Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 13:26, реферат

Описание

Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде­лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.

Работа состоит из  1 файл

Ақжан Әл-Машани.doc

— 127.00 Кб (Скачать документ)

     Содан бір тоқсан өтер-өтпесте “Әңгіме  фантастикалық жанр туралы” мақаласымен  А.Машанов әлгі шаруаға қайта  оралды. Бұл жолы осы салада дүниеге келген туындыларымызға ептеп шолу жасай отырып, алдағы тіршілікте жанрды одан әрі өркендете түсуге жағдай толық туып отыр деп біледі. “Ұшан-теңіз табиғат байлығымыз бар; жалпы мәдениет пен әдебиеттің өркендеуі арқасында ғылымға бой ұрғандық талап бар; ғылыми фантастиканың қазақша үлгілері салына бастады. Осылардың барлығы –қажетті болып отырған ғылыми фантастикаға негізгі фундамент” санаған. 

     Осы дәйек-тұжырымын А. Машанов өз шығармашылығында ұсынақты да тұрақты кәдеге асыра  білді. Әлгінде айтқандай, қазақ әдебиетінде “ғылыми-фантастикалық” деген айдарды тұңғыш пайдаланған автордың “Жер астына саяхат” кітабы оқырмандар қолына осыдан тура жарты ғасыр ертеде тигеніне мақтана алар едік. Оның аңдатпа-аннотациясында жазылғандай, “Қазақстанның түпкір-түпкірлерін түгел аралаған табиғатқұмар жастарды әңгімелеу арқылы Жердің жаратылысын, табиғатын ұзақ ғасырлар бойғы өзгеріс-құбылыстарының заңдарын, ескі өмірдің қалай өзгеріп, жаңадан қалай дамитынын ғылыми тұрғыдан қарап, қызық етіп баяндайды”. 

     Кітап жарық көрген кезінде З. Серікқалиев жинаққа бірсыпыра сын таққаны бар. Ол “Ғылыми-фантастикалық әңгімелер” дегенге күдікпен қараған-ды. “Автор мұнда жаратылыс байлығын игеру арқылы адам баласының ертеңгі биік асуы жайында, ертеңгі күннің шындығы жайында қияли болжам жасаудан гөрі, нақты фактілерге мейлінше молырақ сүйеніп, жалпы ғылымға аян, жалпы ғылым ашқан ортақ жорамалдар негізінде белгілі ақиқаттар шеңберінен шыға алмаған”, – деген. 

     Шынында да, сыншы ескерткендей нәрселер туындыда қылаң беретіні рас. Алайда, кітап өз объектісін тамаша білетін және сол ғылыми әлеуетін қызғылықты тілмен, күтпеген бұлтарыстармен жеткізіп бере алатын қаламгер қолынан шыққан, оның біраз жерінде халықтың қиял-ғажайып сюжеттеріне сүйеніп, қазіргі ғылым түсініктемесімен қайта берілген ғылыми-фантастикалық әңгіме-шегіністер мол. Автордың “фантастика” атауын қоюына сол шегіністер толық шығармашылық құқық береді деп есептейміз. 

     Оқырманның  көз алдынан фантастикалық шегіністерден  Күннің Үшінші планетасының қалай пайда  болғаны жөнінде ұсынған жаңа версия, осыдан 900 миллион жылдар шамасында Жердің “басынан кешірген” эралары жөніндегі болжамдар, жеті қат көктегі аспан денелерінің атаулары түу баяғы ертегілердің нысандарынан алып қойылған деген қисынды қиялдар, жасанды жолмен алтын алу әдісі т. б. қыруар ғажайыптар өтіп жатады, өтіп жатады... 

     Әсіресе, соңғы кездері байсалды зерттелу үстіндегі алхимия ғылымына автордың көбірек назар аударғанын аңғарамыз. Қаншама ғасырлар бойы жүздеген емес-ау, мыңдаған экспериментатор-оқымыстыларды  әуре-сарсаңға салған, коммунистік жетпіс жылдық ғасыр тұсында күлкіге, сайқымазаққа айналған, тіпті қудалауға түскен алхимияға бүгінде оң қабақ көрсетіп отырғанымыз белгілі. Ал осыдан то­лайым жарты ғасыр ертеде автордың: “Адам баласы әр түрлі заттардың атом­дарына әрекет жасаудың арқасында өзіне керек элементін тауып алып отыратын болады. Алхимияның қиялы сол еді. Олай болса ол қиял іске асуына көп уақыт қалған жоқ”, –деген көрегендігіне куәгерміз. 

     Осы жерде ғылым тарихына жүгінсек, алхимия  – ежелден қиял объектісіне айналған сала. “Алхимияның негізін қалаған мысырлық Тота құдай” деп құрметтеген. Ол еврейлерде – Мизраим (мысырлық), гректерде – Гермес Трисегист есімімен айғақ, “тәңірінің құпияларынан хабардар ұлы ғұлама” деп есептелген. 

     Алхимияның  “қыр соңына түсушілер” – қарапайым темір-терсектерден алтын-күміс жасауға талпынғандар. Олар Қытайда біздің эрамызға дейінгі 133-шы жылдың өзінде белгілі болған. Ол жөніндегі әңгіме-қауғаны сол тұстағы Чия мен Чен екеуінің есімдерімен байланыстырады. Билеуші Чияға қаржы кәттік қылғанда, алхимик досы Чен қара тас немесе кірпішті майдалап ұсақтап, химиялық жолмен әрекеттеп, нағыз керекті күміс жасап берген деседі... 

     Ақиқатынан  аңызы әлдеқайда басым жатқан осы асыл металдар алу әдісі құр  фантастиканың тақырыбына телінетіні дақпырт па екен? Жоқ, олай емес. Көптеген елдердің билеп-төстеушілерінің өз тұстарында шығарған жарлық, пәрмендері металдарды трансмутациялау (басқа кейіпке айналдыру) мүмкіндігіне күдік келтірмейді. 

     Оған  мысал – Лондондағы Британия мұражайының  тиындар мен металдар бөлімінде алхимия алтынының үлгісі бар. Оның анықтама-сипаттамасында: “Полковник Макдональд пен доктор Колкхьннің қатысуымен 1814 жылы қазан айында қорғасын оқтан алхимик Бупорданың өңдеп шығарған алтыны” деп жазылған... 

     Ол  аздай Венадағы өнер тарихы мұражайында да алхимияның ғажап олжасы сақталған. Каталогта ол “Алхимия медальоны” аталған. Қарамы –47х37 см, салмағы – 7 кг, тұрқы –  ұзынша металл. Және де: “Оның үстіңгі үштен бір бөлігі – күміс, қалғаны – таза жасанды алтын”,– деп куәландырады мұражайдың ресми қызметкерлері. Осы деректер А. Машановтың кітабындағы бір тарау қиялдың қисындылығын дәлелдеуге септігін тигізер деп ойлаймыз. 

     А.Машанов  көркемсөз әлемінде бір кітаптан екіншісіне “ауысарда” алдыңғысынан бөлек, басқаша пішін, стиль, композиция қарастыруды әдетке айналдырған екен. Оның ендігі бір дәлелі – “Табу”. Автор оған “ғылыми фантастика” деген тақырыпша қойыпты. Алайда, біздің ойымызша, шығарманы “ғылыми-фантастикалық трактат” мәртебесінде қарастырған дұрысырақ. Себебі, туындыда әдеби-көркемдік мотивтерден гөрі ғылыми жорамалдар, гипотезалар жалпы шығармадағы басқа компоненттерден басым жатыр. Оның үстіне “Табуды” әдебиетімізде мүлде бой көрсетпеген “фантастикалық трактат” саласының беташары есебінде қабылдағанымыз да ажарландыра түсетін шығар. 

     Кітаптағы Маңғаз, Болат, Абжад, Шәкіл, Қисабек, Ноғайлы  және басқалар – қаламгер көкейіндегі  бүкіл ғылыми-фантастикалық идеяларды  оқырман зердесіне ұялатар зымыран-жеткізгіштер дер едік. Бұлар қосарласып ғарышқа  саяхат шегіп, қиын-қыстау жағдайларға да тап болады. Жер астын бойлай қазып, таңбалы тастар да тауып ала береді. Сонау ықылым заманнан мына бүгінге жеткен аңыз әфсаналардан ғылыми-фантастикалық тұжырымдар қарастырады,  аналогтар  іздестіреді. Сөз иіні келгенде бірден айта кеткен абзал, автордың көне көз аңыздар мен бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс, жаңа технологиялармен жарыстырып салыстырған тұстарындағы көптеген болжам-тұжырымдары тәнті қылмай қоймайды.  

     Планета мен галактика кеңістігі, яғни Әлемге – Жердің және Жерге Әлемнің ара  қатынастары, сыбайластықтары. Қаншама миллиондаған  жылдар бойы күллі Галактиканың бізге жасаған жан-жақты ықпалы. Сол виртуальды ықпал-әрекеттің арқасында олардың өнер мен әдебиетімізде (тасқа қашалып салынған өрнек-ою бейнелер, сызбалар, ауызша жеткен әфсаналар т.б.) және ғылымымызда (аспан денелерін Жердегі символдармен атау үрдістері т.б.) көрініс табуы. 

     Шығарманың  басты кейіпкерлерінің бірі –  Шәкілдің пайымдауынша, “Әлемнің тірегі, дүниені құраушы бес тек бар”. Бірінші: Жер тектес заттар – текше-куб, яғни алты жақты “гексаэдр”; екінші: Жер  тектес заттар — сегіз жақты “октаэдр”; үшінші: от тектес заттар – төрт жақты “тэтраэдр”; төртінші: су тектес заттар – жиырма жақты “икосаэдр”; бесінші: бәрін құраушы жұлдыз тектес заттары – он екі жақты “дэдекаэдр”. 

     Міне, туындының өн бойындағы хикаялар мен пікірталастар, негізінде, осы ұғымдар төңірегінде қозып отырады. Осы тұста автордың тағы бір “оң жамбасына түсетін” идеясы – әлгі айтылған заттардың бірін екіншісінен, екіншісін үшінші, төртінші, бесіншісінен бөле-жара қарастырмайды. Оларды, өзара жігін жазбай, толайым, тұтастай кешенді түрде қамтиды. Бүкіл табиғаттың осылай біртұтас екендігін, олар өзара ұдайы, тынымсыз әсер жасаумен болатынын қиялгер-оқымысты дәлелдеп шығады. 

     “Табу”  бірі сұрақ қойып, екіншісі жауабын беріп немесе өзара пікір таласына түсетін, соның арқасында ғылымдағы тағы бір құпияға фантастика көзімен қарап, дәйектеме айтатын мынандай тараулардан тұрады. “Маңғаз ұстаз”, “Фан тас”, “Жердегі нысаналар”, “Аспан жолында”, “Көтерімді Жердей бол”, “Өзіңді біл алдымен”, “Ғажайып сапар”, “Отырар сәулесі”. 

     Алғашқы алты тарауда басынан аяғына дейін  фантастикалық идеялар көктей өтіп жатса, соңғылары бірсыпыра ерекшеленіп  тұр. “Ғажайып сапар” мен “Отырар  сәулесі” тарауларында осы заманның жас қаһармандарын көрмейміз. Олардың басты тұлғалары – аты аңызға айналған Қорқыт пен “екінші ұстаз” әл-Фараби. Фараби жөнінде сөз басқа. Оның ғұлама оқымысты екеніне ешкімнің таласы жоқ. Ал Қорқыт ше? “Жеңіл ұғып, желік іздегендер” Қорқытты тек Желмаяның белінде көреді. Автор, міне, өз шығармасында Қорқыт проблемасына басқа тұрғыдан келеді. Туынды жастарды ғарыштың ғажайып саяхаттарына шақырады, тыңдаушы­ларына қызықты космологиялық заңдылықтарды ашады, көне заманнан бергі астро­номиялық жыл санауларға үйретеді. 

     Әлгінде бір айтып кеткен пікірімізді тағы да қайталағымыз келеді. Бұл шығарманы таза көркем туынды есебінде қарап, мұның бойынан соған қойылатын талаптарды түгелдеп жатудың қажеті жоқ. Өйткені, бұл шын мәніндегі ғылыми-фантастикалық трактат. 

     Жалпы, “Табу” – қазақ оқырмандарына бүгінгі таңда, әсіресе “жоғары технологиялар заманы” сөз тіркесін көбірек аузымызға алып жүрген уақытымызда қажет. Ол небір қызықты ғылыми мәліметтер мен эстетикалық нәр берері сөзсіз. 

     Автордан: 

     ЮНЕСКО  тарапынан ғасырлық жасы аталып жатқан “қарамат” (өзінің өте ұнататын сөзі) құбылысымыз – Ақжан әл-Машанидің, “жанрлас ағаның” дүрмек тойында оқылған “ғылыми-творчестволық құраным” – осы. 
 

     Авторы: Абдул-Хамид Ф. Мархабаев

Информация о работе Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани