Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:09, дипломная работа
Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық
ЖОСПАР
Кіріспе..................................................................................................................3
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері................................................5
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.........9
3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау...........................22
4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау....................23
5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау............26
6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау...........................26
7. Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу....................................28
Қорытынды...................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................31
27
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.....................
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.........9
3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау....................
4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау....................
5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау............26
6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау....................
7. Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу...........................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.
Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.
Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз - қылмыс істеген аламға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысыны сайкелетін,әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негігі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталғанжағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңнын тиісті баптарында көрсеттілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте,сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақтыеске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Онда былай делінген:
52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шектежәне осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 55-бабында белгіленеді.
3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігк дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпал ескеріледі.
Қылмыстық заңнын осы бабында көрсеттілген талаптарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы бодып табылады. Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы бапқа сәйкес адамның қылмыс қүрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының кім екендігіне сай келуі қажет.Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекеті нің заңдылық зардабы, нәтижесі болуы керек. Жазаның шегі оның іс-әрекетінің шегіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл немесе тым ауыр жаза тағайындалуға жол бермеуі керек. Тағайындалған жаза істелген қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері анық. Жаза тағайындаудың қағидалары деп қылмыстық шара қолданудың негіздері, жай-жапсары және тәртібін белгілейтің, қылмыстық және қылмыстық- процесстік құқық шамаларында бекітілген ережелер айтылатын[1]. Бұл ережелердің бір нешеуі жаза тағайындау үшін жалпы қағйдалық маңызға ие болды да (ең алдымен, қылмыстық әрекет үшін жазалаушылық қағидасы және жазаны даралау қағидасы), осыған орай жаза тағайындаудың жалпы қағидалары деп дәлме-дәл аталады[2]. 1958 жылы қылмыстық заңдардың негіздерін қабылдағаннан кейін қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде жаза тағайындаудыңжалпы негіздері жаза тағайындаудың қағидаларымен қатар ерекшеленеді[3]. Дегенмен, Г. Л . Кригердің әділ тұжырымдағанындай, жаза тағайындаудың қағидалары жаза тағайындаудың жалпы негіздерінде айшықталуына, атап айтқанда 1958 жылғы Негіздерде олардың жазалауына байланысты, жаза тағайындаудың ұағидалары туралы мәселені дербес күйде ерекшелеу бір ережелерді жөнсіз қайталауға әкеліп соғады[4].
Жаза Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтан да әділ жаза тағайындаудың алғы шарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істелген іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс қүрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау өте қажет. Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайындауға заң ешқандай жол бермейді. Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген шарттарды еске ала отырып,кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.
Сондай-ақ жаза тағайындағанда Ерекше бөлімнің нақты бабының санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерін де басшылыққа алуға міндетті. Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па осы мәселені анықтайды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істеді ме деген мәселелерді анықтайды. Бұл сүрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жояатын жағдайлар, қылмыстық заңның уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бір іс-әрекеттерге жаза тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті. Егер сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі негізгі қағидаларды-жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып біткен немесе бітпеген қылмыстарға, қайталанған, қатысып жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ мерзімдердіқосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізгі басшылыққа алады.
Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана сол үшін көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде балама санкйияларды қолдану туралы сөз болып отыр. Қылмыстық кодекстің 39-бабында жазаның түрлерінің тізбегі онша қатаң еместен, қатаң түріне қарай тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп тапса, санкцияда көрсетілген балама жазалардың қатаң түрін тағайындауға құқылы. Қылмыстық кодекстің 48-бабының 3-бөлігінде қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаның қатаң түрін тағайындаудың тәртібі және оның шегі арнайы көрсетілген.
Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың сипатын және қоғаға қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, істің жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады. Осы айтылған факторлардың мазмұнын нақтылап толықтыратын, оларға бағынышты түсініг болып табылады.
Осы жоғарыда айтылған екі негіз факторға сипаттама берелік. Бірінші, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза тағайындау. Заң бойынша әрбір әстелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі екі жағынан: сапалық (қоғамға қауіптілік сипаты) және сандық (оның дәрежесі) белгілері арқылы белгіленеді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері арқылы анықталады. Мүның ішінде объктивтік белгілері (қылмыстың объективті зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның жағдайы) субъктивтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет немесе мақсат жан-жақты еске алынады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» Қаулысының 2-тармағында жасалған қылмыстың қауіптілігінің дәрежесін анықтағанда, нақты қылмыстық (іс-әрекет, кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасалған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, әрбір сыбайластың қатыстылығының дәрежесі мен сипаты, т. б.) жағдайының барлығы ескерлуі тиіс, деп жоғарыда айтылған заң талаптарының мазмұны ашып көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының жеке басының кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипаттайтын мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.
Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтау қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады. Бұнын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген, өндірісте, түрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.
Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде тексеруін оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін елеулі маңызы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбеке қабілеттілігі мен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты еске алады.
2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН
ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға кауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды аныктауға міндетті. Істелген кылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігнің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын жәнс оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау кезіндс соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылыкты жеңілдстетін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есспке алынуы керек.