қылмыстық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 15:32, шпаргалка

Описание

Адам өлтіру (ҚК 96-бабы) қылмыстық заңдылықта былай танылады
+ басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру
«Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» (ҚК 97-бабы) үшін жауапқа кім тартылады
+ өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде 16-жасқа толған анасы

Работа состоит из  1 файл

уголовное право ++++.doc

— 415.00 Кб (Скачать документ)

 

Ерекше  бөлімдегі тарауларыдың бір бірінен айырмашылығы:

+объектісінде

Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзудің (ҚР ҚК 102-бабы) объектісі:

+ адам мен азаматтардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар;

Жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiрудің сараланған түрі (ҚР ҚК 98-бабы, 2-б.):

+ аса қатыгездiкпен жасалған;

Заңсыз аборт  жасаудың /ҚР ҚК 117-бабы, 2-б./ субъектісі:

+ тиiстi бағдардағы жоғары медициналық бiлiмi бар адам;

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартудың субъектісі (ҚР ҚК 131 б. 1 б.):

+ есi дұрыс 18 жасқа толған жеке адам

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартудың саралау белгілері  (ҚР ҚК 131 б. 2 б.):

+ ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне  заңмен жүктелген өзге адам

Азаматтардың  тең құқықтылығын бұзудың себептерi қандай (ҚР ҚК-нің 141-бабы):

+ адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге көзқарасына сенiмi, тұрғылықты жерi, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына себептерiмен;

Дәрігерлік  құпияны жария етудің (ҚР ҚК-нің 144-бабы) заты:

+ науқастың сырқаты немесе медициналық куәландырудың нәтижелері туралы мәліметтер;

Геноцидтің /ҚР ҚК 160-бабы/ объективтік белгілері:

+ұлттық, этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер;

ҚР ҚК 164-бабы, 1-б. көзделген әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздырудың субъектісі кім бола алады:

+ 16-ға толған кез келген адам;

Жұмылдыруға шақырудан  жалтарудағы (ҚР ҚК 174-бабы) кінә нысаны:

+ тура ниет;

Мемлекеттiк  опасыздықтың (ҚР ҚК 165-бабы) құрамы:

+ формальдық құрам

Президенттің  өміріне  қастандық жасау болып  табылады:

+ Президентті өлтіру  немесе өлтіруге оқталу

Тонау аяқталды деп саналады:

+ иелену, пайдалану, билік ету сәтінен

Алаяқтық барысындағы  алдаудың түсінігі:

+ қандай да бір жалған мәліметтерді хабарлау.

Қорқытып алушылық барысында қол сұғудың заты не болып табылады:

+ мүлік, мүлікке құқық,  мүліктік сипаттағы  әрекеттер

 «Заңсыз  сыйақы алу» (ҚК 224-бабы) сипаттамасы:

+ мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметкерінің немесе оған теңестірілген адамының, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқарушылық қызметтерді атқармайтын адамның  өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді заңсыз алуы

Коммерциялық  және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардан айырмашылығы:

+ объективтік және субъективтік белгілері бойынша;

Адамды кепілге  алу – ҚР ҚК 234-бабы – аяқталған деп саналады:

+ кепілге алу және кепілде ұстау сәтінен бастап;

 

ҚР ҚК 236-бабы, 2-б. көзделген заңсыз әскерилендiрiлген құраманы ұйымдастырудың объективтік  жағы: 

+ заңсыз әскерилендiрiлген құраманы құру (ұйымдастыру) сол сияқта басқару;

 

Жезөкшелiкпен айналысуға тартудың (ҚР ҚК 270-б.) объектисі не болады:

+ адамның адамгершілігі

Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн  заттарды заңсыз дайындау, өндеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату  (ҚР ҚК 259-б.) құрылысына қара»  қандай түріне жатады:

+ формальды құрам 

Есiрткi заттарды немесе психотоптық заттарды ұрлау не қорқытып алу  (ҚК 260 б. 1 б.) қай кезеннен аяқталған деп танылады:

ұрлау кезеннен немесе корқытып алған кезеннен

Заңсыз аңшылықтың (ҚК 288-бабы 1-б.) белгілерінің бірі:

+ елеулі зиян келтіру

Темiр жол, әуе  немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн  бұзудың ( ҚР ҚК 295-б.) тікелей объектісі  не:

+ темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастар;

Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға  жатады:

+ кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

Заңсыз  сыйақы алудың  пара алудан (ҚК 224 және 311 баптары)

айырмашылығы: 

+ обьектісі бойынша

ҚР Мемлекеттiк  туын,  Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк гимнiн қорлаудың құрылымы:

+ формальды құрам;

Көрінеу кінәсіз  адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (ҚК 344-бабы) аяқталған болып саналады:

+ айыптау ретінде қаулы шыққаннан

367-бап.  Бұйрыққа бағынбау немесе оны  өзгедей орындамаудың субъектісі:

+ бұйрық берген бастыққа бағынышты әскери қызметші

Қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімде неше тарау бар:

+ 16

Науқасқа көмек  көрсетпеудің субъектісі /ҚР ҚК 118-бабы/ кім бола алады:

+ заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге мiндеттi медициналық қызметкер;

Адам өлтірудің  түрлері:

+ жай /ҚК 96-бабы, 1-б./, сараланған /ҚК 96-бабы, 2-б./, жеңілдетілген мән-жайларда /ҚК 97-100 б.б./;

Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзудің (ҚР ҚК 102-бабы) әдістері:

+ қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен

Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқан  кезде күш қандай болу керек (ҚР ҚК 131 б. 3 б.):

+ кәмелетке толмаған адамның денесіне жарақат салу, денсаулығына жеңіл және орташа дәрежедегі зиян келтіру, урып-соғу

Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (ҚР ҚК 132 б.) объективті жағынан:

+ кәмелетке толмаған адамды есеңгірететін заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшілікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту

Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзудың (ҚР ҚК-нің 145-бабы) объективті жағының белгілері:

+ тұрғын үйге онда тұратын адамның еркiнен тыс басып кiру;

ҚР еңбек  заңнамасын бұзудың ауырлатушы мән-жайлары (ҚР ҚК-нің 148-бабы 2 б.) құрылысы бойынша:

+ формальды құрам;

Экоцидтің /ҚР ҚК 161-бабы/ анықтамасы:

+ өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттердi жасау;

Жалдамалылық /ҚР ҚК 162-бабы/ үшін жауаптылық қашан басталады:

+ жалдамалыны жалдануға азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалда немесе соғыс қимылдарында пайдаланудан бастап;

Көрсетілген белгілердің қайсысы шпионаждың объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады (ҚР ҚК 166 бабы):

+ әрекеттің жасалуы.

Президенттің  өміріне қастандық жасаудың субьективтік жағын атаңыз- ҚР ҚК 167-бабы:

+ тікелей ниет.

Қарулы бүліктің мақсаты не болып табылады (ҚК 169 б.):

+ ҚР Конституциялық құрылысын өзгерту немесе ҚР аумақтық тұтастығын бұзу.

 

Тонауда кішігірім  мөлшер үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады ма:

+ жауаптылыққа тартылмайды.

Алаяқтық аяқталды деп саналады:

+ иелену, билік ету сәттен бастап.

Қорқытып алушылық пен қарақшылықты саралау, оларды ажырату белгілері:

+ құш қолданумен сипаты бойынша.

ҚР ҚК 206-бабында  көзделген жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сатудың объективтік  жағының белгілері:

+ жоғарыда аталған әрекеттің біреуі жасалса жеткілікті.

Коммерциялық  және өзге де ұйымдардағы басқару  функцияларын атқарушы адамдардың өкілеттіктерін теріс пайдалануы құрылымы жағынан:

+ формальдық;

Заңсыз әскерилендiрiлген құраманы ұйымдастыру дегеніміз  ҚК 236 б.:

+ осы әрекеттердің кез келгені.

 

Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасының /ҚР ҚК 250-бабы/ заты:

+ аталғандардың кез келгені.

Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн  заттарды заңсыз дайындау, өндеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату аса саралаушы белгілеріне жатады (ҚР ҚК 259-б. 4 б.):

+ білім беру ұйымдарында жасаса, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаса

 

Есiрткi заттарды немесе психотоптық заттарды тұтынуға көндірудің (ҚК 261 б.) объективті  жағы:

+ есiрткi заттарды немесе психотоптық заттарды тұтынуға көндіру

Порнографиялық  материалдарды немесе заттарды заңсыз таратудың  (ҚК 273 б.) объективтік  жағы:

+ порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында заңсыз жасау, тарату, жарнамалау, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, сүреттерді немесе өзге де заттарды заңсыз сату

Қандай жағдайларда  ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (ҚК 291-бабы 3 б.) үшін жауаптылық басталады:

+ егер әрекет ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса

ҚР ҚК 296-бап, 3-б. көзделген көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк  құралдарын пайдалану ережелерiн  бұзуында қандай зардаптар қарастырылған:

+ екі немесе одан да көп адам өлімі

Пара алудың (ҚК 311-бабы) коммерциялық сатып алудан (ҚК 231-бабы) айырмашылығы:

+ объектісі бойынша

Сыбайлас жемқорлық  қылмыстар дегеніміз

+ ҚР ҚК 8 және 13 тарауларында орын алған қылмыстар

ҚР ҚК 327-бабы - Өзінше билік етудің ауырлатушы белгілері:

+ күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған әрекет;

Жауап беруден  бас тартқаны үшін (ҚК 353-бабы) қылмыстық  жауаптылықтан кім босатыла алады:

+ өзіне қарсы, жұбайы (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы, сондай-ақ діни қызметшілер сеніп сырын ашқан діндестеріне қарсы жауап беруден бас тартқандар

368-бап.  Бастыққа қарсылық көрсету немесе  оны қызметтiк 
 мiндеттерiн бұзуға мәжбүр етудің субъективтік жағы:

+ тікелей қасақаналық

 

Қылмыстық заңнамасының Ерекше бөлімінін қайнар көзі:

+ Конституция және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормалары.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрудің объективті жағы (ҚР ҚК 103-бабы):

+ көруден, тiлден, естуден айрылуға, бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан, өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде 1/3 тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан, түсiк тастауға, психикасын бұзуға душар еткен денсаулықтың бұзылуы;

Зорлау (ҚК 120-бабы) жасағаны үшін жауапқа тартылады:

+ жыныстық жетілу жасына толған еркек жынысты тұлға

Абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне әкеп соққан зорлау деп саналуы мүмкін:

+ жәбірленішінің өліміне қатысты кінә абайсыздықта болса;

Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер  жасауға тарту (ҚР ҚК 132 б.) субъективті  жағынан:

+ қасақаналықпен

Бала  ауыстырудың (ҚР ҚК 134 б. 2 б.) саралау белгілері:

+ пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасалған

Қазақстан Республикасының  еңбек заңнамасын бұзу құрылысына қарай  қандай туріне жатады (ҚР ҚК-нің 148-б. 1 б.):

+ материалды құрам;

Сайлау  құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеудің (ҚК 147-б.) объектівті белгілері

+ сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар еңгізу, дауыстарды қате есептеу не сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу

Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру  немесе жүргізудін негізгі объектісі:

+ мемлкеттерді бейбіт өмір сүруі, халықтар арасындағы бейбілшілік;

Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізудін құрамы:

+ формальды;

Кімді шпионаж  үшін қылмыстық жауаптылыққа (ҚР ҚК-ң 166 б.) тартуға болады:

+ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды.

Көрсетілген заттардың  қайсысы диверсияның заты (қылмысқа әсер етудің) болып табылмайды (ҚР ҚК-ң 171 б.):

+ жеке мүлік

ҚР ҚК 166 бабында  көзделген шпионаждың мемлекеттік  опасыздық шпионажынан айырмашылығы:

+ субъектісі бойынша

Тонау барысындағы  күш қолданудың түсінігі:

+ денсаулық пен өмірге қауіпті емес кез-келген күш қолдану

Кімді ұрлық  үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға  болады-ҚР ҚК-ң 175 бабы:

+ 14 жасқа толған есі дұрыс адам

Бөтеннің  мүлкін қасақана жойғаны және бүлдіргені үшін жауаптылық (ҚР ҚК 187-бабы) басталады:

+ едәуір зиян ( елеулі; 100 айлық есептік көрсеткіштен жоғары)

Контрабанда (ҚК 250 б.) қашан аяқталған болып саналады:

+ мемлекеттік шекарадан өткізілетін тауарлар мен құндылықтар кедендік декларацияда көрсетілмеген болса

Коммерциялық  сатып алудың (ҚК 231 б.) заты:

+ ақша, бағалы қағаздар, мүлік, мүліктік сипаттағы қызмет көрсету

ҚК 234-бабы қарастырушы «Адамды кепілге  алу» қылмысы үшін жауапқа кімді  тарту керек:

+ 14-жасқа толған есі дұрыс жеке тұлғаны

Бұзақылық (ҚК 257 б.) келесі әрекеттермен сипатталады: 

+ аталған әрекеттің  кез-келгені.

Есiрткi заттарды немесе психотоптық заттарды заңсыз дайындау, өндеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сатудың санкциясын көрсетіңіз  (ҚР ҚК 259-б. 4 б.):

+ мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға денгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады

Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлаудың (ҚК 275 б.) объектісі:

Информация о работе қылмыстық құқық