Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 13:26, реферат

Описание

Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде­лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.

Работа состоит из  1 файл

Ақжан Әл-Машани.doc

— 127.00 Кб (Скачать документ)

     Авторы: М.НҰРПЕЙІСОВА, техника  ғылымдарының докторы, профессор. Б.ТӨЛЕУОВ, техника ғылымдарының кандидаты, доцент. 

     *** 

     Қазақ халқының ұлы ғалымдарының бірі Ақжан  Машановтың туғанына биыл – 100 жыл. Республиканың ғылыми жұртшылығы бұл шараны кең ұйымдастырып өткізуде. Алда оны ЮНЕСКО-де атау күтіп тұр. Ұлы ғалымның еңбегі, азаматтығы, ұстаздығы, басқа да қырлары жайлы жазылып жатқан мақалалар да аз емес. Соларға қосымша мен оның ұстаздығы жайлы сөз айтуды парыз санаймын. 

     Ақаң  – менің ұстазым еді. Елуінші  жылдары негізгі қызметін тау-кен (кейін политехникалық институт болған) институтында атқаратын ол КазПИ-ге келіп, география факультетінде геологиядан сабақ берді. Бізге де уақытын көп бөліп, лекциясын өз институтының бағдарламасымен жүргізді. Менің сол кездегі алған геология туралы білімім, геологияның толып жатқан салаларымен таныстырып, сол салалар бойынша сол кісімен бірге жүріп, экспедицияға шыққаным менің геология ғылымына деген құштарлығымды оятып, Жердің қалыптасу заңдылығын білуіме үлкен жол ашты. Ақаң экспедиция кезінде Е.Д.Шлыгинмен таныстырды, ол кісі де геологияның үлкен ұстазының бірі еді ғой. Н.Г.Кассиннің еңбектерін оқытты. Георгий Цареевич Медоев бізге “Табиғи динамика” дейтін пәннен сабақ берді. Олардың оқыған лекцияларын біз аузымыз ашылып, соншалықты бір қызығушылықпен тыңдаушы едік. Әсіресе, Ақаң жер астының ғажайып сырын фантастикалық романдай түсіндіретін. Содан мен геологияны жақсы оқып шықтым. Институтты бітіріп, аспирантурада оқып жүрген бір кезімде Ақаң кездесіп қалып: “Ей қыз, сен қолың бос болса, бізге келіп практикалық сабақ өткізші, менің уақытым жетпей жүр”, – деді. Ұстазымның сөзін жерге тастамай, политехникалық институтқа келіп, аз уақыт Медоев пен Ақаңның практикалық сабағын жүргізгенім бар. Ол кезде қазақша дәріс оқу деген ұғым жоқ, бәрі орысша. Ақаңа айтам: “Біз ауылдан келдік, біздің “произношенияларымыз” келмей жатады ғой” десем, “Жоқ, сен анау практикумды жаттап ал, содан кейін мен өзім тексеремін”, – дейді.  

     Мұның бәрі болашаққа, жастарға деген сенім  екен ғой. Білімге сусап жүрген жастарды бауырына тартып, үлкен ғұлама ғалымның оларға ұсынған тәрбиесі екен. Менің бүкіл ғылыми жұмысыма ақыл берген, жеке мақалаларымды оқып баспаға ұсынған да Ақаң. Айтқаным Дауленова  деген менімен  бірге оқыған дос қызым болды, Қазақстанда бірінші рет физикалық географияны оқытудың методикасы жайлы диссертация қорғады. Соның ғылыми жетекшісі де Ақаң еді. 

     “Кристаллография” дейтін пәннен де бізге алғашқы мәлімет  берген Ақаң. Ол бүкіл геохимияның, физиканың, қазіргі кен орындарынан  алынатын қазба байлықтардың негізгі  физикалық құрылымын түсіндіретін пән. Ақаң бізге осылар жайында әңгі­меледі. Қазіргі педагогикалық институттарда мұндай пәндердің аты да аталмайды. Сол кезде Ақаң ғылым салаларын жеке-жеке бермей, ғылым табиғатының тұтастығын сақтап, бірімен-бірін ұштастырып, өзі туралы кейін деректі фильмде көрсетілгендей, кубиктің әрбір қырында қандай мағына барлығын математикалық жолмен түсіндіретін. Ақаңмен замандас, саяси көзқарасының салдарынан Алматыға жер ауып келген, атақты астроном, қазіргі Астрофизика институтының негізін салуға еңбек сіңірген Бухман деген астроном болды. Сол екеуінің бізге берген білімі күні бүгінге дейін бойымызда ғылымның негізгі жүйесін салып берді деп түсінем. Ақаң үзіліс кезінде шықпайды, отырады, қасына барып жаңағы ертегідей қызықтап айтқан әңгімелерін тыңдағымыз келеді. Тағы бір айтатын нәрсе – қарапайым адамдар алтынның, күмістің, платинаның, уранның қайдан шыққанын білмейді ғой, жер қойнауына біреу салып кеткендей, ана жерде анау бар, мына жерде мынау бар дейді. Солардың қалыптасу заңдылығын Ақаң бізге тақтаға сызып тұрып түсіндіретін. Менің Ақаң оқыған лекциялардан жасаған конспектім осы уақытқа дейін бар. Ақаңдай ұстаз болу, білім, ғылымды балалардың басына құйып беретіндей етіп Ақаңдай ұғындыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өзіміз де ұстазбыз ғой, “45 минут” уақыт ішінде әрлі-берлі сөйлеп, шамамыз келсе, қолтығымызға папкамызды қысып, шығып кетуге тырысамыз. Ақаң балалардың біл­мегенін білдіруге ұмтылатын. Ғылымға құштарлықты оята білетін. Әлем кеңістігінде ғарышқа ұшу, я болмаса атмосфера қабаттарының құрамын білу ол кезде біз үшін жұмбақ дүние болатын. Соның қандай екенін Бухман екеуі үйретті. Бухманның астрономиялық лабораториясы бар. Біз соған үйіліп-төгіліп барып, аспан әлемін көріп қызықтаймыз. Күн системасындағы планеталарды қараймыз. Маған ұстаз ретінде, менің болашағыма, жалпы соғыстан кейінгі ұрпақты үйретуде Ақаңның сіңірген еңбегі өте зор. Кейде қанша білімдар болсаң да, уақыт талабынан аса алмайтын, істегеніңнің барлығын ортақ ойлы етіп көрсеткің келетін уақыттар бола­ды. Өзінің біліміне тиянақты, сөзіне тұрақты, құбылысты қазақтың ұлттық дәстүрімен, кең жазира даласының тарихымен байланыстыра түсіндіретін Ақаңдай бірде-бір адам жоқ. 

     Ақаң  жайында, ұстаз ретінде айтқанда, жастарымызды тәрбиелеуде ұстамдылық, шыдамдылық танытып, білмегенін білдіруге тырысатын ұстаздардың болғаны маған соншалықты ой қалдырады. Кейде біле қоймаған жастарға зекіп жатамыз, болмаса ептеп түсімізді суыта қоямыз. Ақаң қашанда бірқалыпты баяу, істеген ісіне қанық. Аспирантурада оқып жүргенімде Ақаң мені Мәскеуге академик А.А.Григорьевке жіберді, “Сен қызым, ерінбей, отбасыңды қоя тұрып, Мәскеуге барып, сол кісімен ақылдасып, тақырыбыңды белгілеп келші”, – деді. Сөйтіп, Мәскеудегі үлкен ғалымдармен танысуыма, араласуыма да Ақаңның үлкен септігі тиді. Мәскеудегі Ақаңның достарының бірі А.Л.Яншин деген үлкен ғалым-геолог болды. Ол кісімен кездесіп, сөйлескенімде ол Ақаңның жайын сұрап, сәлем айтатын. Қазақстан табиғатының жұтаңдау мәселелерін қозғайтын. Ол ғалым Қазақстанды зерттеген, біздің атақты геологтармен байланысты, соның ішінде А.Абдуллинмен жиі пікірлеседі екен. Ғылыми нәтижелерінің қорытынды еңбегінің ішінде Арал экологиясына үлкен орын берілген. 

     Жақында ғана Ресей Шоқанның 170 жылдығын атап өтті. Мен барып, сол шараларға қатысып қайттым. Ақаң – қазақтың Шоқаннан кейінгі жердің тарихына, қазақтың табиғатының сырына кең көзбен қарай білген ұлы геолог ғалымы. 

     Аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертация  қорғағаннан кейін Ақаңмен көршілес болуды тағдыр жазды. Бірде маған  кездесіп қалып, “Ей, қызым, осы Сирияға  барсақ қайтеді. Сен ана күйеуіңді үгіттесеңші, Сирияға бір сапар жасап қайтайық” – деді. “Жарайды, қашан”? “Мен ұйымдастырайын”. Содан қазіргі үлкен мемлекет қайраткері, белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев бар, барлығы 15 шақты адам болып, біз Сирияға жол тарттық. Ақаң қазақша да, орысша да әдемі сөйлейді. Қып­шақ, араб тілдеріне жетіктігін сол Шам шаһарында ғана білдік. Осы жолы ол әл-Фарабидің зиратын іздеп тапты. Ақаңның айтуы бойынша, Шам шаһарын айналдыра салған қорғанның кіші қақпа, үлкен қақпа деп аталатын қақпалары болған екен. Әл-Фараби кіші қақпада алдындағы қорымда жерленіпті. Бұл мәліметтерді жергілікті адамдарға Ақаңның өзі айтып, ақыры қорымды тапты. Зират­ты аралап, үлкен арабист ғалымды көмекке алып, Ақаң зиратты бірінші болып ашты. Біз куә болдық. Басына белгі қойып қайттық.  

     Сол күні арабтар қонақасы үстінде біздің тегімізді сұрастырды. “Әл-Фараби –  қыпшақ қой, оған қандай қатыстарың бар?”, – деп сұрады. Ақаң оларға қыпшақтар  туралы, олардың бізбен байланысы  жөнінде айтты. Кеңес өкіметінің кезі еді, қиын уақыт қой, әрқайсымыздың соңымызда тыңшыларымыз бар, бірақ сонда да Ақаң банкетте қыпшақтың тарихы жайлы 10 минөттей сөйледі. Сонда Шам шаһарының бір үлкен ғұламасы: “Сіздердің екінші қыпшақтарыңыз бар бізде, мүмкіншіліктеріңіз болса алып барамыз”, – деді. Ол Бейбарыс сұлтан еді. Ақаң бізге айтпай жүріп, әл-Фарабимен қатар Бейбарысты да іздеген екен. Біз Арабия шөлін аралап өтіп, “Краке-де-Шевелье” деген сонау көне дәуірден күні бүгінге дейін архитектуралық ансамблі жақсы сақталған зәулім сарайда болдық. Таудың басына салынған зәулім сарай алыстан қарлығаштың ұясындай көрінеді. Бір жағы – Жерорта теңізі, бір жағы Арабия шөлі, еш жағынан жау көрінбей келіп басып алатын емес. Зәулім сарайды кезінде крест жорықшылары салған екен. Соны Бейбарыс сұлтан ғана алыпты. Маңдайшасында оның аты алтынмен жазылыпты. Бұл да біздің абыройымызды көтеріп тастады. Сол сапарда біз 12 күндей болдық. Сириядағы Кеңес Одағының елшісі Н.Мухитдинов еді. Ақаң оған келгенде жолыққан. Қайтарда Мухитдиновқа қайтып барып, бірқатар жазбалар алды. Әл-Фарабиді біз батыс елдерінің аудармасы арқылы алып оқып жүрміз ғой. Ақаң әл-Фарабидің еңбегін араб тілінде, парсы тіліндегі жазбалары арқылы таныған еді. 

     Ғұлама, үлкен ғалым болу – біреудің әкеліп бере салатын дайын асы емес. Оған ізденумен бірге, қанымен келген дарын керек. Ақаң туған Қарқаралы маңы – үлкен білім ошағы, ағартушылық, демократиялық идеяның тараған жері. ХХ ғасырдың басындағы орыс шаруаларының көшіп келуі, қазақ жерлерінің отарлануы да осы жерден басталған. Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық ойлары осы жердің топырағында өнген. Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулатовтың азаттық туралы ойлары, 1905 жылы революциялық қозғалысқа қатысуы осында өткен. Әлімхан Ермеков осы жерде педтехникум ашқан. Ақаң – солардың жалғасы еді. Ол да оқуын Қарқаралы техникумында бастап, Семейде, Алматыда жалғастырған. Ақаңның атасы Машан би кезінде Арқадағы атақты адамдардың бірі болыпты. Қазыбек би Машан өлгенде: “Машан, Машандай ұл туғанша қашан” деп айтыпты дейтін әңгіме бар. Бұл да Ақаңның аруақты ортадан шыққанының белгісі. 

     Ақаң  намаз оқиды, дінге берілді, Ақаң өйтіп кетті, бүйтіп кетті деген  әңгімелер де кезінде көп болды  ғой. Бірақ үлкен тұлға, ғалым  есебінде Ақаң өз сенімін, ар-ұжданының  қалағанын істеді. Өмірі қиын жағдайда өтті. Қуғынды да, шетқақпай жасауды да аз көрген жоқ. Қазір 15 жастағы бала астына “джип” мініп, қолына долларын ұстап, ел менікі, жер менікі дейді, ал Ақаңдар ұйықтаса ұйқысы қанбаған, ішер тамағы болмаған, қазақтың кең жазиралы құмдауыт даласын зерттеумен өмірін өткізіп, білім мен дінді ұштастыра отырып, қазақтың ұлағатты ойын дамытқан данышпан ғалым болды. Әрқашанда ғылым бар жерде білім бар, білім бар жерде тәрбие бар, тәрбие бар жерде азаматтық бар. 

     Азаматтыққа не жатады? Азаматтық деген елінің қамын ойлаумен келеді. Ақаңның бір өзі үшін өз білгені өзіне жетер еді. Бірақ Ақаң еліне, жұртына, кейінгі ұрпаққа үлкен азық боларлық жаңа ғылымның, тың білімнің негізін салып кетті. Мен қайда жүрсем де, Ақаңа бас июмен жүремін.  

     Біз әлі әрбір қазақ өзінің ана  тілінде ойын жеткізіп сөйлейтін дәрежеге жеткен жоқпыз. Кейде біз жаңа атау іздеуге құмармыз. “Оралмандар” деген атау таптық. “Оралман” деп жүргеніміз – кешегі қиыншылық жағдайда уақыт талабына байланысты елден кеткен өзіміздің қандасымыз ғой. “Оралман” деп оларды кемсітпеу керек. Егер терминология жөнделмесе, бұрынғыша атала берсе, оның баласы да “оралман” болып кетуі мүмкін. Ол “кірме” деген сөз. “Жаңа қазақ” деген атау да қолдан жасалған. Ақаң орыс тілін жетік білу үстіне, қазақтың керемет май­талман тілімен сөйлеген уақытта бір адам мін таппайтын еді.  

     Егеменді  ел болғалы қазақ тілін игеру, жетілдіру жайлы көп айтылып  жүр. Сол қиын кезеңнің өзінде де Ақаң қазақ тіліне техникалық терминдерді  ғылыми тілге қалыптастырудың көш  басшысы болды. 

     Мамандығы жағынан Ақан – маркшейдер еді. Ол политехникалық институтта ұзақ уақыт “Маркшейдерлік іс және геодезия” кафедрасын басқарды. Қазақстанда мұндай маман көп емес.  

     Ақаң  тек қана маркшейдер, геолог емес, ол қазақ ұғымында палеонтологияның, минерологияның, кристаллографияның, стратиграфияның негізін салған адам. Жер ғылымының жаңа саласы – геомеханиканың негізін қалаушылардың бірі. Оның “Кристаллография, минерология және петрография” деп аталатын оқулығы кезінде осы салада білім іздеушілердің ғана емес, табиғат сырына қызығушылардың қолынан түспейтін кітап болды. Әрі жазушы, әрі табиғат сырын терең түсінетін философ-ғалым ретінде ол көп еңбектерін ғылыми-көпшілік кітапханасына арнап жазды. Оның “Жер құпиялары”, “Жерде тіршілік қалай пайда болды?”, “Жер сілкінісі”, “Жер қойнауына саяхат”, “Таулар қалай түзілген”, т.б. кітаптары қызық хи­каядай оқылады, табиғат құпиялары мен сыры жайлы оқырмандарға көп мәлімет береді. Ғалымның еңбектерінде өзі ашқан Ақбастау, Қосмұрын, Жосалы пайдалы кен қазбалары жайлы да, Торғай алқабының геологиялық құрылысы туралы зерттеуі де, Жезқазған мыс рудасы бассейнінде жер қойнауының геомеханикалық әдістерін қолдануы жайлы деректер де мол. Осының бәрінде ол табиғатқа, жер байлығына қазақ халқының көзімен қарады. 

     Кейде теледидардан бізде “ұлттық идеология” бар ма деп сұрап жатады. Біреулер “Ұлттық идеология жоқ, біз жаңа қоғам орнатып жатырмыз, ол –  идеологиясыз қоғам”, дейді. Ал қазіргі  қазақ ғылымында, оның бүкіл болмысында, әдет-ғұрпында Ақаң салып кеткен ұлттық идеология “аңқып” тұр. Сондықтан мен өз қолым бір нәр­сеге жетсе, ол үшін Ақаңа қарыздар сезінемін. Кейінгі кезде экологиямен айналысып жүрмін. Сол салада жазған оқулықтарым Ақаңның берген білімінің жемісі деп ойлаймын.  

     Қазір эколог емес адам жоқ. Арал теңізінің апатты жағдайға айналуы тек қана антропогенді жағдай емес, сонымен қатар оның геосинклиналды қозғалмалы зонада жатуынан. Табиғаттағы циклдік өзгеріс 50 жылда, 100 жылда қайталанып отырады. Ел осыны түсініп отырған жоқ. Мен бүгін осы тұрғыдағы теріс ғылыми пікірлерге Ақаң қалай қарар еді деп ойлаймын. 1908 жылы жазған Л.С.Бергтің “Аральское море” деген монографиясы бар. Одан басқа “Высыхает ли Средняя Азия” деген атақты мақаласы (1905) басылған. Онда табиғаттағы циклдік өзгерістер туралы кең айтылған. Ақаң бізге геологиядан сабақ берген уақытта циклдік мәселеге көп мән бере айтатын еді. Іле-Алатауын мысалға ала отырып, оның қозғалмалы алап екенін, сейсмикалық аймаққа жатуының жағдайын түсіндіретін. Жалпы, ғылымның дамуына комплексті түрде қарайтын, оны жан-жақты ұлттық тұрғыда түсіндіруші, ұлттық мағынада өзінің жазира даласының байлығын дәріптеуші ғалым еді Ақаң. Сондықтан болашақ мамандарға, ұстаздарға жастарға қамқор болуды, зекімеуді, ерінбей үйретуді ұсынамын. Ядролық апатты аймақтардан келіп жатқан балалардың бірі түсінсе, бірі түсінбейтін жағдайлар болады. Оның үстіне ауыл балалары орыс тілін де жетік білмейді. Сондықтан жастарға кешірімділікпен қарап, жақсы маман даярлап, ұлтжанды болу — Ақаң дәстүрін жалғастыру деп ұғам. 

Информация о работе Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани