Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 17:43, доклад
Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
«Б.
Момышұлы - әскери
ғылым саласындағы
тұңғыш қазақ
профессоры»
Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.
Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.
Жас сардар Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінің қалың қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды бұзып, жалпы саны 207 рет қол бастап, ұрысқа кіріп, 27 рет әскери ғалымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасады. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик болумен қоса, сұңғыла психолог та еді.
Момышұлы өмірбаянының осы ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады.
1941 жылы қазанның он бесі күні
таң атар-атпастан
Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді.
Бауыржан Момышұлының
Бауыржан Момышұлы соғыс
Бауыржан Момышұлы - әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.
Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты біраз терминдерге анықтама берген. Енді соларға тоқталайық!
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.
Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.
бандылық – батырлардың қалқаны.
Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.
Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы: “Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр”. Ерлік тәрбиеден туады”, “Ерлік бірлікте емес, жүректе”, “Отанда опасызға орын жоқ”, “Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық” деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды.
Тіпті Бауыржан ағамыз туған ауылына келіп, ауыл адамдарының ынтымақсыздығын, қарттардың қадірсіздігін, жастардың тәртіпсіздігін көріп, ызаланады. Дастарханға ас қайырып, бата бергенде, бұрынғы халықтық бата– тілекті жаңаша жаңғыртып, “Я, құдай, дозақтың отынан сақта, қаңғыған оқтан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қара жүрек батылдан сақта, адамды қадірлемес есерден сақта, нанды басқан есерден сақта, кеудесін керген келіннен сақта, мезгілсіз келген өлімнен сақта, ұятсыз қызыңнан сақта, қайырымсыз жекжаттан сақта, жалқау баладан сақта, жастарында әдеп жоқ, өлгенінде бәтуа жоқ құр айғай шат-шәлекей даңнан сақта” деген батасының тұнып тұрған тәлім, өзіндік үлгі өнеге, өлмес, ескірмес өсиет екенінде дау жоқ.
Біз жазушы, тәлімгер Бауыржан Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармашылығы патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз
Әскери әдебиетте Бауыржан Момышұлының өткен заман мен біздің заманымызда болып өткен әлем халықтарын қамтыған соғыстардың қайталанбас үш түрлі ерекшелігі болғанын атап өтумен бірге, өз танымын жіктей отырып көрсететіні бар. 1969 жылы 2 қарашада Қазақ Кеңес энциклопедиясының бас редакторы профессор М.Қаратаевқа жазған хатында: “Әскери ғылым адамзат тарихында үш дәуірге бөлінеді: а) Мануфактурный период ведения войны; б) Машинный период ведения войны; в) Термоядерный период войны”, дейді.
Қарап отырсақ, үшеуінің үш түрлі ұғымы бар. Үшеуінің үш түрлі қару-жарағы бар. Үшеуінің үш түрлі тактикасы мен стратегиясы бар. Үшеуінің үш түрлі тілі бар, біріне-бірі ұқсамайды. Ол тарихи нәрсе… Осы таным тұрғысынан қарағанда, түркі халықтары басынан кешкен әскери әдебиеттің болмысын, тарихын танып білуге, ол жайында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенде осы ой-танымдарды әскери теориялық қағида ретінде қарап, үнемі сүйеніп отыруға болатын идеялық бағыт-бағдар бола алады деген байламға келеміз. Б.Момышұлының осы ой-танымына сүйене отырып, ой көзімен қарағанда: 1. Соғыс жүргізудің мануфактуралық дәуірі негізінен майдан төрінде бес қару түрін молынан әрі тұрақты түрде қолданумен шектелген жағдайды көреміз. 2. Соғыс жүргізудің машиналық кезеңі негізінен отпен атылатын мылтықтан басталып, пулемет, зеңбірек, танк, ұшақ, т.б. техникалық қару-жарақ түрлерінің бәрін қамтуымен ерекшеленеді екен. 3. Соғыс жүргізудің ядролық қаруды пайдалану дәуірі бүгінгі компьютерге сүйенген ақпараттық техника көмегімен жүргізілмек.
Соғыс жүргізудің мануфактуралық дәуірі Б.Момышұлы танымы бойынша: “Қазақ тілінде мануфактурный период ведения войны тіркесінде тілдер де, түсініктер де, ұғымдар да бар. Оған дәлелдер – ертегілер, батырлық эпостар, шынымды айтсам, ол жағынан мен өзімді өзім тексердім. Мануфактурный период ведения войны деген нәрсе өз заманында сойыл, шоқпар, найза, садақ, айбалта, т.б. қолмен ұсталатын қарулармен өткізілген екен (кәдімгі қып-қызыл төбелес)”. Яғни, соғыс негізінен бес қару түрін пайдалану жолымен іске асқан. Ол қарулар қылыш,садақ, найза, шоқпар, қанжар тәрізді соғыс құралдарымен шектеледі. (“Қару-жарақ сөздігі” – Т.Байжанов) Бұл соғыс қаруы тұсындағы соғысушы сарбаздар жаумен бетпе-бет келіп, күш сынасады. Майданда әлі жеткені, айласы мен ақылы асқандары басым түсіп жатады. Жауынгер майдан төрінде жеңсе де, жеңілсе де айқас әділетті түрде жүргізіліп отырады. Бұл тұста қазақтың батырлық жырында жырланатын атақты батырлардың жекпе-жек соғысуы мен жеңген жағы тікелей рухы көтеріліп, қан майданға түсетін соғыс көріністері көз алдымызда елестейді.
Көшпелі өркениет заманында соғыс жүргізудің мануфактуралық дәуіріне сай қалыптасқан қолбасшының жауға қарсы күресінде бес қарумен қоса ақындық өнерді қоса қабат пайдалану дәстүрі болатын. Мысалы, қазақ- қалмақ соғысы заманында бұл ата дәстүрді Ақтамберді мен Қожаберген жырау, тәуелсіздік үшін күрес жолында Махамбет, Қоқанға қарсы соғыста Мәделі қожа ата дәстүрін жалғастыра түсті. Міне, осы үрдіс Ұлы Отан соғысында да өмірден орын тауып жалғастық табуын атақты қолбасшы, аты аңызға айналған қазақтың ұлттық батыры Б.Момышұлының қанды майдан үстіндегі өмір жолынан да байқаймыз. Мұны “Қанмен жазылған кітап” шығармасында: “Ұлы Отан соғысында алған тәжірибеміз ата-бабамыздан қалған халқымыздың жауынгерлік дәстүр-мұралары ондай әдебиетті жазуға аумақты, көлемді, сіңімді қорек бола алады”, – деп жазуында астарлы ойлар жатыр.
Қазақтар бұл дәуірде бес қарудың түрімен қорғану, шабуыл жасау жорықтарында соғыс жүргізудің мануфактуралық түрінде басым түсіп отырған. Бұл шайқастың қыры мен сырын жақсы біліп, соғыстың стратегиясы мен тактикасын жете меңгерген халық екенін әлемге танытып отырған. Мұның үстіне қорғану жолында жүргізілген соғыста өз жерінің табиғатын, яғни тауы мен даласын, қыры мен жазығын да білгірлікпен пайдаланып, қарсыласын жер қаптырып отырған. Мұның үстіне қазақтардың ат құлағында ойнайтын шабандоздығы, соғыста жылқының шешуші күшке айналуында көп мәселенің түйіні жатыр. Бұған дәлел Еділ, Шыңғысхан, Әмір Темір, т.б. қолбасшылар заманында тұлпар аттың шешуші күшке айналған ерекшелігін сезінеміз. Ал батырлар жырында батырмен бірге тұлпар аттың бейнесі қатар сомдалуында көп сыр жатыр. Соғыста ең ықшам, маневр жасауға бейім, алыс пен жақын жерді тез басып өтетін жарамды қазанаттың болуы – қазақ жерін жаудан қорғап, Отан кеңістігін ұстап қалудың шешуші жолы да жауынгер мінген жарамды жорық атына байланысты болып келгені де шындық. Осы себепті халқымыз шығарған эпикалық жырларда батыр образын сомдаумен бірге оның таңдап мінген тұлпарлардың бейнесі де қатар алынып суреттелуінде көп сыр жатыр.
Соғысты жүргізудің машиналық дәуірі деп отпен атылатын қару түрлері жетіліп, автомат, пулемет, зеңбірек, танк, ракета, самолет, бомба мен граната түрлерінің үстемдік алған заманын айтады. Бұл техникалық жарақтармен соғыс жүргізгенде, қарулардың небір жаңа түрлері майдан төрінде қолданылса да бәрібір адам психологиясы мен рухани табиғаты, яғни адам жаны шешуші күшке айналып отырады.
Қазақ халқы өз тарихында соғыс жүргізудің машиналық дәуірі деп аталатын түріне, былайша айтқанда, мейлінше жетілген түріне алғаш рет Кеңес Одағы мен фашистік Германия арасындағы соғыста араласты. Қазақ солдаттары мен қазақ командирлері майдан төрінің бұл дәуіріндегі қару-жарақтың барлық түрін тез арада меңгеріп, әлем жұртын таңдандырған ерліктер жасап жатты. Яғни, тарихтың қатал сынынан абыроймен өтті.
Б.Момышұлы өзінің әскери жолдағы болашақ карьерасы болмайтынын білген соң, жазушылық өнерге бағыт алып, тез танылды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын алды. Бұл өзгерісті Б.Момышұлының екінші ерлігі деп бағалады оның замандастары.
Б.Момышұлы өзінің жазушылық өнері әскери әдебиетке тікелей қатысты болу себепті бастапқы кезде жазылып танылған мақал-мәтел, афоризмдері мен өлеңдері, эпистолярлық жанрдағы туындылары да майдан өмірі шындығынан туындап жатуы табиғи құбылыс еді. Әскери әдебиет саласында ол күнделікті соғыс жағдайында қанды майдан ішінде бастан кешкен өмір тәжірибесін ойда қорытып жазған теориялық деңгейі биік мақалаларымен таныла бастады. Қазақ КСР Ғылым Академиясында бір апта бойы таңдаулы ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің алдында соғыс жайы туралы оқылған лекциялары (“Психология войны”, “Қанмен жазылған кітап”) мен әскери академияда стратегия мен тактика пәнінен өткізген дәрістері арқылы, әскери көркем әдебиеттің ғылыми тұғыры мен теориялық негізін салды. Ал, оның көркем әдебиеттегі көріністері жазушының қолынан шығып, басылым көрген шығармаларында жатты.
Б.Момышұлы қатысып, қолбасшылық еткен майдан төрі соғыс жүргізудің машиналық дәуірі еді. Мұндай тарихи тағдыр шешілетін соғыс жүргізудің бұрын-соңды болмаған жаңа техникалық құралдарды пайдалану, оны жете меңгеру, майданда шеберлікпен қолдану үшін қолбасшы әскери ғылым салаларын жетік білу шарты алға қойылды. Ал, ширек ғасыр өмірін кеңестік тұрақты армия қатарында қызмет атқарып, соғыс кезінде аға лейтенант шенінен, батальон, полк, одан полковник болып, дивизия командиріне дейін өсу жолында Б.Момышұлы армия уставына өзгеріс ендіріп, стратегия мен тактика саласында жаңалық әкелген, әскери ғылым саласында мейлінше жетіліп, теңдессіз ерліктер жасап, атағы әлемге танылып, халық мойындаған дарынды тұлғаға айналды. Жеңістен соң Ұлы Отан соғысының ең озық әскери қолбасшыларынан іріктеп таңдап алынған 250 командирден жасақталған бір мезгілдік әскери академияға оқуға алынған жалғыз Азия халқының өкілі еді. Әскери академияны бітіріп, әскери академияға стратегия мен тактика саласы бойынша дәріс беретін профессор қызметін атқарған әскери саладағы тұңғыш қазақ болумен де ерекшеленетін.
Информация о работе Б. Момышұлы - әскери ғылым саласындағы тұңғыш қазақ профессоры