Ыбырай Алтынсарин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:30, реферат

Описание

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859).

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсарин.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

адамдық қасиеттерін  еңбекке қатысына қарай бағалайды. Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың  беймаза тірлігін көреміз. Қазақ  энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, "Родник" журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді.

      Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі-"Қыпшақ Сейітқұл". Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автордың өзі атап көрсетеді.

Көркем әдебиеттің күрделі  жанры - әңгіме екені белгілі. Өйткені  үлкен жанрдағы шығармаларға қойылатын  талаптар әңгіме, новелла тәрізді (1-2 эпизодтан тұратын көркем қысқа  әңгіме) шағын шығармаларға да қойылады. Бұл тұрғыдан алғанда Ыбырайдың әңгімелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізеді. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді. Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді.

      Белгілі ғалым Қажым Жұмалиев: "Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы атасы болды. Көркем әңгімелердің композициялық құрлысынын шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар,"-деп жазды.

     Мектеп оқулығы үшін жазылғандықтан, Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген.

Әр заман, тарихи әр кезең  әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды  өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны  мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына  перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.

        Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.

      Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.

Солардың ішінде ұлы  Абайдың орны ерекше.

       Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.

       Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

·  ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,

·  ↑ Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәншүк Мәметова атындағы №27 орта мектебі

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

 

 

 

Орындаған: Амангелді.А

Тексерген: Масатбаева.О

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз 2012ж.


Информация о работе Ыбырай Алтынсарин