Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін заңдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:08, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының жер қатынастарын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да нормативтік құқықтық актілер реттеп отырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясынның 6 – бабында былай делінген:

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін заңдарды реформалаудағы құқықтық мәселелер2.docx

— 31.39 Кб (Скачать документ)

 

Болашаққа серпін беретін Жолдауда көрсетілген аса маңызды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және құқықтық жағынан қорғау болып табылады. Осы мәселелер бойынша Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Мұндағы негізгі мәселе болып, – ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді, ұтымды пайдалану және құқықтық жағынан қорғау танылады [7].

 

Өмірдің серпінді дамуына ауылшаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал, жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы болып табылады. Статистикка бойынша халқымыздың 45 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады екен. Олар жер байлығын пайдаланып, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына, халықымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны шындық. Елбасы айтқандай, қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұданда жарқын болатынына сенімім мол.

 

Қазіргі таңда нарықтық қатынастардың  дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, сонымен қатар, күннен-күнге жер дауларының көптеп кездесуіне байланысты жерді пайдалану мен оны құқықтық қорғау саласындағы заңдарды реформалау барысы әлі де жалғасын табуда. Әрине, қоғам дамыған сайын мемлекеттің заңдарыда заман талабына сай әзірленіп, реформалануы тиіс. Осы тұста, Қазақстан Республикасында жерді ұтымды пайдалануды құқықтық түрде реттеуді зерттеп жүрген бірқатар Отандық заңгер-ғалымдарды айтатын болсақ, олар: А.Ерали, Ә.Е.Еренов, Ә.С.Стамқұлов, С.Б.Байсалов, К.А.Шайбеков, Н.Батырбаев, Н.Б.Мухитдинов, Ә.Е.Бектұрғанов, Д.Л.Байдельдинов, Л.К.Еркінбаева, Ж.Х.Қосанов, А.Х.Хаджиев, С.Т.Культелеев, Б.Ж.Абдіраимов, Е.Ш.Дүсіпов.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы. www.krgdvd.kz/files/zan/zan_10.doc

 

2. Ерофеев Б.В. Земельное  право – М., Новый юрист, 1998 г.

 

3. «Жер реформасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Алматы: 1993 ж.

 

4. «Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Заң күші бар – Алматы: Қаржы,-қаражат, 1996 ж.

 

5. Қазақстан Республикасының  «Жер туралы» Заңы – Астана, Сары-Арқа, 2001 ж.

 

6. Қазақстан Республикасының  Жер кодексі, Астана «Сары арқа», 2003 ж.

7. «Жерді пайдалану құқығы» www.trk.kz www.trk.kz/Материалы/4552-Жерді-пайдалану-құқығы.html.


Информация о работе Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін заңдар