Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:30, реферат
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859).
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Ыбырайдың
бүкіл өмірін арнаған ағартушыл
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.
Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.
Ыбырайдің пікірінше, мектептерге
арналып жазылатын оқу
Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).
Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.
Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.
Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық
ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың
тұңғыш педагогы, әрі ақыны, әрі жазушысы
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салды.
Ол қайтыс болғаннан кейін орыс жолдастарының
Ыбырай туралы жазған мақаласында оның
әлеуметтік ісі мен дүние танушылық көзқарастарына
әрі шындық , әрі дәл беріледі. «Ыбырай
Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш
кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі
өз халқының ішіне европалық цивилизацияның
жарығын таратты және оларды Россияны
сүюге шақырды».
Алтынсариннің
өмірі-оқушы, студент, оқытушылар үшін
айырықша үлгі. Өйткені оның өмірі баянынына
көз салсақ, оқу, еңбек, халқы үшін жарғақ
құлағы жастыққа тимей қызмет істеу екендігін
көреміз. Ол не барлығы 7-ақ жыл оқыды. Әйтсе
де, Алтынсариннің жазғандарына, аудармаларына,
оқу оқыту, мектеп мәселелері туралы Н.И.
Ильминскийге, басқаларға жазған хаттарына
қарағанда, оның білімі, ағарту мәселесіне
көзқарастары мен ой-пікірлерінің тереңдіктері
кімді болсын таң қалдырғандай. Соншама
көп білімге оның қолы қалай жетті екен
деген сұрақ туады. Оның жауабы бізше біреу-ақ.
Ол-еңбек орта, жоғары мектептерде оқу
барлық жағдайларда өздерінің аттарына
сәйкес келе бермейтіндігіне, шын білім
алғысы келген адам өз бетімен оқып, ерінбей
еңбек етсе, жоғары дәрежелі білім алуға,
үлкен ой, терең пікірлер айтарлық дәрежеге
көтерілуге, халыққа көп пайда келтіруге
болатындықтың айқын айғағы-Ыбырай Алтынсарин
өмірі. Мұндай үлгілі өмірдің жастар үшін
тәрбиелік мәні зор.
Алтынсариннің өмір сүрген дәуірі, жағдайы
ол кездегі әлеумет өміріндегі тартыс,
әлеумет қайраткерлерінің өмірге көзқарастары,
әдебиеттегі екі түрлі бағыт, ол тартыстарда
Ыбырайдың бірі болғандығы кітаптың кіріспе
бөлімінде айтылды, біздің бұл жердегі
тоқталмағымыз-оның жазушылық қызметі.
Кейде біз Алтынсариннің ағартушылық
ісі, жазушылығы деп бөле сөйлейміз. Мектеп
ашу, бала оқыту тағы басқа оның игілікті
жұмыстар жүргізгені, ат үсті қарағанда
олар екі бөлек көрінетіндігі рас. Бірақ
Ыбырай бұл шеңберге сыймайды. Өйткені
ол — жай ғана ағартушы емес, әрі оқытушы
педагог , әрі жазушы.
Ыбырайдың өмірі
мен ісіне көз жіберіп, оның жұмыс еткен
жағдайын еске алсақ, оны еске алсақ, ол
іске кіріскенде, сонау Торғай, Қостанай,
Орынбор қолтықтарындағы қазақ далаларында
қараңғылықтың қаймағы бұзылмай, мұрты
кетілмей жатқан болатын. Ыбырайдың жолына
кесел келтіретін үлкен - үлкен бөгеттер
болатын. Өзімен білімі тең, көзқарасы
бір, өз қасында серігі жоқ, ең қараңғылықтың
дәл ортасында жалғыз өзі болса да, Ыбырай
бар бөгетке қарсы барып, күрес майданына
шықты. Сүйгені де, сүйенері де халық болды.
Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге
тігіп, желіні ұзаққа тартып, белсеніп
іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса
отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені
алдына мақсат етіп қойды: біріншісі -
мектеп ашу, бала оқыту - жалпы халықты
ағарту жұмысы да, екіншісі - халықтың
ой - санасын жаңалыққа қарай бейімдеу
жолындағы тәрбиелік істері. «Қазақтардың
білімге қолын жеткізетін ең басты құрал
– мектеп». Ол кезде мектеп, оқу, оқыту
мәселесіне әркім әр түрлі қарады.
Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған
білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге,
оқу - ағарту ісін өркендетуге жұмсады.
Ақын, бір жағынан, жастарды оқуға , білім
алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің
бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын,
оқу-өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық
үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі
көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын
мол байлық білім екендігін айта келіп
білімге адамның қолы жету үшін ерінбей
оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді.
Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы
қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен
безу керектігін көрсетті. Ыбырай қазақ
жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке,
махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлікке,
тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды.
Балаға жастай дұрыс
тәрбие беру бүкіл дүние жүзіндегі педагог-ғалымдарының
кәрі замандардан бері үлкен көңіл аударып,
айырықша көтерген мәселесінің бірі 19-ғасырдың
екінші жартысында қазақ даласынан оларға
үн қосушы - бірінші қазақ педагогы Ыбырай
Алтысарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген
педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы
саптағы ұлы педагог-ғалымдары Қ.Д.Ушинский,
Л.Н. Тодстой, Бунаковтармен, пікірлес
болды. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын»
алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан
жастарға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып
құрылғандығын көреміз.
Қалай болғанда да
жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың
дүние танушылық көзқарасын кеңейту үшін
«қазақ хрестоматиясын» тек өз кезі ғана
емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл
кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек
сүюшілік, оқу, өнерге ұмтулышылық, отанын,
елін сүюшілік, талаптылық , жігерлік,
іздемпаздық, кішіпейілдік, махаббат,
қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық
тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа
тәрбиелеуге керекті мәселелерді қатмиды.
Мысалы: Хрестоматияға енгізілген өлең,
әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне
лайықталып, педагогика ғылымының талап
ететін мәселесінің берік сақталынуы
өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап,
мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді
әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын
көреміз.
Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі
тақырыбының бірі-талап. Талпынбаса, адам
баласы ешбір алға баспаған болар еді
. «Талапты ерге нұр жауар» деген халық
мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастықшақ-жігер,
қайраттың толы кезі . Бойдағы жасырын
талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын
кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені
де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің,
ыңғайы бар, қолыңнан не келеді, соңына
түссең , әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре
аласың, талапты да таңдап ал дейді. Кейде
талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы
өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін.
Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді
айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы»
деген әңгімесінде осы пікірін толық жеткізіп
бере алды. Тәрбие мәселесін сөз қылғанда,
ерекше тоқтап өтуге керекті мәселінің
бірі-Ыбырайдың еңбектерінде әр елдердің
мәдениет майданындағы өз ара достық қарым-қатынастарын
да бейнелеп отыратындығы. Алтынсариннің
аударған, өзі жазған қысқа әңгімелерінің
әрі тәрбиелік мәні үлкен, әрі өмір құбылысы
мен адам өмірінің әр алуан жақтарын қамтиды.
Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған
білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге
, оқу-ағарту ісін өркендетуге жұмсады.
Ақын, бір жағынан, жастарды, оқуға, білім
алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің
бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын,
оқу-өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық
үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі
көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын
мол байлық білім екендігін айта келіп
білімге адамның қолы жету үшін ерінбей
оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді.
Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы
қойыды.
Алтынсарин жазба әдебиетіміз тарихында
балалар әдебиетінің негізін салушы бірінші
жазушы болды . Ыбырай Алтынсариннің кезінде
орыс не Европа елдерінде балалар әдебиеті
сол елдердің әдебиетінің негізгі бір
саласына айналып еді. Біздің қазақ жағдайында
Абай тәрізді ұлы ақындарымыздың кейбір
өлеңдерін айтпасақ, балалар әдебиеті
жоқ, не жоқтың қасы болатын . Бұл мәселені
биік сатыға көтеріп , балалар әдебиетін
жасауға саналы түрде кіріскен адам педагог
- жазушы Алтынсарин ғана . Халық өздерінің
дүние танушылық көзқарастарына сәйкес
кекілді жас, келешек ұрпаққа өздерінше
жақсы тәрбие беруге тырысты .Ал тарихи
жазба әдебиетімізді алсақ, бұл мәселе
ескерусіз қалған болатын. Орыстың педагог,
ұлы жазушыларынан аудару , кейбір тақырып,
әңгіме сюжетін оның өзінше жазу, араб,
түрік халықтарының қазақ ауыз әдебиетінен
естіген, оқыған әңгімелерінің іштеріндегі
қықзықтыларын балалардың ой-санасы, жасына
лайықтап жазу және өз жанынан да бірнеше
әңгімелер шығару арқылы Ыбырай кейінгі
ұрпақтар үшін аса құнды мұралар қалдырды.
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.
"Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды:
1) Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
2) Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас...
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас...
Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру, білімсіз, еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б.
Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б.
Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И.А. Крыловтың мысалдарын, Л.H. Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен қатар өзі де қысқа әдемі әңгімелер жазды. Ы. Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы. Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп айтуға болады.
Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да еді. Оның «Азған елдің билері», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Ана» атты өлеңдерінің адамгершілік-ғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерінен қазақ жастарының талай ұрпағы үлгі-өнеге алып, тәрбие көрді. «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінің:
«Бір Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ыкыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар...»
Ы. Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың өмірі шыншылдықпен бейнеленді. Оларда білімге, ғылымға деген құлшыныстың қажеттігі кеңінен насихатталды. Жастарды оқу-білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі-өнеге ретінде мысалға келтірді.
Ыбырайдың мұндай өлеңдері бүгін де ескерді, мән –мағынасы көнерді деп айта алмаймыз.
Ақынның бірлі – жарым өлеңдері табиғаттың сұлу көрністерін суреттеуге арналған. Мұндай лирикалық өлеңдер Ыбырайға дейін қазақ әдебиетінде кездеспейтін. Өйткеніпейзаждық лирика, көбінесе, жазба әдебиетке тән.Табиғат сұлулығын жырлау – орыс әдебиеттінде,т.б. елдердің әдебиетінде ХҮІІІ ғасырдан келе жатқан белгілі дәстүрлердің бірі.
Ыбырайдың "Жаз","Өзен" өлеңдері көркемдік келісім жағынан (халық өмірімен байланыс,өлкетану т.б.) оқушының жан дүниесінде жайдары сезім туғызып, көңілді әсер қалдырады. Табиғат көріністерін суреттеуі жағынан да Ыбырай мен Абайдың арасында үндестік бар.Олардың орыс әдебиетімен жақсы таныстығы көрінеді.
Ыбырайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінен ақындық шеберлігі де көрініп тұр.Зерттеушілер бұл өлеңдердің халық арасына кеңінен таралғандығын атап көрсетеді.
Сондай- ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше мән беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата- ана алдындағы перзеттік парызын есіне салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан. Бұл өлеңдерді біз бастауыш сыныптардан-ақ жатқа айтып жүрміз. ("Бұл кім?, "Ананың сүюі", " Балғожаның хаты"...)
Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның " Бай баласы мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан хакім", т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.
"Бай баласы мен жарлы баласы" - Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың