Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 15:54, доклад
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Реферат
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер
Тексерген: Лайықова Сәуле Ж.
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]
[өңдеу]
Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:[2]
Айыр;
Алоэ;
Аралия;
Арша;
Асқабақ;
Ақшайыр;
Аюқұлақ;
Бақалақ;
Бәрпі;
Валериана;
Дәрмене;
Дермене;
Диоcкорея;
Долана;
Жалбыз;
Жалбызтікен;
Жалынгүл;
Женьшень;
Жерқонақ;
Жолжелкен;
Жөке;
Жуа;
Жусан;
Жүгері;
Итбүлдірген;
Итжидек;
Итжүзім;
Итмұрын;
Итошаған;
Көкшегүл;
Қаражоңышқа;
Қалақай;
Қаражидек;
Қасқыржидек;
Қырықбуын;
Қырыққұлақ;
Қыша;
Лапыз;
Ламинария;
Левзея;
Меруертгүл;
Мия;
Наперстянка;
Ойраншөп;
Олеандр;
Өгейшөп;
Раувольфия;
Рауғаш;
Сарыағаш;
Секуринега;
Сенна;
Скумпия;
Таңқурай;
Томағашөп;
Шай;
Шайқурай;
Шалфей;
Шәңкіш;
Шөпшай;
Шытыр;
Эвкалипт;
Элеутерококк т.б.
Айыр — ауыл шаруашылығында қолданылатын қол құралы.
Мұның ағаштан жасалғанын ағаш айыр, темірден жасалғанын темір айыр деп атайды. Темір айырдың 3 түрі бар:
пішен айыр — төрт немесе үш тісті;
сабан айырдың үстіңгі жағында негізгі тісіне қосымша екі тісі бар;
картоп айырының тіс ұштары домалақ етіп тойтарылады.
Айырдың сабы жұмыр ағаштан жасалады, оның ұзындығы адамның бойына қарай әр түрлі болады.
Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.[1]
Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш кө-мірі қосылады. Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және . сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейті-леді. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептірін, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға не жайпақ төре лкеге отырғыз ады. Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді.[2]
Аралия (лат. Arália) —жабайы өсімдік. Оның тамырларынан спиртті тұндырма және «сапарал» препараты дайындалады. Емдік қасиеттері жөнімен женьшень препараттарына жақын: орталық нерв жүйесін сергітеді, организмді әлдендіреді. Аралия препараттарын дәрігердің бақылауымен ғана қолданады.[1]
Арша (Junіperu)[1] — кипарис
тұқымдасына жататын мәңгі
Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.
Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. [2] (І. talaіca), Сібір Аршасы (І. іbіrіca), кәдімгі арша (І. communі), Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады. Олардың биіктігі 1-2 м-ге жетеді. Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады.
Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай, Қарағанды қ-ларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді.
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы. [2]
Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен «Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 – 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы – ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі – қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі – жалған жидек, ірі, пішіні – дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 – 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 – 40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.[1][2]
Ақшайыр (Gnaphalium) –
күрделігүлділер тұқымдасына
Аюқұлақ (Primula auricula) — Батыс Европаның тауларында өсстін, хош иісті, ірі гүлді қызғалдақтың бір түрі.[1]Еуразия мен Солтүстік Африканың қоңыржай белдеулерінде өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда құмды жерлерде, көгалды алаңда, шалғында, өзен-көл жағасында, жол жиегінде өсетін 9 түрі кездеседі. Кең тараған түрінің бірі – кәдімгі аюқұлақ (V. thapsus). Биіктігі 50 – 125 см, тік өскен сабағы мен бүтін жиекті жапырақтарын бозғылт қалың түк басқан. Тамырына жақын орналасқан жапырақтарының түрі сопақтау, ұзындығы 10 – 30 см, көлд. 3 – 8 см болады. Сары түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына шоғырлана орналасады. Жемісі – қорапша. Маусым – шілде айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. Аюқұлақ – улы, дәрілік өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.[2]
Бақалақ — жабайы өсімдік. Қазақстанда кейбір бұған жақын түрлері өседі. Шөбі мен тамыр сабағы — платифиллин алкалоиді алынатын шикізат.
Платифиллин-ойық жара ауруларына, гастрит және басқа ауруларға шипа. Дененің құрыстанғанын жазатын және қан тамырла рын кеңейтетін дәрі ретінде қолданылады: одан басқа көздің ішін зерттеу практикасында пайдаланылады.[1]
Бәрпі (Aconitum excelsum; синонимдері A. lycoctonum және A. septentrionale) — бұл ормандардың, шіліктердің арасында, тау сағасында өсетін өте улы шөп өсімдігі, мал (әсіресе қой мен ешкі) жесе бірнеше сағаттан сон уланып өледі. Тұқымында 31—32 процент майы болады. Бәрпі (Aconіtum) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Солтүстік жарты шарда өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Қарқаралыда, Алтайда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларында орман алаңдары мен биік тау шалғындарында, өзен-сай жағалауларында кездесетін 14 түрі бар. Жиі тараған түрі – ақезу Бәрпісі (A. leucostomum). Оның биіктігі 0,7 – 2 м, жіпшеленген тамыры шоғырланып келеді. Түкті сабағы қырлы, қатпарлы болады. Ірі жапырақтарының ұзындығы 10 – 20 см, ені 20 – 40 см, қауырсын тәрізді тілімденген. Көк, күлгін, кейде сарғылт түсті гүлдері бұталанған гүлшоғырына топталады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек – қазанда жеміс береді. Жемісі түкті, тұқымы 3 қырлы келеді. Бәрпі туысына жататын өсімдіктердің барлық түрі улы болады, мысалы, Жоңғар Бәрпісінің тамыр түйнегінен қасқыр аулайтын у алынады. Тамырында 0,8 – 1,9% алкалоид болғандықтан, дәрі алу үшін пайдаланылады. Бәрпіні мал жемейді негізінен сәндік өсімдіктер.
Шүйіншөп (Valerіana) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік өседі. Тамырсабағының жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті тамырлары шырмап жатады. Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Олар ірі шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 – 12 сәулелі айдаршасы болады. Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан эфир майы, валериан, сірке және құмырсқа қышқылдары, қант, илік заттар алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында – 16 т, Күнгей Алатауында – 0,3 т жылдық қоры анықталған. Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары — түйнектелген шөл 'өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны — 200. Мұның СССР-да 30 дайы өседі. Бұған жататындар: дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұрт валерианасы, Орыс валерианасы, Түркстан валерианасы. В. Австралиядан басқа жердің бәрінде өседі.