қылмыстық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 15:32, шпаргалка

Описание

Адам өлтіру (ҚК 96-бабы) қылмыстық заңдылықта былай танылады
+ басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру
«Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» (ҚК 97-бабы) үшін жауапқа кім тартылады
+ өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде 16-жасқа толған анасы

Работа состоит из  1 файл

уголовное право ++++.doc

— 415.00 Кб (Скачать документ)

+ жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе, 16-жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға

 «Қызмет  өкілеттігін теріс пайдалану» (ҚК 307-бабы, 1-б.) сипаттамасы

+ мемлекеттік қызмет функцияларын орындауға өкілетті немесе оған теңестірілген тұлғаның өзіне не өзге тұлғаларға не ұйымдарға  пайдакүнемдік мақсатпен немесе өзге тұлғаларға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатымен өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне керағар пайдалануы

ҚК 308-бабының 1-бөлігі қарастырушы Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра  пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады:

+ мемлекеттік қызметтерді атқаруға өкілетті не оған теңестірілген тұлға                                   

 «Өзінше  билік ету» (ҚК 327-бабы) дегеніміз:                                                         

+ заңмен бекітілген тәртіпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыру

ҚК 342-бабына сәйкес Сотты құрметтемеу қалайша  белгіленеді:

+ сот процесіне қатысушыларды қорлау

Қашқындықтың (ҚК 373-бабы) субъектісі кім:

+ кез келген әскери қызметкер

 

Қылмыстық құқықтың Ерекше болімі:

+ тарауларға топтастырылған нормалардың жиынтығын

Адам  өлтіру (ҚК 96-бабы)  қылмыстық заңдылықта былай танылады:

+ басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру

 құрамы құрылысына байланысты:

+ материалды құрам

 «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» (ҚК 97-бабы) үшін жауапқа кім тартылады:

+ өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде 16-жасқа толған анасы

Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (ҚК 136-бабы) деген – ол:

+ ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтаруы

Кәмелетке толмағандарды  саудаға салудың (ҚК 133-бабы) субъектісі болуы мүмкін:

+ сатушы, сатып алушы

Жеке  өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу ҚК 142-бабында былай түсіндіріледі:

+ адамның жеке өмірі туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе

 

Жеке  өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу құрлысына қандай туріне жатады (ҚК 142-б.):

 

+ материалды

Басқыншылық соғысты  жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу қай уақытта аяқталған  болып саналады (ҚК 156 б.):

+ ҚК 156-бабының 1-б. көрсетілген әрекеттердің біреуі болса жеткілікті:

Басқыншылық соғысты  тұтандыруға насихат жүргізу  және жария түрде шақырудың (ҚК 157 б.) құрылысы:

+ формальдық құрам

ҚР ҚК 167-бабында  көзделген ҚР Президентінің өміріне  қастандық жасау аяқталған деп саналады:

+ өміріне қастандық жасағаннан бастап;

ҚР ҚК 168-бабында  көзделген билiктi күшпен басып алу  немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының  құзырына кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы аяқталды деп есептеледі:

+ ҚР Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекеттерді жасағаннан бастап;

Диверсия (ҚР ҚК 171-бабы) аяқталды деп саналады:

+ осыларды жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерді жасаудан бастап.

 «Алаяқтық» (ҚК 177-бабы) қылмысын жасау әдістері  неден байқалады:

+ хабарлануы міндетті фактілер туралы қасақана үндемеу

 «Тонау»  (ҚК 178-бабы) сипаттамасы:

+ бөтен мүлікті ашық ұрлау

«Қарақшылық» (ҚК 179-бабы) дегеніміз – бұл:                                          

+ бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау

«Жалған кәсіпкерлік» (ҚК 190-бабы) дегеніміз  – бұл:

+ кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат /лицензия/ алу міндетті болған шұғылдану

Өкілеттіктерді  теріс пайдаланудағы /ҚР ҚК 228-бабы/ субъективтік жағы:

+ тікелей қасақаналық;

 

Банда дегеніміз  не – ҚР ҚК 237-бабы:

+ азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында құрылған тұрақты қарулы топ.

Бандитизм аяқталған  деп саналады:

+ банданы құру сәтінен бастап:

 

ҚР ҚК 261-бабы, 3-бөлігі - Есiрткi заттарды немесе жүйкеге  әсер ететiн заттарды тұтынуға көндiруде қандай сараланған белгі қаралған: 

+ көрінеу кәмелетке толмаған адамға не екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса.

Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiрудің белгілері (ҚР ҚК 262-бабы):

+ құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егу немесе өсіру, басқа сорттарын өсіру;

(ҚР ҚК 264-б.) Есiрткi заттарды немесе жүйкеге  әсер ететiн заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау қылмысы қай уақытта аяқталған болып саналады: 

+ притондарды ұйымдастырғаннан бастап;

 «Заңсыз  аңшылық» (ҚК 288-бабы) дегеніміз:

+ қажетті рұқсатсыз, тыйым салынған жерлерде, мерзімде, тыйым салынған құралдармен және әдістермен аңшылық жасау

Көлік құралдарын жүргізуші  адамдардың жол қозғалысы және көлік  құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (ҚК 296-бабы  1-б.) үшін жауаптылық басталады (егер):

+ абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілсе

ҚК 310-бабы, 1-бөлігі қарастырушы «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» қылмысы  үшін кім жауапқа тартылады:

+ мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті не оған теңестірілген тұлға

 «Пара алу» (ҚК 311-бабы) болып саналмайды:

+ егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік ретпен қудаланады

 

Жауапты мемлекеттiк  лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң  немесе лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену аяқталады (ҚР ҚК 328-б.):

+ осы қылмыстың негізінде баптың диспозициясында берілген әрекеттерді жасағанда; 

 

ҚК 348-бабының 3-бөлігінде көрсетілген «Айғақтарды  бұрмалау» қылмысының аса ауыр белгілері:

+ қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан айғақтарды бұрмалау

 

Әскери қылмыс жасағаны үшін азаматтық тұлғалар қылмыстық  жауаптылыққа тартылуы мүмкін бе:

егер қылмысқа қатысушы болып табылса, мүмкін

Қылмыстық құқықтың Ерекше болімінің курсының пәні зерттейді:

+ қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімінің  мазмұның

Жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру (ҚК 98 б.) жеңілдететін жағдайларда  болды деп саналады:

+ жәбiрленушiнiң күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) болған кенет пайда болған жан күйзелiсi (аффект) жағдайында, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң жүйелi түрдегi заңға қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтiру

Абайсызда кісі өлтіру (ҚК 101-бабы) деген – бұл:

+ басқа адамға қылмыстық менмендікпен және қылмыстық немқұрайдылықпен /ұқыпсыздық/ салдарынан қаза келтіру

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК 103-бабы) мынамен байланысты:        

+ жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты жоғалтумен

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартудың (ҚК 131-бабы)

 тікелей  объектісі: 

+ жасөспірімдердің қалыпты дамуы және дұрыс  адамгершілікке тәрбиеленуін қамтамасыз ететін нақты қоғамдық қатынастар

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (ҚК 131-бабы)

құрылысына  қарай қандай түріне жатады:

+ формальды құрам

Азаматтардың  хат жазысу құпиясын бұзудың заңдық негізі (ҚК 143-бабы):      

+ мемлекеттік органның қылмыскерді анықтау және ұстау мақсатымен танысуы

Дәрігерлік  құпияны жария ету (ҚК 144 б.) былай  түсіндіріледі:

+ пациентін сыртқы немесе медициналық куәландыру нәтижелері туралы мәліметті кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз медициналық қызметкердің жария ету

Жаппай қырып-жою  қаруын өндіру, таратудың (ҚК 158 б.) объектісі:

+ адамзат қауіпсіздігі

Жаппай қырып  жою қаруын өндіру немесе таратудың  заты (ҚК 158 б.):

+ химиялық, биологиялық және жаппай қырып-жою қаруларының басқа түрлері

ҚР ҚК 172-бабында  көзделген мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария етудегі кінә:

+ тікелей қасақаналық;

Мемлекеттiк  құпияларды заңсыз алу, жария етудің (ҚР ҚК 172-бабы) заты:

+ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер;

Мемлекеттiк  құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалтудағы (ҚР ҚК 173-бабы) кінә нысаны:

+ абайсыздық;

 «Қорқытып  алушылықтың» (ҚК 181-бабы) сипаттамасы:

+ бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау

 

 «Бөтен  адамның мүлкін абайсызда жою  немесе бүлдіру» (ҚК 188-бабы) үшін қылмыстық жауаптылық мына жағдайда туындайды:

+ егер іс-әрекет абайсызда жасалып, ол ірі зиян келтірсе

 

Ұрлықтың (ҚР ҚК-175 бабы) саралаушы белгісі:

+ жоғарыда көрсетілгеннің барлығы

 

 «Экономикалық  контрабанда» (ҚК 209-бабы) түсінігін  беріңіз:

+ ҚР кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарын немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы немесе өзге де заттарды, осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуі шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу  

 

Коммерциялық  және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі:

+ коммерциялық және өзге де ұйымдардың дұрыс қызметі;

Бандитизмнің  субъективтік жағындағы кінәнің  нысаны:

+ тікелей қасақаналық

 

Адамды кепілге  алудың объективтік жағы (ҚР ҚК 234-бабы):

+ адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау;

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелердi бұзу кінәнің қай түрімен  жасалынады (ҚР ҚК 267-б.):

+ абайсыздықта;

Адамдардың  өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн  мән-жайлар туралы ақпаратты жасырудың субъектісі (ҚК 268 б.):      

+ осындай ақпаратпен халықты хабарландыру міндеті жүктелген адам.

Қауiпсiздiк  талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау  не қызмет көрсетудің топтық объектісі (ҚК 269-б.):

+ халықтың денсаулығы;

ҚК 292-бабына сәйкес «Ормандарды жою немесе зақымдау»  белгілері:

+ отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сол сияқты орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жою немесе зақымдау

Қай мезеттен жол көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу (ҚК 297-бабы) аяқталған болып саналады:

+ жол көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалған мезеттен

 «Қызметтік  жалғандық жасау» (ҚК 314-бабы) қарастырады:

+ мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті немесе оған теңестірілген тұлғаның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не әдейі жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруі

 «Қызметтегі  әрекетсіздік» (ҚК 315-бабы) дегеніміз:

+ мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса,

ҚР Мемлекеттiк  туын, Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк гимнiн қорлауда қылмыстық  жауаптылық қай жастан басталады (ҚР ҚК 317-б.):

+ 16 жастан;$$$089

ҚК 353-бабына сай /көрсетпе/-жауап беруден қандай тұлғалар босатылады:

+ жұбайы, зайыбы, туыстары және діни қызметшілер

ҚК 366-б. Әскери қылмыс ұғымы:

+ әскерге шақыру бойынша не келiсiм шарт бойынша ҚР Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшiлердiң, запастағы азаматтардың жиындардан өтуi кезiнде әскери қызмет атқарудың белгiленген тәртiбiне қарсы жасаған қылмыстары.

Информация о работе қылмыстық құқық