Жаза турлері және жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:28, реферат

Описание

Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:

Содержание

І. Кіріспе
Жаза жүйесі. Түсінігі және мәні.............................................................................3-4

ІІ. Негізгі бөлім
Айыппұл.................................................................................................................4-6
Қоғамдық жұмыстарға тарту....................................................................................6
Түзеу жұмыстары....................................................................................................6-7
Әскери қызмет бойынша шектеу..........................................................................7-8
Бас бостандығынан шектеу.......................................................................................8
Қамау........................................................................................................................8-9
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау........................................................................9-10
Мүлікті тәркілеу..................................................................................................10-11
Бас бостандығынан айыру.................................................................................11-13
Өлім жазасы. ......................................................................................................13-14

ІІІ. Қорытынды ..........................................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................16

Работа состоит из  1 файл

тех разв хоз субъектов.docx

— 27.51 Кб (Скачать документ)

        Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлесі қаражатының сотының үкімімен белгіленген, бірақ     20 -%-тен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады.

 

Бас бостандығынан  шектеу

 

         Бас  бостандығынан  шектеу сотталған адамды  қоғамнан  оқшауламай арнаулы мекемеде  бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге  оны қадағаулауды  жүзеге  асыру  жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстарған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.

        Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке – дара  ретінде тағайындалады. Бас бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген.  Мысалы, 108 - баптағы денсаулыққа жан күйзелісі  жағдайында зиян келтіру, 101 - баптағы абайсызда кісі өлтіру, 102 - баптағы өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу, т.б. құрамдар. Бас бостандығынан шектеуге сотталғандар арнаулы мекемелерде – қоныс колонияларында Республика көлемінде өтейді. Жергілікті өкімет және басқару органдары осы жазаны өтеуге жіберілгендерді еңбекке орналастыруға міндетті. Бас бостандығынан шектеу мерзімі заңда 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзім деп белгіленген. Заң бойынша бас бостандығынан шектеу мына адамдарға қолданылмайды:

          -кәмелетке толмағандарға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге,  жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге,  елу бес жасқа толған әйелдерге, алпыс жасқа толған еркектерге, қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға,  сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметкерлерге (45-бап,3-бөлім).

Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл орайда бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күн үшін бас бостандығынан  айыру мерзіміне есептеледі (45-бап,2-бөлігі).

         Бас бостандығынан шектеу жазасын өтеудің тәртібі және шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі бойынша белгіленеді.

 

Қамау

        Қамау сотталған адамға тағайындалған жазаның бүкіл мерзімін қоғамның қатаң оқшаулау жағдайында тағайындалады. Қамау 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде белгіленеді.  Қамау  16  жасқа  толмаған,  кәмелетке толмаған адамдарға және жүкті әйелдерге қолданылмайды.  Әскери қызметшілер қамауды гаупвахтада өтейді. Қылмыстық атқару құқығы бойынша қамауды өтейтін орын – арнаулы қамау үйлері болып табылады. Осы жазаға сотталғандар жазасын осы мекемеде өтейді. Қамау жазасын өтейтіндер  қоғамнан қатаң түрде оқшауланып,  қамаудағы басқа адамдардан бөлек ұсталады. Осы жазаны өтеудің нақты тәртібі қылмыстық атқару заңдарымен реттеледі. Сот үкімі бойынша қамау жазасы тағайындалғандар  сотталғандық атақ алады. Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде қамау жаза түрі ретінде  қарастырылмаған еді. Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодекстің 46 – бабы 1 - бөліміне сәйкес қамау дегеніміз соталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.

         Қамау өзінің мәні жөнінен қысқа мерзімдегі бас-бостандығынан айыру болып табылады. Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көзделген ретте ғана тағайындалады. Ерекше бөлімнің көптеген баптарында қамау балама негізгі жаза ретінде көрсетілген. Мысалы: 105-бап -  денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; 106-бап – соғу; 107-бап,1-бөлігі – азаптау; 108-бап денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру,т.б.

 

Тәртіптік әскери бөлімде ұстау

       Тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазаның негізгі түрі болып табылады және оны орындау Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Шақыру  бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген  әскери қызметкерлерге,  сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім – шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметкерлерге егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін  бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады.  Бұл жаза әскери қылмыстар жасағаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделген жағдайда, сондай-ақ сот ісінің мән – жайымен кінәлінің жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандаған айырудаң орынды дәл сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп тапқан жағдайда үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген адамдарға қолданылмайды (47-бап 1-бөлім).

         Заңға сәйкес жазалардың бұл түрін қолдану белгілі бір шарттарға негізделген:

        Біріншіден, бұл жаза Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген әскери қылмыстарды жасағандарға қолданылады.  Қылмыстық кодекстің 16 – тарауындағы  әскери қылмыстарды бұл жаза балама негізгі жаза ретінде көптеген баптардың санкцияларында көзделген. Мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау; бапқа қарсылық  көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап 1-бөлігі): бастыққа қарсы күш қолдану әрекеті (369-бап 1-бөлігі):әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап) т.б.

         Екіншіден, бұл жаза сот арқылы әскери емес басқа құрамағы қылмыстарды істеген әскери қызметшілерге сот істің мән-жайы мен кінәлінің жеке басын ескере отырып екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына  тағайындалмауы мүмкін.

          Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау кезінде тәртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімі тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күн бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен белгіленеді (47-бап,2-бөлігі).

        Жазаның бұл түрі шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге ғана қолданылады. Көрсетілген жаза офицерлік құрамдағы адамдарға қолданылмайды.

         Қылмыстық орындау заңына сәйкес жазаның бұл түрін өтеу арнаулы тәртіптік батальонда орындалады. Осы жазаға сотталғандарды жаза өтеу  мекемесіне жіберудің және оларды қабылдай алудың тәртібі ҚР Қорғаныс министрлігінің нормативті актісінде белгіленеді.

         Тәртіптік әскери бөлімде жазасын өтеген немесе осы жазадан мерзімнен бұрын босатылған әскери қызметшілер соталған деп саналмайды (77-бап).

 

Мүлікті тәркілеу

 

        Мүлікті тәркілеу – сотталған адамның   меншігі болып  табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттік меншікке  ықтиярсыз  түрде тегін алу болып  т абылады (ҚК.57 - бап). Қылмыстық кодекстің 39-бабы, 2-бөлігінде сәйкес бұл жаза тек қосымша жаза ретінде пайдакүнемдік қылмыс жасағандарға және кінәлінің іс-әрекеті сараланатын бапта басқа жазалармен мүлікті тәркілеу жазасы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.

       Осыған байланысты кінәлінің істеген қылмысын саралайтын бапта, мүлікті тәркілеу қосымша жаза ретінде көрсетілмесе, сот онда оған бұл жаза түрін  қолдана алмайды. Кейбір жағдайларда қылмыстық заң мүлікті тәркілеуді міндетті түрде қолдануды талап етеді. Мысалы, аса ауырлататын жағдайда жасалған ұрлық (175-бап,3-бөлігі); тонау (178-бап,3-бөлігі); қарақшылық (79-бап, 3-бөлігі); қорқытып алғаны (181-бап, 3-бөлігі); немесе ауырлататын жағдайда ерекше құнды заттарды ұрлағаны (180-бап,2-бөлігі); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немсесе сату (206-бап,3-бөлігі); жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (207-бап,2-бөлігі); Мұндай реттерде сот мүлікті тәркілеуді тағайындауға міндетті.  Мұндай жағдайда сотқа оны қолданбау тек қана Қылмыстық кодекстің 55-бабы негізінде ерекше мән-жайға байланысты неғұрлым жеңіл жаза тағайындалғанда ғана құқық береді.

             Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында мүлікті тәркілеу мүмкін болатын қосымша жаза ретінде көрсетілген. 

             Мысалы, ауырлататын жағдайда жасаған ұрлық (176-бап, 2-бөлігі), тонау (178-бап,2-бөлігі), ерекше құнды заттарды ұрлау (180-бап,1-бөлігі) т.б. Мұндай реттерде мүлікті тәркілеуді қолдануды немесе қолданбауды тек сот қана істің нақты жағдайларын және кінәлінің жеке басының кім екендігін ескере отырып шешеді. Заң мүлікті тәркілеудің екі түрін қарастырған. 

        1. Соттлған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе ортақ меншіктегі үлесін толық тәркілеу.

        2.Сотталған адамның мүлкінің бір бөлігін (ішінара) тәркілеу.

       Толық тәркілеуде сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі түге л мемлекет меншігіне тегін алынады (51-бап,3-бөлігі). Мұндай жағдайда қылмыстық атқарушы заңдарда көзделген тізбекке сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы қажет мүлік тәркіленбеуге тиіс.

        Сотталған адамның мүлкінің бір бөлігін тәркілеген  кезде үкімде барлық мүлкінің қандай бөлігі (1/2, 1/3,және т.б.) тәркіленуге жататын заттардың тізімі дәлме-дәл көрсетілуі керек. Сотталушының үкім шығарған кезде мүлкінің жоқ болуы оның мүлкін тәркілемеуге негіз бола алмайды . Мүлкін тәркілеуді ақшалай теңгемен айырбастауға, мүліктің бағасы бойынша өндіруге жол берілмейді.

        Қосымша  жаза ретінде қолданылатын мүлікті тәркілеуді, жазаның жеке түрі болып табылатын арнаулы тәркілеуден ажырата білу керек .

       Арнаулы тәркілеу дегеніміз сотталған адамнан қылмыстың құралы, заты болып табылатын немесе қылмыстық жолмен табылған мүліктің бәрін мемлекеттік меншікке ықтиярсыз түрде тегін алу болып табылады. Мысалы: Қылмыстық   кодекстің 286, 287, 288, 289 – баптарында осы жайында атылған.

        Мүлікті тәркілеу кезінде мемлекет сотталған адамның борыштары мен міндеттемелері үшін жауапты болмайды,  егер бұл борыштар мен міндеттемелер анықтама, тергеу органдары немесе сот мүлікті сақтау шараларын қолданғаннан кейін туған болса және оның үстіне сол органдардың келісімінсіз жасалған болса.

        Тәркіленген мүлік есебінен қанағаттандыруға тиісті талаптар жөнінен мемлекет тек а ктив шегінде ғана жауапты болады, ал мұндай талаптардың қанағаттандырылуы кезектігі Азаматтық істер ж үргізу кодексі ережелерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

Бас бостандығынан  айыру

        Бас бостандығынан айыру – дегеніміз   сотталған адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап,  оны арнайы  белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге  асыру  болып  табылады. Бас бостандығынан  айыру  жазаның ең ауыр түрінің бірі болып табылады. Бас бостандығынан  айырылғанда сотталған адамның құқылық жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады , өз қалауы бойынша еңбек қызметін  атқаруға  шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады, т.б.

         Бас бостандығынан айыру жазасын сот істелген қылмыстың қоғамға едәуір зияндылығы орын алғанда, жасалған қылмыстың мәнін, кінәлінің жеке басын ескере отырып, қылмыс істеген адамның бостандықта жүріп түзелуі мүмкін емес, оның түзелуі қоғамнан оқшаулап түзеуге ықпал ететін ерекше шараларды қолдану қажет деп тапса ғана қолданылады. КР-сы Жоғарғы Соты Пленумының 24 маусым 1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заттарды дұрыс қолдануы туралы»  №3 қаулысында соттардың назары ауыр  қылмыс, әсіресе қылмысты ұйымдасқан топпен жасаған, бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалардың қатаң шараларын қолдануы керектігіне аударылады. Сонымен қатар ауыр емес  қылмыс жасаған, қоғамнан оқшаулаусыз-ақ түзелуге қабілетті айыпты адамдарға жаза тағайындағанда бас бостандығынан айырмайтын, заңда көрсетілген басқа жаза түрлерін қолданған жөн деген ұсыныс айтылған.

             Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан  15 жылға, ал Қылмыстық кодекстің 49 – бабының 1 - бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін  20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру 10 жылдан аспауы тиіс.

          Түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол 6 айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айырудың ең жоғарғы мерзімі Қылмыстық кодекстің 49- бабының  3-бөлігінде, 69-бабының 5-бөлігінде және 75 – бабының 4 - бөлігінде көзделген жағдайларда – 25 жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша  30 жылдан артық болмауға тиіс.

         Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының шарттары:  адамның  аса  ауыр  қылмыс жасауы және бұл қылмыстар бір немесе бірнеше адамдардың өміріне қасақаналықпен қол сұғылуы, бірақ сот істің   жеңілдететін ерекше мән – жайларын жеке кінәлінің жеке басының жағымды қасиеттерін ескере отырып өлім жазасын қолданбай-ақ , оның орнына кінәліге өмір бойына б ас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай – ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

        Қылмыстық кодекстің 48-бабының тараптарына сәйкес бас бостандығынан айырылмағандарға жаза өтеу тәртібі төмендегіше белгіленген:

а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін 7 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – колония- қоныстарға (яғни,  қоныс   колониясында жаза өтеу үшін жаза Қылмыстық кодекс бойынша  адам біріншіден, абайсызда қылмыс істеуі керек,  екіншіден, сол абайсызда істеген қылмысы үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптың санкциясы бойынша жеті жылдан аспайтын бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы керек. Бұл жерде адамның бұрынғы сотталғандығы есепке алынбайды);

Информация о работе Жаза турлері және жүйесі