан қылмыстың себептерін жеке меншіктікпен, қалаушылық пен байланыстыру дұрыс болмайды. Біз социализмнен, социалистік идеядан, бас тарттық. Конституциямыз шынайы демократиялық, бұрынғыдан гөрі шынайы адамргершілікті қоғам құру міндетін алға баса қойып отыр. Қазірдің өзінде Қазақстан мемлекеті саяси құрылысқа қарағанда әлдеқайда демократиялық мемлекет деп саналуының өзі негізсіз емес. Бірақ, өкінішке орай қылмыс азаймай отырып, тіпті көбейіп кету тенденсиясы бар. Кейбіреулер мұның себебі жазалау шараларының жұмсақтығынын десе, кейбіреулер керісінше заң тым қатал деп есептейді. Адамзат баласы басынан не кешпеді, жеңіл, жазалауда кескілеп өлтіруде, отқа жағып жіберуде – бәрі де болды. Бұлардың барлығы да қылмыс жасауды тоқтата алмады. Мүмкін, әлі де қылмыс дегеніміз мүлдем жойылмайтын, адамзат қоғамы өмір сүріп тұрғанда бола беретін құбылыс па? Шынын айтқанда, мұндай ғылыми түрде негізделген теория жоқ емес. Қылмыстың болашақ тағдыры жөнінде дәл айта қоюы мүмкін бола қояр ма екен, бірақ оның жалпы алғандығы немесе кейбір жеке нақты себептерін анықтау болса керек. Қазақстанда қылмыстың өсе түсуіне әсер ететін себептер: жоқшылық, кедейшілік, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендеп кетуі, адамгершілік азғындауы, отбасылық тәрбиенің төмендеп кетуі, маскүнемдіктің етек алуы нашақорлық, порнографияның кері ықпалы, полиция, прокуратура, сот жұмыстарының тиімді жүргізілмеуі тағы басқа себептер екені айқын. Қылмыстың едәуір бөлігі ашылмай қалады, сондықтан сазайын тартпаған одан сайын басынып, басқа да қылмыстар жасайды. Жоғарыда айтылғандарға қарап, біздің қоғамда қылмыс бой берместей етек алып кетті деуге болмайды. Азаматтарымыздың басым көпшілігі дұрыс өмір сүреді, балаларын жақсы тәрбиелейді өзіне және қоғамға пайдасын тигізіп еңбек етеді, білімдерін көтереді тағы басқа игі пайдаларын қоғамға тигізеді. Бірақ қылмыстың қауіпті екенін соншалық, бір адам жасаған қылмыстың зардабы бір немесе бірнеше адамдар тобына қомақты трагедия, қайғы-қасірет әкелуі мүмкін. Сондықтан қылмысқа қарсы күрес тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп түсінбеу керек. Әрине, қылмыс істегендерге қарсы күрес бірінші кезекте ішкі істер органдары, прокуратура, соттың бірінші, тікелей міндеті. Бұл органдардың қызметкерлері халық арасында заң тәртіптерін түсіндіру жұмыстарын, облыстағы , қаладағы ауылдағы құқық тәртібінің жайын кеңірек хабарлап, өздерінің осынау қауіпті де ауыр жұмыстары жөнінде әсерлі әңгімелеп отырса игі іс болар еді. Мемлекет ішкі істер органдарының қызметкерлері, тергеушілер, прокурорлар мен соттар санын үздіксіз көбейте бере алмайды . Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
1) қылмыс түсінігі мен құрамы жайында кеңірек тоқталып түсінік беру;
2) қылмыстың әрбір белгісін, яғни қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазаланушылықтың жалпы мәні мен мақсаттары туралы кеңірек ашу;
3) бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасындағы қылмыскерлікпен күрес мәселелерін қарастыру және оны алдын – алу шараларына кең түрде тоқталып өту және зерттеу болып табылады.
Бүгінгі таңдағы әлем бойынша аса күрделі де шиеленісті мәселелердің бірі қылмыскерлікпен күрес болып табылады. Қылмыскерлікпен кесімді күрес жүргізудің маңызы Қазақстан Республикасында құкықтық тәртіп орнатуда ғана емес, сонымен қатар тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда да зор. Соңғы жылдары тек қана жеке адамдардын өміріне, бостандығына, мүлкіне т.б. құндылықтарына қол сұғу қылмыстарының саны ғана өскен жоқ, сонымен қоса қазіргі күні ұйымдасқан қылмыскерлік, жемқорлық, тапсырыспен кісі өлтіру сияқты жаңа қылмыс түрлері пайда болды. Менің курстық жұмысымның өзектілігі осындай мәселелерді қарастыру болып табылады.
1 ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Қылмыс түсінігі
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әруақытта да белгілі бір іс – әрекеттің көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс – әрекетінің, мінез – құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.[ 1, 34б]
Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс – әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады.
Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құралдарымен салыстыру қажет. [2,103 б]
Батыс Еуропа елдерінің көпшілігінің қылмыстық құқығында, қылмыс ұғымына формальды анықтама беру орын алса, отанымыздық қылмыстық құқығында қылмысқа - қылмыстық заңда жазалау қатерімен тыйым салынған әрекет ретінде материалдық – формальды анықтама беру дәстүрлі түрде қалыптасқан.
Егер қылмыс ұғымын формальды анықтауда құқыққа кайшы әрекеттін формальды белгілеріне баса назар аударылса, ал материалдық анықтамада формальды белгілермен қатар міндетті түрде материалдық белгілер де (әрекеттің немесе әрекетсіздіктін қоғамға қауіптілігі) назарда болады.
Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9-бабында берілген. Осы бапқа сәйкес Қылмыстык кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық кауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. [3, 26 б]
Занды бұзу фактілері, қылмыс жасау, мүлікті ұрлау, экономика аясындағы қылмыс, лауазымдық қылмыстар сияқты қауіпті қылмыс түрлері мейлінше кең тараған. Бұлар мемлекет, қоғам үшін қауіпті. Сондықтан да қылмыспен аяусыз күрес жүргізу өзекті мәселе болып қалып отыр.
Қылмыстық заңның өзіндік міндеттері жеке адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, меншігін, табиғи ортасын, қоғамдык, және мемлекеттік мүдделерді, барлық құқық тәртібін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау болып табылады.
Қылмыс құқықтың белгілі бір нормасын бұзатын іс-кимыл, сондықтан да ол заңсыз. Егер де істелген іс-қимыл қылмыстық заңда көзделген болса, ол қылмыс деп танылады.
Қылмысты тәртіпсіздіктен және басқа да құқық бұзушылықтан ажырата білу керек. Мұндай шек қоюшылық проблемасының тәжірибелік маңызы зор: оған адам тағдыры, қылмыстық істің әділ шешілуі тікелей байланысты.
1.2 Қылмыстың құрамы
Қылмыс жасау, яғни Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды (Қылмыстық Кодекстің 3-бабы). Қылмыс құрамы деп - қоғамдық қатынастарға қоғамдық тұрғыдан қауіпті қол сұғушылық әрекетін сипаттайтын, қылмыстық заңда белгіленген негізгі белгілерінің жиынтығын түсіну керек. [4, 275 б]
Егер қылмысты жасау – қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс –жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы – оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды. Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса, қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды.
Қылмыс құрамының негізгі белгілері:
1) қылмыстың объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас;
2) қылмыстың объективті жақтарын сипаттайтын белгілер: объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс – әрекет;
3) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінә, қасаққаналық, абайсыздық;
4) қылмыстың субъектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы, арнаулы субъекті.
Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез – келген қылмыс құрамында болады және олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Жоғарыда аталған қылмыстың объктісін және объективті жағын сипаттайтын белгілер қылмыстың объективтік ақиқаттылығын көрсетеді, сол себепті қылмыс құрамының объективті белгілері деп аталады.
Қылмыстың объектісі – қылмыстық қолсұғушылықтан зиян келетін немесе зиян келуі мүмкін қоғамдық қатынастар. Біздің ойымызша, кейбір заң әдебиеттерінде көрсетілген: «Қылмыстың объектісі дегеніміз – сол қылмыстық әрекеттің неге бағытталғанын айтамыз» деген көзқарастармен келісуімізге болмайды. Өйткені, «бағытталған» деген термин арқылы абайсызда жасалған қылмыстың объектісін анықтауға болмайды. Тіпті қасақана жасалатын қылмыстардың өзіне кінәлінің қылмыстық жүріс – тұрысының бағытталуы нақтылы қол сұғушылықпен үйлесе бермейді. Кез – келген қылмыс материалдық игіліктерге емес(заттар, ақша), тағы басқа қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Ол қоғамдық қатынастар әрекет етуші қылмыстық заңмен қорғалуы қажет. Қылмыскер қауіп тудырған қоғамдық қатынастың сипатына қарай, қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты анықталады. Қоғам үшін қылмыстың объектісі неғұрлым құнды болса, соғұрлым жасалатын қылмыстың ауырлығы да көп болады. Сайып келгенде, қылмыстың объектісі дегеніміз – кінәлі қылмыстық қол сұғушылық жасаған, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың объективті жағы қылмысты істеген адамның мінез – құлқының сыртқы көрінісін береді. Объективті жақ ең алдымен, қоғамға қауіпті мінез – құлық актісінің сыртқы көрінісі, ол адамдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында әртүрлі және жан – жақты. Бірқатар қылмыстың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмысты жасау тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы өте зор.
Қылмыстың субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілер қылмыс жасаған адамның субъективтік ерекшелігін көрсететіндіктен, қылмыс құрамының субъективтік белгілері деп аталады. Субъективтік жақ қылмыстың ішкі жағын, мәнін және мазмұнын сипаттайды. Қылмыс жасаған адамның ішкі дүниесінде, оның еркімен санасында өтетін психологиялық процестің көрінісі. Демек, қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс – әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә кез – келген қылмыс құрамында болғандықтан, ол қылмысты саралаумен тығыз байланысты. Ал кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты жатады.
Қылмыс субъектісі дегеніміз – қоғамға қауіпті іс – әрекетті жасаған және заңға сәйкес сол үшін мемлекет алдында қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілеті бар адамды айтамыз. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге жеке тұлға, ақыл – есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасына жету, яғни 16 жасқа толу жатады (кейбір қылмыстар үшін 14, 18 жасқа жету міндетті). Көрсетілген белгілермен қатар, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.
Қылмыс құрамының элементтерінің әрбір кезге сәйкес тән белгілері болады. Кейбір ғалымдар мұндай белгіні «түрлік белгі» деп те атайды. Қылмыс құрамының мұқияттылықпен таңдап алынған белгілер ғана қосылады.
Түрлік белгілер дегеніміз – барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігі және құыққа қайшылығын білдіретін жиынтықтың көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда(ақша, зат, құжат т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Қылмыс құрамының арнаулы белгілері болады. Бұл белгілер бір құрылымдар үшін міндетті, екіншілері үшін міндетті емес болып табылады, яғни бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданылатын белгілер. Оған: қылмыстың зардабы, уақыты, орны, қылмыс істеу тәсілі, құралы, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстық заты, қылмыстың арнаулы субъектісі жатады. Бұл белгілер қылмыс құрамында аталып көрсетілсе, онда олар сол құрамның қажетті белгілері болып табылады. Қылмыс құрамында көрсетілмеген жағдайда, олар қылмысты саралауда әсер етпейді, тек қана жаза тағайындалғанда есепке алынады. [2,103 б]
2 ҚЫЛМЫСТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Қылмыстық құқыққа қайшылық
Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі құқыққа қайшылық — яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) жасау болып табылады. [3,28 б]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекелеген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс–әрекеттер істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.
Информация о работе Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны