Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:09, дипломная работа
Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық
ЖОСПАР
Кіріспе..................................................................................................................3
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері................................................5
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.........9
3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау...........................22
4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау....................23
5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау............26
6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау...........................26
7. Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу....................................28
Қорытынды...................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................31
Жәбірленушіге қинап, қорлық көрсету деп кінәлінің жәбірленушіге қарсы шектен шыккан арсыздыкпсн қылмыс істеп, онын ар-намысын, адамгершілігін аяққа басу аркылы оған моральдық немесе материалдық зардап келтіруін айтамыз.
Осы айтылғандарды жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатқызғанда сот кінәлінін ерекше қаталдықпен немесе жәбірленушіге қорлық көрсстіп қылмыс істеу тәсілін колдануды сезгенін анықтау өте қажет болып табылады.
10. Қару ок-дәрі, жарылғыш заттар немесе оны бейнелеуші қондырғылар, арнайы дуйыидалған техникалық қүралдар, тез тұтанатың және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялык, фармакологиялык дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсеткен немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып кылмыс жасау. Қылмыскердің көрсетілген құралдарды, қаруларды колдануы қоғам үшін қауіпті басқа да тәсілдерді пайдалану қылмыстың қоғамға қауіптілігін жоғарлатады. Сол үшін оған катаң жаза белгіленеді. Жалпыға кауіпті тәсілді колданып кылмыс істеу. Мұндай тәсілді қолданып қылмыс істеу қылмыстық заң қорғайтын көптеген коғамдык қатынастарға зиян келтіру каупін туғызады. Жалпыға қауіпті тәсілдсрге: жарылыс, қопарылыс ұйымдастыру, өрт қою, су астында қалдыру, қопарылыс жасайтың заттарды, уландыратың газдарды пайдаланып қылмыс істеу жатады. Жауаптылыкты ауырлататың мән-жайлар орын алу үшін қылмысты жалпыға қауіпті тәсілді қолданып істеу фактісі болу қажет.
11. Төтенше жағдайды, табиғи немесе өзгс де жағдайларды қылмыс жасау үшін пайдалану, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау. Мұндай әрекеттерді төтенше жағдайды немесе жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайларды пайдаланып қылмыс жасау деп атаймыз.
Жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайына жер сілкіну, су тасқыны, кар көшкіні, өрт апаты, дауыл соғуы сияқты оқиғалар жатады. Төтенше жағдайға — мемлекетте жаппай тәртіпсіздікке немесе баска оқиғаларға байланысты пайда болған ерекше жағдайға байланысты белгілі бір уақытка тәртіп сақтау үшін енгізілген ерекше құқылық шаралар болып табылады.
Бұл туралы осы мәселеге арналған занда накты айтылады. Төтеңше жағдайдың жариялануына байланысты ерекше корғану шараларын, құзыреттерді іске асыратың арнаулы органдар күрылады. Кінәлі адамнын, басқа уақыткд карағанда осы жағдайды пайдаланып қылмыс істеуі онын, жауаптылығын, сөз жок, ауырлатады. Жаппай тәртіпсіздіктің түсінігі 241-бапта берілген.
12. Алкогольдік, есірткілік немесе уыткұмарлық елігу жағдайында кылмыс жасау. Адамның осындай күйде болып қылмыс істеуі кінәлінің келтіретін зияндылығьшын сау адамға қарағанда едәуір зор болатындығы, сонымен бірге оның қауіптпілік дәрежесінін де үлкен екндігін көрсетеді. Қандай жағдайда мас күйге келудің, қылмысты саралау үшін маңызы шамалы Адамнын, алкоголь ішімдігін есірткілік немесе уландыратың заттарды пайдаланып мас күйге келуі арқылы қылмыс істеуі мүмкін. Сот істелген қылмыстың сипатына карай бұл мән-жайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауға да құқылы. Мысалы: отбасына, жеке басына келген ауыр кайғыдан, күйіктен ішіп мас болуы немесе мас болып маңызы шамалы қылмысты істеу, т. б. жағдайлар.
13. Адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы. Аталған жағдайда қылмыс істеу— әруақытта да жазаны жоғарылатудың негізі. Өйткені, аталған адамдар өзі кабылдаған антын бұза отырып, өзіне берілген сенімге қиянат жасап, алдау жолына түседі. Мысалы, антты бұзып, мемдекеттік құпияны жариялайды, береді немесе банк қызмет-кері кәсіби антын бұзып салушылардын каржыларын өзі пайдаланып кетеді және т. б. әрекеттер.
14. Қылмыскердің қызмет жағдайын немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы. Бұл жағдайларда қызметкер өзіне сеніп тапсырылған қызмет жағдайын пайдаланып сенімге қиянат жасап, оны кылмыс істеуге пайдаланады. Мұндай ретте осындай қылмысты лауазымды адамдар қызметкерлерімен бірге қатардағы қызметкерлер де жасауы мүмкін. Шартқа байланысты мәселе Азаматтық, кодекс нормасы арқылы реттеледі. Шарт заңды тұлғалармен де, жеке азаматтармен де бекітілуі мүмкін. Шарттан туындайтын сенімді пайдаланып, киянат жасау жауаптылыкпен жазаны ауырлатын мән-жайға жатады.
15. Өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатың пайдаланып қылмыс жасау. Өкімет өкілінін. түсінігі Қылмыстық кодекстің, 307-бабының ескертпесінде берілген. Осыған жататын адамдардың нысанды киімін немесе қүжатын пайдалану қылмыс істеуге зор мүмкіидіктерді туғызады. Сондықтан да мұндай мән-жайлар жауаптылықты және жазаны ауырлатуға негіз бо-лады. Қылмыстық кодекстің 54-бабында көрсетілген қылмыстық жауаптылықты жәме жазаны ауырлататын мән-жайлар тұжырымды болып табылады және оны кең мағанады талқылауға жол берілмейді. Өйткені, Кодскстің 54-бабының, 3-бөлігінде "Жаза тағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды" делінген. Осы баптың 2-бөлігінде "Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында кылмыс белгісі ретінде көрсетілген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмсуі керек" делінген. Мысалы, аса қатыгездікпен жасалған ауырлататын жағдайдағы кісі өлімі (96-бап 2-бөлігі "д" тармақшасы). Жауаптылықты және жазаны ауырлататын осындай мән-жайлар кылмыс кұрамының қажетті немссе ауырлататын белгісі ретінде көрсетілгендіктен жаза тагайындағанда оны қайтадан жазаны ауырлататын мән-жай деп ссспке алуға болмайды.
3. ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС
ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық кодекстін 29-бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде катысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе жеңілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы карастырылған. Осы бапка сәйкес:
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағаймндау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежссі, осы катысудың кылмыс мақсатына жету жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе кслтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалы ескерілсді[5].
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция шеңберінде қатысудың нысаны мен түріне қарамастан тағайындалады.
Сот қатысушыларға жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын (52-бап) және 57-баптың шарттарын басшылыққа алуға міндетті, Қылмыстық кодекстің 57-бабында жаза тағайындау кезінде оны жасауға қатысқан адамның 1) қатысу сипатын және дәрежесін; 2) кылмыс мақсатына жетудің мәнін; 3) келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зияиның сипаты мем мөлшерін ескеруді талап етеді. Қатысу сипаты катысушының атқарған ролімен сипатталады. Бұл жерде қатысушы кім болып роль атқарады — ұйымдастырушы ма, айдап салушы ма, орындаушы ма әлде көмектесуші ме? Әдетте, ұйымдастырушыларға, айдап салушыларға, орындаушыларға қылмысқа көмектесушілерге қарағанда жаза каталырақ тағайымдалады. Катысу дәрежесі қылмысты мақсатқа жетудегі қатысушылардың сіңірген енбегінің көрінісі аркылы белгіленеді. Ал қылмыс мақсатына жетудің мәні — алға қойған мақсаты толық орындалды ма, жоқ па осыған байланысты. Келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін анықтағаңда оларды туғызуға істелген қатысушының әрекет белсенділігі, атқарған функциясы есепке алынады. Қылмыстық кодекстің 57-бабының 2-бөлігінде "Қатысушылардың біреуінің жеке басына катысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ес-керіледі"—делінген.
Яғни, мұндай ретте ересектерге қарағанда жасы толмағандарға жазаның жеңілдететін түрі қолданылуы айтпаса да түсінікті.
4. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Сот тәжірибесінде бір адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп кылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде-біреуі үшін сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын күрайды.
Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді. Бір адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істегенге кінәлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда оның әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп саналады. Бұл жерде занда белгіленген негіздер мен қылмыстық жауаптылыктан босатылған адамның бұрынғы істеген кылмысы есепке алынбайды. Қылмыстардың жиынтығында сот негізгі жазаны, ал керекті реттерде және косымша жазаны әрбір қылмысқа бөлек тағайындап алып, түпкілікті жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды түгелдей, ия болмаса, ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай жазаны жиынтықтап, бірақ тағайындайды (58-бап, І-бөлігі).
Осы заңның талабына сәйкес сот әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек-бөлек тағайындайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл кассациялық немесе бақылау сатыларында істеген қылмыстардың біреуі үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір кылмыс үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының, біріне рақымшылық актісі қолданылуы, ал екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін немесе бір кылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екіншісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен кыскартылуы мүмкін.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәні мен зияндылык дәрежесін, кылмыскердің тұлғасын және істің мән-жайьн, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды тутастай басшылыққа алады. Жаза тағайыпдауды осы принципті бұлжытпай басшылыққа алу қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны жеке қылмыс істегендерге қарағанда ауырырак етіп тағайындауға мүмкіндік береді. Жазаны әрбір қылмысқа бөлек-бөлек тағайындап алып, сот жазаны барлық қылмыстары үшін жиынтықтап бірак тағайындайды. Бұл жерде қылмыстық заң бойынша жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолын нсмесе тағайындалған жазаларды түгелдей я болмаса ішінара косу жолымен заңның ауырырақ жаза белгілеген бабындағы шектен асырмай жаза белгіленеді. Сіңіру принципі бойынша сот кылмыстың жиынтығына кіретін әрбір кылмыс үшін біртектес және әртектес жаза түрлерін тағайындағанда женілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен жинақтап бірак тағайындайды. Осындай кезде жаза түрлерінің қатаңдык дәрежесі Қылмыстық кодекстің 39-бабында кандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша анықталатынын ескеруі кажет. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түрі мен мөлшері жағынан бірдей жаза тағайындалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарын ең жоғарғы жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі. Мысалы, қыл-мыскер қызғанып өз әйелін өлтіргені үшін алты жылға, кәнігі бұзақылығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды делік. Сіңіру принципі колданыла отырып оған акырғы жаза 6 жыл бас бостандығынан айыру болып белгіленеді немесе кінәлінін бір қылмысы үшін сот оған 2 жыл түзеу жұмысын тағайындайды, ал екінші қылмысы үшін 3 жыл бас бостаңдығынан айыру жазасын тағайындайды. Жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен сот оның ақырғы жазасын 3 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгілейді.
Тағайындалған жазаларды түгелдей қосып жаза белгілеу дегеніміз әрбір қылмыска бөлек-бөлек жаза тағайындап алып, сол жазаларды бір-біріне түгелдей косып, ақырғы жазаны аныктау болып табылады. Жазаларлды түгелдей косу принципі сот тәжірибесінде көп жағдайларда істелген қылмыстардың мәні мен зияндылық дәрежесі өзара ұқсас болған жағдайларда қолданылады. Тағайындаған жазаларды ішінара косып, жаза белгілеу дегеніміз сот ауырырақ жазаға басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаны ішінара косып, ақырғы жазаны аныктайды. Қылмыстың жиынтығы бірнеше қылмыс үшін жазаны толық немесе ішінара косу жолымен тағайындалғанда акырғы жаза мөлшері ауырырақ жаза белгілеген баптың шегінен асырылмай белгіленуі мүмкін. Мысалы, ұрлық үшін 3 жылға, ауырлататын жағдайдағы бұзақылығы үшін 4 жылға тағайындалған жазаны, сот ішінара қосу жолымен ақырғы жазаны 5 жылдан бас бостандығынан айыруға деп белгілейді, Өйткені, ауырлататын бұзақылығы үшін (257-бап, 2-бөлік) жазаның ең жоғарғы шегі заңда 5 жыл деп көрсетілген. Бұл шектен асуға болмайды.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда соттын кайсы принципті басшылыққа алатыны (сіңіру жолымен немесе түгелдей, ішінара қосу жолымен) нақты жағдайларға байланысты, істің, жағдайына, кылмыскердің тұлғасына, әр қылмыс үшін тағайындалған жазаның түрі мен ауырлығына сәйкес шешіледі. Адам кінәлі деп танылған кылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазаны сот негізгі жазаға қоса алады.
Егер іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарғанға дейін басқа бір қылмыс істегендігі аныкталса, бұл жағдайда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады. Бұл ретте жазанын, мерзіміне бірінші үкім бойынша өтеген жаза есептелінеді. Мысалы, кінәлі адам әйел зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталған. Ол осы жазаның екі жылын өтеген соң, оның осы қылмыс үшін сотгалғанға дейін бұзақылық істегені анықталады. Сот қылмыскерді бұзақылығы үшін кінәлі деп тауып, сол үшін оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Тағайындалған жазаларды түгелдей қосу аркылы, оның ақырғы өтейтін жазасы 8 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгіленген. Сот оның бірінші үкім бойынша өтеген екі жыл жазасын есепке ала отырып, ақырғы өтеу жазасының мерзімін 6 жыл деп белгілеген. Қылмыстық кодекстің 58-бабының, 3-бөлігінде: "Егер кылмыстардың жиынтығында орташа ауырлықтағы қылмыс, ауыр немесе аса ауыр кылмыс камтылса, түпкілікті жаза жазаларды ішінара немесе толық қосу жолымен тағайын-далады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан аспауы керек",— деп белгіленген. Ал осы баптың төртінші бөлігінде: "Егер кылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесс өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру көздслген, ең болмағанда, бір аса ауыр кылмыс камтылатын болса, түпкілікті жазалау ішінара немесе толық косылып тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазалау жиырмабес жылдан аспауға тиіс",—деп көрсетілгсн. Мұндай ережелер істелген қылмыстық қоғамға қауімтілігі қандай санатқа жататынына, қылмыскердің жеке басының кім ексндігі ескеріле отырып, әділетті жаза тағайындауға мүмкіндік береді. 58-баптың 3-4-бөлігінде көздел-ген қылмыстардың санатының түснігі Қылмыстық кодекстің 10-бабында берілген.
Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты кұрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жекелеп немесе толык қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы Кодекстің Жалпы бөлімінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімінен нсмссе мөлшерінен аспауы керек (58-бап, 5-бөлігі). Мысалы, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметте болу құқығынан айыру Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес қосымша жаза ретінде үш жылға дейінгі мерзімге косылуы мүмкін.