Б. Момышұлы - әскери ғылым саласындағы тұңғыш қазақ профессоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 17:43, доклад

Описание

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Работа состоит из  1 файл

Бауржан баяндама.doc

— 94.00 Кб (Скачать документ)

      Б. Момышұлын қан майданда жасаған көзсіз қайталанбас ерлігі үшін генерал-майор, 8-гвардиялық дивизияның командирі әрі әскери ұстазы И.В.Панфиловтан бастап кейінгілер оны Совет Одағының Батыры мен генерал атағына талай рет ресми түрде ұсынған еді. Бірақ Б.Момышұлының әлемге танылған даңқы мен әскери ілімдегі тереңдігін, дарабоз қолбасшылығын көре алмаған пенделігі басым Бас штабтың және тікелей Қорғаныс министрінің қарсылығына ұшырады. Осы себепті, 1956 жылы 46 жасында отставкаға шығып кетті. Отставкаға шығу себебінің өз ұстазы, генерал Чистяковке жазған хатында айтылуында көп сыр жатыр. Оны ақын Әзімбек Жанқұлиев сөзімен өрнектесек:

Батыр таппай баһадүр алашымнан,

Орыстардың  онда да бағы ашылған.

Қазақ батыр болмауын қадағалап,

Жол бермеуге жан салып аласұрған.

Көгенкөзді  көк көздер көп түртетін,

Солар жаудың алғандай жағасынан …

Басқа ұлттың баласы болғандықтан,

     Батырлығы Баукеңнің зорға ашылған, — деген өлең жолдарында (“Ар Ай” 01.12.2005) Ұлы Отан соғысы кезіндегі ресми атақ берудегі алақолдылық Ауғанстан соғысында да қайталанып отырғанын әшкерелей­ді.

      Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Қырғын соғысқа қатыспай-ақ сырттан бақылап, майдан өмірі туралы көркем шығарманың әртүрлі жанрында жазатын ақын, жазушылар, драматургтер да болады. Мысалы, Л.Толстой орыстардың басынан өткен 1812 жылғы Отан соғысы шындығын суреттейтін өзінің “Соғыс және бейбітшілік” романын жазса, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жайында Ғ.Мүсірепов “Қазақ солдаты” романын, М.Әуезов “Намыс гвардиясы” пьесасын жазды. Басқа ақын-жазушылар да майдан тақыры­бына қызу атсалысты. Әрине, бұларды да соғыс тақырыбына жазылған көркем әдебиет саласына жатқызамыз.

Біздің көздеп отырғанымыз, яғни ой талқысына салып арнайы ғылыми зерттеу нысанасында ұстанарымыз соғыс майданына әскери жауынгер ретінде араласып, қанды қырғын ішінде ауыздықпен су ішіп, етігімен су кешкен қас батырлар көп шықты. Оларды жорыққа бастаған қолбасылар мен партизандар жауға қарсы қаруымен ғана емес, қаламын да қаҺарлы қару ретінде қатар жұмсаған көрнекті ақын-жазушылар әскери әдебиеттің көрнекті өкілдеріне айналды.

Б.Момышұлы “ВОВ в казахской прозе” деп  аталатын баяндамасында: “На фронт  отправились более сотни работников искусства. Они одев серые солдатские шинели, с оружием в руках становились  в строй, они были солдатами войны. Среди них были такие талантливые поэты как Касым Аманжолов, Павел Кузнецов, Дихан Абилов, Жумагали Саин, Абдулла Жумагалиев, Дм. Снегин, Абу Сарсенбаев, Сырбай Мауленов, композитор Рамазан Елебаев, дирижер Газиз Дугашев, певец Темирбек Кокубаев и др.

Они эти  солдаты и офицеры, находясь на переднем крае на различных должностях, умело  сочетали штыки с пером”, – деп  жазғанда одан қарсы қарумен қоса қамал бұзар қаһарлы сөз өнерімен соғысқан ақын-жазушылар мен өнер иелерін көреміз.

     Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына  орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.    Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.

    Б.Момышұлының әскери ғылымды терең меңгеріп, полковник атағымен-ақ дивизия командиріне кө­терілуі, әскери академияда профессор атағымен дәріс беруі және осы әскери саладағы ой-танымын, майдан шындығын көркем шығармалары арқылы әскери әдебиеттің шыңына көтеруі жолдары оның бірден бір түркі халықтары әскери әдебиетінің негізін салуына алып келді. Өйткені, түркі халықтары тұтас (Түркия түріктерінен басқалары) Ұлы Отан соғысына түгел қатысып, олардың ақын-жазушылары да ата-бабаларынан рухани мұра болып қалған әскери әдебиет дәстүрін жалғастырып жатты. Ал, Б.Момышұлы болса, осылардың арасынан сұрыпталып, ерекше әскери әдебиет саласында қалыптасты, ғылым әрі көркем шығармалары арқылы әлем халықтарына танылуы себепті “түркі халықтары әскери әдебиетінің негізін салушы” деген тарихи тұғырға көтеріле алды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

[1] Б. Момышұлы  ″Ұщқан ұя″. Алматы. ″Жазушы″. 1975 ж. № 1603. 384 бет.

[2] А. Бек ″Арпалыс″.  Алматы. ″Жалын″. 1977 ж. № 979. 232 бет. 

[3] Қ. Жұмалиев  ″Стиль - өнер ерекшелігі″. Алматы. ″Жазушы″. 1966 ж. № 231. 228 бет. 

[4]А. Құнанбаев  ″Өлеңдер″. Алматы. ″Мектеп″. 1987 ж.  № 1204. 158 бет.

[5] Т. Нұртазин  ″Шеберлік туралы ойлар″. Алматы. ″Жазушы″. 1968 ж. №5. 288 бет. 

[6] З. Қабдоллов  ″Сөз өнері″. Алматы. ″Мектеп″. 1982 ж. № 1937. 364 бет. 

[7] А. Ормантай  ″Мәңгі тірі Момышұлы″. Алматы. ″Қазақпарат″. 2000 ж. № 84. 176 бет.

[8] Т. Қожакеев  ″Қазақ әдебиеті тарихының өзекті  мәселері″ . Алматы. ″Қазақ университеті″. 1993 ж. 142 бет.

[10] С. Тойшыбаева, Е. Дайрабаев, Т. Қожакеев ″Мектепте  қазақ әдебиетін оқыту″. Алматы . ″Мептеп″. 1968 ж. 198 бет. 

[11] А. Құнанбаев  ″Қалың елім қазағым″. Алматы. ″Жалын″ 1995 ж. 384 бет.

[12] ″Болашақ″газеті.  №10. 7 мамыр. 

[13] З. Ахметова  ″Шуақты күндер″. 

[14] Б. Момышұлы  ″Қанмен жазылған кітап″.

[15] Ә. Нұршайықов  ″Ақиқат пен аңыз″.

Информация о работе Б. Момышұлы - әскери ғылым саласындағы тұңғыш қазақ профессоры